І тарау. ХалықТЫҚ педагогика және оның ТӘрбиелік мәНІ


Оқушыларға экономикалық білім берудің қажетті алғы шарттары



бет12/14
Дата23.05.2020
өлшемі52,42 Kb.
#70807
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Айтолқын курстық жұмыс
dsf5fd2s
2.3. Оқушыларға экономикалық білім берудің қажетті алғы шарттары

Қазіргі дәуірдегі жаңа қоғаның дамуы, мектептердегі ең басты талап экономика пәнін енгізу болып табылады және өсіп келе жатқан ұрпаққа өз орнын, ролін қоғамда табуға, дұрыс жол таңдауға көмектеседі.

Экономика пәнін экономикалық тәрбиелеу амалы ретінде қабылдау керек. В.Поповтың көзқарасы бойынша экономиканың ең басты мақсаты ол - білімді, іскерлік пен дағдыны, экономикалық ойлау құрылымын меңгерту.

Ғылым экономикалық білімді экономикалық тәрбие амалы ретінде қарастырып, нақты қажетті біліммен қамтамасыз етпесе, бүкіл тәрбие комплексінің тұлғаға деген әсері дмаи алмайды деп қарастырған.

Мектептегі білім беру мен тәрбиелеудің ең басты талаптары анықталды:

-оқушыларды қоғамның экономикалық заңдарымен таныстыру.

-нарық, жеке кәсіпорын, ақша және т.б. терминдерін түсіндіру.

-оқушылардағы іскерлік сапаны дамыту.

-еңбек қабілетін мейлінше жетілдіру.

-есепке алу мен таңдауды, оларға ғылыми негіз беруді үйрету.

Жоғарыда айтылған мақсаттар мен оқушылардың экономикалық даярлау міндеттерін есепке ала отырып алдымен С.Сатыбалдиннің басшылығымен «Экономикалық білім беру негіздері» деген оқу-әдістемелік құралы даярланды.

Оқу құралының мазмұны сыныптарға бөлініп ұсынылған. Әр бөлім ең қажетті білім алатын компонеттермен жабдықтандырылған. Негізгі түсінік пен анықтама көрсетілген. Курстың мазмұны бағдарламаның мазмұнына сәйкес келеді. Экономикалық білім беру бағдарламасы оқушылардың экономикалық ойлау мен нарық қатынастарының дамуына бағытталған.

Бағдарлама негізі экономикалық білім беру идеясынан тұрады, онда қоғадық, экономикалық заңдар, терминология түсініктерінен тұратын бөлім мен тақырыптарда қарастырлады.

Бұл бағдарламаның ерекшелігі, оның өмірдің бар қырымен байланысы, оқушылардың экономикалық өмірдің заңдарын түсінуі.

«Экономикалық білім негіздері» пәнінің жүргізілуі оқушылардың экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге, айналадағы шындыққа бейімделуге және адамшылық қарым-қатнасқа үйретеді.

Оқу бағдарламасы мен әдістемесі жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдайларда оқушының болашағын анықтауға мүмкіндік туғызады.

Оқу материалында әр оқушының жастық, психологилық өзгешеліктері мен жеке қызығушылықтары ескеріледі.

Әр пәннің оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын шығару арнайы

ғылыми зерттеулерді талап етеді. Соның бірі, оқу құралданың мазмұын дәлелдеу және олардың текст ретінде берілуі, тапсырмалар, сұрақтар, анықтама мәліметтері және т.б., оқуға деген талабын анықтау және оқушылардың осы пәндерді меңгере алуын анықтау.

«Экономикалық білім негіздері» курсының құрылымын анықтау барысында ең басты оны қай сыныптан бастап жеке пән ретінде енгізу керектін анықтау қажет.

«Экономикалық білім негіздері » пәнін жалғастырушылық принципіне сүйене отырып, бірінші сыныптан мектеп қабырғасын бітіргенге дейін оқыту керек екені айқын. Бірақ, қандай деңгейде және қаншалықты?

Ғылыми зерттеулерді біз бастауыш мектептің бағдарламасы мен стандартынан бастадық. Жұмыстың нәтижесі жаңа ұрпақтың оқулықтарының (математика, дүниетану, ана тілі, және т.б.) сияқты баға, құны, кәсіпкер, өндіріс, тұтынушы, мұқтаждық сияқты керекті және жеткілікті деңгейде экономика түсінігінің негіздерін қамтитынын көрсетті.

Бастауыш мектептеріндегі базистік оқу жоспарында вариативтік бөліміне 3 сағат бөлінеді. Бір топ мамандардың ойынша экономиканы оқу жоспарына жеке пән ретінде енгізу керек, өйткені экономикалық білім және тәрбие барлық пәндермен тығыз байланыста бола отырып, бөлек және үлкен өзекті мәселе болып табылады.

Зерттеушілердің келесі тобының ойынша ( Т.Даринский, В.Лысенко т.б.), экономикалық білімді пәнаралық байланыс негізінде басқа пәндерді оқыту барсында беруге болады.

Оқушыларға қазіргі экономикалық жағдайда қажетті тиісті деңгейде білім беру үшін экономиканы оқу жоспарына бөлек оқу пәні ретінде енгізу керек.

Ю.К.Васильев экономикалық білімнің 3 деңгейін атап көрсетті: жалпы


ғылыми, салалық, кәсіптік. Сондықтан оқушыларда экономикалық білімді осы 3 деңгейде қалыптастыру керек.

Біздің ойымызша, мектеп оқушыларына жалпы ғылыми деңгей, яғни экономикалық білімнің негіздерін үйрету жеткілікті болады. Бұған байланысты экономика мұғалімдердің біліктілігін көтеру мен дайындық деңгейін көтерудің қажеттілігі өсуде.

Мұғалім педагогикалық процестің субъектісі ретінде мектеп пен қоғамда болып жататын өзгерістерде негзгі іс-әрекет атқарушы болып табылады.

Мұғалімнің зерттеу мәдениетін қалыптастыру проблемеасымен айналысатын теориялық қордың анализі бойынша осы мәдениеттің ең жоғары деңгейіне ие болған мұғалім әрбір оқушыға оның оқудағы жетістіктерге қарамастан құрмет пен мейірімділікпен қарайды. Өзінің тәрбиелеушілік функцияларына жауапкершілік танытады.

Ол оқушының психологиясын түсінеді, дәлелді шешімдерді қабылдауға, олардың әлеуметтік салдарын алдын ала көре алуға икемді болады, ғылымға

қызығады, өз пәні бойынша терең және жан-жақты білімдермен қаруланған болып келеді, өзі ерекше технологиялармен жеке оқыту бағдарламаларын таңдай және жасай біледі, балаларды оқыту мен дамытуды болымды нәтижелерге жетіп жүреді, оқыту мен тәрбиелеуге шығармашылықпен қарайды. Өзінің іс-әрекетінің (диактикалық, тәрбиелік, әдістемелік) жүйесін жетілдіреді. Оның авторлық әдістемелік зерттеулері бар, инновациялық немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады, педагогикалық практиканың жаңа үлгілерін ойлап табады, жаңалықтарды игеруде әдістемелік көмек көрсетеді.

Қазіргі кезде біз әртүрлі мамандықтардың мұғалімдерін экономика мұғалімдеріне біліктілікті көтеру курстары арқылы қайта даярлауымыз керек. Осындай курстарды өткізу үшін 72 сағат арналған, экономика мұғалімдерді


дайындаға бағытталған «Экономикалық білімдердің негіздері» атты арнайы курстың бағдарламасы жасалды.

Бұл мектепте экономиканы оқыту әдістемесі бойынша мұғалімдердің біліктілігін көтеруге бағытталған курс өзінің мағынасы мен жүргізу формасымен ерекшеленеді.

Курс оқушылардың экономикалық білімінің мақсат, міндеттерін, курстың жалпы мағынасы мен құрылымын, оқушылардың білімдері мен дағдыларына негізгі талаптарды ашады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет