Интернет-технология туралы түсінік



Дата08.02.2022
өлшемі18,56 Kb.
#118619
Байланысты:
Интернет
~$кумент Microsoft Word, Документ Microsoft Word 86a149ff821e1af581a71619004ee448, Питон код, 42 СОП проведение пробы на чувствительность к антибиотикам, 1 дәрәс

Интернет-технология туралы түсінік
ARPAnet үлгісі желілік қатынас бойынша ақпарат таратумен ақпарат қабылдау негізінде қалыптасқанымен, онда кез келген уақытта ақпараттың жойылып кету сенімсіздігі сейілген жоқ.
Интернеттің ресми туған күні 1969 жылғы 29 қазан болып тұңғыш рет Стэндфорт ғылыми зерттеу институтынан Лос-Анжелестегі Калифорния үниверситетіне алғашқы ақпарат жолданған. Желі арқылы ғылыми зерттеу нәтижелерімен жедел алмасу тиімділігіне орай ендігі жерде оған АҚШ- тың басқа да университеттерінен компьютерлер қосылуға мүдделілік білдіре бастады. Біртұтас желі арқылы шешілетін азаматтық мәселелердің молынан топтасуы нәтижесінде 1983 ж. АҚШ-тың қорғаныс министірлігі желіні екіге бөлуге мәжбүр болды. ARPA net ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналса, жаңа желі MIL net қорғаныс миністірлігінің құзырында қалдырылды.
Егер интернеттің бүкіл әлемдік ресми тарихы 1957 жылдан тарқатылса бұрынға Кеңестер кеңістігінде ол 1982 жылдан бастап қолдана бастады. Осы жылы Мәскеудегі И. Курчатов атындағы атом энергиясы институты бірқатар ғылыми зерттеу институттарының мамандарымен бірлесіп, отандық операциялық жүйені құру жұмысына кірісті. «Өзара үндес біртұтас мобильдік операциялық жүйе» деп алалған кеңістік желі кейінгі жылдары түрлі электрондық машиналарға енгізіле бастады. 1990 жылы 1 тамызда КУРЧАТОВ технология институтында алғашқы отандық компьютерлік желі іске қосылды. Ол бірқатар уақыт жаңа құрылып жатқан коммерциялық құрылымдар, мемелекеттік және қоғамдық ұйымдарды компьютерлік желімен өзара байланыстырды. 1990 жылы 28 тамызда кеңестік желі алғашқы рет халықаралық телефон байланысымен жақандық интернет желісіне қосылды. Ал араға ай салып жоғары деңгейлі тарату желісі таратылды.
1991 жылы сәуір айынан бастап интернет еліміздің аумағында еркін тарала бастады. Алматы қаласында тіркелген «Парасат» фирмасы RELCOM өңірлік желілік торабы арқылы орыс тілінде ақпарат алмасатын электронды пошта қызметін іске қосты. Қазақстандықтар жаңа құбылыстың мүмкіндігі шектеусіз екенін 1991 ылы Мәскеуде болған тамыз оқиғасы туралы ақпаратты болғңандай тарата бастағанда-ақ айқын аңғарған. Құланның қауысына, мылтықтың басуы дәл келгендей, бұл оқиға елімізде интернетті кеңінен насихаттаудағы нақты дерек ретінде ұсталды. Тығыны ашылған процестің енді тынысын тарылту мүмкін емес еді. 1993 жылы Қазақстандық желі АҚШ-тың негізгі байланыс желісіне еніп, бұл мерзім еліміздегі интернеттің ресми туған күні болып белгіленді. 1994 жылғы19 қыркүйекте Халықаралық желілік ақпарат орнатылғанда отнандық сайттар шоғырын топтастырған жоғары деңгейлі .kz, домені тіркелді. Нәтижесінде қазақстандық сайттар өндірісі аса серпінді күшпен өрістей бастады. Статистикалық мәліметтерде 1995 жылы тұңғыш рет қазақстандық сайттардың алғашқы тізімдемесі пайда болып, 1996 жылы тұңғыш электронды басылымның ресми түрде тіркелгені жазылады. 1997 жылы қазақстандық сайттар бүкіләлемдік деңгейде өзінің сапалығын айқындап, халықаралық наградаларға ие бола бастаған.
1999 жылдан әлемдік интернет жүйесін үйлестіруші IANA халықаралық ұйымы «Қазақ желілік ақпарат орталығы» мекемесіне .kz, жоғары деңгейлі доменге менеджерлік қолдау көрсету міндетін жүктеді. Сол кезеңнен бастап аталған ақпарат орталығы арқылы интернеттегі домендік аттарды дербес түрде тіркеу тәртібі енгізілген болатын. Бұл кезде кез келген жеке тұлғаға өз веб-сайтын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта сіз .kz, домині бойынша жеке сайтыңызды ақшаңыз келсе тіркелім бағасы 100 ақыш долларын құрайды. Көрсетілген сомаға тіркелген мерзімнен бастап екі жыл қатарынан тұрақты қызмет көрсетілмек.
ИНТЕРНЕТ – бұл компьютерлердің тікелей біріккен жиынтығы емес. Егер екі компьютер әлемнің екі бұрышында тұрып, интернет арқылы мәлімет алмасып жатса, онда оларды бір-бірімен тікелей бір желі арқылы немесе виртуалды жалғанған деп қаастыруға болмайды. Егер сен біреуге мәлімет жіберсең, ол бір жолмен жүрмейді. Ол мәлімет бөлшектерге бөлініп, әртүрлі жолдармен бір мезгілде жүруі мүмкін. Егер екінші бөлшек, бірінші бөлшекке қарағанда жіберілген жерге бірінші жетсе, ол бірінші бөлшектен кейін ғана шыға алады, себебі ол бөлшектердің әрқайсысы номерленген.
Интернеттің теориялық негізі.
Алғашқы компьютерлер арқылы мәлімет айырбастау 50-жылдарда-ақ басталған және ол тәжірибелік мағанада болған. Тек 60-шы жылдардың аяғында АҚШ-тың қорғаныс министірлігінің өңдеу агентінің қаражатында бірінші ұлттық масштапқа желі құрылды. Бұл желі бірінші ғылыми зерттеулер білім орталықтарын біріктірді. Оның басты мақсаты – ғылыми техникалық жобалармен жұмыс істейтін ұжым топтарын бағыттау және негізгі жұмысы электрондық почта мен ғылыми, жобалы қарастыру құжаттық файылдарды алмастыру.
ARPANET ЖЕЛІСІ 1969 ЖЫЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ. Сол уақытта желіге кіретін аздаған түйіндесу жүйелері, белгіленген желілер арқылы байланысқан. Ақпаратты қабылдау және жолдама ұмыстары, түйіндесу жүйелерінде орналасқанкомпьютерлердегі бағдарламалар қамтамасыз етіледі. 
Желі жаңа түіндесу жүйелерінің қосылуы арқылы ұлғаяды, ал 80 жылдардың басында едәірүлкен түйіндесу жүйелерінде аймақтық желілер ARPANET-тің алпы архитектурасын біраз төменгі деңгейде қаталайды.
Есептеу құралдарының ішінде әрдайым аппараттық және бағдарламалық қамтамасыздандырудың бірлік принципі кіреді. ARPANET-тің ұлғаюы аппараттық жүйелерді және торларды қосу арқылы атқарылған уақытта, Интернет 1983 жылы ЖАСАЛҒАН. Осы жылы компьютерлік байланыстың бағдарламалық қамтамасыздандырылуы революциялық өзгеріске ұшырады. Интернеттік жасалған күні ТСР/ІР протоколының стандартизациялау күні болып есептеледі. Осы ерде ТСР/ІР-дің желілік протокол емес, екі протокол екенін айтып кеткеніміз жөн, олар әртүрлі деңгейде жатыр, басқаша айтсақ бұл құжаттың тіркесуі ТСР құжаты – тасымалдаушы деңгейінің құжаты. Ол мәліметтік тасымалдамасын басқарады. ІР құаты мекен-жай. Ол желілік деңгейге атады және мәліметтік қайда тасымалданып жатқанын белгілейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет