Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы



бет1/7
Дата02.05.2023
өлшемі469,5 Kb.
#175906
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
²øê³ àóðóëàð ïðîïåäåâòèêàñû êàôåäðàñû
Кауен СултанТарих, Көші-қон

Төлқұжат бөлімі

  • Тегі: Клепцов
  • Аты: Леонид
  • Жасы: 74 жаста Жынысы: ер
  • Мекен-жайы: -
  • Жұмыс орны: -
  • Атқаратын міндеті: Пенсионер
  • Мамандығы: Бульдозерист
  • Ауруханаға түскен күні: 18.12. 2004
  • Ауруханадан шығарылған күні: 27.12.2004

Сұрастыру

  • Ауруханаға түскен кездегі шағымдары:
  • Төс артындағы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі; сипаты – қысып ауыратын ауыру сезімі, таблеткеалар қабылдағанда ауыру сезімі басылған(қандай таблеткалар екені науқастың есінде жоқ), таралмаған, жүрек соғысы біркелкі ырғақты емес (перебои), жүректің соғуы төс артындағы ауыру сезімімен қатар жүреді немесе оның алдында болады. Ауыру ұстамалары тершеңдікпен, бас айналумен қабаттасады. Емделу кезінде науқас ауыру ұстамаларының сиреуін жүргізілген еммен және физикалық жүктеменің азаюымен байланыстырады.

Ауру тарихы

  • Бір аптадан бері өзін ауру санайды (ауру қашан басталғанын білмейді). Төс артындағы қысып ауыратын ауыру сезімі тершеңдікпен, әлсіздікпен, мазасыздықпен қатар жүреді. Ұстама кезінде тіл астына нитроглицерин қабылдаған. Науқас ұстама алдында кейде тершеңдік, естің бұзылуы, бас айналулар болғанын мәлімдейді. Науқас физикалық жүктемені азайтқанда аталған ұстамалардың болмағанын айтады. Ұстамалар басталған кезде науқас әрдайым отырып, демалған. Ауыру сезімі таралмаған, нитроглицерин қабылдағаннан кейін біршама азайған. 1992 жылы миокард инфарктіне шалдыққан, бірақ дәл сол кезде оны сезбеген. Емханада тексерген кезде (қай кез екені науқастың есінде жоқ) жүректің алдыңғы қабырғасында тыртықты өзгерістер анықталған. Науқас қант деңгейін төмендететін манинил-5 дәрісін 1 таблеткадан күніне 2 ретқабылдайды. Қазіргі кезде нитраттармен, калий препараттарымен(аспаркам), антиагреганттармен(аспирин) емделуде. Жағдайының түзелгенін мәлімдейді және оны жүргізілген еммен, физикалық жүктеменің азаюымен байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет