Сабақтың тақырыбы : Ми. Мидың сұр және ақ заттары, мидың қыртысы және ядролары. Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата18.02.2017
өлшемі0,64 Mb.
#10114
түріСабақ
  1   2

Бекітілді:

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г. Исаева.

Күні: 24.Х.2015ж

Сыныбы: 8 «а»


Сабақтың тақырыбы: Ми. Мидың сұр және ақ заттары, мидың қыртысы және ядролары.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мидың адам ағзасындағы маңызы және мишықтың құрылысы мен қызметі туралы оқушыларда түсінік қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың талдау, салыстыру, қорытындылау, шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамыту; Оқушылардың білік-дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік құндылықтарын ояту, салауатты өмір сүруге баулу
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: жеке жұмыс, жұптық жұмыс, тест жұмыс, биологиялық диктант, тірек сызба,
Көрнекілігі: тірек сызба, кестелер, интереактивті тақта, кесте

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
.
І. Сыныпты түгендеу.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай?

ІІ. Үй тапсырмасы.

Қайталау сұрағы



  1. Жұлынның құрылысы қандай?

  2. Жұлынның ақ заты мен сұр заты дегеніміз не?

  3. Жұлынның ақ заты мен сұр заты қалай орналасқан?

  4. Жұлын тамыршасы қалай аталады? Олар не құрайды?

  5. Жұлында жұлын өзегі қалай орналасқан? Ол неге толы?

Тест тапсырмалары.

  1. Нейрон денесіне жақын орналасқан қысқа өсінді.

А) дендрит В) Аксон С) Нейроглия

2. Жасуша серіктері

А) Нейронның қысқа өсіндісі В) Нейрон денесі С) Нейронды қоршап орналасқан.

3. Шеткі жүйке жүйесінің бөлімі

А) Ми В) Жүйкелер, жүйке түйінділері С) Үлкен ми сыңарлары

4. Жүйке арқылы тірі ағзалардың тітіркендіргіштерге жауап беруі

А) Рефлекс В) Қозғалмау С) Қозу

5. Нейрондардан құралған ұлпа

А) Дәнекер В) Бұлшық ет С) Жүйке

6. Жұлынның атқаратын қызметі

А) Рефлекстік және өткізгіштік В) Өткізгіштік, қозу С) Өткізу, кері беру

7. Ақ зат майлы қабықпен-........қапталған ұзын өсінділер

А) Лиелин В) Миелин С) Көбелек

8. Жұлын неше сигменттен тұрады?

А) 23 В) 16 С) 31

9. Қандай да бір мүшенің немесе жүйенің қызметін реттейтін жүйке жасушаларының шоғыры не деп аталады?

А) Жүйке орталығы В) Жасуша орталығы С) Жұлын орталығы

10. Ең қарапайым рефлекс-

А) Бел рефлексі В) Тізе рефлексі С) Бүгу рефлексі
III. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбын ашу

Сырты орман

Алды жазық құрлықты

Араласаң

Табасың жеті құдықты

Көрмеген ешкім

Дәмін татып,

Қара орман асты

Ұйыған қатық

Адам миы-ақпараттың үлкен көлемін қабылдап, өңдеуге қабілетті күрделі мүше. Мидың пішіні күрделі және ол бас сүйек қуысында орналасқан.

Адам миының орташа массасы 1300-1400г. Бұл дегеніміз-организмнің жалпы массасының 2%-ы. Бірақ жұмыс істеген кезде ми организмде түзілген энергияның 25%-ын жұмсайды.

Ми 20 жасқа дейін дамиды. Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады.

Ми (дұрыс айтылуы — мый) — сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша мими көпірімишықортаңғы миаралық ми және үлкен мисыңарлары.

Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.



Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.

Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядро болады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.

Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол-аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.

Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.

Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек — ми жүйкелері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен байланыстырады.

Аралық ми арқылы импулстер барлық рецепторлардан (көру, есту, тері, дәм сезу және тағы басқа) үлкен ми сыңарларының қыртысына түседі.Жүру, жүзу сияқты күрделі қозғалғыш рефлекстердің үлкен бөлігі аралық мимен байланысты. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді

 Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп қатпарлы болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады. Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланыстырады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қолаяғы тез шаршайды, қозғалысы, тепе-теңдігі, сөзі бұзылады.





Каталог: uploads -> doc -> 0d75
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d75 -> Зулкашева Айзада Дуйсенбаевна Атырау қаласы Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясы Биология пәні мұғалімі Сыныбы
0d75 -> Сапа формасы
0d75 -> Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет