Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет3/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

«шешендік өнер», «шешендік», «шаршы 
топ алдында ауызша сөйлеу шеберлігі», «элоквенция»
сияқты өзге 
де атаулары бар. олар бір-бірімен толықтай сәйкеспейді, өзара нәзік 
айырмашылықтары бар, дегенмен жастарды шешен сөйлеуге баулу
-
да оларды бір-бірімен синонимдес ілім ретінде қарастыру ыңғайлы. 
Шешендіктану ілімінің қарастыратын орталық басты ұғымы 
шешен (латынша очаче - сөйлеу) – көпшілік алдында сөз сөйлеуші 
адам (грек тіліндегі синонимі – rhetor - ритор).
оның өз сөзін қарата 
айтқан адамдары, сөз сөйлеуге арналған көпшілік 
аудитория
болып 
есептеледі 
(латынша – audire-тыңдау).


8
9
Шаршы топ алдында ауызша сөйлеу үдерісінде шешен мен 
аудитория бір-біріне етене араласа, жымдаса әсер етеді, мұнда 
«шешендік сөз» сөйлеуші және тыңдаушы сияқты қос элементтің 
болуымен көрініс береді. Бұл орайда «шаршы топ алдындағы сөз» 
термині сөз сөйлеудің қоғамдық мәндегі әлеуметтік негізделген 
мазмұнын аңғартады. 
Шешенді аудитория алдында сөйлеу сәтінде, ереже іспеттес
өзіндік ойымен бөлісу және жұртшылық басынан кешкен сезімді 
жеткізу сияқты екі ой алға жетелейді. Сөйлеудің рационалды және 
эмоционалды аспектілеріндегі ой мен сезімнің тоғысуы шешендік 
өнер жанрларының сан алуандығын туғызады. 
1-сызбада 
шешендікке 
жасалған жіктеулердің бірі – жанрлық-тақырыптық классифика
-
ция берілген. Әрбір жанрдың өзіндік ерекшелігі бар, олар қарым-
қатынастың белгілі бір жағдаятына сай орайластырылған. Сондай-ақ 
сөйленер сөз құрылымының, олардың нақты жанрға сәйкестілігінің 
барынша анық та қанық канондары жүйелене қалыптасқан. 
Жанрлардың әрқайсысын іштей сөйленер сөз түрлеріне ажыратуға 
әбден болады. Мәселен, әлеуметтік-саяси шешендікті – саясат 
сөзі, саяси баяндама, үгіт-насихат сөзі, саяси шолу, митингілік сөз; 
академиялық шешендікті – лекция (эпизодтық және циклді), ғылыми 
конференциялардағы, симпозиумдағы баяндама, ғылыми хабарлама; 
әлеуметтік-тұрмыстық шешендікті – мерейтойлық, құттықтау сөз, 
дастархан басындағы сөз, қаралы жиындағы сөз (қабір басындағы 
сөз). 
Шешендік сөзді бұлардан басқа да белгілеріне қарап жіктеуге 
болады. Мысалы: шешен ойына байланысты, сөйлеу мақсатына 
орай, шешендік стиліне сәйкесті және т.б. Мәселен, шешеннің 
ойлау көзқарасына байланысты шешендік сөздерді ақпараттық, 
декларативтік, дәйектілік, императивтік; шешендік сөздің нақты 
мақсатына орайлас – түсіндіру, сендіру, көңіл көтеру, қоздыру т.б. 
сияқты түрлерге жіктеуге болар еді. Бұл орайда осы сияқты кез-
келген жіктеменің өте шартты екендігін, тәжірибеде «таза» жанрлар 
мен түрлерінің шын мәнінде болмайтындығын міндетті түрде есте 
ұстау жөн. 
Біз шешендіктануды шаршы топ алдында сөз сөйлеудің
заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырамыз. Солай де
-
сек те, біз көбіне-көп бұл атауды 
«шешендік өнер»
сөзімен ал
-
мастыра қолданамыз. Сонда, ақиқатын айтқанда, бұл ғылым ба, 
әлде өнер ме? Антикалық дәуірде шешендіктануды 
«барлық өнер 
атаулының падишасы»
атаған. оны өзгелерден гөрі поэзиямен 


10
11
(әдебиетпен) және сахналық шеберлікпен байланыстырған. Қазіргі 
кезеңде ол көбіне ғылым ретінде қарастырылады, оны кейде 
«сендіру 
коммуникациясының теориясы»
ретінде анықтайды. Бұл арадағы бас-
ты мәселе мынада, яғни адамның ойланысы логикалық және бейнелі 
тұрғыдағы екі формада көрініс беретіндігінде, оларға танымның қос 
түрі (ғылым және өнер) сәйкес келетіндігінде, олардың бір-бірін 
өзара толықтырып отыратындығында. демек, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет