Инженерлі технологиялық факультеті


Орта ағынды жаңбырлатқыш машиналармен суаруды ұйымдас-тыру



бет3/21
Дата26.01.2020
өлшемі4,92 Mb.
#56523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Мелиорат. зем.на каз


3. Орта ағынды жаңбырлатқыш машиналармен суаруды ұйымдас-тыру. ДКШ-64 «Волжанка». Бұл жаңбырлатқыш ұзындығы 400 метрлік екі су құбырынан тұрады. Олардың әрқайсысына әрбір 12,6 метр сайын орналасатын, диаметрі 191 см темір доңғалақтар өсі бекітіледі. Доңғалақтар-дың екі қанаттағы жалпы саны – 64. Әрбір екі доңғалақтың тең ортасында айналмалы орта ағынды жаңбырлатқыш аппараттар орнатылады.

«Волжанка» жаңбырлатқышы екі қанаты түйіскен жерде су алу үшін орнатылған гидранттары бар құбыр тартылады. «Волжанканың» әрбір қанаты өздеріне тиісті гидранттарға 900 бұрышпен түйісе отырып байланысады. Бұл машинаның әр қанаты белгілі бір гидранттан суаруы аяқталған соң 18 м-ден кейін орналасқан келесі гидрантқа жылжуы «Дружба» маркалы двигатель көмегімен жүзеге асырылады. Жаңа орынға жылжытып әкелінген қанат гидрантқа жалғасады да, суару қайта басталады. Бір жерде суарып тұратын уақтысын формула арқылы анықтайды:



t = , мин;

m – суару нормасы, м3/га; i – жаңбырдың орташа жауу қарқындылығы (интенсивтілігі), мм/мин; β – жаңбырлату кезінде булануға шығын болатын су мөлшері, коэффициент (0,8-0,9)



4. Алыс ағынды жаңбырлатқыш машиналармен суаруды ұйымдас-тыру. Алыс ағынды ДДН-70 және ДДН-100 жаңбырлатқыш машиналары аспалы машиналар тобына жатады. Олар суды ашық, жабық суару жүйесінен ала алады, бір бағытта шеңбер жасап суарады. Егер жел жылдамдығы 2-2,5 м/с асып кетсе, онда суару сектор бойынша жүргізіледі. Бір жерде суарып тұратын уақтысын анықтайтын формула жоғарыда келтірілген.

Шеңбер жасап суарғанда бір бағытпен (арықпен) екінші бағыт арасының қашықтығы ДДН-70 үшін 100 м және ДДН-100 үшін 120 м, ал сектор бойынша суарғанда тиісінше 60 және 70 м болады.

Суару төмендегідей тәртіппен жүргізіледі: машиналы трактор алдын-ала бөгетке қойылған салма бойына әкелінеді. Бак-ыдысқа каналдан су құйылады (жұмыс басталар алдында бір рет). Су құйылып болғаннан кейін, сору линия-сын трактор қуатына қосады да (алғашында двигательді төмен айналымға қояды) суаруды бастайды. Бак-ыдысқа салынатын тыңайтқыш мөлшері бір бағытта суарылатын егістік көлеміне қарай белгіленеді.

Бір бағытта суарып болғаннан кейін, трактор каналды бойлай екінші бағытқа көшеді. Мұнда екінші бөгет орнатылады. Содан соң бірінші бөгетті алып, үшінші бағытқа қояды, осылайша жұмыс циклі қайталана береді.


Бақылау сұрақтары:

1. Жаңбырлатып суарудың ерекшеліктері?

2. Жаңбырлатқыш машиналарды жіктеу?

3. Қысқа ағынды жаңбырлатқыш машиналар, түрлері?

4. Орта ағынды жаңбырлатқыш машиналар, түрлері?

5. Алыс ағынды жаңбырлатқыш машиналар, түрлері?

6. Бір жерде тұрып суаратын уақытты қалай анықтаймыз?

7. Бір жерде қайталанып жүру санын қалай анықтаймыз?



Әдебиеттер:

1. Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары. Алматы, 2000

2. Зубайров О.З., Тілеуқұлов А.Г.Суару мелиорациясы. Алматы, 2010

3. Анисимов В.А., Губер К.В. и др. Справочник мелиоратора. Москва, 1976




Дәріс №7

Тақырыбы: Жергілікті су көздерін пайдалану
Дәрістің мақсаты: Жергілікті су көздерінің түрлері, оларға сипаттама беру. Көлтабан жөнінде түсінік, оның түрлері. Төгінді суды пайдалану жолдары, ерекшеліктерімен таныстыру.

Түйінді сөздер: көлтабан, тоған, көлшік, төгінді су, биологиялық көлшіктер.

Дәріс жоспары:

1. Жергілікті су көздері жөнінде түсінік

2. Көлтабандап (жайып) суару, оның түрлері

3. Төгінді судың түрлері, тазалау жолдары

4. Төгінді суды ауылшаруашылық дақылдарын суаруға пайдалану ерекшеліктері
1. Жергілікті су көздері жөнінде түсінік. Жергілікті су көздері, сол аумаққа түскен жауын-шашыннан, су ағысы бірде ағып бірде тоқтап қалатын өзеншелерден, топырақ асты және қалалардан шығатын төгінді сулардан құралады. Бұл суды дұрыс жинап, егін суаруға пайдалануға болады. Ол үшін, тегіс жерлерде су қоймасын тұрғызып, жер асты суын топырақ бетіне көтеріп, ал беткейдегі қар мен жауын-шашын суын сол жерлерге сіңіріп, төгінді суды тазалап пайдалануға болады.

2. Көлтабандап (жайып) суару, оның түрлері. Көлтабандап суару деп, көктемде топырақ ылғалдылығын арттыру үшін қар және жаңбыр суларын бөгеп, топыраққа сіңіру әдісін айтады. Көктемде қар мен жаңбыр суы жолына палдар мен бөгеттер жасалып, олардың жоғарғы жағында сулар бөгеліп, көлтабандар пайда болады. Көктемде еріген қар және жаңбыр сулары тікелей көлтабанда сақталып немесе оларға каналдар арқылы жіберіледі.

Әдетте көлтабандар табиғи шөп пен ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолданылады. Табиғи шөпті суарғанда суару нормалары және сумен толтыру ұзақтығы олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес болулары керек.



Көлтабан түрлері. Әдетте көлтабандар табиғи және жасанды, тұрақты және уақытша, тайыз және терең толтыратындарға бөлінеді.

Табиғи көлтабан. Жердің табақша тәрізді төмен немесе өзендердің су жайылмалы алқаптарында жасалады.

Жасанды, тұрақты көлтабандар су тоқтатқыш топырақ палдары мен су жібергіш құлақтары бар плотиналар жүйесінен құралады.

Уақытша көлтабан суды екі жаққа айырып тұратын жоталарда және жазық баурайлардың жоғарғы жақтарына кішірек, жыл сайын жаңартылып отыратын, палдарды сумен тайыз толтырылатын түрлерінен (су тереңдігі 0,4-2,0 м) тұрады.



3. Төгінді судың түрлері, тазалау жолдары. Төгінді су деп, өнеркәсіп-тің кір-қалдықтарымен ластанған, үй-тұрмыстық және мал қораларында, өнеркәсіпте пайдаланылып, төкпе құбырларға (канализацияға) түсетін жуын-ды суларды атайды. Мұндай сулар құрамында әртүрлі пайдалы және зиянды элементтер мен химиялық қосылыстар көп болады. Пайдалы элементтер негізінен азот, форсфор, калий және басқа да өсімдікке қоректік маңызы бар заттардан тұрады. Қаладан шығатын төгінді судың әрбір текше метрінде шамамен 30-80 г азот, 5-16 г фосфор және 6-25 г калий болады.

Төгінді суларды тазарту. Егістіктерді суару үшін төгінді су механика-лық және биологиялық тазартулардан өткізіледі.

Механикалық тазарту кезінде төгінді су арнайы тор көзді қалақша және құм ұстағыштар мен май сүзгіштер арқылы өтеді.

Осыдан кейін барып, су биологиялық тазартуға түседі. Тазартудың бұл түрі химиялық заттар қолдану арқылы, табиғи, яғни арнайы танаптарда суды топыраққа сіңіру жолымен немесе биологиялық су қоймаларынан өткеру арқылы жүргізіледі.

4. Төгінді суды ауылшаруашылық дақылдарын суаруға пайдалану ерекшеліктері. Тазаланған төгінді суды ауыл шаруашылық дақылдарын суаруға пайдалануға болады. Бұл жағдайда үш мәселе шешіледі: кір судың алысқа шығарылып, тазалануы; егінді суарып, топырақ ылғалдылығын арттыру; топыраққа көп мөлшерде минералдық, органикалық және бактерия-лық тыңайтқыштар беру.

Төгінді сулармен суарылатын танаптарға төмендегідей талаптар қойылады:

- мұндай танаптар мұқият тегістелуі қажет және елді мекеннен, құдықтардан және басқа да су көздерінен кем дегенде 200 метр алыс болуы керек;

- жер асты сулары кем дегенде 3 метрден төмен орналасуы керек;

- суару тек топырақ асты немесе қарық арқылы жүргізілгені жөн;

- судың танап сыртына қашып-шығуына жол берілмеуі керек;

- суару режимі негізінен топырақтың су өткізгіштігіне байланыстырыл-уы қажет.

Осындай танаптарда санитарлық және гигиеналық талаптарға байланыс-ты декоративті ағаштармен қоса, жем-шөп, сүрлем және техникалық дақылдар өсірген жөн.


Бақылау сұрақтары:

1. Жергілікті су көздеріне қандай сулар жатады?

2. Көлтабандап суару жөнінде түсінік, артықшылықтары мен кемшілік-тері

3. Көлтабандардың түрлері, сумен толтыру әдістері?

4. Төгінді су дегенді қалай түсінесіз, оның қандай түрлері бар?

5. Төгінді суларды тазарту жолдары

6. Төгінді суларды ауылшаруашылығына пайдаланғанда қандай мәселе-лер шешіледі?

Әдебиеттер:

1. Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары. Алматы, 2000

2. Зубайров О.З., Тілеуқұлов А.Г.Суару мелиорациясы. Алматы, 2010

3. Анисимов В.А., Губер К.В. и др. Справочник мелиоратора. Москва, 1976




Дәріс №8

Тақырыбы: Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары
Дәрістің мақсаты: Су эрозиясының топырақ құнарлылығына және ауыл шаруашылығы экономикасына өте зиянды екенін ескерту. Эрозияның болу себептерін анықтап, оның түрлерін белгілеп, күресу әдістерімен және жолдарымен таныстыру.

Түйінді сөздер: Эрозия, жазықтық, ағыншалы, танаптық, желілік, ирригациялық

Дәріс жоспары:

1. Топырақ эрозиясы, оның келтіретін зияны

2. Су эрозиясы түрлері

3. Су эрозиясын болдырмау шаралары


1. Топырақ эрозиясы, оның келтіретін зияны. Эрозия деп топырақтың жел әсерінен ыдырап, шаңға айналу, не сумен жуылып, құнарлы заттардан айырылу үрдістерін айтады. Сол себепті топырақ эрозиясы жел және су эрозиялары болып, екі үлкен түрге бөлінеді.

Су эрозиясының ауыл шаруашылығына тигізетін зияны өте үлкен. В.Д.Панников деректеріне қарағанда (1974) оңтүстіктегі қара топырақтың 1 мм қалыңдығының шайылуынан 1 га жерден 76 кг азот, 24 кг фосфор, 800 кг калий жоғалады екен. Ғалым Беннеттидің айтуынша, топырақтың 2,5 см табиғи қабатын бұрынғы қалпына қайта келтіру үшін, 300-1000 жыл қажет.

Бұрынғы Одақ бойынша сумен шайылу нәтижесінде құнарлы жер жыл сайын 5,4 млн тонна азот, 1,8 млн тонна фосфор және басқа элементтер мен микроэлементтерден айырылады екен. Осы көлемдегі құнарлы элементтер пайдаға асса 180 млн тонна қосымша дәнді дақыл алуға болатыны есептелінген.

2. Су эрозиясы түрлері. Су эрозиясы барысында топырақтың ең жоғары құнарлы қабатындағы көптеген жылдар бойы жиналған қарашірік пен өсімдікке қажетті қоректік заттар сумен жуылып шайылып кетеді. Нәтижесінде топырақ құнарлылығы күрт төмендейді.

Су эрозиясы өзінің байқалу орнына және болу себептеріне байланысты екіге бөлінеді: табиғи жағдайдағы «су эрозиясы» және «суару эрозиясы».

Табиғи жағдайдағы су эрозиясы негізінен жаңбыр және қар сулары әсерінен болады. Бұл эрозияның үш түрі болады: жазықтық, ағыншалы және жыралы.

Егістік танабын суару барысында болатын топырақ эрозиясы – суару эрозиясы деп аталады. Оған қарсы күресу шараларын қолдану үшін оның танаптық және желілік болып бөлінетінін ескеру керек.

Танаптық эрозия – танап топырағының суару барысында жуылып-шайылуы.

Желілік эрозия көбінесе гидротехникалық құрылыстар маңында және судың өте үлкен жылдамдықпен ағу нәтижесінде, уақытша арықтардың жырылып жыраға айналып кету түрінде болады.



3. Су эрозиясын болдырмау шаралары. Су эрозиясымен қарсы күрес кең көлемде, аса мұқият және кешенді түрде жүргізілуі қажет. Олардың төмендегідей жолдары бар:

1. Шаруашылықтық-ұйымдық шаралар. Бұлардың негізі – жерді дұрыс игеріп мәдени пайдалану. Ол үшін игерілетін аумақ бедерін және топырағын мұқият зерттеп, эрозияға тез ұшырайтын жерлерде топырақ шайылуына төтеп бере алатын бидай, жоңышқа сияқты тар қатарлап егілетін дақылдар үлесін арттырған жөн.

2. Агротехникалық шаралар. Агротехникалық шаралардың эрозияға қарсы жүргізілетін мақсаты: эрозиялық үрдіс пайда болуын болдырмау мүмкіндіктерін іске асыру, топырақтың сумен шайылуына, жырылып бұзылуына тоқтау салу және топырақтың ылғал сіңіру қасиетін арттыру.

а) Баурайды көлденеңінен тереңдігі 25-35 см етіп сүдігер жырту;

ә) Сүдігер жыртқанда көлденең үймелер жасау, қайырмалы соқа пайдаланылады;

б) Сыдыра жыртқышпен жер өңдеу, тереңдігі 35-40 см;

в) Жүйек ара суару;

г) Органикалық тыңайтқыштар пайдалану, көпжылдық шөптер егу.

3. Орман мелиорациялық шаралары. Ағаш көшеттерін отырғызу, сол жердің табиғи және экологиялық жағдайларын жақсартады. Жердің еңістігіне байланысты орман жолақтарының ара қашықтығы 250-500 метр.

4. Гидротехникалық шаралар. Эрозияға қарсы гидротехникалық құрылыстардың бірыңғай жиынтықтары. Тез ағызғыш, сатылы су құлама, консольды су қашыртқы.


Бақылау сұрақтары:

1. Эрозияның ауыл шаруашылығына тигізетін әсерлері қандай?

2. Эрозияның түрлері, пайда болу себептері

3. Су эрозиясы мен суару эрозиясының айырмашылығы

4. Су эрозиясының және суару эрозиясының түрлері.

5. Суару эрозиясының пайда болу себептері

6. Эрозияны болдырмаудың қандай шаралары бар?

7. Эрозияға қарсы қолданатын қандай агротехникалық шараларды білесіз?



Әдебиеттер:

1. Атақұлов Т.А. Су эрозиясы және оны болдырмаудың шаралары, Алматы, 1994

2. Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А. және т.б. Егіншілік, 2005 ж.

Дәріс №9

Тақырыбы: Ауыспалы егістіктің өнімділігін арттыру жолдары
Дәрістің мақсаты: Жерлерді дұрыс, қарқынды пайдалану, жерді пайдалану коэффициентін және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру жолдарын анықтау.

Түйінді сөздер: қарқынды, егіндерді тығыздау, агроөнеркәсіп, аралық дақыл, кооперация.

Дәріс жоспары:

1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жолдары

2. Жерді қарқынды (интенсивті) пайдалану жолдары

3. Ауыспалы егістегі егіндерді тығыздау


1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жолдары. Қазақстанда бір қызметкер жылына 17 мың доллардың өнімін өндіреді екен. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллардан асып түседі. Сондықтан бізге өнімділікті арттырып инновацияларды ендіру керек. Инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізеді.

Агроөнеркәсіптік кешен негізгі үш бағыт бойынша жүру керек:

Біріншіден, еңбек өнімділігін арттыру. Ауылшаруашылық еңбек өнімділігі ең төмен, жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың долларды құрайды екен.

Ауыл үшін өсу перспективасы міне осында. Сондықтан біздің міндетіміз – 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру – ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа технологиялар, құрал жабдықтар енгізу, әлемдік тәжірибені пайдалану.



Екіншіден, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – 2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары ішкі рыногінің 80%-дан астамын отандық тағам өнімдері құрау керек.

Үшіншіден, экспорттық әлеуметті іске асыру.

Жолдауда қамтылған экономикалық, агрокешендік даму мәселелерін шешу тәсілдері қалай жүзеге асырылуы керек?

Бастапқы кезекте ауылшаруашылық өнімдерін өндіру саласындағы шағын тауар өндірушілерді ұлғайту қажет. Ауыл шаруашылығында ірі инвестициялар тарту арқылы және жер аумағын кеңейту негізінде ірі жеке кәсіпорындар дами алады. Сонымен бірге шаруашылықтың бірлескен түрін де дамыту керек. Ол үшін шағын шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының шаруашылықтарын кооперациялау қажет.

Кооперациялар басқа да салаларды қамту қажет: ауылшаруашылық өнімдерін дайындау, өңдеу және сақтау, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау, сервистік қызметтер көрсету.

Осы келтірілген жағдайлар барлық мүделі тараптардың өзара байланысын күшейту қажеттілігін анықтайды, Елбасының халыққа Жолдауында айтылған міндеттерді табысты жүзеге асырудың кепілі болып табылады.

2. Жерлерде егіншіліктің қарқынды дамуына әсерін тигізетін агротехникалық шаралар:

1. Егістік жерлердің құрылымын дұрыс анықтау қажет;

2. Оңтайлы ауыспалы егіс енгізу;

3. Технологиялық жұмыстарды механизациялау және химиялау;

4. Жақсы, кең ауқымды суару техникаларын пайдалану;

5. Ауылшаруашылық дақылдарының оңтайлы суару режимін анықтап, ендіру;

6. Топырақты тұздануынан, батпақтануынан, су және жел эрозиясынан қорғайтын кешенді шаралар ойластыру;

7. Жерлерден жоғары өнім беретін сорттар мен гибридттерді енгізу;

8. Жерлердегі егіндерді тығыздау, қайта егілетін және аралық дақылдар арқылы;

9. Өндірісті жақсы ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру (мамандандырылған бригадалар)



3. Ауыспалы егіндегі егістерді тығыздау

Аралық дақыл – ауыспалы егісте негізгі дақылдардан – бос уақытта өсірілетін ауылшаруашылық дақыл. Аралық дақылдардың егілетін уақытына байланысты түрлері:

1. Ерте көктемдік

2. Аңыздық аралық дақыл –дәнді дақылды жинап алған жылы себіліп сол жылы жиналатын дақыл.

3. Күздік

4. Бүркемелі (жабын) – негізгі дақылмен бірге егілетін екінші – бүркеншек дақыл, мысалы жаздық бидай мен жоңышқаны қоса себу.

1 кесте – Қара бидай, картоп және жүгері дақылдарының өнімділігі



Дақылдар


Өнімділік, ц/га

Барлығы

қара бидай, көк балауса

картоп

жүгері, көк балауса

азық өлшемі, ц/га

%

1

Картоп

-

235

-

70,5

100

2

Қара бидай (көк балауса) + картоп

214

182

-

97,4

138

3

Қара бидай (көк балауса) + жүгері

214

-

302

91,1

129



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет