Ішкі секреция бездері


Эндемиялық зоб ауруы жəне оның алдын алу шаралары



бет2/3
Дата03.10.2022
өлшемі26,65 Kb.
#151445
1   2   3
Байланысты:
Анатомия Кыдырбаева
Манатова А. пупр 13.04, 17, Математика 6 сынып 2 ТЖБ, Лаузымдық міндеттер
1. Эндемиялық зоб ауруы жəне оның алдын алу шаралары.
Зобтың бір атауы – «жемсау». Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безі адамдарда кеңірсіктің алдыңғы қабатында орналасқан. Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына əкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді.
Бұл ауру тек шығармашылық адамдарда ғана емес, барлық кəсіп иелерінде болады. Оның себебі тұқымқуалаушылық, инфекциялар, психикалық жарақаттар, ағзаның əлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады. Күн тəртібіне бағынбай, түнде ұйықтамай, дер кезінде тамақтанбай шапқылап жүргендіктен болады. Оларға диффузды токсикалық зоб тəн. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипеплазиясы салдарынан пайда болған зоб. Есте сақтау қабілеті төмендеу, депрессияға, жүйке тозуы, терінің кеуіп, шаш түсуі, ағза температурасы төмендеу, ағзаға су жиналып, қабынудың салдарынан салмақ қосу немесе салмақ тастау. Бет домаланып, өңі қашуы болады.
Зобтың түрі көп. Соның ішіндегі көп тарағаны-эндемиялық зоб.
Оның 3 сатысы бар:

  1. қалқанша безі көрінбейді, сипалағанда сезілмейді.

  2. қалқанша безі көрінбейді, бірақ сипалағанда сезіледі.

  3. қалқанша безі жұтынған кезде көрініп тұрады.

Адам қанының құрамындағы йод мөлшері жыл мезгіліне байланысты азайып-көбейіп отырады. Қыркүйек, қаңтар айларында қан құрамында йод мөлшері азайып, ақпанда көтеріледі. Күн ысыған кезде мамыр айларында йод жоғарылайды. Еркектерге қарағанда, əйелдер 3-4 есе көп ауырады. Ағзадағы йодтың 90 пайызы тамақ арқылы толықтырылады. Күнделікті тағам құрамына мəн берген жөн
. Зоб ауруы көп тараған аймақта тұратын адамдардың барлығы ішіпжемінде йодталған тұзды қолданулары қажет. Бүл зобтан алдын-ала сақтандырғыш əрі оны емдеп жазатын дəрмек те болып табылады (қатайып, беріштеніп кеткен жемсауды тек қана хирургиялық жолмен алып тастауға болады, бірақ мұның қажеттілігі жоқ).
Егер йодталған тұзды таба алмасаңыз, йод ерітіндісін қолданыңыз. Бір тамшы йодты бір стақан суға ерітіп, күн сайын 1 стақаннан ішіп отырыңыз. Алайда сақ болыңыз: йодтың дозасын аңдамай арттырып жіберген жағдайда уланып қалуыңыз мүмкін. Йодтың артық дозасы болып кетсе (бір стақан суға қосылатын йод 1 тамшыдан артық болып кетсе), ауруды одан əрі қоздырып жіберу қаупі бар. Йод құйылған құтыны баланың қолы жетпейтін жерде ұстау керек. Жалпы йодтың өзінен гөрі йодталған тұз қолдану анағұрлым қауіпсіз де ыңғайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет