Қысқа мерзімді жоспар Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері



бет2/3
Дата26.05.2023
өлшемі259,42 Kb.
#177803
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ҚМЖ Әртүрлі есептерді шығару

«Смайлик» арқылы бағалау
Есеп шығар
(Ө.Ж) Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.
Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды. Тапсырманы орындамас бұрын ұжым болып есепті талқылап алу.
-Неше орам бар?
-Бірінші орамда неше метр мата бар?
-Екінші орамда неше метр мата бар?
-Барлығы қанша юбка тікті?
-Әр орамнан неше юбка тіккенін табу үшін нені білуіміз керек?
Оқушылар есепті шығарып болған соң бірнеше оқушыдан есепті қалай шығарғанын сұрау. Оқушылар бірін –бірі бағалайды.
Тапсырма:
Екі орам жібек матадан 14 бірдей юбка тікті. Бірінші орамда 32 метр мата, ал екінші орамда 24 метр мата болды. Әр орамнан неше юбка тікті?
«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізу
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар топта есептердің шығару жолдарын талқылап,бірлесіп шығарады. Дайын жауап арқылы топтар бірін – бірі тексеріп, бағалайды.
Тапсырма:
а)1 банка тасап қайнату үшін 2кг шие керек. 86 кг шиеден неше банка тосап дайындауға болады?
ә)Тіктөртбұрыш тәрізді қонақ бөлменің ұзындығы 7 метр, ал ені 4 метр. Осы қонақ бөлменің ауданы қандай?
«Смайлик» арқылы бағалау
Балық аулау
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар есептің шартымен танысады, есептің шығару жоспарын құрады. Тапсырманы орындап болған соң, әрбір топтан бір оқушы шығып есептің шығару жолымен таныстырады. Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді.
Тапсырма:
Бірнеше бала 75 балық аулады. Екі бала 10 балықтан, ал қалған балалар 11 балықтан алды. Неше бала балық аулады?
«Басбармақ» арқылы бағалау
Есеп құрастыр
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушыларға өрнек беріледі, сол өрнекке сәйкес келетін есеп құрастыру. Оқушылар жұптасып есепті құрады, шығарады. Сосын жұптар дәптерлерін ауыстырып, бір-бірінің тапсырмасын тексереді. Бірнеше жұптан құрған есептерін түсіндіріп беруін сұрау. Қате кеткен жерлері болса, сұрақтар қою арқылы түсіндіру.
Тапсырма:
Өрнек бойынша көкөніс тақырыбына есеп құрастыр:
320 : 8 – 150 : 3




Біреуінің массасы

Саны

Барлығының массасы





























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет