Использование интерактивной доски в процессе обучения русскому языку и литературе



бет5/5
Дата18.03.2017
өлшемі0,7 Mb.
#11786
түріСеминар
1   2   3   4   5

2-сабақ. Диктант.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу, тексеру.

2. Сабақтың барысын айту.

Оқушыларды диктант жаздыра отырып, олардың жазу сауаттылығын және өтілген сабақтардан алған білімдерін тексеру.



ІІІ. Терме диктант

ІV. Мәнерлеп оқып шығу

V. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, оларды байланысу тәсілдері мен түрлеріне қарай ажырату.

VІ. Сабақты қорытындылау

КІРІСПЕ БӨЛІМІ

1-сабақ. Сөз тіркесі туралы түсінік.
Күні, айы: 10.03.07.

Класы: 7 «А»

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Сөйлем сөз тіркесінен құралады» деген тақырыпта шағын баяндама жасау.

ІІІ. Модульге кіру, оның құрылымы мен мақсатын айту. Модуль құрылымы 5 сағаттан, кіріспе бөлімі – 1 сағат, сөйлесу бөлімі – 3 сағаттан, қорытынды бөлімі – 1 сағаттан құралады.

Оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру, сөз тіркесі мен күрделі сөздің айырмашылықтарын айырып көрсетіп, ұғындыру, сөз тіркесінің айрықша белгілерімен таныстыру, қолданыстағы сөз тіркесі мен тұрақты тіркес, күрделі сөздердің айырмашылықтарын ажырата білуге дағдыландыру.



ІV. Грамматикалық тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндіру (Жаңа тақырып). Оқушыларды өтілген материалдар бойынша сұрақ-жауап түрімен білімдерін тексере отырып, тірек-сызба тарқылы жаңа тақырыпты түсіндіреміз.

V. Бекіту. 244-жаттығу. Сөздердің байланысын тауып, басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қою арқылы байланысу тәсілдері мен түрлерін анықтау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: 245-жаттығу. Сөз тіркестерін тауып, қалай байланысып тұрғанын көрсетіп, байланысу түрлеріне қарай ажырату.

Анкеталық сұрақтар:


  1. Қазақ тілі сабақтарында осы жүйемен оқу ұнайды ма?



  1. Оқыта үйрету ойынының ерекшеліктері бар ма?


  1. Сабақта оқу материалын түсіну мен меңгеруге ойындар тиімді ме? Несімен тиімді деп ойлайсың?


  1. Осындай жүйе бойынша қазақ тілі сабақтары жүргізілсін бе?


КІРІСПЕ БӨЛІМІ

1-сабақ. Сөз және оның мағынасы. Сөздердің лексикалық мағынасы мен өзгеру сипаты.
Күні, айы: 24.09.07.

Класы: 5 «Ә»

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 28-жаттығу. Жаратылыстану пәнінен өтіліп жатқан пораграф бойынша тақырып қойып, жоспар жасау, мазмұнын баяндау, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындау.

ІІІ. Модульге кіру, оның құрылымы мен мақсатын айту. Модуль құрылымы 5 сағаттан, кіріспе бөлімі – 1 сағат, сөйлесу бөлімі – 3 сағаттан, қорытынды бөлімі – 1 сағаттан құралады.

Оқушыларға сөз туралы, оның лексикалық мағынасымен өзгеру сипаты, сөздердің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер туралы түсінік беру.



ІV. Лексикалық тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндіру (Жаңа тақырып). Оқушыларды өтілген материалдар бойынша сұрақ-жауап түрімен білімдерін тексере отырып, тірек-сызба тарқылы жаңа тақырыпты түсіндіреміз.

V. Бекіту. 30-жаттығу. Мәтіндегі толық мағыналы сөздер мен мағынасы толық емес сөздерді бөлек-бөлек теріп жазу.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: 29-жаттығу. «Лексика» деген сөзге түсінік беріңдер. Тіліміздегі сөз байлығын көрсететін «Түсіндірме сөздіктен» мағыналы сөздер мен мағынасыз сөздерге бес-бестен сөз жинап, карточка жасау.

КІРІСПЕ БӨЛІМІ

1-сабақ. Эвфемизм мен дисфемизм
Күні, айы: 14.ХІ.07.

Класы: 5 «Ә»

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тоқсан бойынша қайталау

ІІІ. Модульге кіру, оның құрылымы мен мақсатын айту. Модуль құрылымы 8 сағаттан, кіріспе бөлімі – 1 сағат, сөйлесу бөлімі – 6 сағаттан, қорытынды бөлімі – 1 сағаттан құралады.

Оқушыларға лексика тарауына жататын эвфемизмдер мен дисфемизмдер туралы түсінік беру, оларды бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру, тұрақты тіркестерді (фразеологизм) ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы ретінде таныту, мақал-мәтелдердің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын жаттығулар орындату барысында үйрету.



ІV. Лексикалық тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндіру (Жаңа тақырып). Оқушыларды өтілген материалдар бойынша сұрақ-жауап түрімен білімдерін тексере отырып, тірек-сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреміз.

V. Бекіту. 104-жаттығу. Мәтіндегі дөрекі, әдепсіз (дисфемизм) сөздерді тауып, адамға қалай әсер ететінін айту.

Өңшең, бірі өліп, бірі қалу, Қоянжырық, бітеу қара, ожар, томырық, топас заман адамы, хайуанырақ, ит жылмаң, ұры көз, таңертең көрсең, кешке дейін есіңде тұрмайтынғ көр білте жүзді жігіттер.



VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: 107-жаттығу. Өздерің халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, көркем әдебиеттерден табу, эфвемизм, дисфемизм құбылыстарына мысал тауып жазу.


ЭВФЕМИЗМ


ДИСФЕМИЗМ



Бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу болған жағдайда, оларды басқа да сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту

- ойды көркемдеп, бейнелеп жеткізудің тәсілі



Әдепті сөзді әдепсіз,

дөрекі сөздермен

ауыстырып айту



- кеміту, қорлау, іске жаратпау ұғымын береді



Мысалы:

«мылжың» - «сөзуар»

«өтірік айту» - «қосып айту»

«ұрланды» - «қолды болды»

«ұрлық жасамау» - «ала жібін аттамау»

«өлді» - «о дүниеге аттанды, жан тәсілім етті, қайтыс болды, дүние салды».



Мысалы:

көк көз, қисық, ши бұт,

бауырсақ, маймақ, айыр сақал, бадырақ, тапал, боқмұрын, қолынан боқ келмеу, боғымен жасты баламен ойнау, боқтан өзгені сөз қылу, боғы ботқа болу, топас, кекеш.


(





  • екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі;

  • бір ғана мағына білдіреді;

  • бұрыннан қалыптасқан жүйе;

  • сыңарлары орнын ауыстыруға,

басқа сөзбен алмастыруға келмейді;

  • даяр қалпында жұмсалады;

  • сөйлем құрамына бір бүтін тұлға ретінде еніп,

бір ғана сұрақ қойылады;

  • ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы



Қабақ шытысты – ұрысып қалу

Іші тарлық – қызғаншақтық

Су жүрек – қорқақ

Тас бауыр – мейірімсіз

Зығырданы қайнау – ашулану

Тайға таңба басқандай – анық

Бармағын тістеп қалды - өкініп қалу


МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР





Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.




Ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.




Мысалы: Көп алғысы көгертер. Әлін білмеген әлек. Күш – бірлікте. Жалқау - жарты кісі, т.б.


Мысалы: Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәтті бол. Нарды сөкпе, нанды теппе.

Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы.




А й ы р м а ш ы л ы қ т а р ы



Мақалдар

Мәтелдер

Тура мағынада ұғынылады

Жауға жаныңды берсен де, сырыңды берме.

Астарлы мағынада ұғынылады

Қалауын тапса, қар жанар.

Екі бөлімді болады, бірінші бөлімде шарт немесе жалпы пайымдау, екіншісінде қорытынды пікір айтылады.

Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы,

Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы

Мағынасы алшақ болмай, тұспалмен айтылады, сөйлем аяқталмай, толымсыз болып келеді.

Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар.


Бақылау диктанты
Сиқырлы гүлдер
Бүгін күн қатты ысып кетті. Самат басына ақ қалпағын киіп алып, гүлдерге су құйып жүр. Кенет көзі оң жағындағы сабағы белінен сынып, басы салбырап қалған раушан гүліне түсті. Дереу қолындағы су құйғышын жерге қойып, гүлдің басын көтеріп еді, онысынан ештеңе шықпады. Былқ-сылқ еткен гүлдің басы икемге келер емес. Жанында жұдырықтай тас жатыр екен. Көше жақтан біреудің лақтырып жібергені білініп-ақ тұр. Самат бірдеңе деп бұрқылдап, үйге қарай жүгіріп кетті де, үйден екі кішкене шыбық, дәке алып шықты. Әлгі гүлдің сынған сабағын жазып, екі шыбықтың ортасына салды да, оны дәкемен орады. Гүл бастапқы қалпына келіп, басқа гүлдермен қатарласа жайқалып кетті (Р.Бектібаев, 100 сөз).

Бақылау диктанты

Мейірім

Көктем. Мамыр айы маужырап, қырат пен сай-саланы қыс бойы мекендеген қар еріп, сылдырап жылға-жылғамен ағады. Төңірек тегіс түрленіп, көк шөп қаулап өсуде. Ақ, сары, қызыл гүлдері көздің жауын алған тау бөктері түкті кілемдей құлпыра түскен.

Терең көлдің маңайы жыл құстарының ызу-қиқу шуылына толы.

Бір күні шопан қыстауының қорасына зып беріп ана үйрек ұшып

кірді. Мұны Жасұлан байқап қалды да, дереу әжесіне келіп хабарлады.

Әжесі екеуі күні бойы аңдыды: ана үйрек қораға ұя салыпты. Балапан басып алмақшы.

(Т.Әбдірайым, ___ сөз)


Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияның

4 «б» класс оқушыларынан қазақ тілі пәні

бойынша алынған бақылау диктанты

Бақылау жұмысына қатысқан оқушы саны – 23

Оның ішінде:

«5» - 5


«4» - 6

«3» - 11


«2» - 1
Бақылау диктантын жазу барысында

оқушылардың жіберген басты қателіктері:

Көмектес септігінің жалғауын шылаудан айыра алмау – 8

Шылауды көмектес септігінен айыра алмау – 2

Тиісті тыныс белгісін қоймау – 3

Орфографиялық норманы сақтамау – 18


Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияның

4 «г» класс оқушыларынан қазақ тілі пәні

бойынша алынған бақылау диктанты

Бақылау жұмысына қатысқан оқушы саны – 26

Оның ішінде:

«5» - 8


«4» - 11

«3» - 5


«2» - 2
Бақылау диктантын жазу барысында

оқушылардың жіберген басты қателіктері:

Көмектес септігінің жалғауын шылаудан айыра алмау – 3

Шылауды көмектес септігінен айыра алмау – 4

Тиісті тыныс белгісін қоймау – 5



Орфографиялық норманы сақтамау – 21
Бақылау диктантын алушы: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Құлдан Ш.С.
Каталог: objwl -> 2009
objwl -> «еуразиялық гендік қОР» гылыми-өндірістік білім беру орталығы Астана қаласы
objwl -> -
objwl -> Мектеп басшыларына!
objwl -> Мектеп, балабақша басшыларына! 21. 09. 2015 ж. Қала әкімінің орынбасары А. Арынғазиеваның 11
2009 -> Мектеп басшыларына! 21. 09. 09ж. «Ақтөбе-Дарын»
2009 -> Жалпы білім беру, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелер басшыларына
2009 -> Мектеп басшыларына! 25. 12. 2010 ж. Математика пәнінен «Қазақстан 51-ші халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет