Қимыл қозғалыс әркекетіне үйрету Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісі Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнулы білім жүйесінің қозғалысқа үйрету,қалыптастыру,меңгеру


Теориялық материалдарды оқыту бөлімі



бет2/5
Дата19.04.2022
өлшемі0,6 Mb.
#139915
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
курстық жұмыс
Психология және спорт психология-сы пәні бойынша тест 305топ Емтихан, 20-21ОСКЕ Психиатрия, для самоподготовки (1), магнетизм презент, Абай философиясындағы адам мәселесі-emirsaba.org, 5. soozh 2, SOZh adistemelik nuskau, Документ, Òà?ûðûï ?ëåóìåòò³ê æà??ûðó – ?î?àìíû? ?ë-àó?àò ò³ðåã³, Realnye gazy, Презентация1 Толеухан Аружан ЛГ 22-1 (копия), 6 АПТА (копия), Òà?ûðûï ?ëåóìåòò³ê æà??ûðó – ?î?àìíû? ?ë-àó?àò ò³ðåã³ 2, Презентация, №5 Дәріс
Теориялық материалдарды оқыту бөлімі.
Теориялық мағұлматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогикалық қағидалармен (жүйелілік,ұғынықтылық т.с.с)анықталады,оқу мақсатына оқушылар тобының ерекшеліктеріне байланысты төрт топқа бөлінеді; 1.Дене тәрбиесінің әлеуметтік керектігі туралы (денсаулықты нығайту,жұмыс қабілеттілікті арттыру т.б).Бірінші сабаққа келген күннен бастап жаттығушыларға дене жаттығуларының адам ағзасына әсері,пайдасы,керектігі туралы айтылуы керек.Дене жаттығуларын орындау ең бірінші денсаулықтарын нығайтатынын олар жақсы білуі тиісті.Тек тұрақты,жүйелі дене жаттығуларын орындау ғана адам ағзасның жұмыс қабілеттілігін арттыратынын,деңгейін жоғарылатынын олар жақсы білуі,соған ұмтылуы керек.Сонда ғана үйрету үрдісі нәтижелі болады. 2.Дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану ережелері туралы мағұлмат (фудбол,баскетбол,волейбол ойындарын ойнау ережелері және т.б).Жаттығу техникасын үйретерден бұрын сол спорт түрінің жарыс ережелерң туралымағұлмат берудің үлкен маңызы бар.Мысалы,волейболдағы шабуыл соққысын үйренер алдында оқушы соққы кезінде торға қолы тимеуі,волейбол алаңының ішкі жағына түсуі,тосқауылдан ұшқан доп алаңның сыртына түссе де ұпай санына есептелетіні туралы ережелерді білуі қажет. 3.Медициналық-биологиялық мағұлматтар.Ол мағұлматтар дене гигиенасы,шынығу,ұйықтау,тамақтану,жаттығу режимдері туралы баяндаулар,әңгімелер түрінде жүргізілуі керек. 4.Үйрететін қозғалыс техникасы туралы мағұлмат.Үйренетін жаттығу техникасы.Оның қолданылатын жері,жолдары,мақсаты айтылады.
Қимыл әркетіне үйрену алдында оқушы,оның ережелері,адам денесінің қозғалу заңдылықтары,арнайы терминология туралы мағұлматтар алуы керек.
Теориялық мағұлматтар алу көздері;қимыл тәжірибелігі,арнайы оқулық,сөз және көрнекі қабылдау әдістері,мұғалімнің әрекеті,кино және бейнефильмдер көрсетут.б.
Теориялық мағұлматтарды баяндау кіріспе сабақтар кезінде,сабақтардың кіріспе бөлімінде және оқыту материалдарын үйрену кездерінде сабақтың негізгі бөлімінде жүргізіледі.
Іс-тәжірибелік бөлім.
Нақтылы дене тәрбиесі және спорт тәжірибесінде қимыл әрекеттердің техникасын үйрету үш кезеңнен тұрады;таныстыру,үйрету және жетілдіру.Енді осы үш кезеңдерге жеке-жеке тоқталып өтейік.
Қимыл,қозғалыс әрекетін таныстыру кезеңі Бұл кезеңнің міндеті-оқушыларға үйренетін жаттығу туралы түсінік беру және соны үйренуге ынтасын ояту.Түсіну,ұғыну үрдісі қалыптасу кездерінде бір-біріне байланысты,сабақтасты үш кезең пайда болады. 1.Үйрену міндеттерін ұғыну.Оқушының жаттығу техникасын қарапайым болса бірнеше сабақта (мысалы,шаңғымен сырғанауға үйрету)күрделі болса бірнеше сабақта (мысалы,шаңғымен екі адамды,кезекпе-кезек таяна сырғанау тәсілі) ұғынуы.Жаттығу техникасын үйреткенде,мұғалім немесе бапкер жаттығуды толық,тез қарқында орындап көрсетеді.Әрбір спорт түрінің негізгі жаттығуларының орындау эталоны,стандарты бар болғандықтан бапкер сол стандартты қалыпта орындау керек.Жаттығу техникасын стандартты қалыпта орындап көрсеткеннен кейін барып,бапкер жаттығуды ақырын қарқында,бөлшектерге бөліп,әр бөлшектерінде үйренетін қимылдарды көрсетіп,сөзбен айтып түсіндіріп орындайды.Оқушылар жаттығу техникасының негізін,сонан соң бөлшектерін түсінуі керек. 2.Орындау жобасын құру.Бұл кезеңде оқытушының,бапкердің түсіндіріп,көрсеткен жаттығу техникасын ұғынған оқушы санасында жаттығуды қалай орындауға болатыны туралы қисынды бейнелі түсінік қалыптасады.Ол техникасын толық ұғынып,оны орындауға дайын күйге келеді. 3.Жаттығуды орындап көру.Жаттығуды орындап көру-танысу кезеңінің негізгі элементі.Оқушы жаттығу техникасын үш-төрт рет орындап көреді.Орындап көру арқылы оқушы өз міндетін қаншалықты ұққанын,қозғалысқа үйрену міндетін қалай құрғанын тексеруіне болады.Қимыл,әрекеттің күрделілігіне байланысты жаттығуды бөліп немесе тұтас орындауға болады.Қарапайым жаттығуды толық орындай беруге болады.Күрделі жаттығуды бөлшектеп орындаған жөн.Қозғалыс техникасын тұтас орындағанда оқушы қате жіберсе,бөлшектеп орындау әдісін қолдану қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет