Инклюзивті білім беру


Түзете дамыта оқытуда компьютерлік технологияның артықшылығы неде?



бет7/14
Дата08.02.2022
өлшемі1 Mb.
#120108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
ҚБ31
0004f264-6cdf9468
Түзете дамыта оқытуда компьютерлік технологияның артықшылығы неде?
• Ұсақ қол моторикасын дамытудың бір әдісі;
• Көзбен тікелей көру арқылы тақырыпты тез түсінуге мүмкіндік алады;
• Өзіндік ізденіс, өзіндік ойлау жүйесінің дамуына әсері мол;
• Оқу материалын жеңіл меңгертуге оң ықпал етеді;
• Фонематикалық қабылдауының дамуына көмектеседі;
• Оқуға деген белсенділігі мен қызығушылығы артады.Сонымен қатар, оқыту құралдары ретінде компьютермен жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі: топпен, жеке, сыныппен. Бұл әдіс -әсіресе, түзете дамыта оқытылатын балалар үшін өте тиімді әдістердің бірі. Ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді.
“АКТ бойынша әлемдік іс-шаралар мен зерттеулер
Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі жандардың компьютерлік оқытуға бейімділігін зерттеу көптеген шетелдік жəне қазақстандық зерттеушілермен жүргізіледі:
-ATA Book Computer and Web Resources for People with Disabilities. Alliance for Technology Ac- cess (АҚШ);Microsoft жəне IBM сияқты танымал компаниялар «ассестивті» технологияларды кеңінен да- мытуда;-Ресейде білім беруде ақпараттық технологиялар бойынша ЮНЕСКО халықаралық институты мүгедектерді компьютерлік оқытуға арналған АКТ пайдалану сұрақтарымен жəне осы мақсатта құрылған арнайы жабдықтармен айналысады;-Ресейде Санкт-Петербург қаласындағы Герцен атындағы педагогикалық университетінде «Музыкалық-компьютерлік технологиялар» оқу-əдістемелік зертханасы құрылды
-Ресейде Пенза мемлекеттік университеті ЮНЕСКО ұйымымен бірлесіп қазіргі қоғамда мүгедектерді біріктіру жəне оқыту мəселесі бойынша жыл сайын симпозиум өткізеді;-ақпараттық ресурстарға шолу мүгедектерді компьютерлік оқытуға арналған компьютерлік техникалық құралдарды дамыту Жапония, Финляндия, Ұлыбритания елдерінің назарында екенін көрсетті;-мүмкіндігі шектеулі жандарды қашықтықтан оқыту əлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да енгізілуде;-Қазақстанда «Тұран» университеті мүмкіндігі шектеулі жандарды қашықтықтан оқытуға арналған портал құрды;-2011 жылдан күні бүгінге дейін біздің еліміздің барлық аймақтарында «Инклюзивті білім беру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелдер жұмыс істейді.
Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, мұғалімдер сабақтарында да ойын әдіс-тәсілдерін қолданады, мүмкіндігі шектеулі балалалармен көбінесе ойын арқылы жұмыс жасаған тиімді. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Түрлі ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін талап та жоғары. Ұсынылып отырған ойындар баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет