Қысқа мерзімді жоспар Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері



бет1/3
Дата26.05.2023
өлшемі259,42 Kb.
#177803
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
ҚМЖ Әртүрлі есептерді шығару


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері
136 сабақ. Тақырыбы:
Әртүрлі есептерді шығару

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:
Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.2 есептерді шығаруда бір заттың массасы,саны,жалпы массасы,бір затқа жұмсалғаны,заттардың саны,жалпы жұмсалғаны,ұзындығы,ені,ауданы шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану
3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабақтың
мақсаты:

Оқушылардың барлығы:есептерді шығаруда шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалана алады



Оқушылардың көбшілігі:

2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма,сызба,қысқаша жазба түрінде модельдей алады

Оқушылардың кейбірі :

Өрнек бойынша шамаларға байланысты есеп құрастыра алады

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер
Шамаларды ажырата алады;
Шамалардың өлшем бірліктерін ажыратады.
Талқы нүктелері
Көбейту және бөлу амалдарының компоненттері мен материал жұмсау компоненттерінің байланысы бар ма?

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Көбейтіндінің мәнін қалай табамыз?Көбейтіндінің формуласы арқылы жалпы массаны қалай табуға болады?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Шамалар мен олардың өлшем бірліктері

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар



Сабақтың басы



Психологиялық дайындық
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық,
Сәттілік тілеп, күлімсіреп
Біз сабақты бастайық!
Оқушылардың топқа бірігуі. Үш түсті кәмпит тарату арқылы оқушыларды топқа біріктіру.1-топ «1-көбейткіш» 2-топ «2- көбейткіш» 3-топ «Көбейтіндінің мәні»
Кіріспе тапсырма.
(Т.Ж) Әрбір топқа арналған топтық тапсырма таратып беру. Оқушылар тапсырманы топта талқылап, шығарады. Есептің шығару жолдарын түсіндіреді. Екінші көбейткіш пен көбейтіндінің мәні белгілі болған жағдайда бірінші көбейткішті қалай табуға болады. Осы ережені пайдаланып, қалған формулалардан бір заттың массасы мен бір затқа жұмсалған мөлшерін қалай табуға болады. Осыған ұқсас жолмен заттың санын табуды сұрау. Оқушылардан қорытынды жасауды сұрау.
Тапсырма:
1-топ
Топта 7 бала бар. 1 қораптың әрқайсысында 12 дана кәмпит бар.Әрбір бала 1 қораптан алды. Олар барлығы қанша кәмпит алды?
2-топ
7 бала 84 кәмпит алса, әрбір қорапта қанша кәмпит болған?
3-топ
1 қорапта 12 дана кәмпит бар. Барлық 84 дана кәмпитті неше бала бөліп алды?
Кері байланыс
-Көбейтіндінің мәнін қалай табады?
К*К=КМ К= КМ:К
-Бір заттың санын қалай табады?
-Заттың жалпы санын қалай табамыз?
1Ж∙С= ЖЖ
-Бір заттың массасын қалай табамыз?
-Жалпы массасын қалай табуға болады?
1М∙С= ЖМ
Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.б.



Слайд №2
Қима қағаздар


ламинатталған қағаз парақтары, маркерлер;


слайд № 3,4

Сабақтың ортасы



(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.
Оқушылар тапсырманы алдымен жұпта сосын шағын топта талқылайды.
Шешуін ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып түсіндіреді. Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді.Бұл тапсырма арқылы оқушылар бір заттың массасы,саны,жалпы массасы туралы алған білімдерін пысықтауға арналған есептер шығарады.
Тапсырма:
А) Бірдей 7 жәшікте 42 кг өрік бар. Осындай 2 жәшікте неше килограмм өрік бар?
Ә) 45 литр шырынды 9 банкаға бөліп құйды. 30 литр шырынды бөліп құю үшін, осындай неше банка қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет