Қимыл қозғалыс әркекетіне үйрету Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісі Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнулы білім жүйесінің қозғалысқа үйрету,қалыптастыру,меңгеру


Қимыл,әрекетке таныстыру кезеңінің негізгі әдістері



бет3/5
Дата19.04.2022
өлшемі0,6 Mb.
#139915
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
курстық жұмыс
Психология және спорт психология-сы пәні бойынша тест 305топ Емтихан, 20-21ОСКЕ Психиатрия, для самоподготовки (1), магнетизм презент, Абай философиясындағы адам мәселесі-emirsaba.org, 5. soozh 2, SOZh adistemelik nuskau, Документ, Òà?ûðûï ?ëåóìåòò³ê æà??ûðó – ?î?àìíû? ?ë-àó?àò ò³ðåã³, Realnye gazy, Презентация1 Толеухан Аружан ЛГ 22-1 (копия), 6 АПТА (копия), Òà?ûðûï ?ëåóìåòò³ê æà??ûðó – ?î?àìíû? ?ë-àó?àò ò³ðåã³ 2, Презентация, №5 Дәріс
Қимыл,әрекетке таныстыру кезеңінің негізгі әдістері; Тұтас және бөлшектеп үйрету әдістері.Сөз қолдану әдістері; түсіндіру,баяндау.Көрнекі қабылдау әдістері; қимыл,әрекетті көрсету,көрнекі құралдар көрсету және т.б.
Қимыл,қозғалыс,әрекетке үйрету кезеңі
Бұл кезеңнің міндеттері,оқушыларға техника негізіне үйрету,оны тұрақты орындауға жеткізу және осылар арқылы қозғалыс шеберлігін қалыптастыру.Оқушының әрбір жаттығу техникасы бөлшегіне ықылас сала орындайтын қимыл әрекетін қозғалыс шеберлігі дейміз.Қозғалыс шеберлігінің қалыптасуының өзіне тән мынадай белгілері бар: 1.Қимыл әрекетін орталық жүйке жүйесінің бақылауымен дағдысыз басқару. 2.Жаттығуды тұрақты дұрыс орындамау (қателесу). 3.Әр түрлі жаңылдыратын себептерге қарсы тұра алмаушылық (шаршау,абыржу,үйрену арасындағы үзіліс).Қозғалыс шеберлігін қалыптастыру кезеңінің негізіне жаттығуды тұтас немесе бөлшектеп көп рет қайталау процесі жатады.
Құрылым жоспары бойынша үйрету кезеңі екі бөлімге бөлінеді: 1.Қозғалыс шеберлігін қалыптастыру.Оқушыларды жаттығу тәсілінің негізіне,пайда болған қателерді жоюға,жаттығу орындаудағы қатаюды болдырмауды үйретеді.Физиология тілімен айтқанда орталық нерв жүйесінің артығырақ жайыла қозуы,бірінші әрекеттен кейін қозу керек қозғалыс қозғалыс орталығына ауыса шоғырланады.И.П.Павловтың оқуы бойынша динамикалық стереотип қалыптаса бастайды,ол жүйке процестерінің жаттыққан жүйесі,шартты рефлекс механизімң бойынша пайда болады.Оқушыларда бұл мезгілде артық қозғалыс жоғалады,қимыл еркінделе бастайды,жаттығуды орындау амплитудасы үлкейеді,сенімділік пайда болады. 2.Қозғалыс шеберлігінің жетілуі.Бұл бөлімде қимыл әрекетін орындау тәсілі меңгеріледі және бірталай дағды белгілері пайда бола бастайды.Бірақ жаттығуды орындау тұрақсыздығы сақталады,жаттығу техникасын әр түрлі себептер жеңіл бұза алады.Жаттығуды орындау барысында жәберілген қателерді дер кезінде түзетудің маңызы зор.Өйткені жаттығушының жаттығуды үйренуде жақсы нәтижеге қол жеткізуіне септігін тигізеді.Қимыл,әрекетті меігерудің бастапқы кезеңдерінде қателер көп кездеседі.Сондықтан оқу әдістемесін дұрыс қолдана лтырып оларды болдырмауға ұмтылу қажет.
Дене тәрбиесі жәжірибесінде төмендегідей қателер топтары кездеседі: 1.Жалпы және нақтылы қимыл,әрекеті кезіндегі қателер.Жалпы қателерге жататындар:жалпы дамыту жаттығуларын орындау кезіндегі дұрыс тұрмаған дене тұлғасы,жаттығуларды үлкен амплитудамен орындамау т.с.с.қателер.Нақтылы қателерге жататындар:алдыға тһмен еңкейгендегі,ағаш аттың үстінен секіргендегі аяқтың тізе буынынан бүгілуі,жаттығу орындағандағы қолдың шынтақ буынынан бүгілулер т.с.с соларға ұқсас қателер. 2.Елеулі және ұсақ қателер.Елеулі қателер жаттығудың техникасның негізін бұзатын қателер.Ұсақ қателер техника бөлшектерінде кездесетін,техника негізіне көп әсер етпейтін қателер. 3.Әдеттегі және кездейсоқ қателер.Әдеттегі қателер жаттығу техникасында жиі кездесетін,олардың болатынын дене тәрбиесі мамандары алдын-ала біліп отыратын қателер.Кездейсоқ қателер жаттығу техникасында сирек кездесетін қателер. 4.Дағдылы және дағдыланбаған қателер.Дағдылы қателер оқушы қимыл техникасын қате үйреніп алған кезде болатын қателер.Ондай қателерді спортшы әбден дағдыланып алғандықтан түзету өте қиын болады.Дағдысыз қателер,қимыл,әркетті меңгерудің бастапқы кезеңдерінде кездеседі,оқытушы сол кезде көрсе оны оңай түзетеді. Қателердің шығу себептері:оқушылардың үйрену міндеттерін дұрыс ұқпауынан,үйрету жобасын дұрыс құрмауынан,жалпы дене қуаты дайындығының төмендігінен,өз күшіне сенбеуінен,батылдықтың жетіспеуінен,сабақты ұйымдастыру талаптарының бұзылуынан,ағзаның тез болдыруынан,алдыңғы үйренген қозғалыс әрекеттерінің кері әсерінен,сабақ өткізетін жердің,құрал-жабдықтардың педагогикалық талаптарға сай еместігінен. Қатені көру оңай болғанымен,оның шығу себептерін білу қиынға соғады.Сондықтанда дене тәрбиесі маманы қатенің шығу себептерін жақсы білуі,қатені түзету жолдарын дұрыс анықтай алуға тиісті.Қателерді түзету ережелері өте көп.Олардың дене тәрбиесі тәжірибесінде жиі кездесетіндеріне тоқтала кетейік: 1.Қайта түсіндіру,жаттығуды қайта көрсету арқылы оқушы қатесін ұғындыру. 2.Алдымен тұрпайы,тәсіл негізін бұзатын қателерді,сонан соң ұсақ қателерді түзету. 3.Мұғалімнің қателерді түзету нұсқаулары,оқушылардың дене қуаты мүмкіншіліктеріне байланысты болуы қажет.Ондайда қатені түзету кезінде пайдаланған жаттығуларды орындап жіберген жөн. Қатенің шығуы,оны түзету көбінесе жаттығуды қайталау сипатына байланысты.Ол қарапайым қайталау және вариативті қайталау болып бөлінеді.Қарапайым қайталау стандартты жаттығулар техникасын үйренгенде пайдаланылады,оқушыларддың қимыл,әрекеті мұғалімнің көркеткеніндей орындауын талап етеді.Күрделі қайталау қозғалыс әрекетін әр түрлі жағдайда орындай алатын икемділікті талап етеді.Сол мақсатпен қозғалыс әрекетін қайталау әр түрлі ауыспалы нұсқаларда түрліше жағдайда орындалады.Оқушылар жаттығулардың стандартты орындау тәсілін тұрақты игергенде ғана күрделі қайталауды пайдалану қажет.Бұл кезеңде үйрету әдістерінің барлық топтары қолданылады:сөз қолдану әдістері (талқылау,орындалған тапсырманы талдау т.б) көрнекі қабылдау әдістері (кинограмма,бейнежазулар,тез хабарлау жабдықтары) тәжірибелік әдістер (жеке бөлшектеп үйрету,тұтас үйрету.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет