Интернет және Дүниежүзілік желі. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар



бет1/26
Дата22.12.2021
өлшемі173 Kb.
#127676
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
тапсырма 15тех (1)


  1. Интернет және Дүниежүзілік желі. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.

  1. Интернеттің базалық инфрақұрылымы. Негізгі сервистер мен хаттамалар.

  1. Веб құрылымы мен топологиясы: NTTR, URL, HTML.

Web-технологиялардың өзін ақпаратпен жұмыс істеу концепциясы деп алуға болады. Оның мынадай ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады:


Web-технологиялардың техникалық негізі – локальды және глобальды желілер, көбіне Интернет
  • Клиенттердің ерекше типін пайдалану: web-браузерлер ( браузерлердің типі мен тарихы, қазіргі жағдайын өздігінен оқуға беремін. P.S. Гульмира Жумагалиевна)


  • Ақпараттық көздердегі өзгерістер публикацияларда бірден бейнелене алады;


  • ақпаратты тұтынушылар саны шектеусіз;


  • публикацияларда басқа публикацияларға берілген сілтемелер орны мен материалдар көзіне тәуелсіз түрде беріле алады;


  • іздеу машиналардың белсенді жұмысы (іздеу машиналардың тарихы, рөлі мен қазіргі жағдайын өздігінен оқуға беремін. P.S. Гульмира Жумагалиевна);


  • контентті беру мен тираждау тегін.



Web-технологиялар ақпаратты жеткізу құралы ретінде адам мен компьютер арасындағы әмбебап интерфейс болып табылады. Әр адамға жазбалар, тақырыпшалар, сілтемелер мен картинкалар ұғынықты. Веб-интерфейс ақпаратты алу құралы ретінде түсінікті. Интернеттің коммуникациялық арна ретінде кең ауқымды пайдаланылуы веб интерфейстің қарапайым екендігін көрсететіні даусыз. Браузер – веб-беттерді көруге арналған программа. Браузерлер – казіргі компьютерлер жабдықталған проограммалар. Кең тараған браузерлер: Internet Explorer, Firefox, Opera, Safari, Chrome.

Интернет сөзі   Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында — бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет сөзімен Желінің информациялық құрамын түсінеді. Интернет – бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған технология. Интернет сонымен қатар ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді және оперативті тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық түрде өзін-өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады.Интернеттің басты тапсырмасы бұл – әр тәуліктік, жоғары сенімді байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай “Желі” сөзін қолданғанда Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер – бұл Желінің бір бөлігі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет