Искакова Ж. М., Симбаева С. О



Pdf көрінісі
бет3/67
Дата19.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#103324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy, my planner kony study
Негізгі  ұғымдар
проза,  роман,  «техникалық  өрлеу», 
символикалық  суреттеулер,  әдеби  даму,  жаһандану,  тәуелсіздік 
әдебиеті, жаңа бағыттар, «ақтаңдақ» беттер. 
Жоспары: 
 
1.
 
Қазіргі әдеби процесс.  
2.
 
Саяси-әлеуметтік өзгерістер және әдебиет 
3.
 
Көркемдік ізденістер мен жаңалықтар. 
 
4.
 
Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» роман
-
дилогиясы. 
 
5.
 
Романда суреттелетін Арал қасіреті.  
 
6.
 
Адамгершілік мәселелері. 
 
7.
 
Жәдігер мен Әзім, Бәкизат бейнелері. 
 



 
 
 
XX ғасыр соңы мен  XXI ғасырдың басында қазақ әдебиеті 
ел  тәуелсіздігі  жағдайындағы  дамуға  бет  бұрды.  1991  жылғы 
тамыз  төңкерісі  Кеңестік  империя билігін құлатып, сол империя 
құрамында  болған  елдер  егемендіктерін  алды.  Сөйтіп  ғасырлар 
бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жетті. Тәуелсіз ел әдебиеті рухани 
өркендеуімізді  жаһандық  деңгейде  таныта  бастады.  ЮНЕСКО-
ның қолдауымен көркем сөз шеберлерінің мерейтойлары әлемдік 
деңгейде  атала  бастады.  Мәселен,  Абай  мен  Жамбылдың  150 
жылдығы,  Мұхтар  Әуезовтің,  Сәбит  Мұқановтың,  Ғабит 
Мүсіреповтің    100  жылдығы,  Дулат  пен  Махамбеттің  200 
жылдығы сияқты әдеби шаралардың өтуі қазақ халқының есімін 
әлемге  әйгілі  етті.    1991  жылдан  қазақ  әдебиетінің  жаңа  кезеңі 
басталды.  Бұл  кезеңде  әдебиеттің  ұлттық  келбеті  айқындалып, 
идеялық-эстетикалық болмысы жаңғырды. Бұл кезең әдебиетінің 
бір  ерекшелігі  Кеңес  кезіндегі  әдебиетпен,  әсіресе,  оның  соңғы 
жылдарында 
қосылған 
“ақтаңдақтармен” 
сабақтастығы. 
Сталиндік  нәубет  кезінде  әдеби  мұраларымыздың  қаншасы 
жыртылып,  жоғалғаны  мәлім.  Әдебиетіміздің  ақтаңдағы  аталған 
осы  тұстар  қайта  қалпына  келтіріле  бастады.  Кеңес  Одағы 
ыдыраудан  сәл  бұрын  1988  жылдың  сәуір  айында  Шәкәрім 
Құдайбердиев, желтоқсанның аяғында Мағжан Жұмабаев, Ахмет 
Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Жүсіпбек  Аймауытовтар 
халқымен қайта қауышты. Басқа да ондаған ақын-жазушылардың 
еңбектері шаң жұтып жатқан “жабық қор” қоймаларының құлпы 
алынды.  Тұтас  дерлік  оқылуға,  жариялауға  тыйым  салынған 
ақын-жыраулар,  фольклор  шығармалары  халық  игілігіне  қайта 
қызмет  ете  бастады.    Ұлттық-демократияшыл  әдебиеттің  қайта 
туып,  жаңғыруы  тәуелсіздік  кезеңінің  әдебиеті  мен  ғылымына 
айтарлықтай  әсер  етті.  Мағжан  Жұмабаев  поэзиясы,  Ахмет 
Байтұрсыновтың ілімі, Міржақып Дулатовтың “Оян, қазағы” өзге 
де  қастерлі  қазынамыз  әдебиетке  жаңа  рух,  тың  тақырып  ала 
келді.  Енді  ұлттық  идея,  ұлт  тағдыры,  ел  тәуелсіздігі  –  бүгінгі 
Қазақ сөзінің өзекті арнасына, алтын арқауына айналып отыр. 
    
Қазақ әдебиетінің XX ғасырдың ақырғы он жылында  проза 
жанрында  да  іргелі  туындылар  жарық  көрді.    Алдымен  тілге 
оралатын  туынды  жазушы  Ә.Нұрпейісовтің  «Соңғы  парыз» 



 
роман-дилогиясы  (1999).  Бұл  шығарма  Кеңес  дәуірінде  жазыла 
бастағаны белгілі. Алғашқы нұсқалары кітап болып жарияланып 
үлгерген.  
Қаламгердің
 
«Қан мен тер» трилогиясы эпикалық  сарында 
жазылып,  дәуірдің  тұтас  кескін
-
кейпін  бейнелесе,  құлашы  кең 
«Соңғы  парыз»  ел,  жер  тағдырын  қозғайды,  осы  арқылы  ұлттық 
әрі  әлемдік  адами  проблемаларға  жетектейтін  маңызы  зор 
құбылыстарға бойлайды. 
 
«Соңғы  парыз»  -  идеялық-көркемдік  өрісі  кең  шығарма. 
Дилогияда  адам,  қоғам,  табиғат,  проблемалары  бір  өрімде 
жарасымды  бейнеленген.  Олар  ұлттың  ғана  емес,  жалпы 
адамзатқа  ортақ  проблемалар.  Жазушылар  Герольд  Бельгер  мен 
Анатолий  Кимнің  орыс  тіліне  тәржімаланған  биік  сапалы 
аудармасы  арқасында  шығарма  қазірдің  өзінде  халықаралық 
әдеби қауымның назарына іліге бастады.   
Роман оқиғалары басынан аяғына дейін сең үстінде, қақаған 
суықта,  аязды  боранда  өтіп  жатады.  Осының  өзінде  үлкен 
символдық  мән  жатыр.  Балықшылардың  жүзі  өрт  сөндіргендей 
түтігіп  кеткен.  Өйткені  теңізге  жайған  аудың  тор  көзі  балық 
түгіл, шабақ қағудан да қалған. Осы пейзаж, суреттер Жәдігердің 
жүрегін  ауыртады,  ашуын  келтіреді.  «Жұт  –  жеті  ағайынды» 
дегендей,  балығы  түгіл,  бақасы  жоқ  теңізбен  шаруасы  жоқ  
белсенділер «жоспарды орындауға тиіссің» деп қысады.  
Арал  қасіреті  –  адамзаттың  экология  мәселесін  елемеуден 
туған  немқұрайдылықтың  бір  ғана  көрінісі.  Роман  күнәнің  арғы 
тегін адам баласының күнкөріс тірлігінен іздейді. Табиғат ананы 
аялап,  қастерлеп,  қадірлеудің  орнына  оған  жыртқыш  көзбен 
қарайды.  «Техникалық  өрлеу»  алдымен  табиғаттың  ықылым 
заманнан уыздай ұйып тұрған тамаша тепе-теңдігін тас-талқанын 
шығарды. Жәдігер бейнесін сомдағанда жазушы Арал төңірегінің 
ерекшеліктерін,  табиғатын,  кейіпкерлердің  қалыптасқан  мінез-
сипатын суреттейді. Жәдігер бейнесі адамзаттық биіктен көрінсе, 
бұл  қасиет  оған  бала  кезден  табиғатты  сүюден,  қадірлеуден 
орныққан.  Жәдігер  характері  –  ұлттық  характер.  Қазаққа  тән 
жуас,  ұяң  мінездері  де,  ашуы  келсе  бұрқ  ете  түсетін 
шамшылдығы  да  бір  басына  жетерлік.  Жәдігер  сонымен  бірге 
табанды  да  өр  мінездің  адамы.  Жас  баланың  еңбегіндей 



 
былқылдаған  мұз  үстінен  жүк  машинасын  жүргізіп,  балықты 
түбекке  шығаратын  көзсіз  ерлігі,  әйелінің  қарсылығына 
қарамастан,  балықшылар  еңбегінің  ыстық-суығына  бірдей  төзіп, 
үйіне қарасын көрсетпей кететіндігі іштей рухы берік жан екенін 
білдіреді.        Жәдігер  бейнесі  қазақы  көрікте  шыңдалған  нағыз 
азаматтың  бейнесі.  Ал,  оның  әйелі  Бәкизат  болса  басқа  адамға 
тұрмысқа  шықпақшы.  Өйткені  ол  Жәдігерге  сүймей  қосылған. 
Өзі  ғашық  болған  Әзім  мансаптың  соңында  жүріп,  бұған  теріс 
қарап  кетті.  Романда  Бәкизаттың  жан  дүниесінің  жұтаңдығы 
аңғарылып қалады. Қандай жағдайда да күйеуінің беделін сақтау 
–  қазақ  әйелінің  ежелден  қасиет  тұтқан  әдеті.  Ал,  Бәкизат  болса 
адал  еңбек  етіп  жүрген  Жәдігерді  өзінен  төмен  санап,  кемсітіп 
отырады. Сөйлесе қалса: «Әй, осы сенің ит мінезің-ай», «Сен дені 
дұрыс кісі болғанда» деген сияқты сөздер шығады. 
«Соңғы парыз» – «Сондай бір күн болған», «Сондай бір түн 
болған»  деген  екі  кітаптан  тұрады.  Екінші  кітаптың  соңғы 
беттерінде Бәкизат басқа кісідей өзгеріп сала береді. Жүрегіндегі 
жақсысы жаманға, жаманы жақсыға ауысып үлгереді.  
Жазушы  әйел  жүрегіне  психологиялық  «төңкеріс»  жасау 
үшін  әдепкі  жағдайдан  бөлек  тәсіл  пайдаланады  да,  бұл  екі  рет 
қайталанады.  Біріншісі  –  романдағы  үштік  –  Жәдігер,  Әзім  мен 
Бәкизаттың  жағадан  ажыраған  сең  үстінде  қалып  қоюы  кезінде. 
Екіншісі  –  Беларанның  арасынан  ыққан  соң  Боз  биенің 
тұмсығына ілігіп барып қайта ажыраған шақта. Кімнің кім екені 
осы тұстарда сынға түседі.  
Әзім  ат-көлігі  суға  кетіп,  өздері  теңіз  толқынында  ыққан 
сеңде  қалғанында-ақ  естен  тана  жаздайды.  Ол  бұл  қатерге  тап 
болғанын  Бәкизаттан  көреді.  Бәкизат  болса,  Әзімді  жас  баладай 
қорғаштап, ішікпен қымтап әлек болады.  
Екінші  жағдайда  сең  жағаға  тұмсығын  тіреген  кезде,  Әзім 
жалма-жан  жан  ұшырып  жағаға  қарай  жүгіре  жөнеледі.  Мұны 
күтпеген Бәкизат қалшиып, бір орында қатып қалады. Осы арада 
бұрынғы ерлі-зайыптылар бірін-бірі құтқаруға кіріседі. Бәкизатты 
қолынан  жетелей  жөнелген  Жәдігер  «ажал  мен  азап  –  аяқ 
астынан» дейтін жағдайға тап болады. Байқаусызда суға толы мұз 
жарығына  бір  аяғын  сұғып  алып  құлайды.  Бәкизат  әзер  дегенде 
суырып  алғанша,  бір  аяғы  үсіп,  сіресіп  қалады.  Жәдігер 



 
Бәкизатқа: 
«Маған  қарама,  жағаға  жет», 
–  дейді.  Бастапқыда 
жүгіре  жөнелген  Бәкизат  сеңнің  жағадан  қайта  жырақтағанын 
бір-ақ  көреді.  Оның  жан  дүниесіндегі  өзгеріс  осы  кезде 
басталады.  Әзімнің  өзін  қиын  жағдайға  қалдырып  кеткеніне,  әрі 
сеңнің  жағадан  қайта  қашықтағанына  қапаланғаны  сондай, 
жиегін су шайып жатқан мұзға мінбелеп, әлде не сұмдық іске бел 
байлайтын қалыпқа енеді. Дәл осы кезде жетіп үлгерген Жәдігер, 
құлай берген Бәкизатты жұлқа тартып, көтеріп алады. Осы кезден 
ерлі-зайыптың  арасындағы  мұз  ерігендей  болады: 
«Бәкизат 
атып  тұрады.  Жанарын  жапқан  аппақ    қырау  кірпігін 
алақанымен  бір  сипап  жіберіп,  жалма-жан  дыбыс  шыққан 
жаққа қарап еді; сөйтсе... мынау шынында да бұның өзі ойлаған 
Жәдігер екен. Бораған қар үстінде бар дүниеден баз кешіп, өлімге 
басын  байлап  жатқан  әйелді  жалғыз  тастап  кете  алмай, 
қасында  айналсоқтап,  аяғын  сылтып  басып  жүр  екен.  Бәкизат 
ләм деп тіл қатпай, үн-түнсіз келді де, қолтығынан алды».
  Сол 
тұста арыстай азаматтың қадірін білмегенге Бәкизат өкінеді. Енді 
ол Әзімге теріс айналады, тіпті жүрегінен өшіріп тастайды.  
Бұл  роман  адамға  да,  табиғатқа  да  тән  құбылыстарды, 
қайшылықтарды  көркем  әрі  шынайы  суреттеген  туынды.  Роман 
түйініндегі  Жәдігердің  қазасы,  Бәкизаттың  жан  дүниесінің 
жаңаруы  символикалық  суреттеулермен  астасып,  тың  тәсілмен 
берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет