Ис bestProfi



бет72/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#76380
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   79

жүктерді тасымалдау


қағидаларына


38-қосымша

Қатып қалатын жүктерге жататын, үймеленіп тасымалданатын

жүктердің тізімі


р/с

Жүктердің атауы

р/с

Жүктердің атауы

1.

Агломерат (ылғал)

19.

Кокс ұсақтары (бөлшектерінің өлшемі 10 мм-ге дейін)

2.

Балласт

20.

Мергели

3.

Барит (үзінді)

21.

Ұн (доломиттік) әктік

4.

Бокситтер

22.

Пириттік тұқылдар

5.

Саз: каолиндік, отқа төзімді, жай

23.

Құм: кварцтік, құрылыстық, қалыпқа келетін

6.

Қиыршықтас

24.

Раймовка

7.

Жом қызылша тәрізді (шикі)

25.

Кен: құрамында алтыны бар, темір, асыл металдар, марганецтік, мыс, никелді, қорғасын, хромитті, цинктік

8.

Әртүрлі жер

26.

Жанатын тақтатастар

9.

Әк (жуылған)

27.

Тұз: тасты, техникалық

10.

Тас: гипстік; әктік; құрылыстық-шойтас, ұлутастық, туфты

28.

Көмір: құба және тасты (соның ішінде жуылған және гидроөнім)

11.

Кварциттер (жуылған)

29.

Флюстер

12.

Кокс

30.

Түйіршіктелген қожтар

13.

Клинкер: цинктік, цементтік

31.

Көмірлі шламдар

14.

Колчедандар: темір, мыс және күкірт қатарлы және флотациялық

32.

Балқытатын шпат

15.

Кокс (жаңғақ)

33.

Жуылған ұсақ тастар

16.

Әртүрлі коксик

17.

Вермикулиттік концентрат

18.

Концентраттар және штейндар: апатиттік, бариттік, вольфрамдық, темір, кобальттік, мыс, молибдендік, пириттік (флотациялық құйыршықтар), қорғасын, цинктік

Теміржол көлігімен

жүктерді тасымалдау


қағидаларына


39-қосымша

Үймеленіп тасымалданатын жүктердің массалық түрлерін қатып

қалудан сақтайтын алдын алу профилактикалық шаралары


Қара металлургияның жүктері

1. Темір кен рудасы:
Темір кен рудаларын тасымалдау кезінде сөндірілмеген әк, қайнатпа тұз, ағаш үгінділері, сабан және қамыс сөгі, агломерат-қайтымы алдын ала құралдар ретінде қолданылады. Магнетиттік, мартиттік және гематиттік рудаларға әк қосу нормасы 1-3% құрайды, жосалық және қоңыр теміртас рудаларға әк қосу нормасы жөнелтілетін руда массасының 1-4% құрайды. Қайнатпа тұз түсірілетін руда салмағының 0,75% мөлшерінде салынады. Агломерацияға баратын рудалар үшін тұз алдын алу құралы ретінде қолданылмайды. Тасыған, мартендік рудалар сөндірілмеген әкпен қабатсыз салумен түсіріледі, бірақ вагонның еденіне осындай әктің салуымен осындай рудаларды тиеген кезде, жүк жөнелтушімен жүк құжатыта жүк атауының астында «тас електен өткен, мартен» көрсетеді. Жуылған руданы немесе суы құрғатылған забойдан алынған рудаларды тасымалдау барысында қайнатпа тұзы қолданылады, ал сөндірілмеген әкті қолдануға болмайды.
Осы тарауда көрсетілген алдын алу шараларын қолданбай-ақ, барлық рудаларды түсіруге болады, егер олар алдын ала мұздатылса немесе құрғатылса.
2. Марганецтік рудалар
Марганецтік рудалар тасымалдау кезінде қайнатпа тұз, ағаш үгінділері, сабан және қамыс сөгі алдын алу құралдары ретінде қолданылады.
Кесек марганецтік рудаларды және марганецтік рудалар - пироксидтер жүк алушының келісімімен алдын алу шаралары қолданылмай тасымалданады.
3. Хромиттік руда
бөлшектерінің өлшемі 20 мм және одан көп еленген хромиттік руда алдын алу шаралары қолданылмай тасымалданады.
Қатардағы хромиттік руда мөлшері 1-2% сөндірілмеген әк немесе жөнелтілетін руда массасының 0,75%-нан 1,0% мөлшерінде қайнатпа тұз себу арқылы тұтынушыларға тиеледі.
4. Балқытатын шпат ағаш үгінділері немесе қайнатпа тұзын салу және аударыстырып салу арқылы тасымалданады.
5. Түйіршіктелген қож
Ылғалданған қож түйіршіктері тиелер алдында құрғатылады немесе мұздатылады.
Бір тәулік шегінде, ұзақ емес тасымалдау кезінде ылғалдығы 20% дейінгі қож түйіршіктерін тасымалдауға рұқсат етіледі, егер олардан бөлінетін ылғал вагонның тежегіш бөлшектеріне мұз қатуына әкелмейтін болса.
Түсті металлургия жүктері
1. Түсті рудалардың концентраттары
ылғалдығы 2% дейінгі концентраттар жабық вагондарда алдын алу шаралары қолданылмай тасымалданады.
Концентраттарды арнайы металдық контейнерлерде тасымалдау жүктегі ылғалдың пайыздық құрамына қарамастан, алдын алу шаралары қолданылмай тасымалданады.
Ылғалдығы 2%дан 8%-ға дейінгі концентраттар вагон еденіне ағаш үгінділері төселіп тасымалданады, ал 8 %-дан 12 %-ға дейін концентраттардың әр қабаты 70х80 см және салмағы 250 кг-нан аспайтын кесектерге (блоктарға) кесілу арқылы екі қабатты жікшеленіп әрі әр қабатына ағаш үгінділері салынып тасымалданады.
Бойлық және көлденең тіліктердің қарықтары құрғақ үгінділермен жоғарыға дейін төгіледі және тығыздалады. Бұдан басқа тиеудің бүкіл биіктігі бойынша вагонның керегелеріне құрғақ үгінділер төгіледі.
Бариттік концентраттар құрғатылған түрде вагондарға тиеледі (ылғалдығы 4 % көп емес). Ылғалдығы 12 %-ға дейінгі бариттік концентраттар мұздалған күйінде жеке кесек және ірі тас ретінде түсіріледі.
Ылғалдығы 12%-дан 14%-ға дейінгі және бөлшектерінің мөлшері 30 - 40 мм-ді құрайтын цинктік клинкер мұздатылған түрде вагонға тиеледі.
Ылғалдығы 22%-дан 25%-ға дейінгі қорғасын кектер тиелер алдында вагонның ішкі беті өндірілген фильтрматамен төселеді, ал вагонның еденіне 60 мм қалыңдығымен құрғақ үгінділер шашыратылады.
2. Құрамында мыс және алтыны бар рудалар:
Күкірт колчеданы (қатардағы және флотациялық)
Ылғалдығы 2%-дан аспайтын рудалар мен флюстер алдын алу шаралары қолданылмай тасымалданады.
Ылғалдығы көп мөлшерді құрайтын кезде тиеу алдында мыс рудалары және флюстер мұздатылады.
Аталған жүктердің вагонның еденіне мұздап жабысып қалуының алдын алу үшін тиеу алдында вагонның еденіне қалыңдығы 60 мм-ден кем емес құрғақ ағаш үгінділері шашыратылады.
Мыс руданы тиеу процесінде әр 300-400 мм аралықта тиеудің ұзындығымен вагонның барлық көлемі бойынша руда тегістеледі, кейін 30 мм-ден кем емес қалыңдығымен үгінділер салынады, содан соң тең қабатпен руда тиеледі.
Күкірт колчеданы (қатарлы және флотациялық) жылдың суық күндерінде жүк алушының келісімімен түсіріледі.
3. Никельдік руда:
Ылғалдығы көп мөлшерін құрайтын никельдік руданы вагонға тиеу алдында жақсылап тұрып мұздатылуға жатады. Тиеу алдында вагонның еденіне 60 мм кем емес қалыңдығымен саман немесе қамыс жармасын төсейді.
4. Бокситтер:
Сыртқы ауаның температурасы минус 15о С және одан төмен болғанда, қалақтау арқылы бокситтер мұздатылады (қайта төгіп салу механизмі) Бокситтердің мұздатылған үзінділері мен ірі тастары вагондардың еденіне төсеусіз және алдын ала шаралар қолданылмай тиеледі.
Қатты минералдық отын
1. Тас және қоңыр көмір
Ылғалдығы 7% дан асатын тас көмірді және ылғалдығы 30% дан асатын қоңыр көмірді тасымалдау кезінде жүк жөнелтушілер алдын ала мынадай профилактикалық шараларды қолданады:
Көмір майланады;
Ниогрин;
Северин;
Құрғақ көмірді ылғалмен араластырады;
Көмірді алдын ала мұздатады;
Көмірді ағаш үгінділермен аударыстырылады.
Майлау келесі нормалармен іске асырылады:
сыртқы ауаның температурасы минус 15о С болғанда, түсірілетін көмірдің салмағынан 1% мөлшерінде май қосылады;
сыртқы ауаның температурасы минус 15о С-тан 25о С-қа дейін болғанда, түсірілетін көмірдің салмағынан 1,5% мөлшерінде май қосылады;
сыртқы ауаның температурасы минус 25о С-тан төмен болғанда, түсірілетін көмірдің салмағынан 2% мөлшерінде май қосылады.
Арнайы майлағыш жабдықтарды қолданумен коксхимиялық ауыр майлармен майланады.
Арнайы майлағыш жабдықтар болмаған жағдайда немесе олар жұмыс күйінен шығып қалған жағдайда, ылғал көмірлер осы тармақта көрсетілген алдын ала құралдарды қолданумен тасымалданады.
Алдын ала сулармен - ниогринмен немесе северинмен өңделу мына тәртіпте іске асырылады:
сыртқы ауаның температурасы минус 10о С дейін болғанда, төрт осьтік жартылай вагон үшін 20-25 кг мөлшерінде алдын ала сумен вагондардың едендері мен қабырғалары өңделеді, ал алты осьтік үсті ашық вагондар үшін 30-35 кг;
сыртқы ауаның температурасы минус 10о С-тан 25о С-қа дейін болғанда, вагондардың едендері мен қабырғалары, сондай-ақ алдын ала суы түсірілетін көмірдің салмағына келесі мөлшерде енгізіледі:
көмірдің ылғалдығы 9% дейін - 0,5% - 0,6% түсірілетін көмірдің салмағынан;
көмірдің ылғалдығы 9% астам - 0,8% түсірілетін көмірдің салмағынан;
сыртқы ауаның температурасы минус 25о С-тан дейін төмен болғанда, вагондардың едендері мен қабырғалары және алдын ала суы түсірілетін көмірдің салмағына келесі мөлшерде енгізіледі:
көмірдің ылғалдығы 9% дейін - 0,8% түсірілетін көмірдің салмағынан;
көмірдің ылғалдығы 9% астам - 1% түсірілетін көмірдің салмағынан.
Түсірілетін көмірдің салмағына ниогринді қосуы барлық жағдайда 1 % жоғары болмайды.
Алдын ала суларды - ниогринді және северинді пайдалану кезде мына шараларды сақтау керек:
екі тәуліктен аспайтын көмірді созылып жатқан тасымалдау осы тармаққа сәйкес вагонның едені мен қабырғалары ниогринмен және северинмен өңделеді;
алдын ала сулары вагондардың еденіне және қабырғаларына форсундық әдіспен жағылады, сондай-ақ көмірді вагондарға тиеу кезінде оның салмағына (массасына) бірқалыпты енгізіледі;
ниогрин мен севериннің қатып қалуына төмен температурасы қажет, сондықтан көмірге және вагонның ішкі бетіне форсундық жағылуы жылытусыз жүзеге асырылады;
сыртқы ауаның температурасы минус 25о С-қа дейін көмірдің мұздатылуына қарсы ниоргинді қолданады, температурасы минус 25о С-тан төмен северинді қолданады.
Құрғақ көмірді ылғал көмірге қосу қабаттап салу жолымен жүзеге асырылады, осында құрғақ көмірдің қабаты вагонның еденіне және екі қабаты тиеу биіктігі бойынша салынады.
Ылғал көмірді үгінділермен үш қабатпен алмастырып салынады.
30 - 40 мм қалыңдығы үгінділердің бірінші қабаты вагон еденінің барлық көлеміне салынады;
Әрқайсысының қалыңдығы 20 - 30 мм екінші және үшінші қабаттары вагонға көмір тиелгеннен кейін вагонның тиісінше 1/3 және 2/3 бөлігіне көмірдің барлық бетіне салынады. Жылдың суық мезгілдерінде шламды тасымалдау тек мұздатылған түрде рұқсат беріледі.
2. Жанғыш тақтатастар
Жанғыш тақтатастар мұздатылған түрде немесе ағаш үгіндермен, саман және қамыс сөгімен немесе торфтық майдасымен жүкті қабатты араластырып салумен түсіріледі.
Инерттік құрылыс материалдары
1. Құм. Қиыршықтас. Шағылтас. Балласт.
Құрылыс, формалық және кварцтік құм, сондай-ақ қиыршықтас, шағылтас және балласт жылдың суық мезгілдерінде карьердің үстіңгі, құрғақтау қабаттарынан тиеледі. Осындай тиеуге мүмкіндік болмаған жағдайда, сондай-ақ құмның ылғалдығы жоғары болғанмен әдетте тұрақты аяздар кезінде оларды мұздатудан кейін тиеледі. Сол үшін қазу және молығу процесінде қат-қабат араластырылып салу (қалақтау) көзделеді немесе құмды жеке үзінділермен вагонға тиеу мақсатында мұздатуға арналған тиеу жолының жанында алаңшаны бөліп шығарады.
Жер астындағы сулардың деңгейінен төмен жатқан кен орны қабаттарынан шыққан құмдарды жылдың суық мезгілдерінде вагондарға тиеуге болмайды.
2. Саз. Гипстік тас.
Жай және отқа берік саз, сондай-ақ ұнтақталған гипстік тас құрғатылған немесе мұздатылған түрде тиеледі. Каолиндік саз құрғатқыш агрегаттардан алынатын корж түрінде құрғақ күйінде тасымалданады. Құрғатқыш агрегаттар болмаған жағдайда, каолиндік саз қабаттарының арасына құрғақ каолин кесектері салынып, мұздатылған күйінде тасымалданады.
Басқа қатып қалатын жүктер
Қатып қалатын жүктерге (мысалы, вермикулит концентраты, әктік, доломиттік ұн, пириттік тұқылдар), мұздатуды, ылғал өнімдерді құрғақ өнімдермен араластыруды немесе жүк жөнелтуші мен жүк алушы арасындағы келісім бойынша басқа әдістерді қолдану арқылы олар қатып қалудан сақталынады.
Теміржол көлігімен

Каталог: bitrix


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   79




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет