Iii нұсқа 1-билет ХV-ХVІ ғасырлардағы ақын- жыраулар.



бет13/13
Дата28.01.2018
өлшемі9,24 Mb.
#34200
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13























21-билет

  1. Тасмола мәдениеті(орналасқан жері, ерекшеліктері).

  2. 1989 жылы Қазақстанда болған толқулар мен ереуілдердің талаптарын анықтаңыз.

  3. Е. Көтібарұлы бастаған азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.

Жауабы:

  1. Тасмола мәдениеті(орналасқан жері, ерекшеліктері) Орталық және Солтүстік Қазақстан өлкелерінде ерте темір дәуірінде өркендеген. 1930 жылы белгілі болғанымен, негізгі зерттеу жұмыстары Орт. Қазақстанда 1946 жылдан кейін басталды.

Төрт негізгі кезеңнен тұратын зерттеулердің алғашқы сатысы 1946-1959 жылдарды қамтиды. Осы кезде Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетекшісі Ә. Марғұлан мен оның шәкірті М. Қадырбаев Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Ақтоғай өлкелеріндегі Тоғызбайкөл, Қарабие, Қарасай, Қанаттас, Толағай, Елшібек, Киіксу сияқты зираттарға қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады. Осы өңірлерде басқа жерде кездеспейтін “мұртты обалар” сияқты айрықша ескерткіш түрлері бар екенін байқаған ғалымдар Сарыарқада бұған дейін беймәлім жаңа мәдениет белгілері табылуы мүмкін екенін пайымдады.

1958-68ж. жүргізілген екінші кезеңде Қарқаралы, Балқаш, Шідерті өлкелерінде көптеген жаңа зираттар зерттеліп, көлемді деректер алынды, аса маңызды қорытындылар жасалынды.

1957 жылдан бастап Орт. Қазақстан экспедиция құрамында ерте темір дәуірін зерттеушілердің жеке тобын басқарған Қадырбаевтың 1959-63 ж. Павлодар облысы Екібастұз ауданындағы Шідерті өзені бойындағы Тасмола -1, -2, -3, -5, -6, Қарамұрын -1, -2, Нұрмамбет -1, -2, -4 зираттарында жүргізілген қазбалары шешуші нәтижелер берді. Жинақталған материалды қорытындылай келе Қадырбаев 1966 жылы Сарыарқада сақ заманында гүлденген жаңа археологиялық мәдениетті жариялап, оны Шідерті бойындағы аса құнды деректер берген Тасмола алқабының атымен байланыстыра, Тасмола мәдениеті деп атады.

1970-1999 ж. 3-кезеңнің жұмыстары атқарылды. Осы жылдары Тасмола мәдениетінің таралу ауқымы анағұрлым кеңейтілді, жаңа өлкелердің жәдігерлері ғылыми айналымға түсті.

1994 жылы М. Хабдулина Солт. Қазақстандағы, яғни Көкшетау қыраты, Есіл өзені бойындағы обаларды зерттеу нәтижелерін қорытындылап, Ұлыбай - Тасмола мәдениетін ашты және оның үлкен Тасмола мәдениетінің солтүстік өлкелеріндегі жалғасы екенін атап көрсетті. Тасмола мәдениетін сипаттауда тек жерлеу ескерткіштері, яғни обалар басты орында болып келді. Тасмола мәдениеті бірін-бірі алмастыратын үш хронологиялық сатылардан тұрады: 1 саты (б.з.б 7-6ғ.), 2 саты (б.з.б. 5-4ғ.)және ерекше топтың жәдігерлерін біріктіретін 3 саты (б.з.б. 3-1ғ.). Алдыңғы екі сатының мәдени ерекшеліктері бір біріне өте жақын болғандықтан, бұларды бір тасмола кезеңіне біріктіреді. Соңғы сатынығ, яғни Қорғантас кезеңінің ескерткіштері мәдениеттәі аяқталар уақытымен сәйкес келетіндіктен, мұнда сақ дәуірімен қатар, ғұн сармат дәуіріне тән біршама жаңа элементтер байқалады.

2. 1989 жылы Қазақстанда болған толқулар мен ереуілдердің талаптарын анықтаңыз

Жаңаөзен оқиғасы- 1989 жылы маусым айында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында болған жергілікті халықтың бас көтеруі. Бұл әлеуметтік кикілжіңнің шығуына басқа республикалардан келіп жұмыс істейтіндердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен, мүддесімен санаспай, дөрекілік көрсетуі себеп болды.

Дүмпу жергілікті тұрғындар мен Кавказдан қоныс аударғандар арасындағы кикілжіңнен басталып, арты қақтығысқа ұласты. Қақтығыс құқық қорғау органдарының араласуымен басылды. Сырттан келгендердің көпшілігі қаладан кетуге мәжбүр болды. Бұл оқиғаның астарында жылдар бойы қордаланып, дұрыс шешімін таппаған тұрғын үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезек жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ, мұнай мен газ өндірісін Мәскеудегі орталықтан басқаратын одақтық министрліктердің, әміршіл-әкімшіл жүйенің жергілікті тұрғындар арасынан кадрлар даярламай, жұмыс күштерін республикадан тыс жерлерден әкеліп, жергілікті халықтың мүддесін ескермей жүргізген сыңаржақ саясаты жатты.

Қарағанды кеншілерінің ереуілі-(1989, 20-22 шілде), Кузбасс пен Донбасс кеншілерінің ереуілін қолдай отырып, “Тентек” , “Долинка”, КСРО-ның 50 жылдығы, “Абай” шахталарының жұмысшылары 20 шілдеде жұмысты тоқтатып, еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеуді жегілдіру, тұрмыс пен демалыс жағдайын жақсарту жөнінде бірқатар талап қойды. Ертеңіне ереуіл Қарағанды көмір бассейнінің барлық шахталарына тарады. Қарағанды, Абай, Саран және Шахтинск қалаларының көшелерінде көп адам қатысқан митингілер болып өтті. Ереуілдің негізгі себептері КСРО Көмір өнеркәсібі министрлігі, “Қарағандыкөмір” өндірістік бірлестігі тарапынан қалалар мен жұмысшы поселкелері еңбекшілерінің әлеуметтік мұқтаждарын елемеуі, Қарағанды бассейнін дамыту жөніндегі партия мен үкімет шешімдерінің үнемі орындалмауы, шаруашыық реформасыныі баяу жүзеге асырылуы болып табылады. Ереуіл кезінде қалалық, облыстық ереуіл комитеттері құрылып, олар кеншілердің негізгі талаптарын ұсынды. Оларды талқылауға Қазақстан КП ОК-нің 1- хатшысы Н.Ә.Назарбаев, КСРО Мин.Кеңесі төрағасының орынбасары, В.Х.Догужиев, одақтық министрліктің өкілдері, республиканыі, облысиың басшылары қатысты. Ереуілшілер сенім көрсеткендіктен, “Қарағандыкөмір” өндірістік бірлестігінің бас директоры Н.А Дрижд қызметінен босатылып, баламалы бес кандидатурадан КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Г. Саламатин бас директор болып сайланды. Облыстық жұмысшы комитетінің құрамында белсенді қызмет атқарып, кеншілер талаптарының барынша орындалуына күш салған М.М. Нұртазин Қазақ КСР халыө депутаты болып сайланып, алғашқы сессияда Экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі комитет төрағасы, ал П.П. Шлегель және М. М. Рамазанов көмір өнеркәсібі қызметкерлері кәсіподағы аймақтық комитетінің тиісінше төрағасы және хатшысы болып сайланды.



3.Е. Көтібарұлы бастаған азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.

Есет батыр Көтібарұлы (1803-1889)[3] - халықтың әйгілі батырларының бірі.[4] Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған.[3] Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген.



  • 1838 жылы Жоламанбатырмен тізе қосып, көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасады.

  • 1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге ҚоқанХиуахандықтарына қарсы шықты.

  • 1847-1858 жылдары Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және КішіБорсық құмдары мен Мүғалжар тауларынЖем,СағызЫрғызЕлекОйылҚиыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресейимпериясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады.

ХІХ ғ. 50-жылдары орыс отаршылдығына қарсы Есет Көтібарұлы белсенді күрес жүргізді. Ол Арал теңізіне қарай жылжыған ресейлік әскерге күшті қарсылық көрсетті. Есет Көтібаров (1803—1889 жж.) Көтібар батырдың ұрпағы болатын. Ол тек қана өз руы үлкен шектінің арасында емес, сондай-ақ көрші қазақ рулары адай, табын, шөмекей, төртқара, кішкене шекті рулар арасында да үлкен беделге ие болды. 1838 ж. Есет Көтібар Жоламан батырмен бірге орыстардың Елек қамалына шабуыл жасап, ал 1847—1848 жж. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен бірлесіп Сырдарияның төменгі бөлігіндегі Хиуалық және Қоқандық жаулап алушыларға қарсы күрес жүргізді.

22-билет

  1. Шілікті патша қорғандары, зерттелуі.

  2. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы.

  3. Ж. Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің болған аудандарын картаға белгілеңіз, маңызын түсіндіріңіз.

Жауабы:

  1. Шілікті патша қорғандары, зерттелуі.

Шілікті патша қорғандары Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, әсіресе, Тарбағатай мен Маңырақ тауларының арасында, Зайсан ауданының жерінде алып патша қорғандары кездеседі. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар, оның бәрі де алып немесе орташа қорғандар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метр, биіктігі 8-10 метр. Мұндай обаның саны 13. Орташа обалардың шеңберінің диаметрі 20 метрден 60 метрге жетеді, биіктігі 2-5 м. Қорған ертеректе қатты тоналған. Бірақ кейбіреулерінде зергер бұйымдар сақталған. Соның бірі 1960 жылы қазылған «Алтын қорған» деген оба. Обаны үйерден бұрын қабір шұңқыры қазылған. Оның орта шенінен шығыстан батысқа қарай бағытталған дәліз (дромос) жасаған, оның ені 2 метр, ұзындығы 12 метр. Қабір шұңқырының ішінен қабырғалары 5м жуық балқарағай бөренелерінен қабір үйін салған, биіктігі 1м. Айналасына тас толтырылған. Дәліздің қабырғасын таспен қалап, төбесін бөренемен жапқан. Бөренеден салынған қабір үйіне еркек пен әйел жерленген. Моланың жердің бетіндегі бөлігі таспен үйілген. Сонымен қатар, обадан 13 қола жеюе, жебе салатын қорамсақтың қалдығы табылды. Жебелер екі қырлы, ұңғылы. Қорамсақтың сыртына алтыннан жасалғаан бұғы мүсінді бірнеше әшекей қапсырма жабыстырылған. Қабірден 9 бүркіт, 29 қабылан, қабан, балық, т.б. Бейнелер қазылды. Алтын бедерлі мүсіндер ғажайып шеберлікпен көркем жасалған. Бұл обалардың салынған уақыты б.з.б 7-6 ғасырларға жатады.

Шілікті ескерткіштерін бірінші зерттеген семейлік гидротехник Г.Н. Бокий еді. 1909-1910 жылдары ол Шілікті даласының шығыс шегінде орналасқан Шаған оба қорымдарын қазып зерттеді. 1949,1959, 1961 және 1962 жылдары Шілікті қорымдарында профессор С.С. Черников қазба жүргізді. Ол барлығы 13 обаны қазып зерттеді. 2003 жылдан бастап бұл өңірді профессор Ә.Т.Төлеубаев зерттеп жатыр.

Қорымдар тобындағы соңғы қызықты жаңалықтар берген оба Бәйгетөбе деп аталады. Ол Жалшы ауылының оңтүстік жағында орналасқан. Оның биіктігі 7,9 м, диаметрі оңтүстіктен солтүстікке қарай 99м, шығыстан батысқа қарай 97,4м.

2. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы

Ыбырай Алтынсарин (шын аты-Ибраһим, 1841-1889жж.)-қазақтың аса көрнекті ағартушы-- педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып өскен жері Қостанай облысының Қостанай ауданы, Аққарағай ауылы. Осы өңірде Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.

1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады.

1860ж. Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгіленеді.

Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық--педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады.

Ұстаздық—ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару жүктеледі. Орынбор генерал—губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт уездік судья болып (1868—1874), Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.

Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ыгтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді.

Ыбырай оқу ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. “Қазақ хрестоматиясы” атты оқулық, “қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны Отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке– тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.

Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір түкпірінде кездеседі.

3. Ж. Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің болған аудандарын картаға белгілеңіз, маңызын түсіндіріңіз.

Жоламан батыр атақты Бөгенбай батырдың немересі болатын. Оның 10 ұлы, 2 бауыры бар еді. Олар батырдың сенімді тірегіне айналды. Ашу – ызыға булыққан табындар мен тамаларға жауынгер адай руының қазақтары келіп қосылды. Жоламан батыр қол астына 3 мыңға жуық көтерілісшілерді топтастырды. Жаңадан құрылған Жаңаелек шекара шебіне күшті шабуылдар жасала бастады. Көтерілісшілер казактардың станицаларына шабуыл жасады, олпрдың үйлері мен шөбін өртеді, адамдарын тұтқынға алып, малдарын айдап әкетті. Сондай – ақ, патша үкіметінің әкімшілігіне бүйректері бұратын қазақ ауылдарына да шабуылдарын жасап отырды.

Жаңаелек аймағынан ығыстырылып шығарылған табын руы өздерінің наразылығын ашық білдірді. Олар 1 ші Орынбор генерал – губернаторына байырғы мал жайылымдарын қайтарып беру жөнінде хатын жолдайды. Бірақ, ол өтініштердің орындалуына үзілді – кесілді тыйым салумен болды. Мұның өзі төзімі таусылған жергілікті қазақтарды ашықтан – ашық қарулы көтеріліске шығуға итермеледі. 1822 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы соғыс жариялап, Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарып алу жөніндегі күреске басшылық етті.

23-билет


  1. Савромат, дай тайпалары.

  2. 1920-1940 жж. Ересектер арасында сауатсыздықты жою бойынша жүргізілген іс шаралар.

  3. Саржан Қасымұлы бастаған ұлт -азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша түсіріңіз, маңызын түсіндіріңіз.

Жауабы:

1. Савромат, дай тайпалары.

Сарматтар– көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңтүстік Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қаратау өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар” , “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар иен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады.

Сарматтар туралы деректер өте аз. Бұл тайпаның аты б.з.б. ІІІ ғ. Бастап тарихқа кірген. Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Б.з.б. ІІІ ғ.- б.з-дың IV ғасыры аралығында Тобыл мен Дунай аралығын мекендеген тайпалар. Олар алғашында б.з.б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған. Олар алғашында б.з.б. II ғасырдан бастап Оңтүстік Оралды, Еділ бойын, Қазақстанның батыс аумағын қоныстанған.

Мәдениеті: Сарматтар мәдениеті үш кезеңді қамтиды: ерте сарматтар мәдениеті (прохор), орта сарматтар (суслов), кейінгі сарматтар мәдениеті.

Сарматтар қыш ыдыстар, сақина, білезік сияқты әшекей заттар жасаған. Б.з. ІІ-IV ғғ. Сарматтардың аса ірі археологиялық ескерткіші-- жерлеу орындары (Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында) табылған. Олар кейінгі сарматтар мәдениетіне жатады. Қабірдің қасында әшекей заттары бар әйел жерленген. Көшпелі мал шаруашылығымен, отырықшы өмір сүріп егіншілікпен айналысты. Сармат тайпалары Еуразияның саяси экономикалық және мәдени өмірінде елеулі рөл атқарған одақтар мен мемлекеттер құрамына кірді. Грек деректерінде б.з.б. IV ғасырдан, яғни олардың Батыс Қазақстан мен Оңт. Орал өлкелерін батысқа қарай жылжуы басталған кезден бастап кездеседі.

Грек тарихшысы Геродот қалдырағн мәлімет бойынша:


  • савроматтар скиф тілінде өте жақсы сөйлеген;

  • қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған;

  • савроматтар дай, массагеттермен, исседондармен туыстас болып келген.

2. 1920-1940 жж. Ересектер арасында сауатсыздықты жою бойынша жүргізілген іс –шаралар

Сауатсыздықты жою—КСРО-дағы сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей сіндетті сауат ашу. Кеңес билік құрған алғашқы онжылдықтарда КСРО дағы сияқты Қазақстанда да бұқараның мәдени деңгейін арттыру саласында қомақты жетістіктерге қол жеткізілді. Бұрынғы артта қалған халықтардың ілгері кеткен Орталық Ресейді қуып жетуі үшін халықтардың ана тілінде мектеп, баспасөз, театр, клуб ісін дамыту, халық шаруашылығының барлық салалары үшін білікті кадрлар даярлау, ол шараларды іске асыруға арнаоған мектептер мен курстар желісін кең өрістету міндеті алға қойылды. Отар аймақтардың қатарындағы Қазақстанда да зиялылар аз болатын. Олардың алаш қозғалысына қосылған бірқатары революция барысында жазаға ұшырады. Өлкеде мәдени құрылысты өрістетудің материалдық техникалық базасы болмады. Сондықтан сауатсыздықты жою үдерісі баяу ілгеріледі. 1924 жылы «Сауатсыздықты жою қоғамы» ұйымдастырылды. Ол еңбекшілердің қолдауымен ерікті мүшелік негізінде жұмыс жүргізді. 1931 жылғы желтоқсанда республиканың 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті сауат ашу енгізілді. Қазақстанның халыққа білім беруге бөлінген қаражат мөлшері өсті. Ұлы Отан соғысы басталар алдында еңбекке жарамды тұрғындар арасында сауатсыздықты жою аяқталды. Халық бұқарасын жаппай сауаттандыру Қазақстандағы мәдени өзгерістердің маңызды қорытындыларының бірі болды.

3.Саржан Қасымұлы бастаған ұлт -азаттық күрестің болған аудандарын карта бойынша түсіріңіз, маңызын түсіндіріңіз.

Саржан сұлтанның көтерілісі (1825 — 36) — Ресей империясының Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Хандықбиліктің жойылуына байланысты окр. және шекаралық ресейлік басқару мекемелері ашылып, әскери бекіністер салына бастады. Көтерілістің шығуына Солт.Қазақстандағы суы мен жайылымы мол Есіл өз-нің бойындағы жерлердің орыс-казак шаруаларына берілуі және алым-салықтың өсуі де қатты әсер етті. Саржанның Қытайдағы Цинь үкіметімен қарым-қатынас орнату әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Ол інісі Есенгелдімен бірге қазақ ауылдарында халықты ашық бас көтеруге үгіттеп, 1825 ж. Қарқаралы окр-не қарасты Қарпық болыстығы қазақтарының көтеріліске шығуына ұйытқы болды.  Қарулы жасақтар Саржан сұлтанның басшылығымен окр. приказдарға, керуен жолдарына тұтқиылдан шабуыл жасап, жергілікті билік орындарын әбігерге түсірді. Жасақтар қатарында Саржанның інісі Кенесары да болды. 1826 ж. 31 қаңтарда Бат. Сібір ген.-губернаторы П.М. Капцевичтің бұйрығына сәйкес жіберілген 200 казактан жасақталған жазалаушы жасақпен Саржан бастаған көтерілісшілер арасында шайқас болып, көтерілісшілер жеңіліс тапты. Бірқатар көтерілісшілер тұтқынға түсті. Қудалаудан құтылу үшін Саржан өз қол астындағы көптеген ауылдармен Орынбор шебіне қарай көшіп, Кішіжүз қазақтарын өз жағына тарту бағытында жұмыстар жүргізді. Соған орай Орынбор ген.-губернаторы Саржан сұлтанды Кіші жүздегі “барлық мазасыздыққа басты кінәлі” деп бағалап, оның мұндай әрекетіне тосқауыл қоюға әрекеттенді. Бұған қарамастан көтерілісшілер қатарына Кіші жүз қазақтарымен қоса қашқын орыс, татар, башқұрттар да қосылды. Саржан Қоқан, Хиуа хандықтарымен және Бұхар әмірлігімен байланыс орнатты. Саржан жасақтары барған сайын жаңа көтерілісшілермен толығып отырды. Оның жасақтарының бірін басқарған сұлтан АбылайҒаббасов Қарқаралы окр-не жорықтар ұйымдастырды.Көкшетау окр-нде сұлтан Сартай Шыңғысов Саржанға қолдау білдіретіндігін танытып, ондағы халық көтерілісіне басшылық жасады. Отаршылдық әкімш-ке жағымпаздануымен ерекшеленген Қарқаралы окр-нің аға сұлтаны Тұрсын Шыңғысов Саржан бастаған көтерілісшілердің талқандалуына ынталылық танытып, патша әскеріне көмектесті.

Саржан 1832 ж. Қоқан хандығының Ташкент құсбегімен патша өкіметіне қарсы бірлесе күресу жөнінде келісім жасап, Ұлытауға, Сарысу өз. бойына келіп қоныстанды. Қоқандықтардың қолдауымен бірнеше рет Орта жүз жеріне жорық жасады. Ол Ташкент құсбегіне бағынышты Ұлы жүз қазақтарын да өз жағына тартуға тырысты. Бұл өз кезегінде Саржанның қоқандықтармен жанжалына негіз болды. Ташкент құсбегі 1836 ж. жазда Саржанды және оның інілері Ержан мен Есенгелдіні, сондай-ақ оны қолдаған бірқатар белгілі батырларды Ташкентке алдап шақырып зұлымдықпен өлтіртті. Саржанның өлімінен кейін Ресейдің отарлық саясатына қарсы күрес оның інісі Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына ұласты.

24-билет


  1. Сақ және савромат қоғамындағы әскери демократия.

  2. Ағартушы, ақын, философ Абай Құнанбаевтың көзқарасының қалыптасуына талдау жасаңыз.

  3. 1860-1870 жылдардағы қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестері болған аумақтарды картаға белгілеп, маңызын түсіндіріңіз. Жауабы:

  1. Сақ және савромат қоғамындағы әскери демократия.

Әскери демократия-- көне грек қоғамынағы әскери көсемдердің алғашқы қауымындағы ұжымшылдық пен демократия қалдықтарын сақтай отырып, билік жүргізген жүйесін атау үшін, тұңғыш рет америкалық тарихшы Л.Г. Морган (1818-1881) қолданған ғылыми термин. Әскери демократияны гректер сияқты кельттер мен германдар, нормандар, сақтар тағы басқа басынан өткізген. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басында сақ қоғамында алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасуы жеделдеді. Бұған экономикалық қатынастардағы прогрестік өзгерістер себеп болды. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен металлургия өндірісінің өркендеуі қосымша өнімді арттырып, айырбасты дамытты, жеке меншікті қорландырды. Алғашқы қауымдағыдай емес, өндірістің негізгі құрал-жабдықтары мен еңбек өнімдерін бөлуде теңсіздік пайда болды. Жаңа өндірістік қатынастың нәтижесінде қандастық туыстық белгілермен біріккен рулық қауым әлсіреп, оны бірте бірте аймақтық өндірістік при нцип бойынша қалыптасқан қауым алмастырды. Рулық қауым мен көршілік қауымның қайшылығы күшейді. Бұл суармалы егіншілікпен анйалысатын аймақтарда алдымен байқалды. Міне, осы рулық қатынастардық ыдырай бастаған тұсын әскери демократия немесе алғашқы көршілестік қауым кезеңі деп атайды. Сақ заманында қоғамдық құрылым –әулет- ру—тайпа-- тайпалар одағынан (мемлекет) тұрды. Тайпаны көсем не әскери басшы басқарды. Тайпалық одақтар --алғашқы қоғам ыдырағаннан кейінгі әлеуметтік одақтастықтың жаңа және жоғары үлгісіғ мемлекеттің алғашқы сатысы. Олардың сайланып қойылатын көсемдерінің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды. Темір дәуірінде Қазақстанның оңтүстік, шығыс, орталық аудандарында сақ, батысы мен ішінара солтүстігінде сармат тайпалар бірлестігі болды.

2. Ағартушы, ақын, философ Абай Құнанбаевтың көзқарасының қалыптасуына талдау жасаңыз.

Абайдың педагогикалық көзқарасы қазақ жерінде патриархалдық феодалдық--қатынастар әлсіреп, капиталистік қатынастардың өмірге ене бастаған кезеңінде қалыптасты. Ақынның ағартушылық ой-пікірлерінің қалыптасуына игі әсер еткен табиғи арналардың-алғашқысы ақынның дүниеге келген ортасы, жас Абайдың бойына адамгершіліктің ізгі қасиеттерін ақ сүтімен қоса дарытқан ана мейірімінің қуаты. Кеудесі шежіре--тарих, аңыз әңгімеге толы, халықтың салт дәстүрлерін жетік білетін мейірбан әжесі Зере мен мінезге бай, тілге шешен анасы Ұлжан бала Абайды өз алдына бір бөлек рухани қазына бесігі болып тербетті. Талантты жастың өз бетінше ден қоя оқыған, құныға тыңдаған ауыз әдебиеті шығармалары туған халқының өмірі мен дәстүрін, арманы мен мұңын ертерек танып білуіне себепші болды. Өмір заңдылықтарын түсінуге игі ықпал еткен әке тағылымы да ақын бойында ұстаздық қасиеттің қалыптасуына үлкен әсер етті. Туған халқының рухани мұрасын жан жақты игеріп, Батыс пен Шығыстың ғылыми ой санасын сыншылдыұпен бойына сіңіру арқылы Абай қазақтың қоғамдық ой пікірін өзінің ағартушылық тұрғыдағы тұжырымдарымен байытты. Ақынның жастарды білім алуға, ғылымға, адамгершілікке үндеген педагогикалық тпшылаулары шығыстың атақты ғұламалары Әлішер Науаи, Ғ. Дауани, әл Фараби, т.б. Ой-пікірлерімен сабақтас, өзектес келеді. Ол орыстың алдыңғы қатарлы ойшылдары мен көрнекті педагогтарының маңызды тәлім-тәрбиелік ой толғаныстарын өзіндік құнды қағидалармен толықтырып, кейінгі ұрпаққа ағартушылық жаңа дәстүр қалдырды.

3. 1860-1870 жылдардағы қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестері болған аумақтарды картаға белгілеп, маңызын түсіндіріңіз



25-билет

1. Батыс Сібір хандығы.



2. ҚР “Тіл туралы” заңының тарихи маңызы.

3.1905-1907 жж. буржуазиялық-демократиялық революция кезеңіндегі қазақ жеріндегі ірі бас көтерулер болған аумақтарды картаға белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.

Жауабы:

  1. Батыс Сібір хандығы (XIII-XV)

Сібірдің жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті. Батыс Сібір алдымен Жошы ұлысына, кейіннен Шайбани хандығына қарайды. Батыс Сібірдің орталығы- Тұра қаласы. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алды.

Көшім тұсындағы Сібір хандығы

Территориясы: Батыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл өзендерінің алабы. Құрамындағы тайпалар: керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр, ханты, мансы, т.б. Астанасы: Искер қаласы. 1563 жылы хан тағына Көшім отырды. Алтыұл тайпасынан шыққан Көшім 1510 жылы Ноғай ордасында дүниеге келген. Ол 1555 жылы Сібірде билік жүргізген Тайбұға мен соғысып, оны жеңеді.

Экономикасы және мәдениеті

Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады.

Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.

Саяси құрылысы

Жоғарғы билеушi-хан, хан кеңес-диван, кеңесшілер-аталықтар, уәзірлер-қараша.

Сібір-Ресей қатынасы

Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты. 1574-1575 жылдары Сібірге барлауға жіберілген Иван Грозныйдың отрядын Көшім хан қырып тастайды. 1582 жылы Көшім әскерлері атаман Ермактың отрядынан жеңіледі. 1582 жылы күзінде атаман Ермак 600-ге жуық казагымен Искер қаласына шабуыл жасайды. Көшім әскері жақсы қаруланған Ермак отрядынан жеңіледі. 1584 жылы Көшімнің адамдары Ермакты өлтіреді. 1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығы осылай Ресей империясының құрамына кіреді.



2. ҚР “Тіл туралы” заңының тарихи маңызы.

Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі, ұлтаралық тіл орыс тілі және басқа тілдердің ережелері мен заңдастықтарын растайтын және зерттейтін нормалар жиынтығы.

Қазақстан Республикасының “Қазақстандағы Республикасындағы тіл туралы” заңы 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданды. Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда “Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы”, Елбасының 1998 жылғы 5 қазанда №4106 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тағы басқалары. Бас аяғы 4-5 жылдың ішінде 17 құжат қабылданыпты.

Тілімізді сақтау үшін жасалынған ұсыныстар

1. Мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізуде қос тілділіктен, бір тілділікке, яғни қазақ тілінде жүргізуге көшу керек. Ол үшін тіл туралы Заңның тиісті баптарына өзгеріс енгізу қажет.

2. Ата заңымыздың жетінші бабының “Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады” деген екінші тармағын алып тастау қажет.

3. Тіл туралыы заңның 24-ші бабында “Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардыңғ кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың 1-ші басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады” делінген. Заңның осы қағидасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

4. Аталған Заңның 25-ші бабына және ҚР Үкіметінің биылғы жылғы 8-ші қаңтарындағы №16 Қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес, тілдер туралы Заңдардың сақталуына бақылау жасауды өз шегінде Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі жүзеге асырады. Осы Ережеге сәйкес облыстық ақпарат және қоғамдық келісім Департаменті, прокуратура ргандарымен бірігіп, тіл туралы Заң талаптарының орындалуына дәйекті түрде бақылау жасауды қамтамасыз ету керек.

5. Мемлекеттік органдарда бос лауазымдарға қызметкерлер қабылдағанда, олардың біліктілік талаптарының тізбесіне міндетті түрде қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізе алатындығы енгізілуі тиіс.

3. 1905-1907 жж. буржуазиялық-демократиялық революция кезеңіндегі қазақ жеріндегі ірі бас көтерулер болған аумақтарды картаға белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.

1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.

Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.

Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.

Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды.



  • Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.

  • Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.

  • 1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.

  • Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.

26-билет

1. Ғұндардың мәдениеті мен шаруашылығы.

2. 1930-шы жылдардағы Қазақстан ғылымының дамуы.


  1. ХІІ ғ. Қазақстан аумағында құрылған ұлыстар мен олардың құрамына кірген өңірлерді кесте бойынша толтырыңыз.

Жауабы:

  1. Ғұндардың мәдениеті мен шаруашылығы.

Б.з.д 1 мыңжылдықтың 2жартысынан бастап Еуразияның этникалық саяси тарижында Орталық Азияның көшпелі тайпалары рөлі артты. Б.з.д 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д 209 жылы бой көтеріп, б.з 216 жылға дейін өмір сүрді.

Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде батыр. 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болды.

Шаруашылық мәдени типінің негізі-көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.

Ғұндардың қолөнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді. Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымның бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда дамығаг. Зерлеу әдісімен пайдаланды. Бұйымдарды безендіру үшін негізгі бейне жабайы аңдар болды.

Патриархалды рулық қарым қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құралдар да болған.

Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым салық, жазу сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.

2. 1930-шы жылдардағы Қазақстан ғылымының дамуы.

ХХ ғасырдың 30-жылдарының ортасына қарай, кең ауқымды индустрияландыру үрдісін жүргізудің нәтижесінде республиканың өнеркәсіптік келбетінде орын алған түбірлі өзгерістерге байланысты өнеркәсіп пен көлік құрылысы бойынша жазылған жұмыстар саны айтарлықтай өсті.

1932 жылдың КСРО ғылым академиясының қазақстандық экспедициясы отрядтарының негізінде дербес 8 экспедиция ұйымдастырылды. 1932 жылы қарсаңында республикада 10-нан астам ғылыми-зерттеу институты мен тәжірибе станциясы, жүздеген тірек пунктері, лабораториялар мен ауа райын зерттеу станциялары, бірсыпыра геологиялық барлау ұйымдары болды. ҚазАКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы жанындағы экономикалық зерттеу институты, ауыл шаруашылығын қайта құру, қой шаруашылығы, сойыстық мал шаруашылығы, топырақтану, құрылыс институттары сол кездегі ірі ғылыми мекемелердің қатарына жатады. Сол жылдары геологтар А.А. Гапеев пен Д.Н. Бурцев Қарағанды алабында жаңа көмір кен орындарын ашты. М.П. Русаков, Қ.И. Сәтбаев, Р.А. Борукаев Қоңыратта, Жезқазғанда және Бозшакөлде мыс кен орындарын барлады. Республика ғылымын дамытуда қол жеткен табыстардың нәтижесінде және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту және оларды үйлестіру мақсатында Кеңес үкіметінің және КСРО ҒА төралқасының шешімі бойынша 1932 жылы 8 наурызда КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрылды. Онда небары зоология және ботаника секторлары жұмыс істеді. 1935 жылы құрамында қазақ тілі мен әдебиеті, халық шығармашылығы секторлары бар Қазақ ұлттық мәдениеті ғылыми-зерттеу институты база қарамағына берілді, сол жылдары Алматыда Ботаника бағының негізі қаланды. Медицина ғылымы дамыды. 1933 жылы Мал шаруашылығы институты, 1935 жылы Егіншілік институты, Мал дәрігерлік және ауыл шаруашылығы экономикасы институттары құрылды. Ауыл шаруашылығы тәжірибе станцияларының тұтас жүйесі пайда болды. Мамандандырылған институттар – ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру, су шаруашылығы, орман шаруашылығы, өсімдік қорғау, жеміс-жүзім шаруашылығы, астық шаруашылығы институттары ұйымдастырылды. 1940 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлімшесі құрылып, оған республиканың ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу мекемелеріне басшылық ету және олардың жұмысын үйлестіру міндеті жүктелді. Совет 1938 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы Қазақ бөлімшесі болып қайта құрылды. Бөлімше президиумын акад. А.Д. Архангельский басқарды. Бөлімше ұйымдастырылғаннан кейін ғылыми-зерттеу институттарының жүйесі жедел қарқынмен дами бастады.

3. ХІІ ғ. Қазақстан аумағында құрылған ұлыстар мен олардың құрамына кірген өңірлерді кесте бойынша толтырыңыз.



27-билет

1. Үйсіндердің әдет-ғұрыптары мен діни-наным сенімдері.

2. Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс пен К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістерді салыстырыңыз.


  1. Тәуке ханның ”Жеті жарғысында” қарастырылған мәселелерді кесте бойынша толтырыңыз, маңызын түсіндіріңіз.

Жауабы:

1.Үйсіндердің әдет-ғұрыптары мен діни-наным сенімдері



  • Үйсіндердің салт-дəстүрі

  • Үйсіндердің салт-дəстүрі туралы ғылыми деректер аз. Ертедегі үйсіндердің түсінігінше, өлген адам тіріледі деп сенген. Сондықтан да адамды жерлегегде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бəрін қосып көмген. Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттардың бəрін қоса көмген. Көптеген бейіттерді қазғанда табылған заттар осыны дəлелдейді. Тамақ ішетін ыдыс-аяқтар, тұрмысқа қажетті басқа да бұйымдар жиі кездеседі. Ер адамдардың жанына сауыт-саймандар, қару-жарағы: садақ, жебелер, қанжар, найза, қамшы, пышақ секілді заттар қойылған.

  • Діни нанымдары

  • Табылған заттары мен əшекейлері, қару-жарағы жоғарғы көркемдігімен қатар үйсіндердің діни ұғымын, өмірге көзқарасын да көрсетеді.

  • Диадемадағы жапырақтар əлемді тіршілік ағашының көзі, өмір нəрі, жан беруші əйел бейнесі болып табылады. Бұл ағаш жер ортасындағы тау шыңына өсіп, дүниенің төрт бұрышын жəне əлемнің үш бөлігін: тамыры тереңге кететін жер астын- о дүниені, адамдар мен жан-жануарлар өмір сүретін жер үстін- бұл дүниені, құдайлар мен құстар мекені- аспан əлемін жалғастырып тұр.

  • Жерлеу орындары

  • Бейіт басына тұрғызылған обаның үлкен-кішілігі марқұмның қоғамдағы алған орнының, байлығының қандай болғанын білдірген. Қазба жұмыстары кезінде үлкен обалардан үлкен əшекейлер, қару-жарақ, ыдыс-аяқ түрлері көп шығады. Теңлік қорымындағы қабірден киімге тігілген алтын қапсырмалар, алтын сырғалар, алтын сыммен оралған темір түйреуіш, қола айна табылды. Көлемі жағынан орташа обадан бірнеше қыш құмыралар, ағаш тостаған, қола сырға, түйреуіш, білезік шықты. Қару-жарақтан темір қанжар, пышақ, үш қырлы жалпақ жебе ұштары бар. Кішкентай обалардан бір-екі қыш ыдыс, темір пышақ, қола сырға, моншақ табылды.

2.Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс пен К. Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістерді салыстырыңыз.

Бөкей ордасындағы көтеріліс (1836-1837) — әлеуметтік-әділетсіздік пен патша үкіметінің езгісіне, отарлаушылық саясатына қарсы қазақ шаруаларының көтерілісі. Оған ИсатайТайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басшылық етті. Көтеріліс өз дамуында үш кезеңнен өтті: Көтерілісшілер қозғалысының басталуы мен күшеюі, дала шонжарларының қоражайының талқандалуы;Жазалаушы отрядтармен қарулы күрес, хандық территориясында көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауы;Көтерілісшілер ұйтқысының Жайықтың сол жағалауына өтуі, жаңа қол жинап, соңғы рет бас көтеруі.

Көтеріліс Орданың барлық халқының үштен бірінен астамы көшіп-қонып жүретін оңтүстік белігінде басталып өрістеді. Мұндағы жер жағдайы көшпелі шаруашылықты жүргізуге өте қолайлы еді. Дәулетті руластары мен байлардың шаруашылығынан немесе осы жердегі балық кәсіпшіліктерінен немесе орыс помещиктері мен өнеркәсіп иелерінің жеке меншік иелерінен жұмыс табуға дәмеленген, жері жоқ, малы аз адамдар — бәрі осы оңтүстік бөлікке ағылды. Алайда көшпелі халықтың тұрмыс жағдайы нақ осы бөлікте өте мазасыз, ауыр болды. Хан өкіметі елдің оңтүстігіне өзінің өкілдері мен салық жинаушыларын жіберді. Қылмыскерлерге, бүлікшілерге қарсы күресуді, қазақ ауылдарынан «жасырынып жүрген» орыс қашқындарын ұстауды сылтауратып, шекаралық органдар бұл аймаққа тергеуші, шенеуніктер тобын, әскери отрядтарын жіберіп отырды, олар осында көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдарының есебінен баюды көздеді, жергілікті халық арасына үрей тастап, абыржытумен болды. Бұған жер тапшылығы мен жайылым таршылығы келіп қосылды. Одан алдымен кедей шаруалар жапа шекті. Қарапайым халық екі жақты қысымға — жергілікті билеушілердің озбырлығына және отаршылдық езгіге ұшырады. Хан тәртібі мен қанаушыларға деген ашу-ыза, өшпенділік қазақ рубасыларын осылайша ашық күреске итермеледі

Бөкей хандығы қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінде орта ғасырлық шаруалар қозғалысына тән белгілер болды. Бұлар: көтерілісшілердің батылдығы мен жеке отрядтарының бытыраңқылығы, саяси мақсаттарының айқын болмауы мен ұйымшылдықтың нашарлығы. Бүған патриархалдық-рулық қатынастар мен көшпелі мал шаруашылығы басым дамыған қазақ қоғамының ерекшеліктерін қосуға болады. Көтеріліс Бөкей хандығында жеңіліске ұшырағанымен, халықтың әлеуметтік бостандығы жолында күресуші кейінгі ұрпақтың ойы мен есінде мәңгі сақталып қалды.

К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847) — қазақтардың патшаүкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды.

1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарихсахнасына өзінің ұлы бабасы Абылайханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты.



Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымасқайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық талантымол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды.

Замандастарының сипаттауына қарағанда, ол ашық жүзді, орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін-өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамының пікіріне әрқашан мұқият назар аударатын. Қонақжай қасиеті ерекше күшті еді. Әкесімен және ағаларымен бірге жүрген кездерінде олардан қолбасылық тәжірибесін едәуір үйреніп алған болатын.

1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш сезімімен естіп-білді. Ендігі жерде Кенесары бастаған көтеріліс ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган - өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары - жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мәселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл күйін де қадағалады. Хан билігі қызметінің оңды нәтижелері ретінде оның қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды.

3. Тәуке ханның ”Жеті жарғысында” қарастырылған мәселелерді кесте бойынша толтырыңыз, маңызын түсіндіріңіз.



  • 1-жарғы.Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).

  • 2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі –елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).

  • 3-жарғы .Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірішулікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).

  • 4-жарғы.Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.(Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен,неке парызына адалықты талап еткен маңызы зор жаңалық).

  • 5-жарғы.Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.(Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің,мемлекеттік соғыс күші ретіне бағаланады).

  • 6-жарғы.Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

  • 7-жарғы.Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін

28-билет

  1. Қаңлылар туралы ежелгі деректер.

  2. 1867-1868 жж. Реформаларға қарсы қазақ даласындағы көтерілістер(Орал, Торғай, Маңғыстау).

  3. 1916 жылғы көтеріліс барысында құрылған ұлттық билік құрылымын кесте бойынша толтырыңыз

Қаңлылар туралы ежелгі деректер.

  • Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады.

  • СырдарияТалас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битянқаласы.

  • Б. з. б. II ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталмыш кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесіңдеОрталық Азияда жаңа мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде ҮйсінЯнцайҚаңлы мемлекеттері қалыптасады. Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды.

  • Тарихнаманың ауқымды болғанына қарамастан, қаңлылардың зерттелуі әлі де қанағаттандырмайды. Бұған жазбаша деректемелердің мейлінше шектеулілігі себеп болды, оның үстіне деректер үздік-создық және қарама-қайшы, мұның езі мәселенің әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің аумағы ұланбайтақ жерді: Ташкент жазирасы мен Сырдария, Жаңадария, Қуандария алабының ежелгі арналарын және Жетісудың онтүстік-батыс бөлігін қоса Оңтүстік Қазақстанды алып жатты. Ең құдіретті кезінде оған Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь сияқты бес «шағын иелік», сондай- ақ Янцай бағынды. Алайда олардың орналасуы даулы болып қалып отыр. Айтылған аймақта археологтар сол уақыттағы негізгі үш мәдениетті - қаңлы мәдениетіне баланатын Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениетін атап көрсетеді. Осы мәдениеттерді 70—80-жылдары белсенді түрде ерістетілген зерттеу қаңлы тұрғындарының материалдық мәдениетінің сипаты, шаруашылығы, қоленері туралы деректерді едәуір толықтыра түседі.

  • Қытайдың тарихи хроникаларық деректерінің ерекшеліктері мынадай: тек соларға ғана қарап бұл мемлекеттің пайда болған уақытын, оның нақты шекарасын, астанасы Битянь қаласының қайда екенін, тәуелді бес иеліктің қалай орналасқаның және басқа да көптеген нәрселерді айқын анықтау мүмкін емес.

  • Орналасу мәселелері.Қаңлы мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мәселелерінің тарихы И. Бичуриннен басталады, ол оның орналасқан жерін Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. «Шицзи» мәтініне «Давань туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй иелігі қазір қазақтың Ұлы жүзі мен Орта жүзі кешіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындагы далаларды алып жатыр» деп атап өткен. «Шицзиде» қаңлының орналасуы туралы былай делінген: «ҚаңлыДаваннын солтүстік-батысында шамамен алганда 2000 ли жерде жатыр. Бұл — әдетте 20 000 әскері бар юечжиліктерге ұқсайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес және күшінің аз болуына қарай оңтүстікте юечжилердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды».

  • Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан.

2. 1867-1868 жж. Реформаларға қарсы қазақ даласындағы көтерілістер(Орал, Торғай, Маңғыстау).

  • 1867-1868 жылдардағы реформалар отаршылдық езгіні тереңдетті. Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі етіп жариялады. Жаңа бекіністер салуға шаруалардың жері тартып алынды. Шаңырақ салығы 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға көтерілді. Осы ауыртпалықтар қазақ шаруаларын азаттық күреске көтерді.

  • 1868 жылдың желтоқсаны мен 1869 жылдың қазаны аралығында болған Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы жəне антифеодалдық сипатта болды. Көтерілісті басқаруға артықшылықтарынан айырылған ру басылары қатысып, кейін көтерілістің бұқаралық, таптық бағытынан сескеніп ауытқыды. 1869 жылғы 6 мамырда Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында фон Штемпельдің 200 атты және бір рота жаяу әскер тобына көтерілісшілер шабуылдады. 20000 көтерілісші фон Штемпельдің тобын 7 күн бойы қоршап, жазалаушылар шайқаспай əскери шепке қайтып кетті. 1869 жылғы наурыз, маусым айларында 3 мың шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуылдады. Орал облысындағы азаттық күресті басуға ірі әскери күш жіберілді. Ақсүйектер опасыздығынан, нашар қаруланған, ауыз бірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген көтеріліс талқандалды.

  • 1870 жылы Маңғыстау түбегінде шаруалар көтерілісі басталды. 40 мыңдық шаңырақтан тұратын адай руы екі жылда 160 000 сом салық төлеуге тиіс болды. Бұл адайлықтардың қарсылығын туғызды.

  • Жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы көтеріліске түрткі болды. 1870 жылы наурыздың ортасында Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин тобы “Ережелерге” қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозащы түбегінде Досан Тəжіұлы, Иса Тіленбайұлы бастаған 200-ге жуық көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады. Подполковник Рукин атылып өлді. Жеңіс көшпелілерді рухтандырып, қозғалыс бүкіл Маңғыстауға тарады. Шаруалардың көтерілісін басқа да әлеуметтік топтар қолдады. Николаевск станицасы мен Александровск форты cлободкосының балық аулау кəсіпшілігіндегі ауқаттылардан тартып алынған қайықтардан “флотилия” құрған көтерілісшілер тобы 10 мыңға жетті. 1870 жылғы 5 сəуірде қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Алексанровск фортына шабуылдады.

  • 1870 жылғы мамырда Маңғыстауға Кавказдан Апшерон полкі, Терек казактарының тобы жеткізіліп, көтеріліс талқандалды.

  • Əскери министр Милютиннің “бұларды келістіріп жазалау керек” деген нұсқауына сəйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3 ай бойы қудалады. Қозғалыс басшылары И.Тіленбайұлы, Д.Тəжіұлы, И. Көлұлы бастаған 3000-ға жуық шаңырақ жазалаушылардан ығысып, Хиуа хандығына өтіп кетті. Кавказ әкімшілігінің талап етуімен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сом қосымша салық жиналды. Адайлықтар соғыс шығыны ретінде өкіметке 90 мың қой өткізуге міндеттелді.

  • Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі қазақтың жалдамалы жұмысшыларының тұңғыш рет күреске белсене қатысуы болды. Көтерілістің антифеодалдық сипаты əлсіз болу себебі, адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархаттық құбылыс әлі де болса күшін сақтап қалған болатын. Көтерілістің жеңілуі халықтың жағдайын бұрынғыдан да шиеленістіріп жіберді.

1916 жылғы көтеріліс барысында құрылған ұлттық билік құрылымын кесте бойынша толтырыңыз.

29-билет

1. Сақтардың діни наным сенімдері

2. 1930-шы жылдарындағы кино өнеріндегі жетістіктер

3. Терминдердің мағынасы



  1. Сақтардың діни наным сенімдері

  • Сақ тайпаларының діни түсініктері туралы мәселе аз зерттелген. Жерлеу материалдарына қарағанда, сақтарда ата-баба аруғына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сиыну ғұрыптары болған. Бұл ғұрыптардың шығуы өлген тумаларының мәңгі жасайтынына, өлгендер өзінің рулық қауымының салттары, үйреншікті ғұрыптары мен ережелері бойынша өмір сүре беретін о дүние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп өлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мүліктің көмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе тайпалар тобына тән күрделі жерлеу ғұрпы шыққан. Малшыларда бұл ең алдымен қыстау маңы болды. Өлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.

  • Мұндай ғұрып кейін сүйегін ру зиратына кешіретін болып не уақытша жерлеуді немесе еліктің сақталуына көмектесетін қайсыбір амал қолдануды керек еткен.

  • Таулы Алтай мен Қазақстан аумағындағы сақтар зираттарын ашып-қазу сақ қоғамынын ерекше аксүйек өкілдері үшін өліктерді бальзамдау мен мумиялау колданылғанын көрсетеді.

  • Ондаған және жүздеген обалардан тұратын ірі-ірі рулық зираттар Қазақстанның көптеген аудандарында (ШіліктіЕсікБесшатырЖуантөбеСы- пыра-оба, Қараоба,Ұйғарақ), яғни отырықшы және жартылай кешпелі мал шаруашылығы басым болған жерлерде белгілі. Сонымен бірге шөлді-далалық аудандарда ірі зираттар жоқ, онда қыстау үшін қолайлы жерлерде әрқайсысы 2—4 обадан тұратын аздаған мола зираттар ғана бар. Халықтың кеші-қонымының көптігіне және коныстарының жиі ауыстырылуына байланысты көшпелі мал шаруашылығы аудандарында қыстайтын орындар, рулық зираттар болу дәстүрлері қалыптаспаса керек.

  • Сақ тайпаларының жерлеу ғұрпы алдындағы уақыттың ғүрыптарынан едәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі үшін тас қоршаулар мен тас жәшіктерге жерлеу тон болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы қорымдар болып, адамдар көбіне сопақша етіліп қазылған кабірлерге жерленді. Лақаттап және ақымдап жерлеудің жаңа түрлері шықты. Жерлеу әдістері де өзгереді: өлікті ортеудің немесе оның аяқ-қолын қусырып, қырынан жатқызып жерлеудің орнына шалқасынан созылта салып жерлеу шығады.

  • Жерлеу ғүрыптарының салттарында да бірсыпыра айырмашылықтар орын алып, олар шағын және уақытша сипатта болған. Мәселен, Оңтүстік Орал сырты мен БатысҚазақстанның савроматтары тайпаластарың бетін ағашпен жапқан тар немесе кеңтік бұрышты шұнкырларға көмген. Осы аумақтағы кейбір тайпаларда шаршы және шеңбер түріндегі кабірлерге жерлейтін болды, ұзын қабырғаларының жақтауынан шығарылған кертпешелері немесе ойықтары бар қабірлер ұшырасады.

  • Арал маңы сақтарында түбін айнала шамалап орлаған, жерден ойып нар жасаған және түбінің бұрыш-бұрышына не оны айналдыра орнатылған діңгектердің орны бар өзінше бір үлгідегі кабірлер кездеседі. Жетісуда және Алтайда ауқатты адамдар сол кездегі жердің бетіне салынган не жерді қазып орнатқан үлкен ағаш қималарға қойылатын болған. Бұл аудандарға қарапайым адамдарды бір қабірге бірнешеуін жерлеу немесе аса терең казылмаған қабірлерге бірінен кейін бірін жерлеу ғұрпы да тон. Орталык Қазақстанда жалпақ тақтатастармен жабылып, жерден қазылатын сопақша жерлеу тұрақты дағдыға айналды, нақ осында тас кешенді обалар түріндегі мола құрылыстардың ерекше үлгісі де болған. Тайпалардың жерлеу ғұрпындағы айырмашылықтар оларда біртүтас жүйелі діни ұғымдардың болмағандығын көрсетеді.

2. 1930-шы жылдарындағы кино өнеріндегі жетістіктер

  • Қазақстандағы тұңғыш кино түсіру жылнамасына 1925 жыл жатады. Бұл жылы киноға Қызылорда каласында өткен Қазақстан кеңестерінің I съезі түсірілген. Осы жылы «Қазақ АКСР-і құрылуының бес жылдығы» деп аталатын екінші деректі фильм көрсетілді. Ол кезде бүкіл республика бойынша Ағарту халкомының көшпелі киносы болды - Ақтобе, Қызылорда, Темір және Шымкентте, 1928 жылы астана Қызылордадан Алматыға көше бастады. Сол кезде Мәскеуден жаңа астанаға «Востоккино» тресінің өкілдері келіп, республикада өз бөлімшелерін ашуға кірісті. 1928 жылы бірінші «Алматы және оның төңірегі» деп аталған деректі фильм түсіріліп, жергілікті жерде зертханасы болмағандықтан, фильмді өңдеу жөне монтаждау Мәскеуде жүргізілді. 1929 жылы республика экрандарында «Соңғы жаңалықтар» киножурналы көрсетіле бастады. Қазақстан жайлы тұңғыш көлемді деректі-көркем фильм «Түрксіб» деп аталды. Сценарий авторы мен режиссері В.Турин. Осыдан кейін «Востоккино» Қазақстан туралы тағы үш фильм түсірді: «Дала әні» (1930 жыл), режиссері А.Лемберг, «Жұт» (1931 жыл), режиссері А.Коростин, «Қаратау құпиялары» (1933 жыл), режиссері А.Дубровский.

  • 1935 жылы басқа республикалардағы сияқты Қазақстанда да қажетті материалдық базасымен қоса деректі киностудия ашылды. 1935 жылы маусымда «Кеңестік Қазақстан» киножурналының алғашқы нөмірлері шыға бастады.

  • Қазақстан тақырыбына түсірілген алғашқы көркем фильм Д.Фурмановтың романы бойынша режиссер С.Тимошенко 1929 жылы «Ленфильмде» түсірген «Бүлік» фильмі. 1935 жылы қазақстандық жазушы И.П.Шуховтың романы бойынша «Мосфильм» киностудиясы «Жау соқпағы» фильмін түсірді.

1938 жылы «Ленфильм», «Амангелді» фильмін түсірді. Ол Қазақ академиялық драма театрының әртістері күшімен қазақ және орыс тілдерінде түсірілді. Фильм режиссері М.Левин, сценарийін В.Иванов пен Ғ.Мүсірепов жазды. Фильмдегі басты рөлдерді Е.Өмірзақов, Ш.Жиенқұлова ойнады. Фильмнің музыкасын А.Жұбанов жазған. 1940  жылы М.Левин М.Әуезовтің сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмін түсірді. Музыкамен көркемдеген сазгер В.Великанов болатын

3. Терминдердің мағынасы



Диуан (парсы - жазып алу, кітап) - шығыс классикалык әдебиетіндегі бір немесе бірнеше ақынның шығармаларын қамтитын жинақтың атауы

Инал(8 ғасыр) – Қапаған қағанның баласы Кіші қаған лауазымын алған. Тоныкөк ескерткішінде Инал қаған 710 жылы түргештерге жасалған жорықта әскербасы ретінде аталады. 713 жылы (кейбір деректерде 714 жылы) Инал бастаған түркілер Бесбалыққа шабуыл жасаған.

Сюбашы - оғыз мемлекетінің әскер басшылары .

Күл еркіндер- жабғудың кеңесшісі.

Елтебер - Түрік қағанаты  тұсындағы 28 дәрежелі әскери-әкімшілік шеннің ең төменгі лауазымы.

30-билет

1. Ислам дінінің Қазақстан аумағына таралуы



2. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы әскери қимылдары және оның аяқталуы

3. Қазақстандағы Ақпан революциясының нәтижесін кесте бойынша толтырыңыз

1. Ислам дінінің Қазақстан аумағына таралуы



  • Ислам діні - ол менің жақсылық жасап, мейірімді болуға үйрететін, ұрлық істемей, мейірімді болуға үйрететін ақ жол. Діни сана, діни сенім, діни ұйымдар біртұтас рухани жүйе бола отырып, қоғамдағы түсіністікке, оның дамуына оң ықпал ететін зор рухани күш.

  • Ислам діні араб елінде VII ғасырдың алғашқы жартысында пайда болды. Негізінен Араб, Парсы, Түрік, Пакистан, Оңтүстік Шығыс және Орталық Азия елдерін қамтиды. Ислам Тұран жұртына VIII ғасырда келген. Мұсылмандар ұғымында ислам діні- Құдай тарапынан барлық адамзатқа жіберілген ең соңғы өсиет.  Қазақстан жерінде ислам дінін қалай таратқаны жөнінде тоқталсақ; арабтар ислам дінін тарату мақсатындағы бір ғасырға жуық жүргізген жорықтары нәтижесінде көрші елдерден көптеген жер иеленіп, ірі империяға айналды. Палестина, Сирия, Ирак, Иран, Ауғанстан елдерін бағындырған арабтар 705 жылы Мауреннахр жеріне әскери жорығын бастайды. Құтайба ибн Муслим бастаған араб әскері 710-712 жылдары Бұқара мен Самарханды, 714 жылы Шаш пен Фарабты алады. 

  • Қазақстанның Атырау, Орал, Маңғыстау қатарлы батыс өңір аймақтарының бір кездері осы Хазар қағандығының жері болғанын ескерсек. Исламиаттың Қазақстанның оңтүстігіне Талас соғысы (751ж) арқылы, ал батысына хазарлар арқылы (732ж) тым ертеде келгеніне көз жеткізуге болады.

  • Уақыт өте ислам Қазақстан жерінде түпкілікті орнықты. 775-875 жылдары түркі тайпаларын қамтитын Қарлұқ қағандығы хақ діні – Исламды қабылдап, ел арасында мұсылманшылық сенім кең тарады. Қалаларда мешіттер салынып, медреселер ашылды. 766 жылдан өмір сүріп келе жатқан Қарлұқ қағандығы 940 жылы құлатылады да, мемлекеттік билік Қараған әулетіне өтеді.

2. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жолындағы әскери қимылдары және оның аяқталуы

  • XIX ғасырдың ортасына карай қазақ жерлері үшін Қоқан, Хиуа және Ресей арасындағы талас күшейе түсті. Ресей үкіметімен болған 1840 жылғы келіссөзде Хиуа ханы өз билігінің ЖемЫрғыз және Торғай бойына дейін жететіндігін айтты. Сырдарияның төменгі жағасына орыс және қоқан қолдарын жібермеу мақсатында хан мұнда бекіністер салдырады. Бірақ Хиуа ханының бұл әрекеттеріне қарамастан, оларды Қоқан қолдары, кейін жақсы қаруланған Ресей әскерлері ығыстыра бастайды.

  • Жыл өткен сайын тереңдей түскен орыс билігіне қарсылық туғызу мақсатында Хиуа хандығы қазақтарды өзара бірлікке шақырады. Тура осындай әдіс-айлаға өзіне қарайтын аймақта Қоқан хандығы да көшеді. Өйткені Хиуа мен Қоқанның алым-салық жинаушыларының өктемдігі мен қатыгездігін көріп қалған халық олардан қарулы қарсылық арқылы болса да құтылуға әзір болды.

  • Осы мезгілде Түркістанның ішкі саяси өміріне Ресей белсенді түрде араласа бастайды. Оның мынадай себептері бартын. Біріншіден, XIX ғасырдың орта тұсынан бастап қарқынды даму жолына түскен Ресей өнеркәсібіне түркістандық рынок аса қажет. Қазақ тұтынушылары орыс көпестерінен ұн, түрлі мануфактура өнімдерін, металдан жасалған бұйымдарды көп мөлшерде ала бастайды.

  • Бұхара мен Хиуаға Ресей көпестері мата, иленген тері, металдан жасалуан бұйымдарды, қант және басқа тауарларды жеткізіп, Ресейге Түркістан өңірінен мақта, жібек, күріш, жеміс-жидек, арзан бағаға мындаған қой, ірі қара малды айдап кетіп жатты. Басқаша айтқанда, Түркістанмен тұрақты сауда қатынасын орнату Ресейге өте тиімді еді. Ресей көпестері Түркістан арқылы Үндістанға, Шығыс Түркістанға шығуды армандады. Бұл уақытқа дейін Орталық Азияға көз тіккен Англияның емеуріні РесейдіҚазақстан жерін өзіне қосып алу әрекетін біржола аяқтауға итермеледі.

  • Ресей үкіметінің бұл әскер күшімен іске асырылған әрекеті екі бағытта жүрді. Бірі батыстан, яғни Орынбор және Сырдарияның төменгі ағысы арқылы, ал екіншісі шығыстан, яғни Омбы — Семей — Жетісу арқылы. Орынбор генерал-губернаторлары орыс билігінің Түркістан өлкесіне тереңдеп енуіне кедергі жасаушы Хиуа хандығы деп тауып, 1839 жылы бес мың қолдан тұрған Хиуа жорығын ұйымдастырды.

  • Бұл жорық ешқандай нәтижесіз аяқталды. 1847 жылы генерал-губернатор В.А.Обручев бұл өңірдегі аса ықпалды тұлға Жанқожа батырмен катынас орнатып, Райым (кейінірек Арал аталған) бекінісін салуға қол жеткізді. Орыс билігімен одаққа бару Жанқожа батырға бұл өңірдегі Хиуа және Қоқан тегікісінен құтылу үшін керек болған еді.

  • 1850 жылы Жанқожа Райымбекінісіндегі орыс қолының көмегімен Сыр бойы қазақтарына шабуыл жасаған қоқандықтарды ойсырата жеңіп, олардың Қошқорған бекінісін алады.

  • 1844 жылы патшалық билік генерал-губернаторларға қазақ даласына тереңдей еніп, тұрақты бекіністер салуға көшуді тапсырды. Сөйтіп, отарлау ісі жаңа қарқын ала бастады. Соның нәтижесінде, Райым бекінісінің артын ала Қазалы бекінісі салынды. Бұл бекіністерге жақсы қаруланған жаяу әскер мен атты қазақ әскері орналастырылды. Оларға жүктелген міндеттер қазақ ауылдарын бағындырып, хиуалықтар мен коқандықтардың бетін қайтарып, олардың бекіністерін алу.

  • 1853 жылы губернатор Перовский бастаған 2170 адамнан тұрған орыс әскері Сырдың бойындағы Қоқан хандығының басты бекінісі Ақмешітті өзіне қаратып, оның атын өзгертіп, "форт Перовский" деп қойды. Осылайша Түркістан өлкесіне жол ашуға тиіс болған Сырдария бекінісі өмірге келеді.

  • Осымен бір мезгілде Қапалда орыс приставтығы мен Жетісуоблысының кеңсесі ашылды. Оған жергілікті халықпен байланыс орнату, еппен оның сеніміне кіріп, сол аркылы Қоқан және қытай ықпалынан шығарып, орыс билігіне тарту міндеті жүктелді.

  • 1846 жылы Кенесары хан қолын Жетісудан ығыстыруды көздеген орыс әскерінің экспедициясы Қапал бекінісінің негізін қалайды. Бұл іс жүзінде орыстардың Жетісуда жасаған алғашқы қадамы болатын. Англияның Шығыс Түркістандағы ықпалының арта түскендігінен қорыққан патша үкіметі тездетіп Жетісуда бекіністерін салуды, Ұлы жүз қазақтарын өз кұрамына қосып алуды, сондай-ақ Қытай үкіметімен Жетісу арқылы жүретін сауда қатынасы жөнінде тез арада келісімшарт жасасуды көздеді.

  • Жетісу жеріне орыс билігінің аяқ басқанын жеке мүддесіне пайдаланып қалуды көздеген Ұлы жүздің бір топ сұлтандары мен билері 1846 жылы жаңа билікті мойындайтындығын мәлімдеп, ант береді. 1850 жылдан бастап орыс қолдары Жетісудағы Қоқан қамалдарын жоюға көшеді. Орыс әскеріне елеулі карсылық көрсеткен Қаскелең өзені бойындағы Таушыбек қамалы еді. 1851 жылы жазда орыс қолдары бұл бекіністі алып, жойып жіберді.

  • Орыс билігі қазақ басқарушы тобына қатысты өзінің осы уақытқа дейін ұстанған әдісін Жетісу жерінде де жүргізді. Қытай және Қоқан сияқты карсыластарымен егесте, сондай-ақ Кенесары хан көтерілісін басып-жаншу ісінде Ресей жағында болған қазақ пен қырғыздың билеушілері мен ықпалды адамдарына түрлі сыйлықтар, әскери шеншекпен үлестіру арқылы оларды өзіне тартып, өз мүддесіне қызмет істетуге тырысты.

  • 1853 жылы Ресейдің сыртқы істер министрі БатысСібір генерал- губернаторы Гасфорпқа Жетісуда Ресей ұстанымын нығайтуды қамтамасыз етерліктей нақты шараларды іске асыруды тапсырады. Осы міндетті орындау мақсатында, сондай-ақ Ресейдің ТашкентҚұлжа және Қырғыз бағытындағы сауда және басқа қатынастарына жол ашатын жаңа ірі бекініс салу жөнінде шешім қабылданды.

  • Ұлы жүз приставы болып жаңадан бекітілген майор Перемышльский бұл бекіністі орналастыру үшін Алатаудың етегіндегі КішіАлматы өзені бойындағы Алматы елді мекенін таңдап алады. Құрылысы 1854 жылдың көктемінде басталып кеткен бұл бекініс Верный аталады. Оның жанынан, Алматы өзенінің оң жағасында қазақ әскерініңстаницасы салынады.

  • Бір-екі жылдың ішінде мұнда Сібір қазақ-әскерінің 132 отбасы және 200 орыс шаруалары келіп орналасты. Содан кейін-ақ Алматыға Сібір қазақ-әскерінің оныншы полкын енгізу жөніндегі патша Жарлығы жарық көреді. Көп ұзамай Жетісу әскери губернаторы Колпаковский Семейден егінші татарларды және Воронежден (Ресей) орыс шаруаларын шақыртады. Осылайша Ресейдің Орталық Азияға енуіне жол ашуға тиіс болған Верный бекінісі біртіндеп осы өңірдегі әкімшілік орталығына және қалаға айнала бастайды.

  • Бұл кезде Қырым соғысында жеңіліс тапқан Ресей 1856 жылы енді негізгі назарын Түркістанға аударып, сонда орнығуға күш салады. Ал мұндағы Хиуа, Бүхар және Қоқан хандықтары арасындағы өзара тынымсыз қақтығыстар Ресейдің бұл мақсатына қолайлы жағдай туғызып, 1864 жылғы көктемде ол екі бағытта әскери қимылдарға көшті. Олардың бірі Сырдария бекіністер тізбегі тарапынан, яғни Перовскіден (Ақмешіт), ал екіншісі Жетісу жақтан, Верныйдан басталды.

  • Осы жылдың жазында бұл екі әскер қолдарының бірі Түркістанды ал екіншісі Әулиеатаны алды. Бұдан кейін екі қол бірігіп, Шымкентке бет түзейді. Орыс әскеріне бұл бекіністі алу жеңілге түспеді, оны қоқандықтардың жаяу және атты әскері, артиллериясы қарсы алады. Бір ескерерлік жағдай — екі жақтың да әскер күштерінің қатарында қазақ қолдары болды. Мәселен, Қоқан әскері құрамындағы қазақ колын Кенесарыханның ұлы Садық сұлтан, ал орыс әскері құрамындағы қазақ жігіттерінСұраншы батыр басқарған еді.

  • Сондай- ақ бұған дейінгі Әулиеата үшін болған ұрыс барысында екі жақтың өзара келіссөзге шығарған елшіліктерінің бір жағында Садық сұлтан жүрген болса, екінші, яғни орыс елшілігінің құрамында Шоқан Уәлиханов бар еді. Сөйтіп, қазақ қоғамында бұдан біраз бұрын-ақ байқалған көзқарастық жіктеліс орыс-қоқан соғыс қимылдары тұсында да анық байқалды.

  • Екінші шабуылдан соң, 1865 жылы орыс әскері Түркістан өңірінің ірі сауда және саяси орталықтарының бірі Ташкентті алады. Өзара феодалдық қақтығыстардан қалжыраған Түркістан техникалық және ұйымдық тұрғыдан жоғары тұрған орыс әскеріне төтеп бере алмады. Міне, осы оқиғалардан соң Қазақстан бүтіндей Ресейимпериясы құрамына еніп, ендігі уақытта оның тарихында жаңа кезең — отарлық тәуелділік кезеңі басталды.

3. Қазақстандағы Ақпан революциясының нәтижесін кесте бойынша толтырыңыз
Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет