Инженерлік сызба


Шеңбердің аксонометриялық проекциялары



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата01.12.2022
өлшемі3 Mb.
#160791
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
Сызу оқулық
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
Шеңбердің аксонометриялық проекциялары 
Тетікбөлшектердің аксонометриялық проекцияларын тұрғызу 
барысында шеңберлердің де аксонометриялық проекцияларын 
салу жиі кездеседі. Проекция жазықтықтарына параллель 
жазықтықтарда 
жатқан 
шеңберлер 
аксонометриялық 
проекциясында эллипске проекцияланады. 
Эллипстерді дұрыс сызып орындау үшін алдымен оның үлкен 
және кіші остерінің орналасуын білу керек. 
Аксонометриялық проекциялардың қай-қайсысында да үлкен 
ось жетіспей тұрған оске перпендикуляр орналастырылады (2.30, 
2.31), ал кіші ось қашанда үлкен оске перпендикуляр. 
Эллипстерді 
тұрғызуда 
қолданылатын 
қосымша 
остер 
аксонометрияның негізгі остеріне параллель болады. Егер 


23 
тікбұрышты изометрияны келтірілген коэффициенттері арқылы 
орындайтын болса, онда 1, 2, 3 эллипстердің үлкен осі 1,22, ал 
кіші осі - 0,71 берілген шеңбер диаметріне тең болады (2.30 
сурет). 
Келтірілген 
коэффициенттері 
арқылы 
тікбұрышты 
диметрияны орындайтын болса, 1, 2, 3 эллипстердің үлкен осі 
1,06 шеңбер диаметріне тең, ал 1 эллипстің кіші осі 0,95 және 2, 3 
– 0,35 шеңбер диаметріне тең болады (2.31 сурет). 
Аксонометриялық проекцияларда тілік орындау 
 
Ішкі 
жағында 
қуыстары 
бар 
тетікбөлшектердің 
аксонометриялық проекцияларын орындағанда, оның пішінін 
айқындау үшін тіліктерді қолданады. Бұл екі немесе үш 
жазықтықты 
қолдану 
арқылы 
жүзеге 
асырылады, 
жазықтықтардың әрқайсысы координата жазықтығына параллель 
орналастырылады. Көбіне қиюшы жазықтықтар тетікбөлшектің 
симметрия жазықтықтарымен сәйкес келеді. Аксонометриялық 
проекцияларға тұтас тілік орындамайды, себебі тетікбөлшектің 
сыртқы пішіні көрінбей қалады. Көп жағдайда ширек бөлігі (2.35 
сурет), кейде сегізден бір бөлігі алынып тасталады. Қиюшы 
жазықтық арқылы алынған бұрыш әрқашан көрінетін етіп 
сызылады.
Штрихтау сызығы әрбір қиюшы жазықтықта белгілі бір 
бағытта жүргізіледі, олар тікбұрышты изометрия үшін 2.32 
суретте, ал тікбұрышты диметрия үшін 2.33 суретте көрсетілген.


24 
Тетікбөлшектің аксонометриялық проекциясына орындалған 
тіліктің, оның проекциялық кескініне орындалған тіліктен 
айырмашылығына көңіл аудару керек, яғни қатаңдық қыры, жұқа 
қабырғалар, ушко сияқты тетікбөлшек элементтері штрихталады 
(2.34 сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет