Изтилеуова А. Ш. 5В012000, 6В01450-«Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған



бет4/23
Дата05.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#180294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Дәріс кілем

Дәріс №1 КІРІСПЕ. «Кілем және гобелен тоқу негізі» пәнін оқыту міндеті мен мазмұны. Кілем тоқу өндірісінің Қазақстанда және басқа республикаларда дамуы.
Мақсаты: Гобелен және кілем туралы түсінікті ұғыну, тоқу өндірісінің Қазақстанда және басқа республикаларда дамуы туралы мәлімет беру.
Дәрісті өткізу түрі: Ақпараттық.
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:

  1. «Кілем және гобелен тоқу негізі» курсының кәсіптік оқыту жүйесінде алатын орны мен атқаратын рөлі.

  2. Кілем тоқу өндірісінің Қазақстанда және басқа республикаларда дамуы.

  3. Кілем бұйымдарының түрлері.

  4. Машинамен және қолмен тоқылатын кілемдер.

  5. Қол өнер шеберлеріне мәлімет.

Әдебиеттер

  1. С. Қасиманов қазақ халқының қолөнері. Алматы, Қазақстан 1995 240 б.

  2. Жүннен жасалған бұйымдар құраст. К.Мұханов Алматы; Қайнар 1990-144 б.

  3. Кілем мен тұскілем тоқып үйренеміз. Қолөнершілерге арналған оқу құралы / Қасенова Қ., Шкляева С - Алматы. 2009. -112 6.



«Кілем және гобелен тоқу негізі» пәнінің мақсаты және міндеттері.
«Кілем және гобелен тоқу негізі» пәнінің мақсаты кәсіби білім беру жүйесінде білім алушылардың кілем түрлері мен гобелен тоқу технологиясына үйрету, өнерге деген сүйіспеншілікке баулу, қолөнер туындыларын дайындауға алғашқы дағдысын қалыптастыру және одан әрі жетілдіру жолдарына бағыт бере отырып іс-әрекет барысында жүзеге асыру.
«Кілем және гобелен тоқу негізі» пәнінің міндеттері:

  • қоғам өнеріндегі еңбектің, өнердің мәнін, мазмұнын түсіну, өнер адамдарына құрмет;

  • өнерге деген шығармашылық көзқараста дамыту жолдарына даярлық;

  • қолөнер бұйымдарын жасаудың технологиялық операцияларын меңгеру;

  • халық мұрасын жаңарту, жандандыру ісіне жастарды баулу;

  • еңбек мәдениеті мен оны ұйымдастыруды ғылыми негізде үйрету, қауіпсіз еңбек ережелерін білу және сақтау.

Ежелгі уақыттан бері түкті және түксіз ою-өрнекті кілемдер әлемнің көптеген халықтарында ерекше, қастерлі зат ретінде орын алады. Алайда, кілем тоқу өнері қайда және қашан пайда болды? Ғалымдар осы мәселені ұзақ уакыттан бері талқылап келе жатқанымен, нақтылы жауап таба алмауда. Мүмкін кілем тоқу ісі Азияның әр түрлі көшпелі тайпалары мен халықтарында өз алдына жеке туындаған шығар. Мүмкін алғашқы түкті кілемдер жануарлардың сабалақ терілеріне ұқсас және бір ғана түсті болатын шығар деп болжауға болады.
Кілем тоқудын ерте заманда пайда болғанын көптеген археологиялық қазбалар жанамалап көрсетеді. Атақты ағылшын ғалымы Д.Мелларт ертедегі Чатал Хююка (Анадолы) қасиетті мазарында неолит дәуірінде (б.з.д. VI мың) кабырғалардағы қолтанбаларда кілем току композицияларының геометриялық бейнелерінің мотивтері пайдаланылған деп есептейді.
Неолит дэуірінде (б.з.д. III мың) Оңтүстік Түркіменстанның кілемдік стильдегі көркемдік керамикасында тоқымашылық ою-өрнектері бейнеленген, ал ертедегі Египеттің қабырғадағы қолтаңба жазбаларында б.з.д. XIV ғасырда көлденең және тік станоктардағы тоқымашылық үдерістері көрсетілген. Станоктардың құрылымы әдеттегіден өзгеше болған: ол шеңбер түрінде бекітілген төрт сырғауылдан құрастырылған, оның үстіне жіп иіруге қажетті тас, керамикалық және сүйек ұршықтары ертедегі археологиялық қазбаларда көптеп кездеседі.
Біздің заманымызға дейінгі I мың жылдықта сақталған тарихи деректер (Геродот, Ксенофонт) Вавилонда, Ассирияда, Ахеменидтік Иранда, Кавказда кілем өндірісі болғанын көрсетеді және Скифияда, Египетте, Византияда осы кілем өнімдері сатылған. Қытай, араб-парсы әдебиеттерінде Орта Азия, Хорасан, Солтүстік Ауғанстан халықтарының кілемдері туралы айтылады.
Сонымен бірге әйгілі көне қазба қалдықтарына Пазырық қорғандарынан (Таулы Алтай) табылған гобелендік техникада орындалған түкті (5 қорған) және түксіз кілемдердің (5 және 2 корғандар) фрагменттері б.з.д. IV-III ғғ. жатады .
Тоқыма өнері Ежелгі Египет, Греция, Парсы, Скифте дамытылып, орта ғасырларда өнер саласында үлкен бір орынға ие болды. Тоқылған гобелендер мен кілем түрлері рыцарлар сарайының көркіне айналды.

1-сурет. Бесінші Пазырық қорганында табылган Таулы Алтай ескі кілемі. Б.з.д. IV- III гг., Ежелгі Египеттіктердің тоқыма станогы
Көптеген зерттеулер 1949 жылы С.И. Руденко тапқан Пазырық түкті кілеміне арналған. Ертедегі кілемнің тамаша алғашқы суреттеуін СИ. Руденко 1953 жылы жасаған. Кілемнің көлемі 200x185 см шаршыға жақындатылған. Ол жан-жақты бейнелеуде ресімделген: орталық алаңында жиырма төрт крест тәріздес бейнелер, бес жиектемеде қолтаңбалы мөрлер, үлкен мүйізді алдыңғы азиялық бұғылар, орталық алаңдағыға ұқсас крест тәріздес бейнелер, асыққан салт аттылар және ақыр соңында тағы да қолтаңбалы мөрлер салынған. Кілем қосарланған немесе қой жүнінен иірілген түркі түйінді жіптерімен орындалған. Негізгі жіптердің саны 1 деци-метрге 120-дан келеді. Түктің ұзындығы - 2 мм, ал кілемнің қалыңдығы 1 шаршы дм 3600 түйіннен келеді. Кілемнің негізгі түсі қызыл, оған қынамен, әр түрлі табиғи шөптермен және басқа да бояулармен бояу арқылы алынған көгілдір, жасылды-көгілдір, сары, қоңырлау, ашық сары, қызғылт, түрлі-түсті жіптер енгізілген.
Кілемнің шығуы туралы ғалымдардың пікірі әр түрлі: С.И. Руденко кілемде бейнеленген кейіпкерлердің стилистік ерекшеліктеріне сүйене отырып, кілемді парсы немесе ми­дия кілемі ретінде анықтайды. М.П. Грязнов кілемді Орта Азиялық жұмыс деп есептейді, себебі Иран мен Таяу Шығыстың байланыстары Орта Азия арқылы өтетін болған. Бұл осылай ма, әлде баскаша ма кім білсін, алайда Мемлекеттік Эрмитажда Пазырық кілем өзінің нышанды бейнелерімен, таңғажайып түстерінің гаммаларымен және түкті аса жалтылдақ нәзіктігімен жалпы халықтың таңданысын тудырады.
Екінші Башадар қорғанында (Таулы Алтай) табылған бір жарым парсы түйіндерімен орындалған бір шаршы дециметрге жеті мың түйіннен келетін әдеттегіден тыс қалың түкті кілемнің қалдықтары да бірегейлігімен ерекшеленеді.
Түкті және түксіз кілемдер, кілем өнімдері көшпелі тұрмыстың және мал шаруашылығымен айналысқан халықтардың ең қажетті бұйымдары болған. Жұмсақ нәзік сәулені өзіне өткізіп тұүратын кілемдер қабырғаға ілінген және едендерге төселген, төсектерді, сандықтардың бетін жапқан киіз үйдің ағаш қаңқаларын бекіткен. Үй іші жабдықтарын - әр түрлі қабырғаға ілінетін дорбалар мен қапшықтар, қоржындар, ер тоқым заттары, көпшіктер, баулар, тұс-қаптар, аяққаптар, тұтқыштар және т.б. дайындағанда кілем тоқу техни-касын қолданған. Кілемнің үстінде тек отырып қана қоймай, соны­мен бірге күнделікті ұйықтайтын болған, намаз оқыған. Жас сәби кілемнің үстінде дүниеге келген, ең үздік әдемі кілемдерді қалыңдық күйеу жігітіне сыйлаған және соңғы сапарға кілем орап жерлеуге шығарып салған.
Үй жағдайында кілемдерді тек жүндерден ғана дайындамай, сонымен бірге орасан кең сарай шеберханаларында жібек, алтын, күмістермен зерлеген. Әйгілі араб жазбаларында жазылғандар бойынша, сасанидтік шаханшах Хосровтың (513-579 жж.) тамаша кілемдері бағалы асыл тастар мен алтын жіппен әшекейленген.
«Шығыс кілемдері» танымал термині Алдыңғы, Орта, Орталық Азия мен Кавказ кілемдеріне қатысты айтылған.
Еуропа кілемдері кейіннен соборлар мен патша сарайларын әшекейлендіру үшін пайда болды: Испанияда олар VII - VIII гг. көшпенділердің арқасында, ал Ан­глия мен Францияда ұзақ уақыт бойы шығыс кілемдерін көшірмеледі, тек XVII ғасырда ғана кілем мануфактуралары жұмыс істеді.
Австрия ғалымы А.Ригль кілемнің тарихын тек XV - XVI ғғ. бастап қана санауға болады деп есептейді. Кілемнің көптеген қарапайым мәніне қарамастан, оның пікірінше, әсіресе, тоқыма бұйымдарында халықтың мәдениеті, оның басқа халықтармен, дінмен өзара байланысы туралы мәліметтер сақталған.
Әлемнің көптеген шеберлері кілем тоқу өнерін игерген тарихи кезеңдерде бейнелеу өнерінің аса үздік дүниелері - кескіндеме, кесте, мүсіндермен қатар бағаланатын таңғажайып тоқыма бұйымдарын жасаған.
Тоқылған кілемдер қазақ тұрмысында маңызды орынға ие болды. Оны астына төседі, сәндік әрі жылулық үшін кабырғаларға ілінді.Көшкенде кілемдер жүк артылған түйеге жабылатын. Кедей адамдарға «Қағуға бір сырмақ та жоқ» десе, байлардың дүниесі кілем, сырмақ т.б. сияқты киіз үй жабдыктарының көлемімен анықталатын.
Сауда-саттық зерттеушілерінің түсіндіруінше, дала шонжарларының тұрмысында кілем бұйымдарының болуы, тоқыма бұйымдарының малға, мал өнімдеріне немесе ақшаға тек бай отбасының айырбастап алғандығын дәлелдейді. Кілем өндірумен айналысатын аудандардың өзіңде әлеуметтік негізде айырмашылық болды: түкті кілемдерді тоқу қиыңдау, жұмысы көп, шикізатпен өнім кеп кететін болғандықтан оны бай отбасылары тоқытты, халықтың негізгі қарапайым тобы түксіз тоқу түрімен айналысты. Түксіз тоқу Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Торғай, Жезқазған облыстарында кең тараған.
Түксіз тоқу сияқты үй тұрмыстың көркем қолөнерінің қазақтар арасында кеңінен таралуы біріншіден, олардың мал шаруашылығымен оның ішінде қой өсірумен айналысуы, ал түрлі тоқыма бұйымдар үшін қой жүні бірден - бір шикізат болды. Екіншіден, түксіз токудың оңайлығы, материал шығыны үнемділігі, ою-өрнек нақыштары мен құрылымын жасаудың мол мүмкіндігінен. Сондықтан қазақ киіз үйін түксіз тоқу бұйымдарынсыз елестету мүмкін емес.
Этнографиялық зерттеулерге сүйенсек киіз үйді жабдыктау үшін алуан түрлі түксіз тоқу бұйымдары қолданылған. Мысалы, киіз үйдің бауы, ағашына жабылатын киіздің бау-құры. Киіз үйдің күмбезін жабатын киіз - үзіктің екі жағына үш-үштен бау тағылады: бас жағына - бас бау, аяқ жағына - аяқ бау, ортасына - орта бау. Киіз үйді айналдыра жабатын киіз -туырлықтың жоғарғы жағына бір - бірден бау (туырлық бау) тағылады. Желді күндері киіз үйді сақтау үшін бір ұшы шаңыраққа бекітілген екі «желбауды» ортаға ошақ жанына қазықпен бекітіп қоятын болған. Сәндік үшін шашақты «шашақ бау» шаңыраққа ілінетін. Осы бау - шулардың барлығы дерлік енсіз станоктар (ені 10-16 см, ұзындығы 3-4 м) «ермек» ағашында түксіз тоқуі әдісімен тоқылатын.
Киіз үйді айналдыра «белдеу жіппен» байлап, «белдеу баумен» тартып қояды. Оны шашақпен және т.б. сәндеген.
Әрбір киіз үйде «басқұр» байланады, ол ені 50 см, ұзындығы киіз үйі көлеміне байланысты әр түрлі өрнекті бау. Киіз үйдің қанаты қанша болса басқұрдың ұзыңдығы соғұрлым ұзын болады. Бұдан басқа түксіз тоқу әдісімен жасалған көптеген бұйымдар болды. Ескі тоқымалардан да сөмке, қаршын, саңырқап, дорба т.б. бұйымдар дайыңдалған. Сәндік-қолданбалы өнердің түксіз тоқу түрі қазір де тұрмыста кеңінен қолданылады.
Кілемді жайсаң - төсеніш, ілсең - сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әліде сақтап келе жатқан бағалы зат. Әсіресе, соңғы жылдары кілем тоқу өндірістік кәсіпке айналып отыр. Әйтсе де кілемді қолдан тоқу өнері күннен күнге өріс алуда. Кілем әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе түксіз болып келеді. Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады.
Тақыр кілем, кілем, палас, шпалер, терме алаша т. б. бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет