I-тоқсандық бақылау жұмысы Физика және астрономия 7-сынып Тақырыптар



бет35/35
Дата19.01.2020
өлшемі396 Kb.
#56136
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
BAKILAU JUMISTARI 7 8 9 10 11
BAKILAU JUMISTARI 7 8 9 10 11
I- жарты жылдық бақылау жұмысы

Физика. 10-сынып
Тақырыбы: Механикалық қозғалыс. Ньютон заңдары. Бүкіләлемдік тартылыс күші.

Жердің жасанды серіктері. Серпімділік және үйкеліс күштері. Сақталу

заңдары.

Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.

Б.Б.Д: Оқушылар формулаларды білуі тиіс; негізгі формуланы түрлендіре алуы тиіс;

Тұрақтылардың сан мәндерін білуі тиіс.


I- нұсқа
I. Жел двигателі дөңгелегінің айналу жиілігі 30 айн/мин, электр двигателінің якорінікі

1500 айн/мин, сепаратор барабанының айналу жиілігі 8400 айн/мин, тегістеу станогінікі

96000 айн/мин. Олардың периодын есептеңдер
II. Массасы 2000 т поезд түзу сызықты қозғалып, жылдамдығын 36 км/сағ-тан 72 км/сағ-қа

дейін арттырды. Импульс өзгерісін табыңдар.


III. Қатаңдығы 100 кН/м тіркеу арқанмен массасы 2 т автомобильді 0,5 м/с2 үдеумен

сүйреген кезде оның қанша ұзаратынын табыңдар. Үйкелісті ескермеңдер.




II- нұсқа
I. Массасы 0,5 кг допты ұрғанда 0,02 секундтан кейін 10 м/с жылдамдыққа ие болды.

Соққының орташа күшін табыңдар.


II. Бір ұштарынан жалғанған ұзындығы бірдей екі серіппенің екінші бос ұштарынан ұстап,

созып тартады. Сонда қатаңдығы 100 Н/м серіппе 5 см ұзарады. Егер екінші серіппе 1

см ұзарса, оның қатаңдығы қандай болғаны?
III. Аңшы жүзіп бара жатқан қайықта тұрып оның қозғалыс бағытына қарай мылтық атты.

Егер ілешала екі рет атқаннан кейін қайық тоқтап қалған болса, қайықтың

жылдамдығы қандай еді? Аңшының қайықпен қоса алғандағы массасы 200 кг,

зарядтың массасы 20 г. Бытыра мен дәрі газының ұшып шығу жылдамдығы 500 м/с.




Бағалау параметрі:

  • I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.

  • I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.

  • I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.


I- жарты жылдық бақылау жұмысы

Физика. 11-сынып
Тақырыбы: Электр өрісі. Ток күші. Э.Қ.К. Кернеу. Ом заңы. Электр тогының жұмысы.

Джоуль-Ленц заңдары. Магниттік өріс. Ампер мен Лоренц күштерін қол-

Дану. Электромагниттік өріс.

Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.

Б.Б.Д: Оқушылар формулаларды білуі тиіс; негізгі формуланы түрлендіре алуы тиіс;

Ампер және Лоренц күштерінің бағытын анықтайтын ережені білуі тиіс.



I- нұсқа
I. Тізбектің сыртқы бөлігінің кедергісі ток көзінің ішкі кедергісіне тең болған кезде,

Э.Қ.К.-і -ға тең ток көзінің полюстеріндегі кернеу қандай болады?
II. Ұзындығы 20 см және массасы 4 г горизонталь орналасқан өткізгіш бойымен 10 А ток

өтіп жатыр. Ауырлық күші Ампер күшімен теңгерілетіндей етіп өткізгішті

орналастыратын магнит өрісінің индукциясын табыңдар.
III. Э.Қ.К.-і 30 В-қа, ішкі кедергісі 2 Ом-ға тең ток көзіне электромагнитті қосқанда ток

көзі қысқыштарындағы кернеу 28 В болған. Тізбектегі ток күшін табыңдар. 5 минутта

ток көзінің бөгде күштері қандай жұмыс атқарады? Сол уақыт ішінде тізбектің

сыртқы және ішкі бөліктеріндегі токтың жұмысы қандай?



II- нұсқа


  1. Шамды Э.Қ.К.-і 4,5 В-қа тең элементтер батареясына қосқанда вольтметр шамда

кернеудің 4 В, ал амперметр ток күшінің 0,25 А екендігін көрсеткен. Батареяның

ішкі кедергісі қандай?




  1. Гальвани элементінің батареясына 16 Ом кедергіні қосқанда тізбектегі ток күші 1 А болған, ал 8 Ом кедергіні қосқанда ток күші 1,8 А болған. Батареяның Э.Қ.К.-ін және ішкі кедергісін табу керек.

III. Ұзындығы және массасы m, ab өткізгіші жіңішке сымдарға ілінген. Өткізгіштің



бойымен ток өткенде, ол біртекті магнит өрісінде сымдар вертикаль бұрыш

жасай ауытқиды. Магнит өрісінің индукциясы қандай?



Бағалау параметрі:

  • I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.

  • I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.

  • I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет