Ылдықтағы оқу-әдістемелік жұмыстар


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің І жартыжылдықта атқарған жұмыстарының анықтама есебі



бет5/6
Дата21.04.2023
өлшемі72,26 Kb.
#175079
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
І жарты жылдықтағы оқу-әдістемелік жұмыстар талдауы
13-тәжір.сабақ.ЭТМжәнеЭЖМТ.АШЭҚ, Оқу ісінің жұмыс жоспары 2 021-2022оқу жылы, 10 жаһандық-КТП, 56Лессон стади, Методика решения геометрических задач СРО 1 Карибаева Аяулым
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің І жартыжылдықта атқарған жұмыстарының анықтама есебі


Мақсаты: Бірлестіктің І жартыжылдықта атқарған жұмыстарын жинақтау, баға беру.

Жаңа оқу жылы мектебімізде «Тілдер онкүндігі» мерекесімен басталды.


2022-2023 оқу жылында мектебімізде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында «Тіл – ұлт мақтанышы» атты 12 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында онкүндік өтті. Онкүндіктің жоспары 09.09.2022ж күні бекітілген болатын. Жоспарда бастауыш сыныптар, информатика, математика, тарих, физика бірлестіктері де қамтылды.
Жоспарға сай 12.09.2022ж күні сызғышта лездеме болып, онда оқушылар онкүндіктің жоспарымен таныстырылды. Лездемеде үш тілде өлеңдер оқылып, мәліметтер берілді.
Онкүндікті 13.09.2022ж күні сағат 14.00 де «Әдебиет әлемін танытқан жан» тақырыбында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Н. Боранбаева, Г. Сағындықова, Г. Нығметолла 5-6 оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Оқушылар мәнерлеп оқуға белсене қатысып, А. Байтұрсынов өмірінен сыр шертті. Оқуға барлығы 17 оқушы қатысып, жеңімпаздар марапатталды.
14.09.2022ж күні сағат 15.00 деА.Рахимбаева, А. Уразбаеваның ұйымдастыруымен «Қазақ тілі неге шұбар?» атты 9-10 сыныптар арасында өткен дебат қазіргі уақыттағы қоғамда көп талқыға түсіп жатқан мәселені балалар бүге-шігесіне дейін саралап, өз пікірлерін ортаға салды. Оқушылар ана тіліміздің шұбарлану себебін де, оны дұрыс жолға қою үшін жасалатын әртүрлі шараларды да белсенді түрде атап берді. Дебат соңында ойын жақсы жеткізе алған оқушыларға мадақтамалар мен сыйлықтар табысталды. Дебатқа мектеп әкімшілігі қатысып, пікір-ұсыныстарымен бөлісті.
14.09.2022ж күні мектеп кітапханашысы 5-8 сынып оқушыларына «Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы елге үлгі» тақырыбында өткізілген көрме, көрермен көзайымына айналды. Онда балалар ақын суретінен бастап отбасы, балалық кезі, шығармалары жайлы көптеген мәлімет алды.
15.09.2022ж күні «Алфавит» әріптер сөйлейді» атты мәнді іс-шараны қазақ тілі мен әдебиет бірлестігінің жетекшісі С.Альжанова мен Г. Сагындыкова жасады. Шара қоңырау кезінде жасалды. Оқушылар шараға үлкен қызығушылықпен қатысты. Шарада кез келген бір әріпті таңдап, сол әріптен басталатын ережені айтып беруі керек болған. Жеңімпазға сыйлықтар берілді.
15.09.2022ж күні сағат 15.00 де тарих пәнінің мұғалімі Ш. Мұқымжанованың бастамасымен «Қазақ тілінің тәуелсіздік алғанға дейінгі тағдыры» атты дөңгелек үстел жасады. Дөңгелек үстелде оқушылар ана тіліміздің тағдыры жайлы тарихынан сыр шертті. Апайларының көмегімен нақты ақпаратармен танысты.
Дәл осы күні сағат 12.00 де бастауыш сыныптың мұғалімдері М. Рғабайқызы, К. Жиемуратова, А. Булатова «Үштілділік-заман талабы» атты ашық тәрбие сағаттарын жасады. 3-сыныппен өткен тәрбие сабағында бүлдіршіндер үш тілде өз білімдерін көрсетті.
16.09.2022ж күні сағат 15.00 де математика пәні бірлестігі мұғалімдер арасында «Әлем математика, физика тілімен бейнеленген» атты интеллектуалдық өткізді. Сайысқа қатысқан мұғалімдер өздерінің пәнінен бөлек тіл жайлы білімдерін де ортаға салды. Сайыс өте қызықты болды. Мектеп әкімшілігі, ӘБ жетекшілері қатысып, өз бағаларын берді.
19.09.2022ж күні сағат 10.00 де 7-сыныптар арасында информатика пәнінен «Тіліммен тас жүректі тілімдедім» сайыс сабағы болып, онда оқушылар тіл және инфформатика пәні бойынша алған білімдерін көрсете білді. Сабақ тартысты өтті.
20.09.2022ж күні сағат 15.00 де «А:В:С жәрмеңкесі» орыс сыныптар арасында өткізілді. Онда 3 деңгейдегі сұрақтар беріліп, сыйлықтар да үш деңгейде болды. Оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысты. Жәрмеңке сұрақтары өз деңгейіне сай жасалған. Пән мұғалімі Көпбаева Сауле.
21.09.2022ж күні сағат 14.30 да 7-8 сыныптар арасында «Тіл білгірі» сайыс сабағы өтті. Онда оқушылар тіл мен әдебиет пәнінен әртүрлі деңгейдегі сұрақтармен күш сынасты. Мықтылар сайыс соңында марапатталды. Пән мұғалімдері Сәрсенбаева Ботагөз бен Кебекбаева Гүлназ.
21.09.2022ж сағат 15.00 де мектебімізде «Ұлт ұстазымен үндесу» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Кешке Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің ахметтанушы профессорлары – Смағұлова Света Әдепқызы, Орда Гүлжахан Жұмабердіқызы шақырылды.
Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Ш. Бектурганова алып, биылғы жылдың айтулы мерей тойдың иесі ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың ғылымға сіңірген еңбегі жайында сөз қозғап, келген қонақтарға алғыс білдірді. Ұлт ұстазы жайында келген қонақтар бала көңіліне қонымды, ұнамды сөздермен әңгімені жалғастырып кетті. Профессорлар оқушылардың өнерлерін, білімдерін тамашалап, қызықтырған сұрақтарына жауап берді. Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолынан мәліметтер беріп, оқушыларға өмірде өз орындарын табуда ақыл-кеңестерімен бөлісті. Кездесу оқушыларда үлкен әсер қалдырды. Бұл кездесу оқушы өмірінде ерекше орын алатыны сөзсіз.
22.09.2022ж сағат 14.00 де онкүндіктің жабылу салтанаты болып, онда онкүндікке белсене атсалысқан оқушылар марапатталды. Жабылу салтанаты үш тілде жүргізіліп, концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Онкүндік жоспарға сай толық өткізілді. Қалып қалған сабақтар, іс шаралар жоқ.
Әдістемелік бірлестік мүшелері І жартыжылдықта біраз шараларға, байқауларға қатысты. Жеңістеріміз де жоқ емес.
Аудандық «Жаңа толқын» ұстаздар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Ғұмырым-тілімде» атты жазба ақындар мүшәйрасына белсене қатысқаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Манкеева Ардақ Белековна алғыс хатпен марапатталды.
«Аманат» өнер орталығы ұйымдастырған аудандық көркемсөз оқу шеберлігі бойынша ІІІ орын иеленген 5-сынып оқушысы Бектас Ахмедяс марапатталды. Жетекшісі Сагындыкова Гүлнара.
Ерназарова Гүлхадиша «Аудандық Зерде» ғылыми байқауына оқушы қатыстырып, алғыс хатпен марапатталды.

9-11 сыныптар арасындағы аймақтық олимпиадаға 10-сынып оқушысы Серикова Ақжүніс қатысып, аудандық олимпиадаға жолдама алды. Жетекшісі Альжанова Салтанат. Атап айтсақ, «Ақберен» аудандық байқауына қатысып 3 оқушымыз жүлделі ІІІ орынды иеленіп келді. Ұлттық аспап бойынша 9-сынып оқушысы Тыныштық Бекжан ІІІ орын иеленді. Жетекшісі Аманбек Жания. «Ақындар мүшәйрасы» бөлімі бойынша Боранбаева Назымның оқушысы 9 Г-сынып оқушысы Айтбағамбетова Дариға ІІІ орынды иеленді, Уразбаева Айгерімнің оқушысы «Эссе жазу» бағыты бойынша ІІІ орынды иеленді.


Аманбек Жанияның оқушысы Тайбағар Жансая 5-сынып, аудандық 5-6 сыныптар арасында олимпиададан ІІ орын иеленді.
Рахимбаева Айгуль Кыдырбековна-«Ақбота» халықаралық инновациялық білім байқауынан оқушылары Қуанышбай Рамазан 8 сынып І орын, Саясатқан Ибрагим І орын, Барыс Инабат 8-сынып І орын, Абдрахман Әсем, Абдрахман Әсел 8-сынып І орын, Бейсен Әділет 8-сынып І орын, Муслимов Асылбек 8-сынып І орын иеленді. Осындай оқушыларды дайындап шығарғаны үшін грамота берілді және «Республикалық Педстарт мұғалімдер олимпиадасынан І орын иеленді. VІ Республикалық «Өнер алаңы» байқауында оқушысы Онайбай Таңсұлу 9-сынып «Эссе жазу» бағыты бойынша І орын алды. Мұғалімі Рахимбаева Айгуль апайға үздік шәкірт дайындағаны үшін мадақтама берілді. Осы аталған байқауға Кебекбаева Гүлназ, Сагындыкова Гүлнара, Альжанова Салтанат сынды ұстаздарымыз оқушылар қатыстырып, жүлделі орындарды иеленіп, мадақтамалармен марапатталады.
Бірлестік мүшелері Манкеева Ардақ, Альжанова Салтанат, Кебекбаева Гүлназ, Сагындыкова Гүлнара, Боранбаева Назым, Ерназарова Гүлхадиша, Сәрсенбаева Ботагөз, Копбаева Сауле, Ниетбай Талшын сынды ұстаздарымыз «Ақбота» халықаралық инновациялық білім байқауына оқушыларды қатыстырып, жеңімпаздарды дайындағаны үшін мадақтамалар алды.
Республикалық «Мұрагер» журналының ұйымдастыруымен өткен 2022-2023 оқу жылының қыркүйек айындағы «Абайтану» олимпиадасының «Өлең сөздің патшасы, сөз-сарасы» номинациясы бойынша қатысып, І орынды иеленген Амантаева Сағыныш 9-сынып, 6-сынып оқушысы Нарманова Аяулым ІІ орын иеленді.
Желтоқсан айында аудандық «Ұшқын» тобының ұйымдастыруымен өткізілген «Ақындар мүшәйрасы» бөлімі бойынша жас маман ұстазымыз Нығметолла Гүлдана қатысып, жүлделі І орынды иеленді.
Алдағы уақытта да байқауларға қатысып, оқушыларға сапалы да саналы білім беруге күш саламыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет