Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мұхатова Бахытгүл



Дата27.07.2017
өлшемі54,86 Kb.
#22212
түріОқулық
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының



Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мұхатова Бахытгүл

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Тақырыбы: Отбасы –өмір аясы

Құндылық : Сүйіспеншілік. Қасиеттері: мейірімділік, қамқорлық, сыйластық.


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейте отырып, «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Оқушыларға отбасының маңыздылығы жөнінде түсінік бері;

Дамытушылық: Оқушыларды отбасы құндылықтарын қастерлеуге баулу;

Тәрбиелік: Оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар мен материалдар) Оқулық , дәптер

және интер тақта,шар.





Ескерту

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

ә) 5 «Т» ережесін еске түсіру.


  • Тәртіп +cүйіспеншілік

  • Талап

  • Тазалық

  • Тыныштық

  • Татулық

ІІ.Тыныштық сәті. (Жағымды күйге ену)

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын алып, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

Балалар «Нұрға боленуде» қандай әсерде болдыңыздар?



ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Тақырыбы: 18– сабақ, 95-97 беттегі

Ш. Айтматовтың «Мұрап» атты мәтінін оқып келу.



  • 1. Мәтіннен қандай ой түйдіңіздер?

  • 2. Қаратайдың отбасына қандай сипаттама берер едіңдер?

3. Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыңдар?




ІҮ. Дәйексөз.

«Үйлену дегеніміз- өз құқығыңның жартысын азайтып, міндеттеріңді екі есе көбейту деген сөз.»



А.Шопенгауэр

Балалар дәйексөзді ұлдар боп, қыздар боп, хормен айтайық.

  • Балалар дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

  • Осы дәйексөзді дәптерге жазып алыңыздар.

( балалардың жауаптарын қорытындылаймын)




Ү. Әңгімелеу. Мұғалім сыйы Ш. Мұртаза. «Қызыл жебе» романынан үзінді.

Оқушылар үзіндіні сыныпта мәнерлеп оқып, соңында берілген сұрақтарға жауап беріледі.



Сұрақтар.

1. Ізбайшаға күш беріп тұрғанқандай сезім?

2. Отбасы берік болу үшін ерлі-зайыптылар бойында қандай қасиеттер болуы қажет деп ойлайсыңдар?





ҮІ.Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар «Менің отбасым» тақырыбында ойтолғау жазады.






ҮІІ.Топпен ән айту. Ана туралы жыр

Сөзі: Ғ.Қайырбековтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым

Өзіңе арнаған

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап

Өсірген жемісің.

Самал жел, сая бақ

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де

Мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей

Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым,

Анашым жан сырым.

Іздедім сен үшін

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын

Сыйлар ем, кеш мені.

Сыйлар ем ай, күнін

Қолыма түспеді






ҮІІІ.Үй тапсырмасы.

Оқулықтан 109-112 беттердегі Ғ. Мүсіреповтің «Ақлима» әңгімесін оқып келу.

Дәптердегі 19-сабақ, 28-29- беттегі 1,2-тапсырманы орындап келу.





ІХ.Сабақтың қорытынды сәті.

Баяу әуен қосылады.



Көзімізді жұмып, осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Енді көздеріңізді аша қойыңдар. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін. Cабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет! Сабақ аяқталды.




Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет