Информатика әдістемелік нұсқау



бет57/63
Дата08.11.2022
өлшемі1,63 Mb.
#157084
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63
Байланысты:
Informatika Metodika 7 kl Kaz new

5-бөлім.«Практикалықпрограммалау»

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

5.3. Алгоритмді программалау

Оқу бағдарламасына
сәйкес оқу мақсаты

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді
жазу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін: алгоритмді программалаудың негізгі құрылымдарымен танысады.
Оқушылардың көбі үшін: есептерді программалауда тиімді алгоритм құрудың маңыздылығын түсінеді.
Кейбір оқушылар үшін: есепті программалау барысында, оның
алгоритмін программалайды.

Бағалау критерийлері

  • Алгоритмді программалаудың негізгі құрылымдарымен танысады.

  • Есептерді программалауда тиімді алгоритм құрудың маңыздылығын түсінеді.

  • Есепті программалау барысында, оның алгоритмін программалайды.

Тілдік мақсаттар






Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Python-да тармақталған алгоритмдерді пайдаланып есептердің программасын қалай құрастыруға болады?

  • Алгоритмнің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Есептерді программалауда тиімді алгоритм құру қаншалықты маңызды?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Математика.

Алдыңғы білім

Алгоритмді әзірлеу.

Сабақтың барысы:



Сабақтың кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.



(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу.
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу.
Оқу құралдарын бақылау.
Психологиялық жағымды ауал орнату.
«Бір-бірімізді тыңдаймыз десек,
1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек, 2 рет. Белсенділік танытамыз десек,
3 рет
шапалақтаймыз!» Ең алдымен, білім алушылар шаттық
шеңберіне тұрып, бір-біріне бір ауыз

Топтастыру Оқушылар жеміс ағашынан өзіне ұнаған жемісін таңдап алып, бірдей жемістер арқылы топтасады.
Алма жемісін таңдағандар
«Алгоритм» тобына, ал алмұрт жемісін таңдағандар
«Программа» тобына бірігеді.










мақтау сөз айтады. Бұл білім
алушылардың сабақты жақсы көңіл күймен бастауына
ықпал етеді.











5 мин.

Ұжымдық жұмыс
«Миға шабуыл» әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интерактивті тақтадан көрсетіледі.

  • Python­да тармақталған алгоритмдерді пайдаланып, есептердің программасын қалай құрастыруға болады?

  • Алгоритмнің қандай түрлерін білесіңдер?

Есептерді программалауда тиімді алгоритм
құру қаншалықты маңызды?

Бағалау Мұғалім оқушыларды
«Мадақтау» әдісі
арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша!
Керемет! Жақсы! Талпын!




Сабақтың ортасы



26 мин





Практикалық жұмыс
Оқушылар оқулықта берілген практикалық жұмыстың үлгісімен танысып, алгоритмдерді есептер шешуде қалай қолдануға болатынын түсініп, келесі талдау жасайтын
1-тапсырманы орындайды. (Т) Талдау
«Дүкенге бару» жобасының программалық кодын талдаңдар.
Программaға 1) a=4; b=5; c=10 және 2) a=5; b=5; c=9
жағдайлары енгізілгенде қандай нәтижелер алынады? Алынған нәтижелерді
талдап, түсініктеме беріңдер.

Дескриптор:
- «Дүкенге бару» жобасының программалық кодын талдайды.
-Программаға берілген мәндерді енгізіп, нәтижесін шығарады.
-Шыққан нәтижелерді талдап, түсініктеме береді.

Бағалау Топтар бір- бірін
«Мадақтау» әдісі
арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша!
Керемет! Жақсы! Талпын!

7-сынып оқулығы.
Компьютер.





(Ж) Жинақтау

«Дүкенге бару»


жобасының блок-
схемасын құрып, ұсыныңдар.
Құрастырған блок-

Дескриптор:
- Жобаның блок- схемасын құрып, ұсынады.
-Құрастырылған
блок-схема, алгоритм

Бағалау: Топтар бір- бірін
«Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды.
Жарайсың!

7-сынып оқулығы.
Компьютер.




схема, алгоритм құрылымының қай түріне жатады?
Түсініктеме беріңдер.

құрылымының қай түріне жататынына түсініктеме береді.

Тамаша! Керемет! Жақсы!
Талпын!








(Д) 1-тапсырма
Үш таңбалы N саны берілген. Осы санның цифларының арасындағы ең үлкенін тауып,
экранға шығар. Тапсырманың блок- схемасын құр.
Мысалы Нәтиже
120 2
786 8

Дескриптор:
- Үштаңбалы N санының цифла- рының арасындағы ең үлкенін тауып, экранға шығарады.
-Тапсырманың блок-схемасын құрады.

Бағалау Оқушы өзін- өзі
«Мадақтау» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша!
Керемет! Жақсы! Талпын!

7-сынып оқулығы.
Компьютер.

Сабақтың соңы

7 мин.
Рефлексия

Сабақты бекіту
(Ұ) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Бағалау
Есептің алгоритмін құрастырудан программалау процесіне өту кезінде алгоритмді графикалық тәсілде дайындап алудың маңызын бағалаңдар.

Сыныптастарыңмен
«Есептің бірден программасын жазудан бастау керек пе, жоқ алдында алгоритмін графикалық түрде дайындау дұрыс па?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырыңдар.

Бағалау Мұғалімнің қорытынды бағалауы
«Мадақтау» әдісі
арқылы жүргізіледі. Жарайсың! Тамаша!
Керемет! Жақсы! Талпын!








Үй тапсырмасы
Сызықтық алгоритмге арналған есеп құрастыр. Құрастырған есебіңді әрі
қарай тармақталған алгоритміне арналған есепке ауыстыр. Құрастырған есептеріңнің блок-схемасын құрастырып, программалық кодын жаз.

ҚМЖ-ға ҚОСЫМША
Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың
«Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың
«Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет