Ќызылорда облысындаєы



бет46/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#34994
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   203
Мергенсай – жер атауы. Арал теңізінің Көктырнақ түбегіндегі жер. Мергенсай ауылдық округінің Жалаңаш ауылында орналасқан. Жалпы жер аумағы – 34553 га, оның 29027 га-сы қырдың жайылымы. Арал ауданының орталығынан 64 км жерде. Бұрын бұл жерде балықшылар қоныстанған елді мекен болған. Осы елді мекен тұсында үлкен сай болған. Осы сайда аңшылықпен айналысқан мерген болған деседі. Сондықтан бұл жерді «Мергенсай» деп атап кеткен болу керек.
Мойнақ – ауыл. Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде. «Мойынға ұқсас жердегі ауыл, құдық» мағынасындағы атау.
Мойнақ – құдық. Арал Қарақұмының батыс бөлігінде.
Мүсіреп – құдық. Арал Қарақұмының батыс бөлігінде. Бұл атауды ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген батырлығымен де, байлығымен де елге сыйлы болған, кейін қазақтың алып жазушысы Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» повесінің кейіпкері болған Мүсірептің атымен байланыстырады.
Мыңбұлақ – бұлақ. Арал теңізінің солтүстігінде. «Ондаған немесе одан да көп бұлағы бар жер» мәніндегі атау.
Мырзаш – қыстау. Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде, Сырдария өзенінің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.
Науша – қыстау. Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.
Нұржан – қыстау. Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде, Арал теңізіне жақын.
Нұрлыбай – төбе. Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде. Абс. биіктігі – 103 м. Кісі есімінен қойылған атау.
Ошаққұдық – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде.
Палуаншік – мүйіс. Арал теңізінің солтүстік-шығысында, Көкарал түбегінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Рай – құдық. Арал Қарақұмының батыс бөлігінде. Тереңдігі – 2 м, шығымы – 150 л/с. Кісі есімінен қойылған атау.
Райым – ауыл, өзімен аттас ауылдық округтің құрамында. Арал қаласынан оңтүстікке қарай 100 км қашықтықта, Райым көлінің жағалауында орналасқан. Іргесі 1932 жылы балық аулайтын ұжымшар ретінде қаланды. Кейіннен ұжымшар орталығы Қызылжар ауылына ауысты. 1996 жылдары Райымда шаруа қожалықтары құрылды. Тұрғындары негізінен мал бағады, балық аулайды. Елді мекен жанында ортағасырлық Райым қамалының орны сақталған. Кісі есімінен қойылған атау.
Райымкөл – көл. Сырдарияның оң жағалық аңғарында, Райым ауылының оңтүстігін ала орналасқан. Аумағы – 17,0 шаршы км, ұзындығы – 3,7 км, ені – 2,7 км, ең терең жері – 4,5 м, суының көлемі – 8,0 млн. куб метр. Көлдің оңтүстігінде бұрынғы Совет каналының орны сақталған. Көл жағалауы жайпақ, саяз, оңтүстігін, оңтүстік-батысын және батысын ну қамыс, қоға басқан. «Райымның көлі» мәніндегі атау.
Сабырбай – құдық. Арал Қарақұмының батыс бөлігінде. Тереңдігі – 3 м, шығымы – 100 л/с. Кісі есімінен қойылған атау.
Сағындық – қоныс. Арал теңізінің солтүстік-шығысында. Кісі есімінен қойылған атау.
Сазды – ауыл, Октябрь ауылдық округі құрамында. Арал қаласынан солтүстікке қарай 88 км, округ орталығы – Шижаға ауылынан 70 км жерде, Баршақұм құмды алқабының оңтүстік шетінде орналасқан. Ауыл 1957-96 жылдары асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін «Арал» кеңшары бөлімшесінің орталығы болған. Бөлімше негізінде Саздыда шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Орналасқан жерінің ортасында көлемді саз болғандықтан «Сазды» деп аталып кеткен.
Сапақ – ауылдық округ орталығы, темір жол бекеті. Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде. Кісі есімінен қойылған атау. Сапақ би кезінде Жанқожа батырмен құрдас, үзеңгілес болған деседі. Бекмырза ханды Орынборға апарып хан сайлатқан өзі деген деректер бар.
Сарыбастөбе – қоныс. Арал теңізінің солтүстік-шығысында.
Сарыбеткей – темір жол бекеті. Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде.
Сарыкөлшік – жота. Арал теңізінің солтүстік-шығысында.
Сарықұм – қыстау. Арал теңізінің солтүстік-шығысында, Көктырнақ түбегінде, Жалаңаш ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан. Бұрын бұл жерде колхоздың малдары жайылған. Құм іші мал жайылымына қолайлы. Қазір де тұрғындар малы осы Сарықұмда қыстап, жайылады. Сары және құм сөздерінен жасалған. «Сарғыш, ұсақ құмдар» мағынасындағы атау.
Сарыоба – төбе. Арал теңізінен солтүстік-шығысында, Алтыншоқысу жотасында. Абс. биіктігі – 249 м. Бұл атаудағы сары сөзінің бірнеше мағынасы бар: негізгі мағынасы түспен байланысты, екінші мағынасы Е.Қойшыбаев (1985) «кең байтақ, алапатты» деген ұғымдармен байланыстырады. Ғ.Қоңқашбаев (1963) атаудың семантикасын «үйілген сары тастар», - деп берген. Біздіңше, осы атаудың мағынасы тастардың түр-түсіне (үлкендігіне) қарай Сарыоба (сары тастар үйіндісі) деп аталған.
Сарыүлек – темір жол бекеті. Сексеуіл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде. Түйе атынан қойылған атау.
Сарышоқы – төбе. Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында, Арал Қарақұмында. Абс. биіктігі – 96 м. Төбе тастарының түр-түсіне байланысты қойылған атау.
Сарышоқы – төбешік. Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде. Абс. биіктігі – 90 м.
Сарышығанақ, Үлкен Сарышығанақ – көл. Кіші Аралдың солтүстігіндегі құрлыққа бойлай еніп жатқан су айдыны. Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 22 км жерде орналасқан. Батыс жағалауын құмды-төбелі келген Көктырнақ түбегі алып жатыр. Шығыс, оңтүстік-шығысын түгелдей дерлік Арал Қарақұмы құмды алқабы қамтыған. Солтүстігінде Үлкен Сарышығанақ атты бұта аралас сораң шөп басқан қоныс жатыр. Сарышығанақтың жағалауларында бірнеше қыстаулар бар. Түске байланысты қалыптасқан атау болса керек.
Сарышығанақ – елді мекен. Сексеуіл кентінен 36 шақырым арақашықтықта орналасқан. Бұл жер сарышығанақ атты бұта аралас шөп басқан қоныс. Шығанақтың Арал қаласына дейінгі аралығын жұмсақ тау жынысы және теңіздің түбіне шөккен тұнбалы балшық жер алып жатыр. Бұл шипалы балшық шығанақта 2-10 метр, теңіздің суынан жаңа арылған жерінде 35-40 метр тереңдікті алып жатыр.
СексеуілАрал ауданындағы кент, кенттік әкімдіктің орталығы, темір жол бекеті. Арал қаласынан солтүстік-батысқа қарай 53 км жерде, Алтыншоқысу тауларының оңтүстік баурайында, қуаң шөлді белдемеде орналасқан. Кенттің іргесі 20-ғасырдың бас кезінде Орынбор - Ташкент темір жол магистралін салуға байланысты қаланған. Станса ежелден-ақ маңызды орталық болып саналады. Сонау «ақтар мен қызылдардың» өзара арпалысы кезінде, Ұлы Отан соғысы жылдарында туған жерге пана, малға қорек болған сексеуіл орманы, паравоздың отыны, халықтың күнкөрісіне айналыпты. Бұрынғы сыңсыған сексеуіл орманынан бұл күнде қалғаны стансаның Сексеуіл деген аты ғана.
Серекеқазған – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде. «Сереке есімді кісі қазған құдық» мағынасындағы атау.
Стан – канал атауы. «Тұщы көлдері» жүйесіне су жіберуге арналған. Бұл канал Балғабай, Бекетай каналдары сияқты Бөген балық зауыты кезінде қазылған. Бұл канал жолаушыларды қайықпен әрлі-берлі өткізіп отырған Стан-Күлік жаманкөздің Сарысының атымен аталған.
Сорбұлақ – бұлақ. Арал Қарақұмының батыс бөлігінде. «Тұзды, батпақты жердегі бұлақ, шағын батпақты көл» мәніндегі атау.
Соркөл – көл. Арал қаласынан солтүстікке қарай 22 км жерде. «Тұзды, батпақты көл» мәніндегі атау.
Соршыққан – темір жол бекеті. Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде.
Сүйікбет – қыстау. Баршақұмның оңтүстік-батыс бөлігінде.
Табанқұдық – құдық. Арал Қарақұмының батыс бөлігінде.
Тайобай – құдық. Арал теңізінің солтүстік-шығысында, Баршақұм өңірінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Талдыбек – құдық. Қаратүп түбегінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Талдыеспесай – құрғақ арна. Арал теңізінің солтүстік-шығысында, Ақеспе ауылының маңынан өтеді. Атау құрамындағы еспе жағырапиялық термин ретінде қолданылады. Қазақстанның әр аймағында аздаған жергілікті ерекшелік бар. Оңтүстікте еспе деп құмға қатысты айтылады. «Талы көп өскен еспе құмды сай» мәніндегі атау.
Талқамбай – қыстау. Баршақұмның оңтүстік-батыс бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Тамшыма – құдық. Арал теңізінің солтүстігінде. «Суы өте аз құдық» мағынасындағы атау.

Каталог: sites -> default -> files -> documents -> tilder
tilder -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Тіркеуден және қайта тіркеуден өткен күні Көшбасшысының аты-жөні
documents -> Мазмұны беттер І. Жаңалықтар хроникасы
documents -> Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бағытында 2012 жылы атқарылған жұмыстар
documents -> Қызылорда облысы көлемінде жұмыс жасайтын бұқаралық ақпарат құралдары
documents -> Қазақстан республикасының президенті н.Ә. Назарбаевтың
documents -> БАҚ Атауы Меншік иесі
documents -> «Қызылорда облысы әкімдігінің 2012 жылғы «28» желтоқсандағы №722


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   203




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет