Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет4/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

шешендік сөз - жанды 
сөз әрекеті арқылы көрініс беретін эмоционалды-интеллектуалды 
шығармашылықтың ерекше бірегей түрі. 
ол бір мезгілде адамның 
санасына да, сезіміне де әсер етеді. Шаршы топ алдында сөйлеу 
шеберлігі адамға тән ойланыстың қос формасын шебер қолдана 
білуден тұрады. Әсіресе, шешендік өнер мен әдебиет, шешендік өнер 
мен театр өзара жақынырақ. Нағыз шешен әрқашан да үш сатыда, яғни 
өз айтар сөзін ойдан шығарушы, құрастырып, жүйеге келтіруші және 
орындаушы ретінде көрінеді. Шешендік өнер теоретигі А.Ф.Кони 
шешендіктануды ауызша түрдегі әдеби шығармашылық деп есептеді. 
Аристотель шешендік пен поэзияға тән ортақ бірліктерді таба білді. 
демосфен мен Цицероннан бастап, атақты шешендердің барлығы да 
шешендік өнерде актерлық амалдарды қолданды. 
Сонау антикалық дәуірдің өзінде-ақ шешендіктануға білім 
жүйесінің бір бөлімі ретінде, өмірдің күрделі де шым-шытырық 
құбылыстарын талқылау әрі тану амалы ретінде қараған. ол өзге 
ғылымдардың бұлжымас жүйесіне сүйенеді, олардың мәліметтерін 
пайдаланады. Әсіресе, шешендіктану мен логиканың байланы
-
сы басымырақ, тіпті ежелгі дәуірде олар бөлінбес бірлікте де 
қарастырылған. 
Ежелгілер: «Шешендік – білім нәтижесі», - деген. Цицеронның 
пікірінше, шешендікке тән аса қажетті үш саласы 
(талант – ingenium, 
дағды - usus, білім - doctrina) 
сай адам ғана дүлдүл шешен болып 
қалыптаса алады, бұлардың ішінде ғылым бәрінен де маңыздырақ, 
себебі сайыс нәтижесі білімді шешен пайдасына шешілмек. Цицерон 
шешенді баулып қалыптастырудағы бірден-бір маңызды пәндердің 
сапына әдебиетті, тарихты, құқық пен философияны (әсіресе, оның 
логика және этика бөлімдерін) жатқызады [3]. 
осы орайлас ойларды жалғастыра келе, М.в.Ломоносов 
шешендікті меңгеру үшін, табиғи дарындылық, ғылым, дүлдүл ше
-
шендерге еліктеу, шығармашылық тұрғыда машықтану, өзге ғылым 
салаларынан хабардар болу сияқты бес түрлі қалып-қасиеттің аса 
қажеттігін баса айтады. Бұл арада «ғылым» шешендікке барар 
нақты да бірегей, бұлжымас жолды нұсқаудан, қажетті ережелерді 
танытудан құралса /бұл арада шешендіктану/, М.Ломоносов өзге 
ғылымдардың ішінен тарих пен этиканы ерекше бөле-жара атайды. 
орыс риторы М.Т.Цицеронның «шешендер жүре келе қалыптасады» 
деген тұжырымына баса акцент берген. 


12
13
Бүгінгі күні де осы сияқты талаптар өзектілігін жойған жоқ. Ру
-
хани құндылықтар туындата отырып, біз шешенге қажетті ғылым 
салаларының тізбегін тек толықтырамыз. 
Шешен сөйлей білу үшін қандай өзге ғылым салаларының 
қажеттілігін нақтырақ аңғарту мақсатында шешеннің сөйлеу 
үстіндегі сатылы жұмысының қос жүйесіне назар аударып көрелік. 
Классикалық риторикаларда шешен міндеті болып: 1) не 
айтарыңды білу; 2) табылған мәліметтерді рет-ретімен орналастыру; 
3) оған сәйкесті сөздік форма беру; 4) бұлардың бәрін жадыда бекіту; 
5) сөз сөйлеу есептеледі. Бұған шешендіктанудың негізгі бес бөлімі 
сәйкес келеді 
(2-сызбаны қараңыз).
Сондай-ақ, Цицеронның түйіндеуінше, шешен міндетіне: 
тыңдаушылар назарын өзіңе ыңғайлау, іс мәнісін баяндау, даулы 
(кереғар) сауал туындату, қарсыласыңыздың пікірін жоққа шығару, 
қорытынды бөліміндегі өз жеңісіңізді бекіту енеді. 
Қазіргі кезең зерттеушілерінің еңбектерінде шаршы топ алдын
-
да сөз сөйлеуге даярлық пен оны жүзеге асырудың басты кезеңдері 
3-сызбада
көрініс тапқан. Шынтуайтына келгенде, бұл - маңызды 
коммуникативті сатының әдістемелік қалтарыстарының үстемеленуі 
нәтижесіндегі классикалық модельдердің нақтылануы. 
Келесі бір мәнді аспекті - 
шешеннің тіл мәдениеті
, яғни 
сөйлеудің тиімділігін, ұғынықты да түсініктілігін және мәнерлілігін 
қамтамасыз ететін, ана тілінің барлық байлықтарының ішінен 
аса қажетті әсер етуші тілдік құралдарды іріктеп, саралап алу 
білігінің болуы. Тілмен, стильмен жұмыс - сөйлеуге даярлану 
кезеңінде міндетті, дегенмен шешеннің тіл мәдениеті шын мәніндегі 
тексерістен, алдын-ала редакцияланып әзірленген мәтіннен бас 
тартуға тура келген, міндетті импровизацияны талап ететін нағыз 
сөйлеу мезетінде өтеді. Шешеннің жалпы тіл білімінен білімі терең 
болған сайын, оның сөйлеу мәдениеті аса жоғары болғаны. 
Жақсы ойластырылған, алдын-ала мұқият редакцияланған, 
стильдік тұрғыда іріктелген, екшелген сөз жанды аудиторияға лайықты 
талапқа сай қалыпты дыбысталуы тиіс. Шешендік шеберліктің 
аса мәнді элементтерінің бірі - 
сөйлеу техникасын меңгеру. 
ол бір 
қарағанда бір-бірінен алшақ тұрған, бірақ шын мәнінде шаршы топ 
алдында сөйлеудің қалыпты әуезділігін, анықтылығын, түсініктілігі 
мен интонациялық байлығын қамтамасыз ететін физиология, ана
-
томия, акустика, фонетика, орфоэпия, сахналық сөйлеу және тағы 
басқа ғылым салаларының мәліметтеріне арқа сүйей отырып, сөйлеу 
тәжірибесіне қажетті жағдайларды мүлтіксіз реттейді. 
Сөйленер сөздің алғашқы иірімдері қалыптасу кезеңінде, әсіресе, 
алдағы сөйленетін сөзге даярлық үстінде шешен белгілі бір аудито
-
рияны жобаға алып, ойша оның моделін жасауы тиіс. Шешеннің сөз 
сөйлеуінің алғашқы минуттарынан бастап бұл модель «жандана» 
бастайды, нақты мазмұнымен толығады, тыңдаушылар мен шешен 
біртұтас байланысқа түседі, құндылықтардың, ерік сапалары мен 
түйсіктердің, эмоциялардың қызғылықты жарысы басталады. Бұл 
жарыстың қалпын мейлінше дәл болжап, жеңіске жету үшін, алғы /
ежелгіліктердің өздері-ақ қоя білген/ үш мақсатқа /сендіру, иланды
-
ру; жайбарақат күйге түсіру; аудиторияның назарын аударту/ толық 
қол жеткізу үшін, шешен жалпы және әлеуметтік психологияның, 
педагогиканың мәселелеріне ұтымды сүйене білуі, 
шаршы топ ал
-
дында сөйлеу әдістемесін меңгеруі тиіс
. Басқаша айтқанда, оған 
жоғары психологиялық-педагогикалық мәдениет тән
болуы тиіс. 
осы аталған ғылым салалары шешенге аудиториямен жұмыс жасауда 
аса қажетті. Бұлар өзіндік стиль табуға, мінез-құлықтағы кездесетін 
кейбір олқылықтарды жоюға көмектесетін аса қажетті өзіндік 
тұлғалық, психологиялық сапалық қасиеттерді екшеуге, дамытуға, 
қалыптастыруға жәрдемдеседі. 
Мінбедегі шешен қалпы, оның тыңдаушылармен тіл табы
-
су, байланыс жасау формалары, өз іс-әрекетімен оларды басқару 


14
15
әдістері, сондай-ақ шешен мен аудиторияның қарым-қатынасы 
нәтижесінде пайда болған кездейсоқ жағдаяттардан жол тауып шыға 
білу үшін тек психологиялық білімге ғана арқа сүйелмейді, бұған 
қоса сөйлеушінің қаншалықты 
шешен этикасын
білуіне де, қарым-
қатынас мәдениеті деңгейінің мөлшеріне де байланысты. 
демек, шешендік теориясымен, практикасымен тығыз бай
-
ланысты негізгі ғылым салаларының тізіміне алғашқы ретте 
философиялық ғылымдар /логика, этика, эстетика/, сондай-ақ тіл 
білімі, психология, педагогика, физиология, актерлік шеберлік сала
-
лары енеді. Бұл ғылым салаларын оқып-үйрену, шаршы топ алдында 
сөйлеуде олардың заңдарын қолдану шешеннің басты міндеті болып 
табылады. олар сөйлеу шеберлігіне қажетті логикалық мәдениет, 
тілдік норманы сақтау мәдениеті, психологиялық-педагогикалық 
мәдениет, қарым-қатынас жасау мәдениеті, сөйлеу техникасы 
деңгейімен қамтамасыз етеді.
демокриттің «небір өнер я даналық шыңына оларды оқып-
үйренбей жету әсте мүмкін емес» дегеніндей, жоғарыда тізбектеліп 
берілген сапалық белгілердің қалыптастырылуы шешендіктану 
ілімін оқу пәні ретінде айқындайды.
Ендеше, шешендіктануды «шешендік өнер» деп атай отырып, біз 
шығармашылықтың өзге түрлері сияқты, табиғи деректер, іштей туа 
біткен қабілет бұл арада басты анықтаушы рөл атқармайтындығын 
мойындаймыз. Бұл арада ең бастысы – оқу мен өз бетімен білім 
көтеру, тілдік қарым-қатынастың заңдары мен ережелерін жете 
меңгеру, шешеннің өзімен тынымсыз жұмыс жасауы, табиғи 
қабілетті дамыту мен аса қажетті жаңа қасиеттерге баулу, үздіксіз 
жаттығу мен нақты шешендік тәжірибесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет