Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары және инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру принциптері


Инклюзивті білім берудің негізгі құндылықтары



бет6/9
Дата07.09.2023
өлшемі78,39 Kb.
#180426
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1.1-ресурс- 1 практикумға үшін
Экзамен 1-курс АМ-19 2020г, МЦ-121 А 31.03.2022 № 26 каз.яз.
Инклюзивті білім берудің негізгі құндылықтары:

  • Әр бала - жеке тұлға.

  • Барлығы оқи алады – оқи алмайтын бала болмайды.

  • Әр баланың өз ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері және оқу қажеттіліктері бар.

  • Кез-келген түрдегі кемсітушілікке тыйым салу.

  • Әр адамның қоғам өміріне қатысу құқығы:

- инклюзивті білім беру мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтенуге тең жағдайларда араласу және оларды тарту мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
- инклюзивті білім беру шектеулі физикалық мүмкіндіктеріне немесе даму ерекшеліктеріне қарамастан, қоғамның әлеуетті қатысушыларының осы қоғамға айналуына ықпал етеді.

  • Бір-біріне төзімділік:

- бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруге дайын болу;
- адамдарды барлық кемшіліктерімен қабылдау.

  • «Көптүрліліктегі үндестік» деп танылған толеранттылық рухында тәрбиелеу:

- толеранттылық - бұл адамның әмбебап құқықтары мен негізгі бостандықтарын тану негізінде қалыптасатын белсенді қарым-қатынас, ол біздің әлем мәдениетінің алуан түрлілігін, өзін-өзі көрсету нысандарын және адам даралығының көріну тәсілдерін құрметтеуді, қабылдауды және дұрыс түсінуді білдіреді.
Қазіргі білім беру жүйесі енді мүмкіндігі шектеулі адамдарды шешуді қажет ететін проблема ретінде қарастырмайды, керісінше, білім алушылардың алуан түрлілігіне жағымды көзқараспен қарайды және жеке ерекшеліктерді барлығының білім алу процесін жақсарту мүмкіндігі ретінде қарастырады.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері ретінде, басқалармен қатар, әр адамның зияткерлік дамуын, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, сапалы білім алуға және халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуге құқықтарының теңдігі айқындалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет