Іі. Негізгі бөлім



бет2/4
Дата17.10.2023
өлшемі1,37 Mb.
#186259
1   2   3   4
Байланысты:
Мазмұны
Қазақ-жоңғар соғысы, Сынып О ушыны аты-ж ні мерзімі
2.1.1. Ет қоректілердің обасы
Ет қоректілердің обасы (Pestis carnivorum,чума плотоядных) -қызба,
тыныс және ас қорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуы- мен, терінің бөртуімен және орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипат- талатын аса жүғымтал ауру.
Қоздырушысы - Canine distemper morbillivirus парамиксовирустар
түқымдастығының мобилливирустар туыстастығына жатады, құрамында РНҚ бар. Адамның қызылшасының және сиырдың обасының вирустарымен антигендік байланыстар бар.
Вирустың сыртқы ортадағы төзімділігі оншама емес. Танаудан аққан сора және нәжісте 7-11 күнде белсенділігін жояды. Соған қарамастан кептірілген немесе мұздатылған вирус бірнеше ай, ал лиофилденген күйінде кемінде бір жьіл сақталады. 60°С-та 30 минутта, 100°С-та бірден жойылады.
Дезинфектантар жэне физикалық факторлар тез өлтіреді. 1% лизол, ультра-күлгін сэуле 30 мин., 2% күйдіргіш натрий -60 мин., күн сэулесі мен 0,1-0,5%
формалин немесе фенол ерітінділері бірер сағатта өлтіреді.

Індеттік ерекшеліктері:
Ет қоректілердің обасымен жыртқыштар туыс-
тастығының көптеген өкілдері: ит, қасқыр, қорқау қасқыр, түлкі,жанат, қарсақ, күзен, сасық күзен, сусар, ақ тышқан, кэмшат, борсық ауырады.
Бүлғын басқа аңдарға қарағанда төзімді келеді.
Обамен жыртқыш аңдар мен иттер жасына, түқымына қарамай ауырады, әйтсе де жас кезінде сезімталдығы жоғары болады. Әсіресе иттің күшігі 12 айға дейін, терісі бағалы андар 5 айға толғанша жиі ауырады. Ересек иттер мен аңдар 3-4 есе сирек шалдығады.

Емі. Арнаулы қан сарысуы шығарылмайды. Аурудың бастапқы кезеңінде қызылшаға қарсы қан сарысуының глобулинін пайдалануға болады. Қосаяқы микробтарды тежеуүшін антибиотиктер мен сульфаниламидтер жақсы нэтиже береді. Бұнымен қабат диетаны жақсарту қажет. Ауру жануарлардың жағдайына байланысты симптоматикалық (ыстық қайтаратын, қақырық түсіретін, іш жүргізетін, тыныштандыратын, жүректің қызметін жақсартатын) дәрілер


беріледі. Витамин препараттары, кокарбаксилаза, ультракүлгін сәулесі, т.б. қуаттандыратын емдік процедуралар өте пайдалы.
Иммунитет.
Ауырып жазылған итте берік иммунитет қалыптасады.
Иммунді қаншықтың күшіктері 2-3 айға дейін обамен ауырмайды. Өлі вакциналар қолданыс тапқан жоқ. Аттенуацияланған штаммдардан вакцина даярлау үшін қолданылатындары: 668-КФ, ЭПМ, Вакчум, Канивак. Буаз қаншықтарды егу жақсы нэтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет