Информатика мен информатика пєні туралы


Орта жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныбына арналған бағдарлама



бет21/67
Дата13.05.2020
өлшемі0,55 Mb.
#67749
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
Байланысты:
Маржан дипл
rya 21, rya 40, 1863823, Проверьте себя. Тест, Aytbenowa-A-A-WEB-dizayn-negizderi-converted, 7 HTML, КАНАТ ДИПЛом нов, Задан-1-9 казМК, Задан-1-9 казМК, 13-15 апталарына тапсырма, 1.3. РОЛИ МЕН ОРНЫ2, Логика есеп, Логика есеп, жиын тест
2.5 Орта жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныбына арналған бағдарлама
Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым-қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен, қазіргі заманғы ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады.

Ақпараттық қоғамдағы оқушылардың дайындық деңгейін анытау үшін информатикадан мемлекеттік жалпыға міндетті (7-11 сыныптар үшін) стандарт әзірленді, оған сәйкес «информатика» пәні 7-сыныптан бастап оқытылады.

Оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технология арқылы өз бетінше тиімді білім алуы және өзін-өзі анықтауы үшін мүмкіндік туғызуы болып табылады. Оқыту мазмұны информатиканың дүниетанымдық және пайдаланушылық аспектілерін қалыптастыруға бағытталған. Мұндай мазмұн мемлекеттік ақпараттандыру бағдарламасының мақсаты мен міндеттерінен туындайды. Ол компьютерді оқу құралы ретінде оқушылардың оқу-танымдық қызметіне тұрақты пайдалануын көздейді.

Информатиканы оқу оқушылардың компьютер туралы жалпы түсініктер қалыптастыру, ақпараттық технология әдістерімен қаруландыруына себебін тигізді.

7-сыныпқа арналған информатика бағдарламасының мазмұны оқушылардың оқу танымдық қызметінде компьютерлік техниканы еркін пайдалану дағдысын қалыптастыруға қажет материалдарды қамтиды және ақпараттық технологияны кеңінен пайдалну жағдайындағы оқуға даярлайды. Курс аптасына 1 сағаттан жалпы көлемі 34 сағатқа есептелген.

Информатика пәнінен білім беру тақырыптық жоспардағы әрбір бөлімдерге сәйкестендіріліп ұсынылады.



Бағдарлама мазмұны

Табиғаттағы ақпарат түсінігі. Ақпараттың түрлері мен формалары және оларды өңдеу тәсілдері. Ақпаратты түрлендіру, сақтау, жеткізу және өңдеу тәмілдері. Ақпаратты кодтау. Информатика дегеніміз не?

Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы. Есептеуіш техникасының даму тарихы. ЭЕМ-нің қолданылу салалары. Қазіргі қоғамдағы ЭЕМ-нің рөлі.

Компьютердің негізгі құрылғылары, олардың қызметтері және компьютердің жұмыс барысындағы өзара байланыс. ЭЕМ-де жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережелері.

Программа мен программалық қамтамасыз ету. Операциялық жүйелер. Windows операциялық жүйесі. Жұмыс үстелі. Тышқанмен жұмыс. Терезе. Терезе элементтері мен оның құрылымы. Файлдар, бумалар және жарлықтар. Объектілерді басқару. Сілтеуіш. Ақпаратты тасымалдаушылар.

ЭЕМ-ді қолданбалы программалық қамтамасыз ету туралы түсінік. Қолданбалы программалық қамтамасыз ету түрлері.

Компьютерде графиктік ақпаратты өңдеу. Paint графиктік редакторы. Суреттерді құру, редакторлау, сақтау және ашу.

Компьютерде мәтіндік ақпаратты өңдеу. WordPad мәтіндік редакторы. Мәтінді теру ережелері. Мәтінді редакторлау және форматтау.

Калькулятор стандартты программасының көмегімен сандық ақпаратты өңдеу.

Фонограф көмегімен музыкалық ақпараттарды өңдеу.

Компьютер көмегімен хабарларды жеткізу және қабылдау. Жергілікті желі. Электрондық пошта.

Компакт-дискіден программаларды қондыру және оларды жіберу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет