Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы



бет2/7
Дата02.05.2023
өлшемі469,5 Kb.
#175906
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
²øê³ àóðóëàð ïðîïåäåâòèêàñû êàôåäðàñû
Кауен СултанТарих, Көші-қон

Өмір тарихы

  • 1930 жылы Киров облысында отбасында екінші бала болып дүниеге келген. Одан басқа екі әпкесі мен қарындасы бар. Мектепке 8 жасында барған, ақылы және физикалық жетілу жағынан қатарластарынан қалмаған. 4-сыныпты аяқтаған соң колхозда жұмысшы болып жұмыс істеген. Жұмысы ауыр болған, демалыс күндері болмаған. 21-25 жас аралығында Кеңес армиясында әскери міндетін атқарған. Одан соң Яранск қаласында механизация училищесінде оқыды. Зиянды әдеттері жоқ, темекі шекпейді, арақ ішпейді. Бұрын ауырған аурулары науқастың есінде жоқ. Венерологиялық аурулар болмағанын, түберкулезбен ауырмағанын мәлімдейді. Он жылдан бері қантты диабетпен ауырады. Отбасылық анамнезі: жолдасы қайтыс болған. Үш қызы бар. Қыздарымен бірге пәтерде тұрады. Әкесі мен шешесі қартайып қайтыс болған. Науқастың айтуынша әпкесі мен қарындасы ешқандай аурумен ауырмаған. Аллергологиялық анамнез: дәрілік заттарға, тұрмыстық заттарға және тағамдық заттарға сезімталдығы жоқ. Эпидемиологиялық анамнез: инфекциялық гепатитпен, іш және бөрпе сүзегімен, ішек инфекциясымен, туберкулезбен, мерезбен ауырмаған.

Объективті зерттеу (Status praesens objectivus)

  • Сыртқы тері жабындысын тексеру
  • Жалпы қарап тексеру. Науқастың жағдайы орташа ауырлықты. Есі анық. Төсектегі қалпы мәжбүрлі (тұрса басы айналады). Бет әлпеті бірқалыпты. Дене бітімі дұрыс пішінді, деформация жоқ. Бойы 165 см, салмағы 79,5кг. Теріасты шел қабаты біршама айқын.
  • Тері жабындысы қалыпты, ашық қызғылт түсті,тері тургоры қалыпты, тері ылғалды, серпімділігі төмендемеген. Шырышты қабаттар ашық қызғылт түсті. Түкті жабынды жақсы дамыған, ер адамға тән, тырнақ пішіні қалыпты. Ісінулер мен томпаюлар. Аяқта тығыз консистенциялы ісінулер. Тері түсі бозғылт, ұстағанда мұздай, басқаннан кейін орны қалады.
  • Лимфа түйіндері. Шүйде, құлақастылық, жақастылық, иектік, артқы және алдыңғы мойын бұғанаүсті және бұғанаасты, торакальді, қолтық, шынтақ, шап, тізе лимфа түйідері ұлғаймаған, пальпацияланбайды.
  • Тері-бұлшықет жүйесі. Бұлшықет дамуы қалыпты, ауыру сезімі жоқ. Сүйектерде деформация, ауыру сезімі байқалмайды. Буындары қалыпты, қозғалыс шектелмеген. Бас сүйек пішіні нормоцефальді. Кеуде пішіні дұрыс, кеуде бездері ұлғаймаған, емізік өзгеріссіз. Үлкен кеуде бұлшықеті пальпацияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет