Инклюзивті білім беру Оқытушы: Исабаева З. М


Есту бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары



бет5/6
Дата11.05.2022
өлшемі69,01 Kb.
#142879
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
инкбб

Есту бұзылыстары бар балалармен коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу жолдары


Есту бұзылыстары бар балалармен коррекциялықпедагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
жолдары
Естімейтін, нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған
арнайы білім беру ұйымдары есту мен көру негізінде қарым-қатынас пен ойлау құралы
ретінде ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен тығыз байланыста бола отырып,
балаларды жан-жақты дамытуды, өз бетінше өмір сүруге қажетті жалпы білім алу,
еңбек ету және әлеуметтік дайындықтан өту үшін олардың психикалық және дене
дамуындағы ауытқушылықтарын түзету мен орнын толтыруды жүзеге асырады.
Интеллектісі сақталған есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларды оқыту
мынадай тәртіпте:
1) естімейтін оқушылар дайындық сыныбы мен 1-7 сыныптарда арнайы
бағдарламалар бойынша, 8 сыныптан бастап оқушылардың білім алудағы
мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жалпы білім беру мектептерінің бағдарламалары
мен оқулықтары бойынша;
2) нашар еститін және кейіннен естімей қалған балалар дайындық және 1-4
сыныптарда арнайы бағдарламалар бойынша, 5 сыныптан бастап оқушылардың білім
алудағы мүмкіндіктеріне қарай бейімделген жалпы білім беру мектептерінің
бағдарламалары мен оқулықтары бойынша;
3) ақыл-ой кемістігі бар естімейтін және нашар еститін оқушылар зерде бұзылыстары
бар балалар мен есту қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған бағдарламалар
мен оқулықтар бойынша іске асырылады.
Есту арқылы қабылдауы мен айтуын дамыту бойынша жеке сабақтар оқу күні
ағымында және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.
Оқушылардың есту арқылы қабылдауы мен айтуын дамыту бойынша жеке сабақтарға
бару кестесі білім беру ұйымының әкімшілігімен бекітіледі .



Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу әдістеріне аргуметтер келтіріңіз.
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу

«Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы» ұғымының жинақтаушы сипаты бар және ол органикалық орталық немесе перифериялық табиғаты бар қимыл-қозғалыс бұзылысын қамтиды.

Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балалар келесі категорияларға бөлінеді:

- церебральды сал ауры бар балалар (ДЦП);

- қалпына келуші немесе резидуальды сатыдағы мешел ауруының салдары;

- миопатия;

- туа біткен және жүре пайда болған тірек-қимыл аппаратындағы жетіспеушіліктер мен кемістіктер.

Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар оқушыларды оқыту, жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбы жағдайында немесе мамандардың арнайы психологиялық-педагогикалық көмегімен үйлесіп, жалпы сыныпта немесе үйде жүзеге асырылуы мүмкін.

Тірек-қимыл аппаратындағы бұзылудың түрлері:

1. Жүйке жүйесінің аурулары: ДЦП, мешел (полиомелит);

2. НОДА туа біткен патологиясы: жамбас сүйегінің туа біткен шығуы, қисық мойын, маймақтық, табандардың кемістігі, омыртқа дамуындағы аномалиялар, аяқ-қолдардың жеткіліксіз дамуы және кемістігі, артрогрипоз (туа біткен кемтарлық);

3. Жүре пайда болған аурулар және тірек-қимыл аппаратындағы ақаулар: жұлын майының травматикалық ақаулары, бас миының және аяқ-қолдардың травматикалық ақаулары, полиартрит, қаңқаның аурулары (құрт ауруы, сүйектердің ісігі, остиомелит).

Балалар церебральды сал ауруы - эмбрионның, ұрықтың немесе жаңадан туылған баланың ағзасына ішкі және сыртқы сипаттағы зиянды алуан түрлі әсерлердің ықпалымен пайда болған, мидың ауыр дерті. ДЦП әртүрлі қозғалыс, психикалық және сөйлеу бұзылулары түрінде көрініс береді.

Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балаларды оқытатын жалпы білім беретін мектептің арнайы бейімделген ғимараты (пандустың болуы, кең есік жақтауларының, мүгедектер арбасын көтергіштің, баспалдақтың жанындағы көтергіштің, есіктерді автоматты ашушылардың болуы) және арнайы жиһазы (бірадамдық парталар, тұрып жұмыс істеуге арналған конторкалар), ортопедиялық құралдары, оқытуға арналған арнайы приборлар болуы қажет. Мүмкіндігіне қарай, сыныптардың толықтырылуы барынша аз болуы керек.

Партаның жанында мүгедектер арбасын қою үшін қосымша кеңістіктің болуын қамтамасыз ету қажет (егер оқушы арбадан орындыққа отырса). Тақтаның жанындағы өтетін жолды бос қалдыру керек, оқушы арбада немесе балдақпен тақтаның алдына еркін бара алуы керек. Сынып тақтасының аса төмен орналасуы қажет.

ДЦП ауруы бар баланың көпшілік мектептің сыныбына бармас бұрын, білім беру үдерісіне қатысушылардың арасындағы ДЦП ауруы бар балалаларға толерантты қатынасты қалыптастыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуі қажет. Мектептің әдістемелік кеңестерінде, ата-аналар жиналысында және педагогикалық кеңестерде, қозғалысында патологиясы бар балалардың жалпы және өзгеше ерекшеліктері туралы танысу әңгімесін жүргізу маңызды, мұндай жұмыстар мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруға және ата-аналардың педагогикалық ағартуына ықпал ететін болады. Жұмыстың бұл түрі үшін, медициналық мекемелер мен реабилитациялық орталықтардың, психологиялық-педагогикалық түзетуші кабинеттердің мамандарын шақыру қажет.

1. Инклюзивті білім беру балаларға қандай мүмкіндіктер береді?
А. Барлық балаларға толық мөлшерде қоғамның өміріне қатысуға
Б. Өз мүмкіндіктерін іске асыруға;
В. Оқу іс-әрекетінде жетістіктерге жетуге;
Д. Еңбектік іс-әркеттерде жетістікке жетуге;
Е. Достарымен жақсы қарым-қатынаста болуға;
2. Инклюзивті білім беру жағдайында баланы мектепке қабылдау үшін ата-аналар тарапынан қандай құжатттар қажет?
А. Ата аналардың өтініші мен ПМПК-ның шешімі
В. Ата-аналардың өтініші;
В. ПМПК-ның шешімі;
Д. Дефектолог мамандардың шешімі;
Е. Балалардың өтініші;
3. ”Инклюзивті білім беру ерекшеліктерін білу” – бұл мұғалімнің ... даярлығы.
А. Кәсіби
Б. Психологиялық;
В. Педагогикалық;
Д. Толеранттылық;
Е. Эмпатиялық деңгейі;







  1. Есту бұзылыстары бар балаларға және көру бұзылыстары бар балаларға инклюзивті білім беру жағдайларын венн диаграммасына салып салыстырыңыз.



4-билет

Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруды кластер әдісі бойынша толтырыңыз.



Психология-медико-педагогикалық консилиумның (ПМПК) қызметін ұйымдастырылуын сипаттаңыз

Кестені толтырыңыз




Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыруды














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет