Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары және инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру принциптері



бет1/9
Дата07.09.2023
өлшемі78,39 Kb.
#180426
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1.1-ресурс- 1 практикумға үшін
Экзамен 1-курс АМ-19 2020г, МЦ-121 А 31.03.2022 № 26 каз.яз.

Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары және инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру принциптері.

Инклюзивті білім беру деген не?


Инклюзияның тұжырымдамалық анықтамасы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан (БҰҰ, 1948) бастау алады. Декларацияда барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді деп айтылған. Кейіннен инклюзивті білім беру тұжырымдамасын ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік банк және т.б. сияқты беделді халықаралық ұйымдар кеңейтіп, семантикалық мағынамен толықтырды.
Инклюзивті білім беру – барлық балалардың сапалы білім алуға тең қолжетімділіктің болмауының жаһандық проблемаға айналуына байланысты әлемдегі негізгі трендтердің бірі болып отыр. Мысалы, ЮНЕСКО деректері бойынша барлық мүмкіндігі шектеулі балалардың 10% - ы ғана мектепке барады, тек 5% - ы ғана бастауыш білім алады.
Инклюзивті білім беру – барлық кемсітуішілік формасына тосқауыл қоятын, білім алушының білім алудағы әртүрлі қажеттіліктері мен алуан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі.
Инклюзивті білім беру білім алушылардың физикалық, психикалық, зияткерлік, мәдени-этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына ерекше білім алу қажеттіліктері бар білім алушыларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.
Әр түрлі анықтамаларды синтездеу инклюзивті білім беру сипаттамаларына қатысты келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді (1.1-кесте).
1.1-кесте. Инклюзивті білім берудің сипаттамасы.

Инклюзивті білім беру - БҰЛ…

Инклюзивті білім беру - БҰЛ…..ЕМЕС

... игілікті ортаға және барлық балалар үшін қол жетімді оқу орнына айналдыру үшін білім беру жүйесінің, білім беру мекемелерінің өзгеруі мен оларды жетілдірудің үздіксіз процесі.

...белгілі бір уақыт кезеңінде жүзеге асырылған бірыңғай жоба.

...мәдениетті, білім беру саясатын және тәжірибесін білім алушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне жауап беретіндей қайта қарау.

...тек мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беретін мекемелерге қосуға ерекше назар аудару.

...білім беру жүйесінің әр білім алушылардың қажеттіліктері үшін теңбе-тең орта құрудағы икемділігі

... білім алушыларды білім беру жүйесіне сәйкес бейімдейтін әрекеттер.

... оқудағы кедергілерді жою; оқу процесіне, сондай-ақ академиялық және әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге атсалысу. Әрбір жағдайды жекеше және өзгеше қарастыру.

...тек колледжге қол жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше назар аудару; кез-келген жағдайда қолдануға болатын ережелер мен әрекеттер жиынтығы.

...қабылданған шешімдерден, қатынастардан, қолданыстағы практикадан туындайтын кедергілерді жоюға баса назар аудару.

..қаржылық проблемаларды және кедергісіз орта құрумен байланысты проблемаларды жеңу.

...әр түрлі қатысушылардың (педагогикалық кадрлар, ата-аналар, қоғам мүшелері, жергілікті көшбасшылар, үкіметтік емес ұйымдар және т. б.) ынтымақтастығына негізделген процесс.

...тек ресми тұлғалар немесе сыртқы сарапшылар енгізетін жоба.

... колледж ортасында және одан тыс дамитын процесс (қоғамдастық құрған балама білім беру ортасы).

...тек жалпы білім беруде болатын процесс.

Инклюзивтік білім беруді құру мемлекетке барлық балалардың жалпы білім алуын жақсартудың маңыздылығына сүйене отырып, аса дарынды балалардан бастап ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға дейін қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) және жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс ретінде қарастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет