Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылы №52 Б. Аралбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нысан Жанат Бақытқызы



Дата02.07.2018
өлшемі198,93 Kb.
#45391


Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы

Сүттіқұдық ауылы №52 Б.Аралбаев

атындағы орта мектептің бастауыш

сынып мұғалімі

Нысан Жанат Бақытқызы

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

«Таным » білім беру саласы Пәні : Математика. Мектепалды даярлық сыныбы

Тақырыбы : « 5 саны мен цифры»

Мақсаты : 5 саны және оның құрамымен таныстыру.Қисынды жұмбақтар жасыру арқылы,баланың логикалық  қабілетін дамыту,тапқырлығын арттыру.5 санына байланысты айтқызу барысында тілдік қорын молайту.Ойын арқылы баланы жан-жақты тәрбиелеу.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қызығушылық

Шашы алтын , көзі от,

Шыға ғой күн тезірек.

Шуақ берші, жылу бер

Маған , оған, досыма,

Тағы , тағы , тағы да.

«Сандар әлеміне» саяхат



Балалар қайталап шығады.



Ұйымдастыру- іздестіру

- Балалар қазір қандай мезгіл?

-Қыс.


-Қыс неше айдан тұрады?

-Үш.


-Қазір қыс айының бірінші айы.

-Күн қандай?

-Суық.

-Балалар бүгін біз "Сандарәлеміне" саяхатқа шығамыз.



-Алда қандай мерекелер келе жатыр?

-Тәуелсіздік мерекесі, жаңа жыл мерекесі.

-Ендеше балалар Аяз ата бізге қарай жаңа - жыл жақындап қалғанын біліп, жолға шығыпты.

Аяз атаның сендерге арнаған тапсырмасы бар екен.

1- ден 10-ға дейін тура санау, кері санау. Екі оқушы шығып санап береді.

- Балалар ормандағы ең кішкентай аң қандай аң?

-Тиін.

- Тиін немен қоректенеді?



-Жаңғақпен.

-Балалар, тиіннің жаңғақтары жерге түсіп қалыпты, соны алып берейік.

"Жаңғақтарды теру" 1-4 сандарына байланысты тақпақтар.

Балалар саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз.

- Балалар аю күн суықтан тоңып тұр екен. Сол аюмен бізде сергіп алайық.

Сергіту сәті.

-Жолбарыстың тапсырмасы.

- Жұмбақ жасыру.

Мұз айдынында 4 бала сырғанап жүр. Оған бір бала келіп қосылды. Мұз айдынында неше бала болды?

- бес.


-Балалар біз өткен сабақта - санын өткен болатынбыз.

-5 қандай сан?

-тақ.

-Неше бірліктен тұрады?



- бес бірліктен.

-Ендеше сол бестікті "сандар әлемінен іздеп бара жатыр екенбіз.

Бес жайлы тағы не білеміз?

- Қолымызда неше саусақ бар?

- бес саусақ.

-Оның аттарын білеміз бе?

- бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.

- балалар мына бейне көрініске назар аударайықшы. Бес саусақты тағы қалай атауға болады.

- "Сандар әлемінен" өтілетін сандарды атау.

- дұрыс, балалар "сандар әлемінен" өтілген сандарды таптық. Соңғы танысқан бес санынан байланысты тақпақты кім айтады?

-Дәптермен жұмыс.

Қасқырдың тапсырмасы.

1. Тауықтың алдында екі балапан, артында екі балапан, барлығы неше балапан?

2.Суретте төрт алма, бір алмұрт бар. Барлығы неше жеміс тұр.

3. Санамақты кіма айтады?


Оқулықпен жұмыс жасайды. Мұғаліммен бірге тапсырманы орындайды .

Рефлексифті – түзетушілік


Бір дегенім бесік,

Шықтым содан өсіп.

Екі дегенім елім,

Далам, тауым, көлім.

Үш дегенім үміт.

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім бақыт.

Бағалайтын уақыт.

Балалар осымен сабағымыз аяқталды.

Сендерге сандар әлемінен жақсы сыйлықтар алғанмын соны таратып берейін.





Санамақты бірге қайталайды.

Нені біледі : 5 саны ме.н цифрын ; 5 санының құрамын;

Қандай түсініктерді игерді : 5 санының жазылуын ,

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері : таза жазуды; өз бетінше 5 санын жаза білуді;

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы

Сүттіқұдық ауылы №52 Б.Аралбаев

атындағы орта мектептің бастауыш

сынып мұғалімі

Нысан Жанат Бақытқызы

4 сынып . Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы:“Қорқыт”

Мақсаты:Қорқыт ата жайлы аңызбен таныстыру, түсініп оқуға, түсінгенін әңгімелеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құрастырып, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. Ертегі мен аңызды ажырата білуге, зерек болуға, терең ойлауға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, музыкалық аспаптар,интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа дайындау.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Өнерлі жігіт мәтінін оқу.



Үй тапсырмасын пысықтау.

Ұяшық таңдау арқылы өткен сабақты еске түсіру.



Ұяшықтың сұрақтары:

1-сұрақ. Әл- Фараби туралы не білесің?

2-сұрақ. Жігіттің қандай өнері әл-Фарабиге ұнап қалды деп ойлайсың?

3-сұрақ. Әл-Фараби жігітке қандай ұсыныс айтты?

4-сұрақ. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?

5-сұрақ. Батырлар жыры дегеніміз не?

6-сұрақ. Аңыз дегеніміз не?

ІІІ.Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт

Қорқыт ата жайлы видеоролик көрсетіледі.



Оқулықпен жұмыс

1.Қорқытты қандай сауал көп ойландырады?

2.Қорқыт түсінде не көреді?

3.Ол қандай сөзді байқаусызда айтып қалады?

4.Аңыз бойынша Қорқыттың өмірі қалай аяқталады?

Дәптермен жұмыс

Аңызда кездесетін жер-су аттарын

дәптеріңе жазып ал

Семантикалық карта






Қайтеді?

Құстар




Жел




Аң-құс




Өзен




Гүлнұр Оразымбетова

“Қорқыт -қобыз”өлеңін тындату.



Бағалау.Қорытындылау.

Үйге тапсырма:

Оқу, түсінік айту.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет