Интернет және Дүниежүзілік желі. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар


Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәліметтер



бет7/26
Дата22.12.2021
өлшемі173 Kb.
#127676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
тапсырма 15тех (1)

Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәліметтер

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінін APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.

Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол — желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең, үлкен компьютерлер торабын құрайды.

Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

INTERNET -тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

INTERNET -пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

- қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);

- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);

- почталық байланыстар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет