Ж. Ж. Шайекенов 2010ж


Практикалық (семинарлық, студиялық) және ОЖСӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар



бет2/4
Дата19.11.2016
өлшемі0,63 Mb.
#2115
1   2   3   4

Практикалық (семинарлық, студиялық) және ОЖСӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

1– тарау. Құрылтай құжаттары

Жоспар:

1. Ұйымдық нысандарын іздестіру

а) Фирма құру

б) Кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандары

в) Шаруашылықтың түрлері

д) Заңды тұлғаның мақсаты және жүйесі

2. Фирма жарғысы.

а) Құрылтай құжаттарының формуляр – үлгісі

б) Жаупкешілігі шектеулі серіктестіктер үшін тіркеу

құжаттарының толық пакеті

с) Жарғының деректемелері

3. Құрылтай шарты

а) Құрылтай шарты

б) Құжаттың деректемелері

в) Құрылтай шарттың мәтіні



1.

а) Фирма құру оның ұйымдық нысанын таңдап алды қажет етеді.

Кәсіпкерлік іспен айналысу соның шеңберінде өтеді. Бұл таңда

мынадай объективті жағдайлармен белгіленеді: қызмет аясымен,

кәсіпорын түрінің оңтайлы не қолайсыз болуымен, сондай-ақ

құрылтайшылардың талғамына да байланысты болады. Дұрыс таңдау

жасау үшін таңдап алуды білу керек.



б) Кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандары еліміздің азаматтық

заңдармен, соның ішінде, 1994 жылдың 27 желтоқсанда қабылданған

ҚР-ның Азаматтық Кодексімен белгіленген. Бүгінгі таңда бұдан басқа:


  • 1995 ж. 17 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы;

  • 1995 ж. 2 мамырындағы ҚР Президентінің «Шарушылық серіктестіктер туралы» Жарлығы;

  • 1995 ж. 19 маусымындағыҚР Президентінің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы және т.б. заң актілері басшылыққа алынды. Кәсіпкерліктің құқықтық және ұйымдық-шаруашылық нысандары осы актілерде белгіленген.

в) Қатусышылардың санына қарай шаруашылықтың екі түрі

ерекшелінеді:меншікті жеке-дара иеленуге негізделген жекелік

және ұжымдық; мұнда меншікке ұжымдық басшылық жасалады

және мүлікке ұжым ие болады. Осымен байланысты

кәсіпкерлікпен айналасушы азаматтар заңды тұлға болып

құрылуы да, құрылмауы да мүмкін.

Азаматық Кодекстің 19-бабының 2-тармағында қарастырыл-

ғандай, жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу

сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есеке алынады.

Ол сатып алған патет негізінде әрекет жасайды. Бұл тіркеліп,

кәсіп жасауға рұқсат алғанның куәлігі болып табылады.

д) Азаматтық кодекстің 33-бабына сәйкес, дербес балансы

(банкте есеп шоты), өз атауы жазылған мөрі, дербес мүлкі бар

ұйым заңды тұлға болып табылады. Заңды тұлғаның мақсаты

табыс табу болуы мүмкін, онда ол коммерциялық ұйым деп

аталады. Коммерциялық емес ұйымдар алдына басқа мақсаттар

қояды.


Заңды тұлғалардың жүйесін мынадай кестемен көрсетуге болады.

Ұйымдық – құқықтық нысандар

Коммерциялық Коммерциялық емес

құрылым құрылым

Мемлекеттік Өндірістік Қоғамдық

мекеме кәсіпорындар бірлестіктер

мен коопператив

Шаруашылық Тұтунышылар Діни

серіктестіктер кооперативті бірлестіктер

Толық Жауапкершілігі Қоғамдық Басқа

серіктестік шектеулі қорлар бірлестік

серіктестік

Командитті Қосымша Акционерлік

серіктестік жауапкершілігі бар серіктестік

серіктестік (қоғам)


Заңды тұлға фирманың «ішкі негізгі заңы» сияқты болып есептелетін еліміздің заңдары мен құрылтай құжаттары негізінде әрекет жасайды.

Коммериялық ұйымдар құрылтай шарты негізінде немесе келісімшарт пен жарғы негізінде жұмысістей алады. Заңды тұлғаның құрылтай шарты құрылтайшылар арсында жасалады және кәсіпорын мүшелерінің арақатынасын айқындайды, сонымен қатар серіктестік пен оған қатысушылардың арасында жасалады. Егер ұйымның құрылтайшысы бір адам болса, шарт жасалмайды.

Жарғылық бірлестіктер жарғы негізінде құрылады, оның өзі тараптар арасындағы келісімді жоққа шығармайды.

Серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың, компаниялар-консорциумдар, өнеркәсіп-делдлдық және басқа да шаруашылық, делдалдық компаниялар мен фирмалар, бірлескен кәсіпорындар, тауар, қор биржалары, коммерциялық банктер мен сақтандыру қоғамдары, шағын кәсіпорындар мен басқа да ұйымдар жатады.



2.

а) Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаттары жарғы мен құрылтай

шарты болып танылады. Дегенмен ұйымдастырушыға қалыптасу, тіркелу

барысында басқа да құжаттар толтыруға тура келеді. Президенттің «Заңды

тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығына сәйкес, түрлі

құқықтық-ұйымдық нысандар әділет органдарына құжаттардың әр түрлі

мәтіндерін ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз, құрылтай

және басқа құжаттар пакеті, Мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың

төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі.

б) Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін тіркеу құжаттарының

толық пакеті мынадай :



  • Тіркеу туралы арыз;

  • Құрылтайшылар бекіткен жарғы;

  • Құрылтай шарты;

  • Құрылтай құжаттарында көрсетілген негізгі жарғылық қордың 25 пайызы банк депозитіне төленгендігі жөнінде банктен алынған анықтама;

  • Санақ карточкасы

  • Егер құрылтайшылардың біреуі мемлекеттік кәсіпорын болса, меншік иесінің немесе оның өкілінің келісімі;

  • Заңды тұлғаның мекен-жайын ратайтын құжат;

  • Тіркеу үшін алымдардың төленгендігін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі.

Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде,

міндетті түрде нотариалдық куәландыру талап етеді. Онсыз олар заңды деп

танылмайды.

в) Жарғының деректемелері:


  • Құрылтайшылыр жиналысының бекіту белгісі;

  • Мемлекеттік тіркеудің белгісі;

  • Мәтінің атауы;

  • Жарғының мәтіні;

  • Фирманың атқарушы органы басшысының қолы.

Жарғының негізгі деректемесі – мәтін – ол саны рет тәртібі қатаң

белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Алайда мәтінде мынадай мәліметтер

берілуі тиіс:


  • Жалпы ережелер: ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, мекен-жайы;

  • Қызметтің мақсаты мен мәні

  • Серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі;

  • Мүлкі, қорлары, табысы;

  • Басқару және бақылау органдары;

  • Жұмысшылардың еңбегі, жалақысы және оларға берілетін әлуметтік кепілдіктер;

  • Есепке алу және есеп беру;

  • Дауларды шешу;

  • Қызметін тоқтату.

3.

а) Бұл азаматтардың заңды тұлғалардың тауар өндіруге басқа қызметтке

қажет қаржыларын немесе мүліктерін біріктіру жөніндегі келісім. Тараптар

құқықтық жағдай жасауға, яғни, мемлекеттің рұқсатымен нарық ережесіне

сәйкес қандай да бір іспен шұғылдануға икемді заңды тұлға жасауға

міндеттенеді. Егер жарғыда ұйымдық-құқықтық жағына қатты көңіл

бөлінсе, шартта кәсіпорынды қалыптастырудың мүліктік жағына жағына

айырықша мән беріледі. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес, құрылтайшылар

заңды тұлға құруға міндеттенеді, оны құру жөніндегі бірлескен қызмет

тәртібін, оның меншігіне өз мүлкін беру және оның қызметіне қатысу

ережелерін белгілейді. Шартта табыс пен шығынның құрылтайшылар

арасындағы бөліну тәртібі, заңды тұлғаның қызметін басқару,

құрылтайшылардың мүшелікпен шығуы, заңды тұлғаға қажет болған

жағдайда оның жарғысынан бекіту көрсетіледі.

б) Құжаттың деректемелері мынадай:


  • Құжаттың аты – шаруашылық серіктестік құру туралы құрылтай шарты

  • Шарттың жасалған орны

  • Шарттың жасалған күні

  • Шарттың мәтіні

  • Құрылтайшылырдың қолы.

в) Құрылтай шарты мәтініне мынадай бөлімдер енуі мүмкін:

  • Құрылтайшылары аталған кіріспе бөлім

  • Шарттың мәтіні – ұйымды құру ниеті, ұйымды қандай мақсатпен құрғаны; оның заңды мекен-жайы көрсетіледі;

  • Серіктестік қызметтің шарттары

  • Серіктестікті басқару

  • Құрылтайшылардың міндеті

  • Құрылтайшылардың құқықтары

  • Құрылтайшылар мен серіктестіктің жауапкершілігі

  • Серіктестіктің қызметін тоқтатуы.

Құрылтай шартына мүшелерінің келісімі бойынша басқа да ержелерді

енгізуге болады.

Шартқа құрылтайшылардың жарғылық қорға салған салымдары

жөніндегі анықтама қосымша тіркеледі, кейін дивиденттер соған сәйкес

бөлінеді.

Басқа құжаттарды тіркеу қалыпты түрде болады, ал олардың үлесі

келесі бөлімдерде сипатталады

2 – тарау. Ұжымдық құжаттар.

Жоспар:

1. Басқару құрылымы және құжат толтыру

а) Жарғы мен құрылтай шарты.

б) Ағымдағы басқару құрылымының түрлері.

2.Құрылымдық бөлімшелер туралы ержелер.

а) Басшылыққа алатын құқықтық актілер.



3. Лауазымдық нұсқаулықтар

а) Лауазымдық нұсқаулықтың мазмұндық балансы.

б) Вице-президенттің басқару мәселелері.

4. Жеке құрам бойынша ереже

а) Ішкі еңбек тәртібінің Ережесі.

б) Құжаттың деректері.

5. Штат кестесі

а)Кәсіпорынның лауазымдық және сандық құрамы.

1.

а) Кәсіпорын үлкен болған сайын, оны басқарудың жүесі де күрделене түседі. Олай болса сізге өкілеттілікті ажыратуға, құжат толтыруға бірлескен іс-әрекетте жауаптырақ қару тура келеді.



Жарғы мен құрылтай шарты компанияны ашу, қайта құру және тарату жұмыстарын тек құрылтайшылар мен акционерлер ғана іштей алатынын белгілеп береді. Олардың жиналысы ғана кәсіпорынның ұзақ мерзімді түпкі мақсатын айқындайды, компанияның басшылығын сайлайды не тағайындайды. Бұл органның құрамына кәсіпорынның ішкі бөлімшелерін директорлары және басқа кәсіпорындардың, қаржы мекемелерінің өкілдері, менеджерлер мен ғылыми қызметкерлер кіре алады.

Жоғарғы басшылық органы тек маңызды мәселелерді ғана қарастырады. Атқарушы органның басшысы кәсіпорынды тікелей және күнделікті басқаратын президент не бас директор болуы мүмкін.

б) Ағымдағы басқару құрылымы орталықтандырылған немесе ортандырықтандырылмаған болуы мүмкін.

Орталықтандырылған құрылымда барлық қызмет басқару жөніндегі вице-президентке бағынады. Басқа вице-президенттер президентке бағына отырып, бөлімдермен қызметкерлерді тікелей басқармайды.

Орталықтандырылмаған жүйе – арнаулы қызметтердің вице-президенттерге бағынуын қажет етді.

Кәсіпорынның ағымдағы қызметті бойынша ұйымдық құжаттарды жасауда дәл осындай мәселелер шешіледі.

2.

а) Құрылымдық бөлімшелер жарғыға бағына отырып, соның негізінде күнделікті жұмыстарын жүзеге асыратын құжатқа да ие болады. Ондай құжат құрылымдық бөлімшелер туралы ереже болып табылады.



Мәтінің «Жалпы ережесінде» бөлімшелердің бағыныштылығы, басшыны тағайындау және босату тәртібі, басшыға қойылатын квалификациялық талаптар, басшы болмаған кезде оны ауыстырудың тәртібі көрсетіледі. Бөлімде құрылымдық бөлімше басшылыққа алатын құқықтық актілер аталады.

«Негізгі міндеттер» атты бөлімде аталған бөлімшенің қызметінің бағыты баяндалады.

«Қызметтер» бөлімінде шаруашылық қызметтің нақты түрдлері көрсетіледі.

«Құқықтары мен міндеттемелері» бөлімінде бөлімшенің басшылық пен басқа бөлімшелерге және өзге ұйымдарға қатысты алғанда орындайтын міндеттемелері мен қызметтерін жүзеге асыруға қажетті құқықтары ашылады.

«Жауапкершілік» бөлімінде міндеттемелердің мезгілінде орындалмағаны немесе сапасыз орындалғаны үшін, яғни, берілген құқығын дұрыс пайдаланғаны үшін бөлімше басшысын қандай, қай мөлшерде және кім жауапкершілікке тарататыны сипатталады.

«Өзара қарым-қатынас. Байланыстар» бөлімінде аталған бөлімше кіммен және қандай бағытта әрекет ететіні, кіммен бірлесіп жұмыс жасайтыны т.б. анықталады.

«Жұмысты ұйымдастыру» бөлімінде бөлімшенің жұмыс тәртібі, қызметін тексеру қалай жүзеге асатыны, оның қайта құрылуы мен таратылуы сияқты мәселелер айқындалады.

3.

а) Лауазымдық нұсқаулық кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, қызметтерін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді. Жақсы жасалған, тәжірибеде сыналған құжат үміткерді лауазымды қызметке таңдауда жақсы бағдар болады. Соған қоса ол үміткерлерді аталған лауазымға алуда келісім-шарттардың көлемін елеулі түрде қысқартуға мүмкіндік береді.



б) Лауазымдық нұсқаулықтың мазмұндық балансы кесте түрінде былай беріледі:

ҚЫЗМЕТТЕР ҚАРАЖАТТАР

МІНДЕТТЕМЕЛЕР ҚҰҚЫҚТАР

ЖАУАПКЕРШІЛІК БИЛІК

Лауазымдық нұсқаулық мәтінінде ең алдымен «Жалпы ережелер»кіреді. Онда маманның қызмет аясы, оны тағайындау, ауыстыру және босату тәртібі белгіленеді, кваликациялық талаптар анықталады.

«Қызметтері» бөлімі маманың қызметінің бағыттарын анықтайды.

«Лауазымдық міндеттемелері» бөлімінде маманның нақты міндеттері, оның басқару процесіне қатысу түрлері санамалап көрсетіледі.

«Құқықтары» бөлімінде маманның өз міндеттемелерін орындауға қажетті құқықтары анықталады.

«Жауапкершілік» бөлімі өз міндеттемелерін сапасыз және өз мезгілінде орындалмағаны үшін жауапкершілікті белгілейді.

в) Ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша вице-президент бас директорға бағынады. Ол барлық басшылық комитеттердің жұмысына, болашақ түпкі мақсатты жоспарлауға байланысты өтетін мәжілістерге қатынасады. Ұйымдастыру және басқару мәселелері бойынша вице-президенттің бөлімі мынадай қызметтердің орындалуына әкімшілік жауапкершілікте болады:



  • Жоспарлауды ұйымдастыру;

  • Қаржылық жоспарлау мен бақылау;

  • Іс жүргізу жүйесі;

  • Болашақ жоспарлау.

4.

а) Бұл құжат дәстүрлі түрде «Ішкі еңбек тәртібінің Ережесі» деп аталады. Онда жұмысшыларды жұмысқа алу, босату тәртібі, кәсіпорын мен қызметкерлердің негізгі құқықтары, міндеттері, кәсіпорындағы еңбек шарттары мен ұйымдастырылуы анықталады. Құжат еңбек туралы заңға негізделеді, жұмыс беруші мен жұмысшының өзара қатынасын реттейді.

б) Құжаттың үлгісі мынадай деректерден тұрады: кәсіпорынның атауы, құжаттың аты, күні, нөмірі, шығарылған орны, мәтіннің тақырыбы, бекіту белгісі, құжаттың еңбек ұжымымен келісілгені туралы белгісі.

«Жалпы ережеде» ереженің құқықтық негізгі анықталады, мамандардың санаттары белгіленеді.

«Жұмысқа алу» бөлімінде түрлі санаттағы қызметкерлерді жұмысқа алудың тәртібі мен мерзімі, еңбек қатынастарын рәсімдеудің тәртібі түсіндіріледі.

«Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты» бөлімінде жұмыс аптасының, жұмыс күнінің ұзақтығы, демалыс күндері, мерзімнен артық жұмыс істеудің шарттары белгіленеді.

«Еңбек демалысы» бөлімінде демалыстың ұзақтығы, кезеңдері, ақы төлеу және демалыстың әртүрлі түрлерін алудың тәртібі қарастырылады.

«Қызметтен босату» бөлімінде әртүрлі санаттағы жұмысшыларды қызметтен босатудың шарттары мен тәртібі, бұл жағдайдағы кепілдіктер мен өтемақылар қарастырылады.

5.

а) Кәсіпорынның құрылымы, сандық құрамы, біріншіден, «Құрылым және штат саны» деген құжатта бекітіледі. Құжаттың мәтіндік бөлігі кесте түрінде орындалады. Онда кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері, оларға кіргізілген қызмет түрлері және әр қызмет түрі бойынша штаттық тұлғалар саны көрсетіледі.



Кәсіпорынның лауазымдық және сандық құрамы, жалақы қоры көрсетіліп, «Штат кестесінде» бекітіледі. Ол кәсіпорынның бланкісінде толтырылып, қызметақысы, қосымша ақы және жалақының айлық қоры туралы мәліметтерді береді.

Штат кестесіне кәсіпорын басшысының орынбасары қол қойып, бас есепшімен келісіле отырып, кәсіпорын басшысы бекітеді. Бекіту белгісінде кәсіпорынның жалпы штат саны, еңбекақының айлық қоры көрсетіледі.



СҰРАҚТАР:

  1. Құрылымдық бөлімшелер туралы ереже дегеніміз не?

  2. Лауазымдық нұсқаулықтар нені белгілейді?

  3. «Қызметтер» бөлімінде не көрсетіледі?

  4. Лауазымдық нұсқаулық мәтініне ең алдымен не кіреді?

  5. Әкімшілік жауапкершілігін ата?

  6. Жеке құрам дәстүрлі түрде қалай аталады?

  7. Құжаттың деректері?

  8. Ағымдағы басқару құрылымын ата?

  9. Қайта құру жұмыстарын кімдер белгілейді?

  10. Орталықтандырылмаған және орталықтандырылған жуйе дегеніміз не?

3 – тарау. Бұйрық – жарлық

құжаттары

Жоспар:

1. Бұйрықтар

а) Бұйрық беру құқығы.

б) Бұйрықтардың мазмұны.

в) Бұйрықтың мәтіні.



2. Нұсқаулар мен жарлықтар

а) Нұсқаудың – ақпараттық-әдістемелік құжат.

б) Жарлық басқарудың мәселелері.

в) Бұйрықты құрудағы қателер.



3. Қаулылар, шешімдер, хаттамалар

а) Хаттама мәжіліс барысының жазбасы.

б) Хаттаманың деректемелері.

1.

а) Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттары арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұрық беру құқығына, әдетте, бірінші басшы – несиені реттеуші әкімшілік басшысы ие. Кәсіпорын директоры мен оның орынбасарлары – құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жарлықтар бере алады.



Басшылықтың алқалық органдары шешім қабылдау барысын қағазға түсіріп белгілейтін хаттаманың бір бөлігі болып табылатын шешімдер шығара алады.

б) Мазмұны жағынан бұрықтар екі түрге бөлінеді: қызмет бойынша және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұрықтар.



Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері, жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу-беру, тараулар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну, ұйымдастыру мәселелері бойынша басқару жөніндегі шешімдерді белгілейді. Олар сондай-ақ, жоғары органдардың шешімдерін орындау, шаралар белгілеу, орындау мерзімі мен бақылауды және оған жауаптыларды анықтау керек болғанда шығарылады.

Бұйрық, егер оның мәтінінде өзге мерзім көрсетілмесе, қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Қол қою құқығына мекеме басшылары, олардың бірінші орынбасарлары, сондай-ақ біліктілігі жоғары және басшының тапсыруымен кейбір құзырлы адамдар ие бола алады.

Егер мәтінде бұйрықтың аяқталу мерзімі көрсетілмесе, оның күші тұрақты болады. Оның күшін мекеме басшысы жаңа бұйрық шығарып қана жоя алады, немесе жоғары құзырлы орган, немесе сот жояды.

в) Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: Белгілеуші және жарлық.



Белгілеуші бөлікте тиісті істердің мақсат-міндеттері, бұйрық шығарудың себептері баяндалады, не бұйрық шығаруға негіз болған құжатқа сілтеме жасалады.

Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Мәтіннің бұл бөлімінде орындалатын істер, оған жауапты адамдардың аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Ол араб санымен нөмірленетін тармақтарға бөлінуі мүмкін.

2.

а) Нұсқау – ақпараттық-әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие құжат. Нұсқаулар бұйрық, нұсқау, жарлықтардың орындалуы тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға қол қою құқығына бірінші басшы, бас мамандар ие.



Нұсқаудың мәтіні бұйрықтағыдай белгілеуші және жарлық бөліктерінен тұрады.

Белгілеуші бөлігі: «орындау мақсатымен», «соған сәйкес», «мақсатында» деген сөздермен басталады. Жарлық бөлігі бұрықтағыдай құрылады.

б) Жарлық – басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Оған директордың орынбасарлары, өз өкілеттіліктері шегінде құрылымдық бөлімше басшылары қол қояды.

в) Жарлық құжаттың сапалы болуы пішімі жағынан дұрыс болуына ғана емес, маөмұны жағынан толық, анық, дәл болуына да байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, бұйрықты құруда көбінесе мындай қателер жіберіледі:



  • Құжатты шығаруға себеп болған дәлелдерді талдаудың орнына қабылданған шешімге байланысты басшыны ақтау орын алады;

  • Жарлық құжатты бір мезгілде бірнеше адамға немесе бірнеше бөлімшелерге қатысты болып келеді де, кімге не істеу қажеттігі нақты айтылмайды;

  • Құжатта оны орындауға жауапты адамдар аталмайды, мерзімі көрсетілмейді;

  • Құжат не шамадан тыс нақты болып келеді де, орындаушының бастама көрсетуге ынтасын жояды, не бұрықты орындаудың оған бұрынна жақсы таныс жолдары мен әдіс-тәсілдерін көрсетеді.

3.

а) Хаттамалар мәжіліс барысының жазбасы, стенограммалар, мәжілісті өткізуге дайындалған дыбыстық жазбалар мен материалдар, шешім жобалары негізінде толтырылады.

Егер мәжіліс барысы стенограммаға жазылса, стенограмма мәтіні ашылып, куәлландыруды да хаттамамен бірге сақталады.

Хаттама – жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.

Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және сөйлеген сөздердің мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін.

Толық хаттамаларда сөйлеген сөздердің барлығы көрсетіледі. Бұл жағдайда құжаттың заңдылық жарамдылығын қамтамасыз ету қажет. Құжаттың заңдылық жарамдылығы барлық қажетті деректермен, олардың дұрыс толтырылуымен және хаттамадағы мәліметтердің шындыққа сәйкестігімен анықталады. Мысалы, жиналысқа қатысушылардың санының көрсетілуі маңызды, ол қабылданған шешімнің жеткілікті дауыспен қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

б) Хаттаманың деректемелері: мекеменің атауы; құжаттың атауы; мәжіліс өткен орын; мәжілістің өткен күні; индексі; бекіту грифі; тақырыбы; мәтіні.



СҰРАҚТАР:

  1. Бұйрық беру құқығы дегеніміз не?

  2. Бұйрық мазмұны жағынан нешеге бөлінеді, ата

  3. Бұйрық мәтінінде өзге мерзім көрсетілмесе, қашаннан бастап күшіне енеді?

  4. Қандай жағдайда бұйрықтың күші тұрақты болады?

  5. Бұйрықтың мәтіні неше бөліктен тұрады?

  6. Нұсқау дегеніміз не?

  7. Нұсқаудың белгілеуші бөлігі қандай сөздерден басталады?

  8. Жарлық дегеніміз не?

  9. Бұйрықты құруда көбінесе қандай қателер жіберіледі?

  10. Хаттама дегеніміз не?

  11. Хаттаманың деректемелерін ата

4– тарау. Ақпараттық – анықтамалық құжаттар

Жоспар:

1. Қызметтік хаттар

а) Бастамалық хаттар

б) Мәтінді құрастырудағы грамматикалық

үлгілер

2. Жеделхаттар

а) Халықаралық жеделхаттар

б) Телефонограмма

в) Телефонограмманың ұсыныстары

3. Баяндау хаттар

4. Анықтама және акт

1.

а) Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, актілер, анықтамалар, мағлұмат хаттар мен түсінік хаттар, арыздар т.б. жатады. Ішкі, тысқы ақпараттық-анықтамалық қатынас хаттар басқару құжаттары көлемінің 80 пайызын құрайды.



Бастамалық хаттарға мыналар жатады: сұрау салу хаттары, өтініш хаттары, ескерту және хабарлама хаттары, жарлық хаттар, ілеспе хаттар. Жауап хат түрлері: ақпараттық, түсіндірме, рұқсат, тыйым салу хаттары т.б.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет