Реакцияларды орындау үшін өткен сабақта берілген кестені қолдана отырып зертханалық дәптерді толтыру. I-VI аналитикалық топ катиондары арасынан пән мұғалімі ұсынған реакцияларды жазып орындау, аналитикалық реакциялар типін анықтап, көрсетіп қою. Реакция орындау барысында білуіңіз қажет:
- реакцияның орындалу шартын;
- зерттеп жатқан қосылыстың қасиетін және оған кедергі келтіретін фактор
- аналитикалық белгі арқылы алынған қосылыстың қасиетін білу.
Аналитикалық реакцияларды берілген кесте бойынша орындау. Зерттеу барысында аниондық құрамның әсерін анықтай білу.
Реакциялардың орындалуын білу үшін [ Исмаилова А.Г., Злобина Е.В., Долгова Н.Д.Аналитикалық химия пәні бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары және тапсырмалары. Алматы: Қазақ университеті, 2012. - 102б.] оқу құралын пайдаланасыз. Оқу құралы универ жүйесіне салынған немесе кітапханадан ала аласыз.