Бағалау параметрі:
I деңгейдің сұрақтарына толық және II деңгейдің бір ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейді орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейді орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады.
I және II деңгейдің сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдің сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейді және I деңгейді орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады.
I, II, III деңгейлерді толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады.
IY-тоқсандық бақылау жұмысы
Физика және астрономия 7-сынып
Тақырыбы: Жұмыс. Куат. Энергия. Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімі мен іскерліктерін тексеру, оларда
қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.
Б.Б.Д: Оқушылар механикалық жұмыс, қуат, энергия формулаларын білуі
тиіс; ПӘК есептей алуы тиіс; пайдалы жұмыс пен толық жұмыстың
мағынасын түсінуі тиіс.
I- нұсқа
I. Массасы 1000 т поезд 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқанда, кинетикалық
энергиясын тап
II. Ат арбаға 400 Н күш түсіре отырып, 0,8 м/с жылдамдықпен, оны бірқалыпты
тартып келеді. Ат 1 сағатта қандай жұмыс істейді?
III. Массасы 100 т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып 10 км биіктікке көтерілсе, ұшақтың
жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?
IY Қуаты 5 кВт, электр двигателін қозғалыс келтіретін механикалық күрек 144 т
топырақты 10 м биіктікке 2 сағатта көтереді. Қондырғының ПӘК-ін тап.
II- нұсқа
I. Қатаңдығы Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясын
тап.
II. Массасы 50 кг бала сатымен 30 м биіктікке 10 минут ішінде көтерілген болса,
баланың өндірген куатын анықта.
III. Серіппелі пистолеттің серіппесінің қатаңдығы 400 Н/м. Оқтың массасы 5 г. Егер серіппе 2 см-ге сығылса, оқ пистолеттен қандай жылдамдықпен ұшып шығар еді?
IY Кемеде салмағы 20000 Н трап ұзындығы 15 м көлбеу жазықтықпен судан
шығарылып алынды және 4,5 м биіктікке көтеріледі. Трапты тартып алатын
тростың керілу күші 10000Н. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін тап.
Достарыңызбен бөлісу: |