Ж. Ж. Шайекенов 2010ж



бет21/28
Дата22.04.2020
өлшемі89,91 Kb.
#64255
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Байланысты:
делопроиз УМКД
за и против
Жіберілетін хаттарға мүдделі лауазым иелері бұрыштама белгі соғады. Мысалы, қаржы мәселесі бойынша хатқа бас бухгалтер белгі соғады. Бұрыштама белгілер кәсіпорынның өзінде қалатын хат көшірмесінің алдыңғы бетіне қойылады.

Егер құжат екі адрес бойынша жіберілетін болса, алдыңғы екі данасы арнаулы қағазға басылып, көшірмесі жай қағазға түсіріледі, яғни, барлығы үш дана болады.

Кей жағдайда хат мөрімен куәландырылады.

Қабылданатын хаттарға келіп түскендігі туралы белгі және кәсіпорынның басшы қызметкерлерінің тапсырманы орындауға алғандығы туралы бұрыштама белгі қойылады.

2.


а) Жеделхат – ақпарат беру әдісі жағынан бірдей, әртүрлі мазмұндағы құжаттардың жалпы түрдегі жинақтама атауы.

Жеделхаттың ішіне мыналар кіреді: қай категорияға жататыны туралы белгі; мекен-жайы, мәтіні, мәтінге қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, жіберуші ұйымның байланыс мекен-жайы, жіберуші лауазымды адамның қолы, мөр, күні.

Халықаралық жеделхаттар орыс және латын шрифтерімен басылады. Халықаралық жеделхат мәтіні 1,5 аралықта, тасқа басылған әріптермен, жаңа жолсыз, тасымалсыз, түзетулерсіз басылады.

Халықаралық жеделхаттың сол жақ төменгі бұрышында нөмері, күні, орындаушының аты-жөні, қызмет телефонының нөмірі көрсетіледі.

б) Телефонограмма мынадай деректемелрді қамтиды: кәсіпорынның атауы, құжат түрі, қабылдаушы, күні, индексі, мәтіні, қолы, жіберілу уақыты туралы белгі, телефонограмманы қабылдаған және берген адамның лауазымы мен аты-жөні.

Телефонограммалар бір данадан жасалып, оған басшы не орындаушы қол қояды. Мәтіні 50 сөзден аспауы керек. Телефонограмма бірнеше қабылдаушы бойынша бірлесе, онда қабылдаушы мекемелердің тізімі мен телефон нөмірері қоса беріледі.

в) Телефонограмманы бергенде мынадай ұсыныстарды ескерген тиімді:


  • Қарапайым және жедел хабар беру;

  • Жазудың дұрыстығын қайталап оқу арқылы тексеру;

  • Қисыны күрделі мәтіндері жібермеу;

  • Сирек қолданылатын сөзді пайдалану.

3.

а) Баяндау хат – ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат.

Ұйымның өз ішіне арналған баяндау хаттар қолмен жазылып, жазған адамның қолы қойылады.Мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар, мекеменің атауы, жазылған орны, мәтін тақырыбы, кімге арналғаны көрсетіледі.

Түсініктеме – қызметкердің қандай да болмасын бір жарлықты орындамау немесе тәртіп бұзу себептерін түсіндірген құжат түрі.

Түсініктеме қалыпты қағазға қолмен жазылады.Онда кәсіпорынның, құрылымдық бөлімшенің атауы, құжат түрі, күні, нөмірі көрсетіліп, тақырыбы, мәтіні жазылады, қолы қойылады. Түсініктеме қосымшалар тіркелуі мүмкін.

4.

а) Анықтама – қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат.



Анықтама жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның нұсқауымен жазылады. Ол қажет ететін мәліметтерден ғана тұрады – ұсыныс, қорытынды болмайды.

Мекеменің өз ішіне қажет анықтамаға мекеме басшысы қол қояды.



Акт – бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні не оқиғаны растап қол қойған құжат түрі. Актіні жеке адам (тексеруші – ревизор, сарапшы - аудитор) толтыруы мүмкін.

Актіде мынадай деректер болады: кәсіпорын атауы, құжат түрі, күні, индексі, жасалу орны, бекіту белгісі, тақырыбы, мәтіні, қосымшасы бар екені туралы белгі, қолы.

Актіге комиссия төрағасының және мүшелерінің қолы қойылады.

Актіні мәтіні екі бөліктен: кіріспеден және белгілеуші бөліктен тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет