Инженерлі технологиялық факультеті



бет4/21
Дата26.01.2020
өлшемі4,92 Mb.
#56523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Мелиорат. зем.на каз



Бақылау сұрақтары:

1. Жерді қарқынды пайдалану жолдары?

2. Аралық дақыл дегеніміз не?

3. Аралық дақыл түрлері?

4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бағыттары?

5. Ауыспалы егіндегі егістерді тығыздау мақсаты, жүргізілетін шаралар?



Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақ-станның жаңа мүмкіндіктері. Халыққа жолдауы, Егемен Қазақстан, 30.01.2010

2. Сыдық Д.А. Ресурсосберегающие технологии возделывания сельско-хозяйственных культур на юге Казахстана, Шымкент, 2010

Дәріс №10

Тақырыбы: Мелиорацияланған жерлерде ресурсүнемдейтін инновациялық технологиялар пайдалану
Дәрістің мақсаты: Инновациялық технологиялар жөнінде түсінік, олардың түрлері, пайдалану жолдарымен таныстыру. Ресурсүнемдейтін технологиялардың ерекшеліктері, ауылшаруашылық дақылдар өнімділігіне әсері.

Түйінді сөздер: инновация, ресурсүнемдеу, дәстүрлі, минималды, нөлдік, жал.

Дәріс жоспары:

1. Инновациялық технологиялар жөнінде түсінік, оның маңызы

2. Ресурсүнемдейтін технологиялар, оларға сипаттама

3. Ресурсүнемдейтін технологиялардың қазіргі жағдайы

4. Инновация – күздік бидайды тікелей жалдап себу технологиясы.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2011 жылғы халыққа жолдауында ауыл шаруашылығын дамытудың көрсеткіштері межеленген. Мәселен, еңбек өнімділігі 2014 жылға дейін 2 есе, 2020 жылға дейін 4 есе өсуге тиіс.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру бойынша Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін саланы техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру қажет.

Осы істің ерекше маңыздылығына байланысты біздің мемлекеттік қолдау жөніндегі барлық бағдарламаларымыз, соның ішінде, техника мен жабдықтарды лизингке беру, жеңілдікті несие беру, аграрлық ғылымды дамыту, өндіріске жаңа технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу, инновациялық қызметті дамыту секілді шаралардың барлығы аталған мақсатқа қарай бағытталып отыр.

Сонымен, егін шаруашылығында саланы индустрияландыру бойынша жалғыз жол – ол егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыра отырып, ауыспалы егіске көшу, яғни дара дақыл егісін жою болып отыр. Осыған байланысты салаға ауқымды химияландыруды және қазірге заманға сай ылғал сақтау технологияларын мейлінше молынан енгізуге мән беріледі. Осындай шаралардың есебінен егістік айналымына жаңа жерлерді және ертеректе айналымнан шығып қалған суармалы жерлерді қайта тарту жұмыстары жүргізіледі.



2. Бүкіл әлемдік тәжірибелер бойынша ауылшаруашылық дақыл-дарын үш негізгі технологиялармен өндіреміз:

1. Дәстүрлі технология – 11 технологиялық операциялардан тұрады;

2. Минималды технология – 4 операциядан, соның ішінде топырақты 12-14 см сыдыра жырту;

3. Нөлдік технология (гербицид, егу, жинау).

Бүкіл әлемде нөлдік технология 106 млн. гектар жерге енгізілген. Қазақстанда бар болғаны 1,2 млн.гектар ғана. Басқа елдерге қарағанда бұл технологияны өте жай енгізудеміз.



  • АҚШ – 26,6 млн.га;

  • Бразилия -25,5 млн.га;

  • Аргентина – 19,7 млн. га;

  • Канада – 13,5 млн.га;

  • Австралия – 12,0 млн.га;

  • Парагвай – 2,4 млн.га;

  • Қытай – 1,3 млн.га;

  • Қазахстан – 1,2 млн.га.


3. Қазақстанда ылғал үнемдейтін технологияның қазіргі жағдайы:

Республикада өсімдіктің өсуіне қажетті ылғалды тиімді және үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін ылғал сақтау технологиясын енгізу көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді.

2007 жылы 5 млн.га болатын ал, 2010 жылы осы технология 11,2 миллион гектар дәнді дақылдар алқабында қолданылды. Бұл 2007 жылғы деңгейден 6,2 миллион гектарға немесе 2,2 есеге артық.

Қазақстанда тамшылатып суару:

Тамшылатып суаруды пайдалану кезінде кәдімгі қарықпен суарумен салыстырғанда, суды 2-3 есеге дейін үнемдеуге болады. Қоректік заттарды тікелей тамыр жүйесіне беру есебінен тыңайтқыштарды жоғары пайдалану коэффициентіне (85-90 пайызға) қол жеткізіледі. Арамшөптер болмағандықтан, қатараралық өңдеу қажет емес, жарамсыз жерлерді пайдалануға болады. Сонымен қатар, тамшылатып суаруды ендіру суармалы жерлерді тұзданудан, батпақтану мен эрозиядан қорғайды. Өнімділікті 3-5 есе арттырады.

2007 жылы – 713 га; 2010 жылы – 10764 га – 15 есе артты.

Қазақстанда тамшылатып суару суармалы жердің бар болғаны 0,9% құрайды.

4. Күздік бидайды тікелейжалдап себу технологиясы

Біздің кафедраның қызметкерлерінің жүргізген тәжірибелеріне сүйене отырып күздік бидайды, май бұршақты, жүгеріні тікелей сеуіп өнімділікті арттыруға, шығындарды азайтып экономикалық тұрғыдан тиімді өнім алуға болатыны дәлелденіп отыр. 1881 жылы Чарльз Дарвин «Плуг одно из самых древних и высокоценимых изобретений человека, но до этого плуга землю взрыхляли черви не худшим образом».

Осы технологиямен танысайық:

5-6 жылда бір рет сүдігер жыртылады. Бірінші жылы арнайы сеялкамен (СГ-3,6) жал тартылады, бірге тұқым және минералдық тыңайтқыштар себіледі. Келесі жылдары сол жалға, ешқандай топырақ өңдемей дақылдар себіле береді.



Жал тарту, себу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет