Информатика мен информатика пєні туралы


Информатиканы тереңдетіп оқыту курсының бағдарламасы



бет22/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл
rya 21, rya 40, 1863823, Проверьте себя. Тест, Aytbenowa-A-A-WEB-dizayn-negizderi-converted, 7 HTML, КАНАТ ДИПЛом нов, Задан-1-9 казМК, Задан-1-9 казМК, 13-15 апталарына тапсырма, 1.3. РОЛИ МЕН ОРНЫ2, Логика есеп, Логика есеп, жиын тест
2.5.1 Информатиканы тереңдетіп оқыту курсының бағдарламасы
Қазіргі уақытта республика мектептерінде 7-11-сыныптарға информатиканы оқыту енгізіліп, оның білім мазмұны мен оған қойылатын талаптар жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт көлемінде анықталады. Информатиканың мемлекеттік білім стандартында 7-9-сыныптарда базалық курс, 10-11-сыныптарда мамандыққа баулу курстары ретінде қарастырылады. «Мнформатика» оқу пәні ретінде келесі бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады: 7-9 сыныптардағы базалық курс – 3 жыл, 10-11-сыныптарда мамандыққа баулу курсы – 2 жыл.

«Информатика» пән ретінде оқу жүктемесінің көлемі - 7-11-сыныптарда аптасына 1 сағат, оқу жылына есептегенде 34 сағат. Сонымен бірге мемлекеттік стандартта қосымша бағдарлама бойынша информатиканы оқытуға мүмкіндік берілген. Ол оқушылардың білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға екі және одан да көп жылдар көлемінде қарастырылады.

Ұсынылып отырған бағдарлама 7-11-сыныптарда информатиканы тереңдетіп оқыту мәселелерін қамтиды. Оқу жүктемелерінің көлемі төмендегідей: 7-сыныпта 3 сағат; 8-сыныпта 4 сағат; 9-сыныпта 5 сағат; 10-сыныпта 4 сағат; 11-сыныпта 4 сағат. Негізгі оқу сағттарынан басқа 28 сағаттан кем емес жаздық практиканы өткізу де қарастырылады.

Тереңдетілген курстың мақсаты төмендегідей:



      • мемлекеттік білім стандартында жаратылыстану-математика бағыты үшін мектептің негізгі және жоғары сынып оқушыларының міндеті дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды орындайды;

      • бағдарламалау саласы, компьютерде есептерді шешу әдістері, модельдеу тәсілдері кең көлемдегі ақпараттарды өңдеу сияқты информатиканың қосымша материалдарынан түсінік беру.

Тереңдетілген курстың негізгі міндеті – оқушылардың ғылыми-танымдық әдістерін, ғылыми түсініктерді дамыту, ғылыми дүниетанымдық түсініктерді қалыптастыру, ақпараттық модельдеу әдістерін және түрлі салалар бойынша бағдарламалар жүйесінің құралдарын қолдану.

Мектепте терңдетілген курсты қолдану оқушыға мынадай мүмкіндік береді:



      • формализация, модельдеу, компьютерлік эксперимент ретіндегі ғылыми танымның қазіргі әдістерін меңгерту және оптимальді шешімді таңдауға бағытталған әрекеттік ойлау қабілетін қалыптастыру;

      • білім берудің ақпараттық бөліктерін меңгерту;

      • мектеп пәндері бойынша ғылыми жобаларды орындау, түрлі бағдарламалық құралдарын жасақтау, құбылыстар мен объектілерді модельдеу мен оған зерттеулер жүргізу сияқты әрекеттер бойынша оқушының зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

      • алгоритмдеу және бағдарламалау курстарын тереңдету арқылы олимпиадаға оқушыларды дайындау;

      • ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қазіргі қоғам талабына сай мамандыққа даярлау.

Тереңдетілген курстың мазмұны төмендегі 4 бөлімнен тұрады:

Бөлімдер ішінде материалдың құрылымына сәйкес тақырыптар мен тақырыпшалар бар. Бағдарламаға енгізілген мәселелер тереңдетілген курстың мағынасы мен мәнін ашады. Атап айтқанда, түрлі процестерді модельдеу және оны компьютердің көмегімен зерттеу. Бағдарлама мазмұнын тереңдетіп үйрету мен оны меңгерту оқушының дайындық деңгейіне қойылатын аталаптарда анықталған. 7-11-сыныптарда информатиканы тереңдетіп оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспары ұсынылады. Тақырыптық жоспарлау ұсыныстық сипатта берілген. Курс тақырыптарын үйретуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, оны үйрету реті мен көлемін мұғалім әдістемелік шеберлігіне сәйкес өзгертуіне болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет