І. Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Рухани жаңғыру»


ІІ. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру



бет2/10
Дата07.02.2022
өлшемі55,95 Kb.
#96751
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тәрб жосп 2020-2021
ПДД, ПДД, ПДД, цель
ІІ. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру:

  1. Тәрбие жұмыстарын жетілдіру, бақылау, басқаруды іске асыру барысында қосымша білім берудің оқу бағдарламалары негізінде білім алушыларға жағдай жасауды, яғни: өзін-өзі басқаруы мен шығармашылығын дамытуын және олардың қабілеттілігін іске асыруын;

қоғам өміріне бейімделуі мен азаматтық сана-сезімін; жалпы мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыруын;
1-11 сыныптардың және мектеп алды сыныптардың бос уақытын мазмұнды өткізуін ұйымдастыру;

  1. Оқушылардың мектепішілік және мектептен тыс мекемелерде үйірмелерге қатысуын ұйымдастыру;

  2. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында аудан мектептері арасында мектеп деңгейіне сай мерекелік іс-шаралар өткізу;

  3. Оқушылармен және олардың ата-аналарымен жеке профилактикалық жұмысын бақылау;

  4. Оқушыларды өзінің Отаны - Қазақстан Республикасын сүюге, адамгершілікке, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға тәрбиелеу;

  5. Мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктер және ата-аналармен бірлескен жұмыстарды үйлестіру;

  6. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, тәлімгерлердің тәрбие жұмыстарына басшылық пен бақылау жасау;

  7. Мектептердегі сыныптан тыс жұмыстардың орындалуын бақылау;

  8. Мектеп жанынан ұйымдастырылған жазғы сауықтыру лагерінің жұмысына басшылық жасау;

  9. Мемлекеттік органдар қызметкерлерімен кездесулер, дөңгелек үстел, семинар-кеңестер ұйымдастыру;

  10. «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдары жұмысына әдістемелік көмек беру;

  11. Сынып жетекшілер, әдістемелік бірлестігіне және үйірме жетекшілеріне, тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік көмек беру:

  12. Тәрбие ісі мамандарының арасында байқаулар мен семинарлар өткізу

  13. Тәрбие ісі мамандарының білім жетілдіру курсынан өтуін ұйымдастыру;

  14. Озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау, зерттеу, таратуды ұйымдастыру;

  15. Тәрбие жұмысы бойынша БАҚ-да мақалалар жариялау;

  16. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы «15» сәуірдегі № 145 бұйрықпен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негізінде жұмыстарды ұйымдастыру.



ІІІ. Өткен 2019-2020 оқу жылында жүргізілген жұмыстарға сипаттама.
Өткен оқу жылында мектептегі тәрбие жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі
№227 бұйрықпен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» бойынша 8 бағыт бойынша Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың жолдауында айтылған «Мәңгілік ел» қағидаларын тәрбие үдерісіне қолдана отырып жүргізілді. Барлық сыныптарда сынып жетекшілердің жетекшілігімен сынып және тәрбие сағаттары жоспарға сай өткізілді.
«Рухани жаңғыру» бойынша жергілікті ұстаз-ғалым Қ.Вановпен, шебер Ж.Қылышбаевпен, шебер аналар Р.Қонақбаева мен А.Досыбаевалармен, іскер М.тасмуханбетовамен, ардагер ұстаздар Н.Отызбаева мен Д.Бекмағанбетовалармен, домбырашы І.Сақтағановпен, облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі, техника ғыылымдары докторы О.Әбділовпен, халық емшісі М.Ержановаме кездесулер өткізілді. Бірнеше жыл мектепте басшылық қызмет еткен М.Сафиев, Б.Қоразов, Х.Нұрағановаларды еске алу кештері өткізілді.
Мемлекеттік органдар, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, ата-аналармен бірлескен жұмыстар жүргізілді.
«Ата-анамның жұмыс орнындағы бір күнім», «10 кітап оқы», «Ұлы тұлғаға тағзым» тақырыптарымен оқушылардың әлеуметтік жобалары ұйымдастырылды.
Мектепте жыл сайынғы өтетін дәстүрлі «Мектеп аруы», «Жігіт сұлтаны», «Жас ұлан», «Әдепті бала», «Мектеп көшбасшысы», «Әзіл айтам», «Зерек оқушы» т.б сайыс-байқаулары жас ұрпақтың интеллектуальдық қабілеттерін ұштайды.
Мерекелік шаралар уақытымен өткізіліп отырды. 4-оқу тоқсанында еліміздегі қиын жағдайға байланысты шаралар қашықтықтан өткізілді. Мектеп оқушылары мектепішілік 14 үйірмеге қатысады, оның ішіндегі «Көкпар» спорт үйірмесінің 8 секциясы бар, сондай-ақ көптеген оқушылар аудандық өнер мектебінің сурет, қолөнер үйірмелеріне, селолық мәдениет үйінің би, көңілді тапқырлар, вокаль үйірмелеріне қатысады.
Мектеп ұстаздары мен шәкірттерінің тәрбие бағытындағы жетістіктері өте көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет