Инклюзивті білім беру: осөЖ 5



Дата07.02.2022
өлшемі22,21 Kb.
#84455
Байланысты:
ИББ 5 ОСӨЖ


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлің университеті
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ:ОСӨЖ 5
Орындаған: Манарбекқызы Г
ТОП:АО-204
Тексерген:Рамазанова Д.Ж

Қазіргі уақытта Республикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды ерте жастан медициналық білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру, басқару және қаржыландыру, кадрмен және материалды-техникалық қамтамасыз ету керек.


Психолого-медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) мүмкіндігі шектеулі баланы тексеріп және оның ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес білім беру мекемесіне оқытуға ұсыныс жасап, қорытынды шығарады. Ата-аналар ПМПК-ның қорытындысымен білім беру мекемесін таңдауға құқылы. Облысымыздағы арнайы көмекші мектеп интернатында ПМПК-ның ұсынысымен келген екі жүздей оқушы білім алып тәрбиеленуде.Оларды арнайы білім беруде және өмірге бейімдеуде мектеп интернаттың педагог-тәрбиешілері арнайы бағыттар бойынша оқу-тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Мектепте жеңіл «жеңіл ақыл-ой кемістігі» (F–70) және «қалыпты ақыл-ой кемістігі» (F–71) диагноздары қойылған оқушылар оқиды.Мектептің Жарғысына сәйкес 2006-2007 жылғы оқу жылынан бастап мектеп 10-жылдық оқытуға көшті.
Ақыл – ой кемістігі бар балаларды арнайы (түзеу) мектепте оқыту екі кезеңнен тұрады:
1 кезең - I - IV cыныптар;
2 кезең - негізгі (V - IХ сыныптар, Х өндірістік сынып).
Дайындық сыныбы мен 1 - сыныпқа 7 - 8 жастағы балалар қабылданады. Көмекші мектепте 18 жасқа дейін білім алады. Сыныпта, тәрбиеленуші топтарда оқушылар саны 12 адамнан аспайды. Бұл мектептегі бағдарламаның мазмұны өзгеше болғандықтан, балалар ценізді білім алмайды, оқытудың негізі бағыты оқушыларды әлеуметтік бейімдеу мен мамандырылған – еңбекке даярлау. Бұл мектепті бұрынан көмекші мектеп деп атайды.Көмекші мектептегі оқу еңбек пәні бойынша емтимханмен аяқталады, нәтижелері бойынша оқушылар куәлік алады. Ерекше жағдайларда оқушылар денсаулығына байланысты емтиханнан босатыла алады. 1 - 4 сыныптарда оқушыны жан – жақты психолого – медико – педагогикалық үйрету және түзеу арқылы қолдаумен бастауышқа білім беру жүзеге асырылады. Оқушылардың білім алуға қызығушылығы артып, оқу ісінде, өз бетімен жұмыс істеуде дағдылары қалыптасады. Ақыл - ой кемістігі (зияткерлік бұзылушылықтары) бар балаларды оқыту барысында танымдық әрекеті қалыптасады. Ақыл – ойы кем балалардың даму ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, 1-ден 9 - сынып аралығындағы базалық оқу жоспарына «Танымдық әрекетті түзеу» пәні енгізілді. Түзеу әрекеті негізгі кемістікке - оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін арттыру, моторика бұзылысын, эмоциялық - ерікті жағын, мінез - құлқын түзеуге бағытталған.
Негізгі кезеңде оқушылар практикалық бағытталған және олардың психологиялық - дене мүмкіндіктеріне, еңбектің әр түрі бойынша дағдыларға, бастапқы кәсіби – еңбек дайындығына сәйкес келетін жалпы білім алады. Кейбір пәндер қосымша жүктемеге негізделген, жаратылыстану пәнінің мазмұны валеология элементтерін қамтиды, ал география экологиялық білім негізімен оқытылады.
4 - сыныптан 6 - сыныпқа дейінгі сыныптарда «Жалпы еңбекке дайындық» пәні оқытылады. Жалпы еңбекке дайындықта мектеп оқушылары кәсіби тігу мен столярдың бастапқы дағдыларын меңгереді. 7 - 9 - сыныптарда осы мамандықтар бойынша тереңірек оқып біледі.Мемлекеттік стандарттың критерийлік - бағалау функциясы мектепте білім беру мазмұнының нормативтері мен сапасын анықтауды талап етеді. Бірақ та, оқушылардың медициналық көрсеткіштер мен клинико-психологиялық ерекшеліктері бойынша құрамының түрлілігін ескерілетіндіктен, бұл нормативтер арнайы білім беру жүйесінде бірдей болуы мүмкін емес. Оқу білімдерінің нұсқалық нормасы негізіне В.В. Воронкованың жетекшілігімен Ресейдің Білім беру Академиясының түзеу педагогика Институты қызметкерлері әзірлеген көмекші мектеп оқушыларын педагогикалық саралау кіреді. Ақыл – ойының кемістігі бар оқуышыларды оқытудың негізгі көрсеткіштері:

  • ойлау әрекетінің сөйлеу – логикалық және практикалық компоненттерінің арақатынасын ұғыну;

  • тапсырмаларды шешуде өз бетімен жұмыс істеу;

  • оқушылардың көмекті сезінуі, ересектер тарапынан көрсетілген көмекке көзқарастары;

Осындай көрсеткіштердің негізінде оқушылардың оқу материалдарын меңгеру мүмкіндіктеріне байланысты төрт топқа бөлінеді.


Ақыл - ойы кемтар (зияткерлік бұзылыстары бар) балаларға арналған арнайы (түзеу) мектептің негізгі оқу жоспары оқушыларды қоғамда өздігінен өмір сүруге дайындауға себеп болатын, білім беру процесін ұйымдастыру мен оның мазмұнын реттейтін негізгі нормативті құжат болып табылады.Оның негізінде мектепті қаржыландыруға арналған бастапқы құжат болатын нақты оқу бағдарламасы дайындалады. Мемлекеттік стандартқа жеңіл деңгейлі (1 тип) және қалыпты деңгейлі (2 тип) ақыл – ойының кемістігі бар оқушыларға арналған негізгі оқу жоспарының екі нұсқасы ұсынылады.
Оқу бағдарламасының I типі («А» сыныбы) көмекші мектепке арналған жалпы қабылданған бағдарламаны қамтиды және зияткерлік дамуының жеңіл бұзылыстары бар балаларға арналған. Бұл категорияға ақыл - ой кемістігі жеңіл және қалыпты деңгейлі балалар жатады.
Оқу бағдарламасының II типі («Б» сыныбы) көмекші мектеп бағдарламасының жеңілдетілген нұсқасы. Зияткерлік дамуының қалыпты бұзылыстары бар балаларға арналған. Бұл категорияға клиникалық және психологиялық топтағы балалар жатады. Ақыл – ой кемістігінің қалыпты деңгейінде биологиялық факторлар, мидың жетілмеуі, психикалық, сөйлеу және моторикалық даму қарқыны баяу болады. Өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын кеш үйренеді. Барлық оқушы мектеп білімін бірдей меңгере алмайды, тіпті меңгерген жағдайдың өзінде оқу, санау, жазу дағдылары әлеуметтік бейімделуде көмегі аз. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, арнайы ұйымдастырылған оқыту нәтижесінде қалыпты ақыл – ойы кемістігі бар балалардың басым көпшілігінде оқытуда позитивті динамикаға бағытталған. Көмекші мектептің оқу жоспарын дайындау негізі пәндік оқыту принципінен құралған.
Оқу жоспарындағы пәндер цикл бойынша бөлінген:
Ø гуманитарлық;
Ø жаратылыстану-математикалық;
Ø мәдениеттану;
Ø әлеуметтік бейімделу және еңбекпен оңалту;
Ø түзеу технологиялары.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет