Информатика



бет3/3
Дата03.02.2017
өлшемі0,7 Mb.
#8594
1   2   3

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ

Тақырыбы: Ақпарат, ақпараттың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері

Күтілетін нәтиже:

Білімдік

Жаңа білім

  • Ақпарат ұғымы мен түрлерін және оған қойылатын талаптарын біледі.

  • Ақпарат көзі мен қабылдаушысын таниды.

Жаңа түсінік

  • Ақпаратқа қолданылатын іс - әрекеттерді болжайды.

  • Ақпаратты өңдеу процесін түсінеді.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

  • Ақпарат көзі мен қабылдаушысы арасындағы байланысты анықтайды.

  • Адам ақпараттың түрлерін қандай пішімдер түрінде қабылдайтынын көрсетеді.

Талдау әрекеті

  • Ақпаратқа қолданылатын іс - әрекеттерді салыстырады.

  • Ақпаратты өңдеу кезеңдерін бөлшектеп қарастырады.

Шығармашылық әрекет

  • Ақпаратқа қойылатын талаптардың адам өміріндегі маңызын түйіндейді.

Құндылық

Бағамдау әрекеті

  • Ақпарат көзінің ақпаратқа қойылатын талаптарға сәйкес келуінің маңыздылығын ерекшелейді.

  • Ақпарат көзі мен ақпарат қабылдаушысы арасындағы айырмашылықты түсінеді.




Сабақ құрылымы (45 мин):




І. Ақпарат алмасу (13 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (14 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (4 мин.).

Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративтік, репродуктивті, топтық

Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:




  • Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру

  • Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету

  • Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.

  • Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:




  • Ақпарат, ақпарат көзі, ақпарат қабылдаушысы, ақпаратты пішімдер ретінде қабылдау, ақпараттық процесстер, ақпаратты өңдеу.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




  • Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

  • Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

  • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау.




Ақпарат көздері:




  1. Понятие информации, виды информации. Ее свойства. 2012. Ақпарат көзі: http://www.infosgs.narod.ru/1.htm

  2. Информатика ұғымы және оны қолданудың негізгі бағыттары. 2012. Ақпарат көзі: http://student.zoomru.ru/informat/informatika - ymy - zhne - ony - oldanudy/182354.1497690.s1.html

  3. 2012. Ақпарат қасиеттері. Ақпарат типтері. Ақпаратты кодтау.Ақпарат көзі: http://1referat.kz/informatika/aqparat - qasietteri - aqparat - tipteri - aqparatty - kodtau.html

  4. Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарат түрлері. Ақпарат көзі, қабылдаушы мен жеткізу ортасы.Ақпарттық процестер. Адамның ақпаратты қабылдауы. Ақпарат көзі: http://sad - orungul.ucoz.ru/Akparat/7 - 2.docx.

Оқушы жетістігін бағалау:




  • Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

Үй тапсырмасы:




Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы:

  • Анықтамаларды жаттау.

  • Ақпаратты өңдеу кезеңдерін жаттау.

Бонус - балл тапсырмасы:




Ақпараттың оған қойылған талаптарға сәйкес келмеуі неге алып

келуі мүмкін?




САБАҚ БЛОКТАРЫ






і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

  1. Ақпарат дегеніміз не?

  2. Ақпараттың көзі мен қабылдаушысы.

  3. Ақпараттың түрлері.

  4. Ақпаратқа қойылатын талаптар.

  5. Ақпаратқа қолданылатын іс - әрекеттер.

  6. Ақпаратты өңдеу, оның кезеңдері.

Слайдтар:

1 - слайд (титул)




2 - слайд Күтілетін нәтиже




3 - слайд Тақырып жоспары




4 - слайд 1 - тақырыпша. Ақпарат дегеніміз не?




5 - слайд

«Ақпарат» сөзі латынша түсіндіру, баяндау, мәлімет деген мағынаны білдіретін informatio сөзінен шыққан.






6 - слайд Ақпарат...

  • белгілі бір хабардың, жаңалықтың, өткен оқиғаның мазмұнын білдіреді;

  • қарым - қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зерттеу және т.б. әрекеттер нәтижесінде пайда болады;

  • тек материалдық ақпарат тасушы, ақпарат көзі ақпарат жеткізуші, оны қабылдаушы, көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы арқылы түсіндіріледі.




7 - слайд 2 - тақырыпша. Ақпарат көзі мен қабылдаушысы.




8 - слайд Ақпарат көзі мен қабылдаушысы

  • Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады.

Скругленный прямоугольник 1Двойная стрелка влево/вправо 2Скругленный прямоугольник 3


  • Ал кімде - кім ақпаратты қабылдап алса, онда ол ақпарат қабылдаушысы болып табылады.




9 - слайд Ақпарат көздері мен қабылдаушысына мысал

Теледидар Газеттер



Адам Радио






10 - слайд 3 - тақырыпша. Ақпараттың түрлері.




11 - слайд Ақпараттың түрлері

  • Мәтін, сурет, сызба

  • Жарық немесе дыбыс сигналдары

  • Радиотолқындар

  • Электр және нерв импульстері

  • Магниттік жазбалар

  • Ымдау, қимылдау түрлері

  • Иіс және дәм сезімдері

Организм қасиеттері мен белгілерін есте сақтап, ұрпақ бойынша таратып отыратын хромосомалар, т. б.




12 - слайд Адам ақпаратты төмендегідей пішімдер түрінде қабылдай алады:

  • таңбалы – мәтіндік (әріп, цифр, таңбалар т. б.);

  • графикалық (суреттер, бейнелер көмегімен, т. б. көмегімен);

дыбыстық (радио арқылы).




13 - слайд 4 - тақырыпша. Ақпаратқа қойылатын талаптар.




14 - слайд Ақпаратқа қойылатын талаптар:

  • анықтылық

  • толықтық

  • дәлдік

  • құндылық

  • уақытқа сәйкестік

  • айқындылық

  • қол жетімділік

  • қысқалық, т. б.




15 - слайд 5 - тақырыпша. Ақпаратқа қолданылатын іс - әрекеттер


16 - слайд Ақпаратқа қолданылатын іс - әрекеттер

*Бұл әрекеттердің барлығы ақпараттық процесстер деп аталады.






17 - слайд. 6 - тақырыпша. Ақпаратты өңдеу, оның кезеңдері.




18 - слайд Ақпаратты өңдеу

  • Ақпаратты өңдеу дегеніміз – белгілі бір іс - әрекеттерді орындай отырып, бір ақпарат жиынтығын, негізгі мазмұнын өзгертпей, басқа ақпарат жиынтығына айналдыру.

Басқаша айтқанда – ақпаратты жақсарту: оны толықтырып, ретке келтіру.




19 - слайд Ақпаратты өңдеу кезеңдері

  1. Қабылдау

  2. Есте сақтау

  3. Түрлендіру

  4. Тасымалдау (жіберу)

*Ақпаратты өңдеу құралдары – адам жасап шығарған әр түрлі құрылғылар мен жүйелер. Әдетте, компьютер болып табылады.







іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Ақпарат дегеніміз не?

Ақпараттың түрлері

Ақпаратқа қолданылатын

іс - әрекеттер



Ақпаратты өңдеу













Қорытынды:_______________________________________________________________________________________________________________________________





ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары



  1. Ақпарат дегеніміз не?

  2. Оның қандай түрлері бар?

  3. Ақпаратқа қандай талаптар қойылады?

  4. Ақпараттың көзі мен ақпарат қабылдаушыларына мысал келтір.

  5. Ақпаратқа қолданылатын іс - әрекеттер қандай?

  6. Ақпаратты өңдеу дегеніміз не?

  7. Ақпаратты өңдеудің кезеңдерін ата.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет