Қызметтік хаттар



бет9/14
Дата01.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#107482
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
a0daa36d-0854-4877-8f5d-070cfba9e7d1
a0daa36d-0854-4877-8f5d-070cfba9e7d1
ЖОЛДАМА ХАТ

Белгілі бір құжатпен жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны туралы ақпарат беретін хат.





Тапсырмалар:

1. Қалалық мұрағат меңгерушісінің атынан жеке тұлғаның сұранысы бойынша 1975-1990 жылдары Тұрмыстық химия зауытында техно­лог ретінде жұмыс істеген анасының еңбек өтілі туралы анықтамасын жібергені жөнінде жолдама хат үлгісін жазыңыз.

2. Облыстық кітапхана меңгерушісінің атынан 2010 жылы оқырман конференцияларының тақырыптық жоспары мен авторлармен кездесу кештерінің жоспарын жіберуі туралы мектеп директорының атына жол­дама хат үлгісін жазыңыз.

3. Қалалық оқу бөлімі бастығының атына қызмет бабымен ауысқан маманның құжаттарын жібергені туралы жолдама хат үлгісін жазыңыз.

4. «Мерей» жиһаз жасау АҚ-ның атынан Халық банкінің кредиторының жұмыс орнынан және еңбекақысы туралы анықтамасын жібергені тура­лы банк директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.

5. «РАДиАЛ» баспасы бас редакторының атынан сұраныс бойынша басылып шыққан әдебиеттерді жібергені туралы «Шоқан Уәлиханов» кітап дүкенінің меңгерушісіне жолдама хаттың үлгісін жазыңыз.

6. Орта мектептің 10-сыныбынан лицейдің 10-сыныбына ауысуына байланысты оқушының құжаттарын жіберуі туралы мектеп директоры атынан лицей директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.

7. Университет студентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде оқытылуына байланысты оның құжаттарын жіберу туралы Ресейдің М.Ломоносов атындағы ММУ ректорының атына университет ректоры атынан жолдама хат үлгісін жазыңыз.

8. Жоғалған дипломын қайта алу үшін жеке тұлғаның атына университет мұрағатының меңгерушісі атынан дипломы мен қосымша- сының көшірмесін, мемлекеттік емтихан комиссиясы отырыстары хаттамаларының көшірмесін жіберу туралы жолдама хат үлгісін жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет