Қолдан тоқылған кілем.
Тоқыма станоктарында өндіріледі. Өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы кейде жүз жылдан астамдай уақыт пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға, жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптерді пайдаланады.
Әр халықтың, әр елдің қалыптсқан дәстүр ерекшелігіне қарай кілемнің түр-түсі, ою-өрнегі, оны дайындау тәсілі әр түрлі болып келеді.
Түркімен кілемдері: тоқылған жеріне байланысты "Ушан кілемі", "Құла кілемі" т.б. болып бөлінеді. Оның негізгі гүлдері көрнекті жасалып, жиектері әсемдеп жазылған құран үзінділерімен безендіріледі. Орталық гүлдері 8 жапырақты "гелдерден", ал қосымша өрнектері әр ру кілемінде ("Эрсары кілемі", "Сарық кілемі", т.б.) түрлі-түрлі алқызыл түсті көмкермелерден тұрады.Негізінен түсі түсті қызыл геометриялық түзу сызықты өрнектермен тығыз әсемделеді.
Кавказ кілемдері: Түрі қызыл, сары ақшыл түсті болып келеді. Ою-өрнек ретінде гүл, жапырақ, құс, жануар бейнесі қолданылады.
Қытай кілемдері: Оның ерекшелігі кілемдегі ою-өрнекті аша түсетін ыңғаймен ұзынды қысқалы болып қырқылады. Ою-өрнек түгінің қысқа қырқылуы кілем түрінің әдемілігін арттыра түседі.
Қазақ кілемдері: тоқылу ерекшелігіне қарай-түкті және тақыр, материалына қарай жібек, мосаты, қалы, шығарылатын жеріне қарай Қызылорда, Алматы, Жамбыл, ру үлгілеріне қарай-Адай, Керей, Қоңырат, Үйсін сондай-ақ қосалқы белгілеріне қарай шашақты, оқалы кілемдер болып бөлінеді. Қазақ кілемдері түркі тектес Халықтар кілемдерінің қазіргі үлгілеріне өте ұқсас.
Иран кілемдері өндірілген орнына ("Исфаһан кілемі", "Қашан кілемі", "Хорасан кілемі"), ою-өрнегінің тақырыбына (мысалы, саятшылық немесе табиғат көрінісі бейнеленген кілем) қарай жіктеліп, адам және жан-жануарлардың ұтымды кескінделуімен, кенере әдіптерінің биязылығымен ерекшеленеді.
Азербайжан кілемдері тоқылу үлгісіне, орнына байланысты ("Ширван кілемі", "Қазақ кілемі") бөлінеді. Бұл кілемдер түсірілген күмбездердің қонымдылығымен, өрнектердің биязылығымен көз тартады.
Украинада, Курск, Воронеж, Тюмень облыстарында да ішінара болса да кілем тоқылған. Ал 1917 жылдан СССР-де кілемшілер артельдері ұйымдасып, ескіден келе жатқан үлгілерге жаңа мазмұн беруге ұмтылуда. Бұл мақсатты жүзеге асыруда Азербайжан мен Түрікмен ССР-і кілем тоқу өндірістері бірлестігінің, көркем шеберханаларының үлесі мол. Батыс Европа кілем тоқу өнерінде XVI ғасырдағы шпалерлердің (фламанд, фрнн нем.) атқарған орны айрықша. XVIІ-XVIII ғасырларда Савонердің түкті кілем мануфактурасы (1624 ж. Парижде негізі қаланған) өркен жайды. Осының әсерімен Англия мен Испанияда түкті кілемдер тоқыла басталған. ХІХ ғасырда ғана Польша, Болгария, Румыния, Югославия, Францияда тәуір дәрежеге көтерілді.
Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай — түкті және тықыр; материалына қарай — жібек, масаты, қалы; шығаратын жеріне қарай — Қызылорда, Алматы, Жамбыл; ру үлгілеріне қарай — Адай, Керей, Қоңырат, Үйсін; сондай - ақ қосалқы белгілеріне қарай — шашақты, оқалы кілемдер болып бөлінеді. Қазақ кілемдері түркі тектес халықтар көлемдерінің қазіргі үлгілеріне өте ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |