Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері


Негізінен біз ап-ашық үкімдерді әрі тура жолды



бет8/18
Дата11.01.2017
өлшемі3,04 Mb.
#7421
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Негізінен біз ап-ашық үкімдерді әрі тура жолды кітапты адамдарға баян еткеннен кейін жасырғандар соларға Алла лағнет етеді, әрі барлық лағнет етушілер лағнет етеді» (159) «Расында сондай қарсы келгендер және қарсы болған күйде өлгендер, міне соларға Алланың лағнеті әрі періштелердің және бір тұтас адамдардың лағнеті болады» (Бақара -161) «Міне солардың жазалары: Шәксіз оларға Алланың періштелердің әрі біртұтас адамдардың қарғысы болады». (Әли Ғымыран - 87) Мұндай жағдай ел басқарушылар мен жазушы, заңгер қоғам арасындағы, адамдар арасында ата жолын нығметтерін біліп, көріп, аруақтардан түрлі жағдайда тапсырма аяндар алумен, бірақ өз басын, тағын дәреже қызметін сақтауға тырысып және қоғамда қалыптасқан жалған пәтуа пікірлерге, шеттен келген қызылбастық тәпсір, шариғаттық әдеттеріне қарсы тұрудан бой тасалап, қара басын бақандар да мейлі қандай дәрежеде болсын, екі жүзділер болып саналады. Ал, көрсе де көрмеген, естісе де естімеген болып, өз біліміне мардамсып, заманға қарай түлкі болғандарымыз бұл топтың басым көпшілігін құрап, мұндай жағдайда жоғарғы аяттың үкімімен; «аруақтың назына қалма!» деп ескерткен және қатты күйінгенде «аруағым атсын» деген қолында билігі жоқ шарасыз қалған төменгі бұқара халық өкілдері. Сондықтан мұндай Алла жолында қиындыққа тап болып, амал жоқ ауыздан шыққанда, тез қабылданатын және тез орындалатын қарғыс болып есептеледі. Мұндай жағдайға себепші болғандар негізінен дін имамдары мен білімді аталған қоғам басшыларының құран аяттарын есепсіз бір аят негізінде тәпсірлеп және сөз мағынасына мән бермей, тек арапша оқып барып керемет боласың деп, дін ғұламаларының надандыққа өздері де белшесінен батқанымен тұрмай, бірлесуге бұйырған, несібе нығметерін «шерік»-арам деп азғырумен ұлттық ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи тәжірибе ғұмырлық дінімізді бөлшектеумен және халықты да өздеріне ертіп күнәға белшесінен батуға үгіттеп жатыр. Бұл жағдайды Раббымыз алдын-ала ескертіп; «Сондай Аллаға берген серттерін (бекіген дінін, ділін, тарихи ғұмырын) және Алланың бірлесуін бұйырған нәрселерін (аруақтық қуаттарды; Ар; Уақ; Ман) бөлгендер әрі жер жүзінде бұзақылық істегендер (арап көктемі, бүлікшілер), міне лағнет осыларға. Сондай-ақ мекенің жаманы солардыкі.» (13-25) (38) Қазақ жеріне де құрғақшылық, су, от аптарымен т,б ауру, азаптармен жер бетіндегі мекеніміздің тозаққа айналуына да, өзіміздің ата-анамыздың аманаттарына қиянат жасап, екі жүзді қылықтармыздың себебінен пайда болатынын қатаң ескертеді жартушымыз. Мемелекет басшыларынан бастап екі жүздіге айналып; Ата-жолын «секта» шариғат ісін «Тура жол» яғни «Біздерге» тікелей жалғанған жаннаттан хабар алушымыз дегендердің өтірікші екендігіне түсірген сынақтарды, хабарлардың жоғарыдағыдай әлем таба алмай жатқан ілім жетістіктерін осындай шайтан жамағатарынан тығылып жүріп, ата-дәстүрін меңгеру арқылы жинаған тәжірбелерді, түсірген ашық кітаптардың бір парақтары екенін де мойындап тәубеге келген де жөн. Мүмкін аруақтар араша түсіп, осындай жоғалуға айналған ағайындарымыздың сынақтары да жеңілдеу болар деген үмітімізде бар. Сондықтан керісінше «сектаға» яғни ата жолына осындай жолмен берілген, көрсетілген хикметті нығметтерді, пайғамбарымыздың кітабына айналған «Бір» перденің (47;74=11-он бір бірліктің) яғни Мұса пайғамбарымыздың Раббымызбен тікелей сөйлескен хикметіне, «Біріне» яғни жан негізі болған жаннаттық 21-санды «Біздерге» көптеген пайғамбарлар, әулиелер бірліктеріне, перделеріне жалғану арқылы және пайғамбарымыздың сүннетерін орындау арқылы шапағатына жалғанумен, Раббымыздың рахметінен Құран аяттарынан белгілі бір сандық мәнмен сүренің көретін перденің үкімі түсіп, аққуларымыздың да тақуалығы қалыптасуымен жалғану арқылы болатын күрделі хикмет екенін де білгеніңіз жөн. Сондықтан басылым бетінде «Біз» деген сөзді көп пайдаланудың да сыры; Алла тағала мен арадағы 130 перде (Ыбырайым жолы, тәубенің көке шығар 13-сатысы), Ясауи бабамыздың толық меңгерген, ілімін қалыптастырып, түркі ұрпағына тура жолын салып берген, тақуалықты меңгерген әулие бабаларымыздың барлық елшілер, пайғамбарлар арқылы түсіріп көрсеткен бірлік амалдарды меңгеріп, бір-пірге айналып, ақирет сапындағы жаннаттық жүректердің «Бірліктерге» қосыла білген «Біздер» арқылы Алланың біздерге уахи, аяндарымен, хикметтерімен білдіретін патшалық, халифалық сипаттары екенін де жадыңызға тоқып алғаныңыз жөн. Ал енді адамзатқа келетін мұндай ақпараттық тазарудың жоғарыда есеб жүйесін көрсеткен, үш түрлі белгіден, заманның қиямет мезгілдік ақпараттық қозғалыс бейнесі туындайды. Біз бұл жазбаның бетінде тек сынақтық, қияметтік исламдық белгісінен яғни мұсылдық, рухани шомылып тазаруға негізделген яғни хижра жыл санумен ғана көрсетіп отырмыз. Ал енді григорян жыл санауымен барлық жер бетіне келетін және ғылым, білім, малдық қуаттармен ақты меңгеру және әрбір үмметік, діл-жандық ерекшелікке байланысты 11-сандық мезгілдік жандық, қандық жетілу сияқты жеке тағдырлық та аруақтық белгісі болады. Және масхаб білімен Ақ-арыстық сипат пайда болса, қалған Жанарыстық, Бекарыстық рухани жетілуді де меңгеруді тарихат, мағрипат, ақиқат деп әулие бабаларымыздың сатыларға бөліп намаздарын орындап көрсеткенін де естен шығармаңыз. Бұндай тарихи ғұмырлық дініміздің тура жолдың терең сырын, еліміздің атақты дін ғалымдары мен халыққа жол сілтеуге тағайындалған ел басшыларымыздың, имандылықтарының ар айнасы болған, дін істерінің басшылары есептеп халыққа таныстырар қияметік мезгілін де, себептік негіздерін де көрсетер деген үміттеміз. Ал енді мұндай әлемдік ақпараттардың аруақтардың судың буы болып көрінуімен ақ-бұлақ, яғни аянның бұлағы болып түркі елінен басталатынын бабаларымыз болжап, хақиқат білімінен хабар беріп кеткен екен.

Ақ бастау-Таза бұлақ –өмір суы-аяндар көзі.

Аталарымыз; «Бұлақ көрсең, яғни Раббымыздан аян көрсең көзін аш!» Ғылымын жорып, намазға айналдырып амалын жаса!-деп астарлы ескерткен екен. Ал Раббыздан ғылым, кітап білімі болып түсірілетін алтын, күміс суға, аян, уахиларға кісілер арқылы бейнеленіп, оқылған кітаптарына иман келтіру 18-ғаламмен байланысты оң жақ қол арқылы негізінен Ғиса пайғамбар арқылы келетін рухани нұсқаулармен байланысты болса, жан негізі Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлар арқылы жер бетінен, жартылыс әлемінен болып шариғат және тарихат негіздерінің ақ бұлақ көздерін белгісін береді. Жан тану, психология ілімде сана, жад, зерде, зейін, ерік ұғымдарын кездестіргенмен шет ел ғалымдарының ой жорыған білім негізде ешқандай өлшемі, тәндік орны, тән тазалығына мүшелеріне қатысты ерекшеліктері мен кеңістіктегі қуаттық, күштік, өрістік, түрлік, денелік сиапаттары жоқ тек білім ғана. Ал аталарымыз бұл сырларды философиялық нақылдармен көрсетіп кеткен және Құран аяттарымен өлшемдері де болуға тиісті. Алдағы басылымдарда құран кітаптары арқылы жан сырын баяндап көреміз. Негізінен көктен аспан мүліктерінің сәулесі арқылы түсіріп, жер есіктерінен, киелі орындардан нұр болып шығатын мұндай бұлақтардың үш түрлі сипаты болып және жұбы пары болуға да міндетті де ал көктік сандық мәні 10-санымен (саулықпен) белгіленеді. Мұндай байлық негіздері; «денсаулық, ақ жаулық, он саулық» болып зейнетелетінін және толықтай алғанда иман байлығы деп аталатынын да естен шығармаңыз. Ал негізгі 3-ші бұлақ көзі ақирет есігі болған, ислам діндегі елдер үшін ғана емес, әлем халқы үшінде мағрипат білімін меңгеру арқылы хақиқаттың ғылым көзі «Кәусар» болып, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жалғанумен байланысты екені хақ. Сондықтан Мұхаммед пайғамбарымызға негізінен берілген барлық дін қағидалары, нұсқаулары мен құран аяттары да таза бұлақ иман суы: «Кәусар» сүресімен 108 санмен Миғраждан алып келген үш аят үкімінің бейнеленуі болып; Кәусар; Айт намазы және құрбандық; Ұрпақ сабақтастығы болып нығметтелген. Ал негізгі сандық мәні; 108+3= 111-санымен жер әлеміндегі барлық «Бірлердің» негізі болып «Біздер» болып табылады. Бұл 108-санының құпиясын аталарымыз; «Сегіз қырлы бір сырлы» деп атаған. Сыр- жүзге байланысты ұғым болса, ал әрбір жүз алтын немесе күміс суы болып, осындай құранда 12-жүздің несібе негізі бар екенін; «Мұса пайғамбар таяғын тасқа ұрды да 12-бұлақ ақты» деп ескерткен. Олай болса «Кәусар» дегеніміз иман негізі болып таза бұлақ деп аталады. Ал «Бұл+Ақ» сөзін зертеп көрсек; «Бұл»-Ару, 7- үннің бұлақ көзі және ұрық, ұрпақ негізі болып табылады. Аталарымыз қыз туса, әнші яғни «Бұл-бұл» туды, ал ұл туса, қойшы- «Шопан», сөз бағушы философ-абыз туды деп ырымдаған. Егер ұл бола білмесең онда жіңішке мінезді «бұл» боларсың деген де сөз бар. Енді пайғамбарымызға берілген «Кәусар» (Кәу-с-ар: ар-уәк және «С»-зейнет, иман) сүресі барлық меңгерген Раббымыздан берілген кітаптардың жинағы және 3-түрлі адамзат рухани бұлағының «ар», «уақ», «с-ман» қуаттары болған жанның негізі және 5-рухани қуаттың көзінің бұлағы болып жиынтығында 8-санын тура жолдың намаз орындауын белгісін және 100-қой яғни адамзатқа ортақ меңгеруге тиісті лам- ой қуатынын қоссаңыз 108-санды кітап- Құран деп аталады. Олай болса Құран адамзаттың иман бұлағы. Енді Құран-Бұлақ болса, «бұл»-ару болса, онда «Кәусар»-Иман бұлағы және Аруақ болып шығады. Пайғамбарымыздың аруағының көрнісі таза бұлақ аруақтар негізі болып, баста жаратушымыз пайғамбарымызды адамзаттың таза ақылы таза бұлақ негізі етіп жаратқаны да хақ. Осындай қиямет мезгілі келіп, пайғамбарымыздың шапағаты ақыл бұлағы болып, өліктердің аруақтары сөйлеп; «Кәусар» бұлағының 3-негізді көзі мөр болып ашылатынын Міржақып Дулатов атамыз «Таза бұлақ» деген мысалмен ата жолының хикметін алдын-ала дәлелдеп көрсетіп кетіпті; Бар екен таудан аққан таза бұлақ, Түк ел жоқ маңайында қылған тұрақ. Жағалай біткен ағаш жапырақты, Жайқалып күн мен желден тұрған қорғап. Шілденің тас қыздырған ыстық күні Мөп-мөлдір суы салқын, әйбат түрі. Шыныдай жалтыраған тазалығы Көрініп айнадай боп жатқан түбі. Жаһангез үш жолаушы келе жатқан, Шөлдеген ыстық күнде таңдай қатқан Кез болып бақытына әлде қалай,Су ішіп мейірі қанған сол бұлақтан Рақат, сусын қанып, жан жайланып, Қарап тұр аққан суға қайран қалып. Көреді суағардан жазулы тас, Жағалап жоғарырақ жүрсе барып.Үшеуі мұны көріп қалды тоқтай; Жаһанда жазуы бар неткен тақтай?! (Тәурат!) Жазылған оқып көрсе сөзі мынау: «Болсаң бол, ей жолаушы, бұл бұлақтай!» Саудагер екен бірі үшеуінің, Тыңдаңыз сондағы айтқан сөзі мұның: -Япырай! Бұл жазылған ақыл екен, Өткізбей ағар бұлақ күні-түні. Алысқа бармақшы ол тынбай ағып, Қосылмас өзге бұлақ бұған нағып? Зорайып ақырында өзен болып, Суынан пайдаланар тамам халық. Меніңше, мұнан мұрат, мағына сол, Кәсіп қыл, жалқауланбай талапты бол.Бұлақтай мақсұтыңа сен де жетіп, Басыңа тигізерсің пайдаңды мол. Екінші ғалым екен аса зерек, Ол айтты басын шайқап, назданып бек; -«Бұл сөздің мағынасы сіз айтқаннан, Меніңше болса керек тереңірек. Бұл сөзден-ғибрат сол адамзатқа, Тегін қыл жақсылықты, пұлға сатпа. Бұлақтай кез келгенге даяр болып, Міндетсіз біліміңді тарат халыққа». Жас жігіт, жолаушының үшіншісі, Әдемі көрер көзге көркем кісі. Тоқталып еш айтпай тұрып еді, -«Не ойлайсың, сөйле, мырза!» -деді өзгесі. Бұл жігіт берді жауап сонда тұрып: «Орнында ақпай бұлақ тұрса тұнып, Шөп- шалам, шаң топырақ, селеу басып, Сарқылып қалар еді әлі-ақ құрып. Жұрт құмар бұлақ таза болғандықтан, Жазудан мағынам сол менің ұққан. Көңіліңді бойың менен таза сақта, Пәктікпен артыларсың сонда жұртан. Ақ пейіл, таза жүрек, жүзің жарқын, Секілді мөлдір бұлақ суы салқын. Болғандай дертке шипа жаны сүйіп, Шүбәсіз пайдаланар болсын халқың.» Міржақып атамыздың бұл мысалынан, адам баласының Алла тағала махаббатпен үш түрлі ілім, ақыл көзін кәусар бұлағынан ашып қайшылыққа түскен жағдайларды ескертіп, жаннатынан хабар беретінін және қияметтік хикметі арқылы ескірген білімді жаңалап, кірлеген ілімді тазалап, адамзаттың жаңа бір ақпараттық жетістікке көтеріліп, ғылым-білімді дамытатынын, өмірге дарынды қасиетті ұрпақтарды әкеліп, санасын жаңғыртатынын көруге болады. Бұл мысалдан 5-қуатты меңгеру өнерді, кәсіпті дамытатын ақыл «Бес қуатың бәрі де өнерге салар бар күшін» деген Абай атамыздың өсиетін ескертіп және ғылым-білімнің көзі болатын 3-түрлі Рабымызбен тілдесу көзі, кітаптардың оқылуымен, үшінші Мұхаммед пайғамбарымыздың 50-сауапты намаз орындауға, рухани тазару сүннеттерімен қоса 285; 286 аятармен үш негізді сырды тәпсірлеп кеткен. Осы қағидаларды «Кәусар» сүресімен 3-аятпен астарлы сандар тағлымымен белгілеп, адамзаттың барлық діндегі намаздары мен амалдарын сидырып, ислам дінінің барлық діндердің бірлігі екенін қазақ даналары ғана тәпсірлеп көрсете білгенін естен шығармағаныңыз да жөн. Осындай білімнен ғана ұлттық намыстың, адам ойының тазаруы болатынын да білген жөн. Ал енді қазақ елінде өліктердің бастары көтеріліп, ұрпақтарына аққу, сұңқар аталған өз қандастары арқылы хабар беріп, халықты рухани тазалыққа шақырған ақ бастаудың- бақтың қазақ жерінен басталуы да заңдылық еді. Оған дәлел қазақ даналарының мағрипатты тура жолды меңгерген шығармалары мен Ясауи бабамыздың сандар тағлымымен көрсеткен құран насихаты да айқын дәлел бола алады. Енді осы істерді зертеп, хақиқатын ашып ілімен білім арасының әділ ортасын таразысын меңгеруге тиісті білімді қоғам өкілдері мен жазушы, ғылымдар қауымы да бұндай жақсылыққа шақырған адамгершілікке негізделген істерді керісінше жын-шайтанан, деп Құдай ісіне ашық жала қойып, өздерінің атақ дәрежелерін пайдаланып, құдай хикметін, бабалар аманатын жек көрнішті етіп көрсетумен де ібіліс әскерлері тажалдарға айналып алғаны да хақ. Пайғамбарымыдың болашақта көктен түскен және өздеріне берілген; «11. Аманатқа қиянат жасалады. 17.Кейін келгендер өздерінен бұрынғы ғалымдарды білімсіз надан деп есептейді. 18.Ғалым, білімді адамдарда иман қалмайды. 19.Жақсылық жасайтын мұсылман ақымақ деп саналады.» деп ескерткен әулиелік пәтуасы қазақ елінде айқын жүзеге асты. Мысалға махаббат немесе күнделікті өмір тіршілігінен қарапайым суретеп өлең жазған ақын, немесе ортаң қол шығарма өкілдерін дәріптеп, ұлтымыздың жалауына айналдырып, ал Ақ ұлымыздың сол кездегі жазған әулиелік пайымдаулары ұлтымызға жат және адасқандық деп айыпталды. Әлі кезге дейін мұндай еңбектің бар екенін мойындауға жазушылар атты қоғам мүшелерінің екі жүзділік намыстары жібермей жүргендері де сөзсіз. Мысалға «Сүйінші!» деген өлеңінде; «Ақ сарбас, Ақ сарбас, Жақсылық болсын тоқталмас. Бақ құсы қонып қазаққа, Күш-қуат бітті қанатқа. Шуақ нұр таң атқанда, Аруақ үнін қатқанда. Тылсымнан есік ашқанда, Бөрікті атқын аспанға. Ғасыр мен ғасыр алмасып, Өткенге бүгін жалғасып, «Аллаға» жүзін бұрады, Заманның жаңа бұлағы. Ой-сана жетер кез келер, Оны да ұрпақ көз көрер, Ашылған бұлақ елімде, Айналар әлі-ақ теңізге. Тіршілік кілтін адамзат, Ұстайық біз де бағалап. Болашақ шуақ нұры ғып, Қазаққа түскен сыр құлып. Сүйінші жолы-жақсылық, Алланың жолы-ақтылық. Қазақтың «қонған бағына», Түсінбес пенде жүр күліп. Заманның жаңа жолы-бұл, Шындық та жеңер, күні бір. Қазақтар-болар жол басы, Адамзат-тірлік айнасы. Сүйінші-алар сыбағам, Дәстүрлі ата ұнаған. Биікте тұрар ұрпақтар, Іңгәлап бүгін жылаған.» (13 қаңтар. 2001 жыл) Бірақ Ақ ұлдың мұндай қазақ халқына келген бақтың туын ұстап, араммен арпалысып, көптеген жастарды, халықтың да көзін ашқан батылдығына берген ел басшыларының сыбағасы әлі кезге дейін бұлақ көзіне арамдықпен бітеп қойған тас болып, ел басшымыздың шаруашылықты дамытудағы ерен еңбегінің руханиятпен қабыспаса, онда сол жылдары іңгәлап жылаған ұрпақтардың болашақта біздің осы уақытағы ел шаруашылыға жасаған еңбектерді ұрпақтарымыз түкке алғысыз қылып, тарихымызда қара таңба болатыны да сөзсіз. Ал мұндай рухани дағдарысты ескеріп жүрген, ел басшымыздың сенген бірде-бір уәзірін әзірге көре алмадым. Ал ел басымыз мазақталса осы замандағы бүкіл өздерін ақылды, ел басқарушылар, билік тарапында болған қауым өкілдері де абыройлары айрандай төгілетінін білмейді. Олай болса қазақтың рухани жетілуін қаламайтын тажалдар ел басқару саласында мықты отырғаны да хақ. Ал енді өздерін «зайырлы»-қасиетті атаған сөз басшы қауымымыздың, кешегі өткен арыстарымыздың арманын, көріпкелдік, әулиелік сөздерінің іске айналғанын пайғамбарымыздың бұлағының көзі ашылғанын, қазақ дінінің бейнесін ашық көрсетіп, қазақтың жастарының ұлттық намысын көтеруге ән қылып, халықтың алдында ұран қылып айтуға неге болмайды? Әрине әзірге еліміздің тажалдарының басына құдайдың қылышы түспей ұлықсат та бермейтіні сөзсіз. Бұндай өлеңді және әулиелік пайымдауды суқаны сүймейтін дін, сөз басшыларының жүректері жабылып, құлақтары (тылсымдық көздері, сызыққа айналып) созылып, тажалға айналғанын өздері де сезер емес. Енді мұндай Құдайдың келген нұрынан ашық жала жабуға жол беріп және жәрдемшісінен айналған ел, дін басшылары өздері тажалға айналғанымен қоймай, ел басшымыздың болашақ ұрпақтар алдында айыпталатын сынақтың түсуіне, үлкен рухани сүріндіруге әкеліп соқтырды. Бұл қателіктерді ел басшымыз Құдайдың үкіміне ұшырамай, әзірге тірі кезінде түзеп, шешім шығара алмаса, онда осы заманаға сәйкес ел шаруашылығын көтеріп, болашақтың несібесін жаңғыртып жатқан бүкіл қауымның, біздердің де еңбектеріміздің босқа кетіп, өскелең ұрпақарымыздың алдында да, тарихта да таңбаланып бәрімізде айыпты болатынымыз да хақ. Бұл «ібіліс» әскеріне «шайтан жамағатына» айналған, ағайындарымыздың- тажалдың ірі зор жеңісі болып, ал екінші жеңісі төмендегідей сипатта болды.

Ниет- пейіл, ақыл қуаты, сенім-естілік қуаты

Аруақ қуатының жоғарыда қолдағы жеті сүйекпен байланысты екенін ескерттік, бұдан шығатын қортынды тіптен қолды жалаңаш ұстаудан да; мысалға шынтақ арқылы қара қуаттардың, күн сәулесінің жатырға өтуімен, ұрпақтың ауру, жетімсіз немесе рухани жынды, мастығынан айықтыратын, ми, бас құрлысы жетілмей туына да себепші болмақ. Және ми құрты «менингит» ауруына қарсылық қуаттары да жетімсіз болуы сөзсіз. Сонымен енді; Ниет сөзін зертесек; «Ни»-«Ин»-алтын, жандық; «Ет»-малдық қуат болып жіктеледі. Ал «Ет»-қуат негізі әйелдік етектің яғни үш ағаш-гамма сәулесінің тазалығына яғни аталарымыз ескерткен; «Келіннің аяғынан», ұрпақтық аяқ-тостағанынан пайда болады. Заманның жетілген ақпараттық ағымына сай, ойлау қабілеті жоғары сапалы ұрпақтарды тәрбиелеу үшін, қазақтың білімді ел басқарушылары жастарға білім арқылы ұлттық «зияткерлік» қабілеттерін қалыптастыру керек деген саясатты ұсынып отыр. Алда «Зият» сөзін астарын талқылап көреміз. Әзірше осы қалпында алып, ал мұндай құпия зерделі және зерек, жетелі, саналы болатын болашақтың өнімі болып нәтижеленетін рухани қазына байлық егесін, күзетшілерін қалыптастырудың қалай неден бастарын да өздері де толық түсіне білмейді десек қате емес. Себебі; Бұл мәселеге айқын дәлел қазақ елінде жоғарғы оқу орындарында ел басқарушы ұрпақтарды дайындауда бағыт беретін ұлттық жан сыры-психология және сөз құпиясы, сөз қуатының өлшемін, ақыл-ойдың таразысын, адамзат ұжданын тәрбиелейтін философиялық даналыққа негізделген бір де-бір ортақ оқулығы жоқ. Және филосов ғалым дегендеріміздің өзі жалған, даналықтары жетілмеген, тек философия даналығының, заман білімнен қарай болшаққа бағдар бертін көрегендік рухани болжампаздық, абыздықтың орнына қарапайым сөз білімін меңгеруді, шешендікті яғни логикалық тілдік білімді ауыстырып алған да, барлық әлем ойшылдарының еңбектерін саралап өз ой жоруларын тықпалаумен ғалым аталғанан басқа рухани маңызды түкте жоқ. Бұл пәтуаға күмән келтірсеңіз онда барлық қазақ филосов, психолог жазбаларын құранмен, інжілмен салыстырып көріңіз. Және бұндай топтың арасында филосов ғалым қатындардың пайда болуынан-ақ, сөз құндылығының дәрежесі логикалық сатыдан аспай қалғанын өзі-ақ белгілеп көрсетіп тұр. Сондай-ақ діндегі құран философиясын және пәтуаларын қатындардың еркектермен бірдей меңгеруінен-ақ, құран сөз құндылығының, еркектерге ғана берілетін уахидың жоғалғанына ашық дәлел болып тұрғаны хақ. Философиялық білімнің елшілік қасиеттермен байланысты сөз астарын терең меңгеріп түсіндірумен және жан ғылымы кітап берілумен тікелей байланысты. Бұл діннің негізгі 70-бұтақты иман дәрежесін меңгеру арқылы ғана көкке жоғары ақылға жалғанудың дінің хақиқатына жетудің яғни 4-сапасы болып есептеледі. Сондықтан мұндай қуатты сәулелік ақпартарды меңгеру еркекке ғана тән шаруа болып, әйел халқына мұндай белгінің 3-сапасын логикалық дәрежесін, адамзаттың ортасы қабырғасы, мойны болуға ғана жартылыс табиғатына сәйкес болмақ. Олай болса, исламдық әлемде және қазақ елінде де сөз құпиясын заманға қарай зертеу ғылымы, логикалық ұлттық тіл білімі де өз дәрежесінде заманына қарай өсіп жетілмегеніне дәлел бола алады. Енді логика білімінен мысал бере кетейік; Жалпы орыс тілінде ниет сөзі «интелект» болып мағына береді. Енді «ин»-алтын, теле-дене-ет, «ек-т»-тілді егу болып жіктеледі. Негізгі қуат өлшемдері «Ек»-еркектік, «Ен»-әйелдік екі жынысқа ортақ боғанда «Ин» болатын қуаттық шамаларға тәуелді болмақ. Сондықтан «интелек»-тік қабілет «Ен-Ек» яғни «Неке» сырына тәуелді пайда болады. Олай болса құранда бұл негізді 4-санымен белгілеп, «Ниса» (Ас-ин) яғни рухани азық сүресімен көрсеткен, отбасылық жағдайға, ұлттық салт-дәстүрге тікелей тәуелді жағдайды ескертеді. Сондықтан «Ин» әйел затының шашына, 20-түрлі қышқылдар негізінен, көру қабілетіне тәуелді болып, оны қалыптастыру бес сезімдік қуаттың негізіне тәуелді яғни естіп көретін қабілеттіліктен жаратылатын ата шауқытына «Ек»-ке байланысты жетіледі. Олай болса жастардың ұлтық «интелектісін» қалыптастыру дегеніміз ұлттық ниетін, ақыл, білім қабілеті мен және сенім қуатын, иман-естілігін жетілдіру болып түсіндіріледі. Ал ниет болса; қан, тән-ет, жан тазалығына, адам баласының ар ұятына, миятылық, зиятылығының шамасына яғни ойды шамасына қарай өлшеп беретін бас мүшелерінің тазалығын қорғайтын аруағының толық қалыптасуына тікелей тәуелді. Аталарымыз бұл жан сырын; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп қарапайым астарлы сөзбен барлық ғылымдық сапасын көрсеткен. Ал ұлтына сай, Абай атамыздың дәлелдеп көрсеткен төртеудің негізі ар-ұятылық және тіл мен сөз тазалығы сақталмағанда, онда көздердің еті, бездері өліп, аруағы да рухани жетілмей жоғарыдағы көрсетілген түрлі тозақтық азаптардың себепшісі болуы даусыз. Сондықтан ойдың таразысы-Ниет адам баласының жалпы тән және рухани тазалығына тәуелді. Дін имамдарымыздың пәтуаларында ниетпен сенімді шатастырып, бір ұғымға айналдырып түсіндіреді. Негізінен қате пікір және таразының бір басына ниетті яғни ой қуатын қойып, екінші басына білімге, тұрмыс тәжірибесіне қарай қалыптасқан ақылды қойып, таразы ортасы тең ұстап тұрушы сенім қуаты пайда болатынын ескерген жөн. Осындай діннің үш түрлі сапасынан және төртінші ортасын белгілейтін өлшемі, таразыдан барып төртеу түгелденетін имандылық қағидасын тек қазақ даналар еңбегінен ғана табуға болады. Негізінен иман қуаты қан, жан тазалығына тәуелді болған бектік-тектік, ағаштық негізге жандық-балдық тіл тазалығының негізінен және ақтық-бекзаттық адамгершілік қасиеттің, адам періштелігінің тақуалығының шамасына тәуелді болмақ. Бұл адамзат иманың жоғарғы белгісін аталарымыз «Ақарыс», «Бекарыс», «Жанарыс» деп ат қойған да оны да тарих, философ ғалымдарымыз зертемей адам атына айналдырып алған. Мысалға; Ақарыстық тәнге сабырлықты меңгеруге, бой ұсынуға байланысты әйел, еркекке де тән тақуалық бірінші байлық денсаулықтың және негізі болса; Жанарыстық сипат діл біліміне ана тіліне, әйел халқының қан тазалығы мен «Қызға қырық үйден тиым» деген қағидаға сәйкес тектілік, қасиетілікті номадтық сипатты білдіреді де. «Бек арыстық» сипатты тек еркектерге ғана тән болып, егер әйелдік атауларға «Жұпар, Жанар» деген сияқты «Бек» сөзін қосаңыз; Жұпарбек, Жанарбек болып еркеке айналып шыға келетіні сияқты негізінен елшілік қабілетке, бақсылық қасиеттерге яғни қожалыққа байланысты; «Үйдің жақсы болуы ағашынан, ұлдың жақсы болуы нағашысынан» деп барлық үш жүздің де сипатын сіңіргенде осындай бекзат адам баласының қалыптасатынын ескерткен. Бұл бектік қағида құранда 12-сүре Жүсіп пен Жақып пайғамбарымыз үлгісінен, ғибрат алуға болады. Мұхаммед пайғамбарымыздың меңгерген негізгі жолы болып та саналады. Енді ортасы болған «Жанарыстық» қабілетті негізінен «Мариям» 19-шы сүре, 91-сүремен байланысты да және де аталарымыз; «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тыныс бар» деп Ақ арыстық қасиетке жету үшін де үш арыстық белгісін де меңгеруді ескерткен. Бұл қысқаша ғана нақыл сөздермен-ақ қазақ философиясының бүкіл жан ғылымын қамтып, құран насихатын қарапайым сөздермен түсіндірумен бірге және әлемде тура жолда болып, барлық кітаптарды меңгергенін айқын әшкер жариялап тұрғаны даусыз. Тек бұл байлықтарымызды өзге тілдерге тіптен арап тіліне де аударып та түсіндіретін ұлттық ар-намысты философ, дін ғалымы әзірге табылмай жатыр. Себебі олардың өзі надандықтың, қызылбастан келген жолдың қақпанына түсіп, бар сөз тек ислам келгенен кейін араптардан басталады деген сөзге сенім келтіреді. Олай болса жүректеріндегі имандарын өзге елдің салтын ұстанумен, жалаңбас жүрумен шайдырып алған және қатындары да төсек арқылы санасын жауып тастаған. Ал, негізінен қазақ философиялық құндылықтарының өзі қысқа нақыл аяттармен, ғұрыптық ырымдармен бүкіл діннің шарттарын да ашып көрсетуімен бірге, бұрынғы аталарамыз меңгерген салт-дәстүріміздің өзі құраның және пайғамбарымыздың көктен-Астанадан алып келген үш аят үкімнің намаздарының орындалу нәтижесі және бірлігі екенін ислам әлемінде қазақ аталарымыз ғана меңгеріп аманат қалдырған. Сондықтан Абай атамыздың қазақ баларының «интелектік» қабілетін жетілдіру үшін де осы үш жүздің бірлігін иман қуаты, ағашы арқылы ғана қалыптастыру мүмкін болатынын уайымдап, болшақ ғалымдарға аманаттап; «
Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет