Іі. Негізгі бөлім


Акушерлік- хирургиялық ауруларын емдеу



бет3/4
Дата17.10.2023
өлшемі1,37 Mb.
#186259
1   2   3   4
Байланысты:
Мазмұны
Қазақ-жоңғар соғысы, Сынып О ушыны аты-ж ні мерзімі
2.1.2. Акушерлік- хирургиялық ауруларын емдеу
Мысық, стерилизация.
Лақап аты: Мася
Жынысы: ұрғашы
Жасы: 11 айлық Иесі:
Құдайберген Сабыржан
Мекен жайы: Талғар
Мысықтың салмағын өлшейміз, соған лайықты наркоз саламыз. Жақсылап аяқтарын керіп қатты етіп бекемдейміз. Операция алаңын дайындаймыз. Спиртпен сосын йодты ерітіндімен сүртеміз. Ақ сызық бойымен төмен жағын кесеміз. Саусағымыз арқылы жатыр түтікшесін тауып аламыз. Ары қарай жұмыртқалықты , жатырдың өзін шығарып аламыз. Барлық жерін қысып қоямыз. Қысқан жерлерден сіңіп кететін жіппен тігеміз. Жатырын, жұмыртқалығын, жатыр түтікшесін кесіп алып тастаймыз. Ішке қан кетпеуін қадағалаймыз. Сіңіп кететін ПГА жібімен тігеміз. Алғашқыда етті қабатын, содан кейін сірлі - майлы қабатын, сыртқы тері қабатын тігеміз. Соңынан чеми спрей сеуіп укол, дәрілерін сала береміз. Спрей жараның тез жазылуын қамтамасыз етеді.

Лақап аты: Қарабай


Жынысы:Еркек
Жасы: 1 жас
Иесі: Қарабаев Руслан
Мекен жай: ВАЗ
Салмағына қарай наркоз енгізіп, операцияны бастадық. Операция алаңын тазаладым. Жүннен тазарттық. Жергілікті жансыздандыруды енгіздік. Оған ледокаин мен адреналинді араластырып енгіздік. Скальпель арқылы жұмыртқалығын ақырып кесіп аштым. Ішінен жұмыртқалық шықты. Екі саусағымызбен қысу арқылы шығардым. Ұрық жолы мен тамырын мықтап, қаттылап байлап тастадым. Қалғанын кесіп алып тастадым. Дексаметазон салдым. Сонымен қатар күшіктер мен мысыққа вакцина салдым. Ветеринарлық куәлік толтырдым.



2.1.3. Жұқпалы емес аурулар және оларды емдеу шалалары
Абсцесс – кез келген тіндердің, мүшелердің шектелген іріңді қабынуы.Пайда болу себептері — қанталаумен асқынған кездейсоқ жарақаттар немесе хирургиялық инфекцияның ағзадағы іріңді ошақтардан лимфогенді, гематогенді жолмен таралуы. Абсцестердің тағы бір себебі — тіндерге концентрациясы жоғары дәрілерді (10% кальций хлор, 25% магний сульфат, 24% кордиамин, 50% аналгин ерітінділері) жұмсақ тіндерге абайсызда қателесіп енгізу. Абсцесті жиі тудыратын қоздырғыштар — стафилококк, стрептококк, көкірің және ішек таяқшалары. Қабыну ошағында тіндер іріңдеп, ыдырайды, айналасында дәнекер тіндермен шектеліп, пиогенді капсула түзіледі. Беткейлі орналасқан абсцестер өз бетімен жарылып, сыртқа шығады. Ішкі органдардың іріңдіктері (өкпе абсцесі, ішекаралық абсцесс) плевра мен іш қуыстарына жарылса, плеврит және перитонитпен асқынады.

Клиникалық көріністеріне келсек, теріге жақын орналасқан абсцесте қабынудың жергілікті белгілері (терінің қызаруы, ісінуі, жергілікті температураның көтерілуі, солқылдатып ауруы, ауырған мүшенің функциясының бұзылуы) айқын көрінеді, кейде тері жұқарып флюктуация (бүлкілдеу) симптомы пайда болады. Абсцесс қуысындағы іріңнің түріне, консистенциясына, иісіне қарап қоздырғыштардың түрлерін анықтауға болады: сасық, сұр түсті ірің шірікті қабыну тудыратын микрофлораға тән болса, сарғыш — жасыл ірің стафилококқа, иісі тәтті, көкшіл — жасыл түсті іріңдікті көкірің таяқшасы тудырады. Көлемді абсцесте іріңді интоксикация (іріңді – резорбциялық қалтырау синдромы) салдарынан науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы көтеріліп, әлсізденеді, тәбеті төмендеп, басы ауырады. Қан анализдерінде: лейкоцитоз, нейтрофилез, лейкоциттік формула солға жылжып, ЭТЖ өседі. Абсцесті гематома, киста, ыдыраған қатерлі ісіктерден ажырата білу керек. Диагнозды анықтауда науқастың шағымдары, анамнезі, сырқаттың жергілікті және жалпы көріністеріне сүйене отырып, арнайы тәсілдерді қолданады.
Абсцестің емі: асептика заңын сақтай отырып, пункция жасау, іріңді эвакуациялау, қуыста тұрған иненің бойымен іріңдікті тіліп ашу, қуысын антисептик ерітінділерімен жуып, силикон түтікшелері, марля томпондарымен дренаждау. Жалпы ем хирургиялық іріңді инфекцияларды емдеу принциптеріне сәйкес жүргізіледі (қан, плазма құю, антибиотиктер тағайындау, иммундық терапия жүргізу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет