Қызметтік хаттар


Рекламациялық (наразылық) хаттарда



бет6/14
Дата01.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#107482
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
a0daa36d-0854-4877-8f5d-070cfba9e7d1
a0daa36d-0854-4877-8f5d-070cfba9e7d1
Рекламациялық (наразылық) хаттарда келісім-шарттың немесе шарттардың талаптарын басқа тараптың (контрагент) бұзуы салдарынан шеккен зиянды өтеу талаптары баяндалады. Рекламация хатқа қоса берілетін акті, анықтама жəне т.б. түріндегі құжаттармен расталуы тиіс.

Коммерциялық хаттар келісім-шарттар жасау жəне орындау кезінде жазылады, оларда негізінен тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат ұсыну немесе керісінше тауарлар мен қызметтер ұсыну туралы өтініштер жазылады.
ӨТІНІШ ХАТ

Белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді шешуге тілек-өтініш білдіретін хат.





РЕСМИ ХАТ

Белгілі бір мекеменің атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелердің жазбаша хабарлануы.



Тапсырмалар:

1. Алматы қаласындағы мектептерге 2010 жылдың 20 мамырында қалалық «Жыл мұғалімі» мұғалімдер сайысы өтетіндігі туралы ресми хат жолдаңыз.

2. Қалалық Ішкі істер басқармасының Жасөспірімдердің ісі инспекциясының инспекторы атынан мектеп директорларына қаладағы криминогенді жағдайды ескеріп, 2-ауысымның оқушыларын сабақтан қараңғы түспей босатуын сұрап, ресми хат үлгісін жазыңыз.

3. Сіздің фирмаңыз туралы жалған ақпарат берген жергілікті газеттің бас редакторының атына айтылған фактілерді жоққа шығаратын дерек­тер келтіріп, келесі газет санында кешірім сұрауын талап етіп, ресми хат үлгісін жазыңыз.

5. Әскери бөлім басшысы атынан үлгілі азамат тәрбиелеп өсірген Ұланның ата-анасына ресми түрде алғыс білдіріп хат үлгісін жазыңыз.

6. «РАДиАЛ» жекеменшік баспасының бас редакторының атынан сұранысы жоғары әдебиеттерді қайта басатынын мәлімдеп, авторларға ресми хат үлгісін жазыңыз.

7. «Үздік іскер адам» сайысын ұйымдастырған Қазақстан Республика­сы Іскер адамдар бірлестігі президентінің атынан жеңімпаз атанған «Ал­маты маргарин зауыты» АБ-ның директорына сайыс қорытындысының салтанатты кешінің күнін хабарлап, ресми хат үлгісін жазыңыз.

ҰСЫНЫС ХАТ

,Анықтамасы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет