Тері, дәм және иіс сезімдері. Тері сезімдері. Дәм сезімі және жас ерекшелігі. Иіс сезімі және жас ерекшелігі



Дата02.05.2023
өлшемі2,17 Mb.
#175903
Байланысты:
11, 9, «Пайыз» бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тері, дәм және иіс сезімдері. Тері сезімдері.
Дәм сезімі және жас ерекшелігі.
Иіс сезімі және жас ерекшелігі.
Орындаған: КазЯ-21А ТиПО тобының студенті Тұрғанжанова Меруерт
«Астана» халықаралық университеті
Жоспар:
Кіріспе
Жалпы түсінік
Негізгі бөлім.
  • Тері сезімдері
  • Иіс сезімдері және жас ерекшелігі
  • Дәм сезімдері және жас ерекшелігі

  • Қорытынды

Жалпы түсінік
Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді.
Иіс сезімі– адамның және жануарлардың иіс органдары арқылы сезу процесі.
Заттың иісі мұрынға, танауға тартылған ауамен бірге, ал ауыздағы тағам иісі көмей алдындағы таңдай тесігінен өтіп, кеңсірік ішіндегі кілегей қабықтың таяқша тәрізді клеткаларындағы сезу рецепторларына әсер етеді.
Дәм сезу мүшесі - ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады.
Тері сезімдері
Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді
болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына
мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы
соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір
көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері
организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді.
Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған.
Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру
сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден,
жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып
немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға
қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық
тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi
газдардың алмасуына қатысады, оттекті ciңipiп,
көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі.
Терінің құрылысы
Адам терісі негізінен 3 қабаттан тұрады.
Терінің сыртқы қабаты - эпидермис
(лат. ері - сырты, үсті, derma - тері),
ортаңғы қабаты нағыз тері (дерма), ішкі қабаты – шелді қабаты деп аталады. Соңғы кезде шелді қабатпен нағыз тері қабатын біріктіріп, бір қабат деп санауда.
Дәм сезу мүшесі. Тамақты оның иісімен бірге қабылдағанда дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттың дәмін сезіп қабылдай алады. Сілекеймен немесе дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі бөліктері әр түрлі сезеді.
Тіл ұшы — төтті нөрсеге, орталык-арткы бөлігі — ащы, алдыңғы және бүйір бөліктері тұзды нөрсеге сезімтал. Қышқыл дәмді тілдің бүйір шеті сезеді. Тілдің өр түрлі бөліктерінде орналаскан рецепторлардан жүйке талшыктары қозуды мидың белгілі бір бөлігіне өткізеді. Тамақ ішкенде тілдің барлық рецепторлары жұмыс істейді.
Иіс сезу тамақ қабылдауға міндетті түрде қатысады. Мұрын бітіп, иіс сезбей калған кезде тамақ дәмі өзгереді.
Иіс сезу мүшесі адам үшін маңызды рөл атқарады. Ол тұрмыстық газдың шығып жатқанын, ашып кеткен тамақ туралы хабар береді. Мұрын қуысының үстіңгі мүрын қалқанында иіс сезу мүшесі орналасқан.
Бұл — пішіні түйреуіш тәрізді және кірпікшелері бар иіс сезу рецепторларының шоғыры. Осы кірпікшелер хош иісті заттардың молекулаларын газ тәрізді күйінде қабылдайды. Иіс сезу рецепторлары өте сезімтал.
Қорытынды
Адам туылған соң, өмірінің алғашқы минутынан бастап, өзін қоршаған ортамен тығыз байланыста болады. Адам мен қоршаған ортаның байланысын жүзеге асыратын — сезім мүшелері. Осы сезім мүшелері арқылы біз өзіміздің денемізде немесе айналамызда не болып жатқанын білеміз. Адамның бойында алты сезім мүшесі бар, олар — көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, түйсік және тепе-теңдік сақтау. Ал осы сезімдерді орындайтын мүшелер: көз, құлақ, мұрын, тіл, тері және ішкі құлақтың бір бөлігі — лабиринт.
Әдебиеттер тізімі:
  • https://infourok.ru/teri-zhne-blshi-et-sezimi-2422694.html
  • Т.С.Сейтембетов,Б.И.Төлеуов,А.Ж.Сейтембе това Биологиялық химия,Қарағанды 2013ж
  • Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия,Астана 2014ж
  • Строев Е.А. Биологическая химия,2010Москва

Назарларыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет