Информатика кафедрасы «5B011100 – Информатика»



бет8/77
Дата06.10.2022
өлшемі277,92 Kb.
#152008
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77
Байланысты:
УМКД ТКО сырттай
Деректер қоры және АЖ, Кубенова Алия
ДӘРІС КЕШЕНІ


МОДУЛЬ 1 «ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ»


1.1.Дәріс тақырыбы: Білім алушылардың оқу әрекеттерін бағалаудың жалпы тәсілдері
Аннотация: Білім беру процесінде бағалаудың орны мен рөлі. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың негізгі тәсілдері (тұғырлары). Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың негізгі жолдары. Оқу әрекетін бағалау мәселелері. Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың мақсаты және міндеттері. Бағалау жүйесінің қызметі: (құқықтық, диагностикалық, оқытушылық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, бағыттаушылық, ақпараттық). Бағалау әрекетінің құрылымы. Бағалауға әсер ететін факторлар. Оқушылар оқу жетістіктерін бағалау моделі: дәстүрлі когнитивті модель, нәтижеге бағытталған модель. Бағалау жүйесінің дамуының заманауи тенденциялары. Бағалаудың критериалды бағытталған жолы.
Кілт сөздер: Оқу әрекеті, бағалау, оқу жетістіктері, критерий
Жоспары:

  1. Білім беру процесінде бағалаудың орны мен рөлі.

  2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың негізгі тәсілдері (тұғырлары).

  3. Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың мақсаты және міндеттері.

  4. Бағалау жүйесінің қызметі

Дәріс тезистері: Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты.
Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштерінің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын,білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты.
Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында экономикалық өсудің түбегейлі, негізгі сапасы ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеру екенін атап көрсетті.Аталған бағытты жүзеге асыру білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңартуды көздейді.
«Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру» [2014].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет