Ж. Ж. Шайекенов 2010ж


Жоғарғы мекемелер мен ұйымдардан



бет3/4
Дата19.11.2016
өлшемі0,63 Mb.
#2115
1   2   3   4

Жоғарғы мекемелер мен ұйымдардан түсетін хаттардың мазмұны әдетте нұсқау, түсіндіру, ресми сұрау салу түрінде болады. Салаға бағынышты мекемелер хабарлар, сұратулар жібереді. Тең дәрежедегі қатарлас мекемелер өтініш, ұсыныс, растау, хабарлар т.б. алмасады.

Хат мәтіні, әдеттегідей, екі бөліктен тұрады. Алдымен хатты жазуға себеп болған жағдайлар көрсетіледі, содан кейін қорытынды, ұсыныс, өтініш-тілектер жазылады.

б) Мәтінді құрастыруда мынадай грамматикалық үлгілер пайдаланылады: өтінемін, хабарлаймыз, мәлім етеміз, түсіндіреміз, ұсынамыз, кәсіпорын өтініш жасайды, ұсыныс енгіземіз т.с.с.

Жіберілетін хаттарға мүдделі лауазым иелері бұрыштама белгі соғады. Мысалы, қаржы мәселесі бойынша хатқа бас бухгалтер белгі соғады. Бұрыштама белгілер кәсіпорынның өзінде қалатын хат көшірмесінің алдыңғы бетіне қойылады.

Егер құжат екі адрес бойынша жіберілетін болса, алдыңғы екі данасы арнаулы қағазға басылып, көшірмесі жай қағазға түсіріледі, яғни, барлығы үш дана болады.

Кей жағдайда хат мөрімен куәландырылады.

Қабылданатын хаттарға келіп түскендігі туралы белгі және кәсіпорынның басшы қызметкерлерінің тапсырманы орындауға алғандығы туралы бұрыштама белгі қойылады.

2.


а) Жеделхат – ақпарат беру әдісі жағынан бірдей, әртүрлі мазмұндағы құжаттардың жалпы түрдегі жинақтама атауы.

Жеделхаттың ішіне мыналар кіреді: қай категорияға жататыны туралы белгі; мекен-жайы, мәтіні, мәтінге қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, жіберуші ұйымның байланыс мекен-жайы, жіберуші лауазымды адамның қолы, мөр, күні.

Халықаралық жеделхаттар орыс және латын шрифтерімен басылады. Халықаралық жеделхат мәтіні 1,5 аралықта, тасқа басылған әріптермен, жаңа жолсыз, тасымалсыз, түзетулерсіз басылады.

Халықаралық жеделхаттың сол жақ төменгі бұрышында нөмері, күні, орындаушының аты-жөні, қызмет телефонының нөмірі көрсетіледі.

б) Телефонограмма мынадай деректемелрді қамтиды: кәсіпорынның атауы, құжат түрі, қабылдаушы, күні, индексі, мәтіні, қолы, жіберілу уақыты туралы белгі, телефонограмманы қабылдаған және берген адамның лауазымы мен аты-жөні.

Телефонограммалар бір данадан жасалып, оған басшы не орындаушы қол қояды. Мәтіні 50 сөзден аспауы керек. Телефонограмма бірнеше қабылдаушы бойынша бірлесе, онда қабылдаушы мекемелердің тізімі мен телефон нөмірері қоса беріледі.

в) Телефонограмманы бергенде мынадай ұсыныстарды ескерген тиімді:


  • Қарапайым және жедел хабар беру;

  • Жазудың дұрыстығын қайталап оқу арқылы тексеру;

  • Қисыны күрделі мәтіндері жібермеу;

  • Сирек қолданылатын сөзді пайдалану.

3.

а) Баяндау хат – ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат.

Ұйымның өз ішіне арналған баяндау хаттар қолмен жазылып, жазған адамның қолы қойылады.Мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар, мекеменің атауы, жазылған орны, мәтін тақырыбы, кімге арналғаны көрсетіледі.

Түсініктеме – қызметкердің қандай да болмасын бір жарлықты орындамау немесе тәртіп бұзу себептерін түсіндірген құжат түрі.

Түсініктеме қалыпты қағазға қолмен жазылады.Онда кәсіпорынның, құрылымдық бөлімшенің атауы, құжат түрі, күні, нөмірі көрсетіліп, тақырыбы, мәтіні жазылады, қолы қойылады. Түсініктеме қосымшалар тіркелуі мүмкін.

4.

а) Анықтама – қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат.



Анықтама жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның нұсқауымен жазылады. Ол қажет ететін мәліметтерден ғана тұрады – ұсыныс, қорытынды болмайды.

Мекеменің өз ішіне қажет анықтамаға мекеме басшысы қол қояды.



Акт – бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні не оқиғаны растап қол қойған құжат түрі. Актіні жеке адам (тексеруші – ревизор, сарапшы - аудитор) толтыруы мүмкін.

Актіде мынадай деректер болады: кәсіпорын атауы, құжат түрі, күні, индексі, жасалу орны, бекіту белгісі, тақырыбы, мәтіні, қосымшасы бар екені туралы белгі, қолы.

Актіге комиссия төрағасының және мүшелерінің қолы қойылады.

Актіні мәтіні екі бөліктен: кіріспеден және белгілеуші бөліктен тұрады.



СҰРАҚТАР

  1. Актінің мәтіндерінің бөліктері

  2. Акт дегеніміз не?

  3. Анықтама дегеніміз не?

  4. Телефонограмма деректемелері

  5. Халықаралық жеделхаттар

  6. Халықарлық жеделхаттың сол жақ төменгі бұрышында не көрсетіледі?

  7. Бастамалық құжаттарға нелер жатады?

  8. Мәтінді құрастыруға қандай грамматикалық үлгілер пайдаланылады?

  9. Құжат екі адрес бойынша жіберілсе, құжат қанша дана болады?

  10. Жеделхат дегеніміз не?

  11. Баяндау хат деген нені білдіреді?

5 – тарау. Еңбек қатынастарын құжаттау

Жоспар:

1. Еңбек қатынастарын рәсімдеу

а) Еңбек ресурстарын басқару

б) Жалдау процедурасы

в) Ұсыныс хаттар

2. Өтініш, келісім, түйін түрлері

а) Өтініш мәтіні және қажетті өзге құжаттар

б) Түйін және құрамына енетін деректер

в) Жеке еңбек шарттары

3. Жеке құрам бойынша бұйрықтар

4. Мінездемелер, өмірбаяндар

а) Мінездеме мәтініндегі логикалық байланыстағы

бөлімдер

б) Өмірбаян

в) Еңбек кітапшасы

1.


а) Еңбек ресурстарын басқару саласында әкімшілік алдында өзара байланысты міндеттертұрады. Оларды мынадай кестемен беруге болады:

Жоспарлау - Стратегиялық мақсаттардың қойылысы; ЕҢБЕК - Еңбек ресурстарының барлығын және

қажеттілігін бағалау.

РЕСУРС- Ұйымдастыру - Еңбек операцияларын талдау;

ТАРЫН - Біліктілік талаптары мен қызметтік

нұсқаулықтарды құрастыру;

- Басқару міндеттерін анықтау.

БАСҚАРУ Басқару - Кадр саясаты: қызметке тарту, іріктеу,

жұмысқа қабылдау;

- Өтемақы арқылы негіздеу.

Есепке алу - Жеке құрам қызметін бағалау.

Жоспарлау және қызметкерлерді басқаруды ұйымдастыру мәселелері өткен бөлімдерде сөз болды.

б) Жолдаудың басқа әдісі – сырттан жұмысшылыр шақыру. Бұл әсіресе топтап жалдауда және жоғары білікті жұмысшыларды шақырғанда маңызды. Жұмысқа тартудың негізгі тәсілі хабарландырулар тарату болып табылады. Арнайы білімі бар жұмысшыларды жалдауда тікелей институттар мен университеттерден тарту әдісі қолданылады. Сондай-ақ еңбекпен қамтамасыз ету бюролары мен нарықтық делдалдар да бар.

Жалдау процедурасы кезеңдерге бөлшектенуі мүмкін:

Біліктілік талаптар, анықтамалық мәліметтер, сондай-ақ ұсынылған жұмыс туралы білімін тексеруге арналған сұрақтар берілген форманы толтыру.

в) Ұсыныс хаттар форманың толтырылуы мен алғашқы әңгімелесудің шындығын тексеруге көмектеседі; екіншіден, басқа адамдардың үміткерге қалай қарайтынын білуге мүмкіндік береді.

Үміткердің болашақтағы басшысымен арадағы жан-жақты әңгімелесуі, біріншіден, алдыңғы кезеңдердегі жеткіліксіз болған мәліметтерді толықтыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, үміткердің қарым-қатынас жасау, ұжымға сіңіп кету мүмкіндігін тексереді. Бұл кезең үміткердің болашақтағы өз жұмысы туралы сұрап алуына мүмкіндік береді.

Егер үміткер іріктеу процестеріндегі кедергілердің бәрінен өтсе және еңбек келісімінің шарттары екі жақ үшін де қанағаттанарлық әрі шындыққа жақын болса, ресми ұсыныс жасауға болады. Осыдан кейін жалдауды құжаттауға болады.

Фирма жалдаудың кез келген заңды үлгісін қолдануға құқылы. Бірақ жалдау барлық жағдайда еңбек туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес заңды түрде ресімделуі қажет.

2.

а) Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы тілегі баяндалады, мамандағы, кәсібі, квалификациясы мен өзі сұрап отырған қызмет түрі көрсетіледі.



Өтініш қолмен жазылады және төмендегідей деректемелерден тұрады: қабылдаушы ; авторы, мекен-жайы; құжаттың түрі; мәтіні; өтініш иесінің қолы; жазылу мерзімі.

Өтінішке қажетті өзге құжаттар: өмірбаян, кадрлық есепке алу жеке қағазы немесе анкета; ұсыныс хат; анкета мен куәлікке қажет фотосурет; білімі немесе кәсіби квалификациясы туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Төлқұжат жеке көрсетіледі. Еңбек туралы Заң Кодексі мекемелерден заңда көрсетілмеген құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

Кейінгі кездері кейбір фирмалар жұмысқа алуда аталған қызметке алынатын үміткер туралы объективті мәліметтер берілген түйін талап етуде.

Түйіннің құрамына кіретін деректер: Құжаттың аты; туған жылы; отбасылық жағдайы; үйінің мекен-жайы; үйінің, жұмысының телефоны; білімі; жұмыс орны мен мамандануы; шет тілдерін білу дәрежесі; жеке сапалық қасиеттері; неге әуестігі. Барлық деректер табулятордың нөлдік деңгейінен бастап азат жолсыз жазылады, бірақ әр дерек жеке жолдан басталады.

в) ҚР-ның еңбек туралы жаңа Заңында жұмыс беруші мен жұмысшылардың өкілетті адамдары қол қойған жеке еңбек шарты (ЖЕШ) және ұжымдық шарт толықтай сипатталады. ЖЕШ-ның мәтіні мыналардан тұрады:


  1. талаптардың деректемелері

  2. еңбек қызметі

  3. ЖЕШ-ның мерзімі

  4. еңбек шарттарын жүзеге асырудың бастапқы мерзімі

  5. еңбек шарттарының сипаттамасы

  6. жұмыс уақытының тәртібі

  7. жалақының және еңбекті қорғаудың шарттары

  8. жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері

  9. жұмысшының құқықтары мен міндеттері

  10. талаптардың жауапкершілігі.

3.

а) Жеке құрам бойынша бұйрықтар арқылы жұмысқа қабылдау, қызметі бойынша ауыстыру, жұмыстан шығару, демалыс беру, мадақтау және жазалау рәсімделеді. Мұндай бұйрықтар негізгі қызметке қатысты бұйрықтардан бөлек жүргізіліп, оның екі түрі де біркелкі бланкілерге толтырылады.

Жеке құрам бойынша бұйрықтардың жай және күрделі түрлері болады. Жеке бұйрықтарда бір қызметкер туралы ақпараттар беріледі. Атап айтқанда, этикалық жағы ескеріліп мадақтау және жазалау туралы бұйрықтар бөлек толтырылады.

Әдетте жеке құрам туралы бұйрықтардың жобасы басқа да осыған қатысты қызмет иелерімен: бас бухгалтермен, заңгермен, құрылымдық бөлімшенің басшысымен келісіледі. Жеке құрам бойынша бұйрықтарға кадр бөлімі басшысы тарапынан бұрыштама белгі қойылуы міндетті болып саналады.

4.

а) Мінездеме – қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілеті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады. Қазіргі кезде ол мемлекеттік емес мекемелерде сирек қолданылады. Бірақ қызметі бойынша орын алмастырғанда, қызметін аттестатциялау кезінде, іссапарға шыққанда және басқа жағдайларда мінездеме қажет болады.



Мінездеме мәтініндегі логикалық байланыстағы бөлімдерді атап көрсетелік.

Басқы бөлім – анкеталық мәліметтер

Екінші бөлімде – еңбек қызметі туралы мәліметтер және еңбегіне берілген баға жазылады.

Үшінші бөлімде – қоғамдық белсенділігі, тұрмыстағы тәртібі, әріптестермен қарым-қатынасына баға беріледі.

Қорытынды бөлімінде тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады.

б) Өмірбаян – авторы өзінің өміріне қатысты мәліметтерді хронологиялық тәртіппен құрастыратын құжат. Өмірбаянның типтік үлгісі жоқ, ол мақсатына байланысты қысқа немесе толық нұсқада болуы мүмкін.

Әдетте өмірбаянда мыналар көрсетіледі: құжаттың аты-жөні, автордың аты-жөні, туған жері мен мерзімі, қызметіне қатысты мәліметтер, отбасы мен жағдайы, ұйінің мекен-жайы мен телефоны, марапаттаулар мен мадақтаулар, толтырылған күні мен жеке қолы.

в) Еңбек кітапшасы – қызметкерлер мен жұмысшылыардың еңбек қызметін растайтын негізгі құжат.



СҰРАҚТАР:

  1. Мінездеме және оның логикалық бөлімдерін ата

  2. Өмірбаянда не көрсетіледі?

  3. ЖЕШ-ның мәтінін айт

  4. Жеке құрам бойынша бұйрықтар мәтінінің тақырыбына қандай атаулар қойылады?

  5. Өтінішке қажетті өзге құжаттар

  6. Түйіннің құрамына енетін деректер

  7. Көптеген фирмалар кез келген жұмысқа алуда нені қабылдайды?

  8. Фирма жалдаудың кез келген заңды үлгісін қолдануға құқылы ма?

  9. Еңбек ресурстарын басқару саласында әкімшілік алдындағы байланысты міндеттер

  10. Еңбек кітапшасы дегеніміз не?

2.6 Практикум

Кәсіпорын атауы



ӨКІМ

00.00.00


қаласы

Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

№ бөлмедегі жылу жүйесінің апаттық жағдайына байланысты

МІНДЕТТЕЙМІН:


  1. № 1-бөлмеге жөндеу жұмыстары жүргізілсін.

  2. Жауапты болып табылады.

Орындау мерзімі

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау бас инженер жүктелсін

Кәсіпорын директоры қолы аты-жөні

Белгілер


№ іске

Орындаушының қолы 00.00.00.

Кәсіпорын атуы

НҰСҚАУ

00.00.00 №

қаласы

200 жылғы демалыстар кестесі туралы



200 жылы берілетін демалыстардың кестесін жасау үшін

ҰСЫНАМЫН:

1. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары хатшыға 200 жлғы еңбек демалысының

шамамен алынған мерзімі көрсетілген тізімді ұсынуға тиіс. Тізімді ұсну мерзімі

200 жылғы дейін.

2. Хатшы кәсіпорын қызметкерлерінің 200 жылғы еңбек демалысының жиынтық

кестесін жасап, оны директордың бекітуіне ұсынсын. Кестені ұсыну мерзімі

200 жылғы дейін.

Кәсіпорынның директоры қолы аты-жөні

Бұрыштамалар

№ іске


Орындаушының қолы

ҚЫСҚАША ХАТТАМАНЫҢ НЫСАНЫ

Кәсіпорынның атауы



ХАТТАМА



қаласы

Бас директорда өткен өндірістік мәжіліс

Төрағаның аты-жөні

Хатшының аты-жөні

Қатысқандар:

(лауазымы, аты-жөні)

Қаралған мәселелер:

1.

2.



Қабылданған шешімдер:

1.

2.



Төраға қолы аты-жөні

Хатшы қолы аты-жөні

№ іске

Орындаушының қолы



ТОЛЫҚ ХАТТАМА НЫСАНЫ

Кәсіпорынның атауы



ХАТТАМА



қаласы

Еңбек ұжымының жиналысы

Төраға

Хатшы


Қатысқандар

(лауазымы, аты-жөні)

Шақырылғандар

(лауазымы, аты-жөні)

Күн тәртібінде:

1.

2.



Тыңдалды :

(лауазымы, аты-жөні) (лауазымы, аты-жөні)

Сөз алғандар:

(лауазымы, аты-жөні) (лауазымы, аты-жөні)

Қаулы қабылдады:

1.1.


1.2.

Тыңдалды: (2-тармақ 1-тармақ сияқты толтырылады)

Төраға қолы аты-жөні

Хатшы қолы аты-жөні

№ іске

орындаушының қолы



ҚЫЗМЕТТІК ХАТ

Кәсіпорынның атауы Директоры

Кәсіпорынның мекен-жайы

Тел.


Факс 121102 Астана

    1. № 21/1-3 Остоженка, 9

№ 00.00.00

Жиһаз жеткізуді кешіктіру туралы

Құрметті

Біз Сізге 00.00.00-дағы № келісім-шарт бойынша кесілген үш офис жиһазының жиынтығыш, өкінішке орай, уақытында жеткізіп алмағанымыз туралы хабарлаймыз. Өзара кесілген мерзімнен бері екі апта уақыт өтіп кеткенін естеріңізге саламыз.

Бұдан әрі кешіктіретін болсаңыздар бірлескен қызметті доғаруымыз әбден мүмкін.

Біз Сіздер қажетті шаралар қолдап, оның нәтижесі туралы бізге хабарлайды деген үміттеміз.

Директор қолы аты-жөні

Рудникация 234 5 192

Кәсіпорын атауы «АСКОНТ» АҚ-ның

Кәсіпорынның мекен-жайы Бас директоры

Тел. / факс. Мырзаға



КЕПІЛДІК ХАТ 111232 Астана

    1. № 1-3/28 Сретенка, 23

№ 2-5 /114 00.00.00

Құрметті

Сіздің компанияңыздың заты тиелген екі контейнерді біздің мекен-жайға жібергеніңізді растауыңызды өтінеміз.

Біз ол заттарды ағымдағы айдың аяғына дейін алғымыз келеді.

Төлемді алдын-ала жасауға кепілдік береміз.

Біздің есеп-шотымыз Ө банк

Директор қолы аты-жөні

Бас бухгалтер қолы аты-жөні

М. О.

Кәсіпорынның атауы



АКТ БЕКІТЕМІН

№ Ұйымның басшысы

лауазымның атауы

(жасалған жері)

Сақтауға жатпайтын құжаттарды жою туралы Қолы күні мөрі

(сақтау мерзімі көрсетілген құжаттардың мерзімінің атауы мен деректері)

(бөлімнің немесе құжат тобының атауы)

негізінде мына құжаттар мәнін жоғалтуына байланысты жоюға жіберілетін болды.





Істің тақырыбы

немесе істің

соңғы күні

Істің күні

немесе соңғы

күні

Бір жыл ішіндегі тізімдеме нөмірі

Номенклатура

немесе

тізімдеме

нөмірі

Істің саны

(томы,

бөлігі)

Істі сақтаудың мерзімі және тізбе бойынша мақаланың нөмірі (томы, бөлімі)

Ескер-

Ту

1

2

3

4

5

6

7

8

Бір жыл ішінде іс жойылды.

(санмен және жазбаша)

жылдар бойы сақталған іс тізімдемелері бекітілді, ал жеке құрамы бойынша ЭПК-мен келісілді

(архив мекемесінің атауы)

(хаттама № )

Құжаттардың құндылығына сраптама жүргізген тұлғаның лауазымы

Қолы

Күні


Саны , салмағы іс

(ұйымның атауы)

Қабылдау-өткізу актісі бойынша қайта өңдеуге өткізілді. Жөнелтпе құжаттың №

Құжатты тапсырған ұйым

қызметкерінің лауазымы қолы

Тіркеу құжаттарына өзгеріс енгізілді.

Тіркеу құжаттарына өзгеріс енгізілген ведомоствалық

Архив қызметкерлерінің лауазымы қолы

Күні

БАЯНДАУ ХАТТЫҢ НЫСАНЫ

Кәсіпорынның директорына –

Кәсіпорынның атауы аты-жөні

Бухгалтерия

БАЯНДАУ ХАТ

« » 200 ж.

200 жылдың тоқсаны үшін сыйлықақы



Мәтін

Бас бухгалтер (қолы, аты-жөні)

№ іске

« » 200 ж. (орындаушының қолы)



ТҮСІНІКТЕМЕНІҢ НЫСАНЫ

Кәсіпорынның директоры

(кәсіпорынның атауы)

Бас бухгалтер

(аты-жөні)

ТҮСІНІКТЕМЕ

« » 200 ж.

Кредти үшін пайыздық төлемді төлемеу туралы



МӘТІН

(лауазымы) (қолы)

« » 200 ж.

(орындаушының қолы)

Бағалы қағаздар бөлімі

ТҮСІНІКТЕМЕ Банк басқармасы

00.00.00. төрағасының орынбасары

Бөлімнің 200 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жиынтық есебін факс-модем байланысының бұзылуынажәне банктің Алатау филиалындағы есеп беру мәліметтерінің болмауына байланысты көрсетілген мерзімде өткізе алмадық.

Бөлім бастығы қолы аты-жөні



ФАКСТЕР

Кәсіпорын атауы Кәсіпорын басшысы

Кәсіпорынның мекен-жайы

« » 200 ж. № факс ( 095) 141 1526

№ « » 200 ж.

« » 200 жылғы № шот бойынша төлемді кешіктіру туралы

Құрметті !

«Технократ-105» жабдығының комплектісін жеткізіп беру туралы « »

200 жылғы № шот бойынша төлемнің кешіктірілгенін естеріңізге саламыз. Шотты Сіздерге факс бойынша 10 күн бұрын жібергенбіз.

« » 200 жылғы № келісім шарттың 6.4. тармақшасына сәйкес 5 банктік күнен кейін кешіктірілген төлем үшін өсімпұл есептеледі.

Біз Сіздер тез арада мәселені шешеді деп сенеміз.

Директор қолы аты-жөні

P.S. Бұл ескертпені алған кезде Сіздер төлемді төлеп үлгеруге сеніңіздер, біз Сіздерге тек қана алғысымызды білдіреміз.

СЕНІМХАТ

00.00.00.

Мен, Маханбетжанова Ляззат Қанатқызы, 2001 жылдың тамыз айындағы маған тиісті бес мың теңге мөлшеріндегі жалақыны алуды бухгалтер Ковалева Оксана Юрьевнаға сеніп тапсырамын.

Хатшы қолы А.Н. Макарова

Л. Қ. Маханбетжанованың сенімін куәләндіремін

КБ-нің инспекторы қолы К. Н. Кузнецов

М. О.

Кәсіпорың атауы Әлеуметтікқамсыздандырудың



Кәсіпорынның мекен-жайы аудандық бөліміне

Тел. ұсыну үшін

Факс. қаласы

АНЫҚТАМА




Маханбетжанова Ляззат Қанатқызы кәсіпорынның маркетинг бөлімінде жалақымен экономист болып қызмет істейді.

Директор қолы аты-жөні

Бас бухгалтер қолы аты-жөні

М. О.


РЕЗЮМЕ

Аты-жөні Маханбетжанова Ляззат Қанатқызы

Мекен-жайы: ҚР, Алматы қаласы

Телефон: 8 777 875 29 29

Е-mail mahanbetzhanova@mail.ru.

  • Жалпы ақпарат - Туған жылы

- Ұлты

- Жынысы


- Отбасы жағдайы

- Азаматтылығы



  • Жұмыс тәжірибесі:

  • Фирманың атауы, жылы, қаласы

  • Білімі:

- орта:

- жоғары:



  • Тілді білуі:

  • Компьютерді игеруі:

  • Жеке қасиеттері

  • Қосымша ақпараттар:

  • Құштарлығы:

  • Ұсыным хаты: жоқ

Кәсіпорын атауы

БҰЙРЫҚ



қаласы

жұмысқа қабылдау туралы

(қызметкердің аты-жөні)

,

цехына қызыметіне



« » 200 ж. бастап, ЖЕШ-да белгіленген жалақымен жұмысқа алынсын.

Директор қолы Аты-жөні

Белгілер

Бұйрықпен таныстым қолы



ӨТІНІШ

Маған 200 жылдың « » бастап ____ күнге кезекті еңбек демалысымды беруіңізді сұраймын.

200 жылдың «___» бастап күнтізбелік күнге оқуыма байланысты демалыс беруіңізді сұраймын.

200 жылдың « » бастап жұмыс күніне жалақысы сақталмайтын демалыс беруіңізді сұраймын.

« » 200 ж.

(өтініш берген тұлғаның қолы)

(бөлімше басшысының қарары және қолы)

2.7 Аралық бақылау жұмысы


  1. Құрылымдық бөлімше жетекшілері нені бере алады?

а) нұсқау, хабар

б) нұсқау, жарлық

в) жарлық, хабар


  1. Бұйрық мазмұны жағынан нешеге бөлінеді?

а) екіге

б) үшке


в) бөлінбейді

  1. Негзгі қызмет бойынша бұйрықтар нені белгілейді?

а) жоспарлау, қаржыландыру, есеп беру

б) ұйымдастыру, тауар өткізу, несие алу-беру

в) берілген жауаптың барлығы дұрыс


  1. Жарлық бөлігі жеке жолға жазылғанда қандай сөзден басталады?

а) ӨТІНЕМІН

б) БҰЙЫРАМЫН

в) ТАЛАП ЕТЕМІН


  1. Каталог: dmdocuments
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
    dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
    dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
    dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
    dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
    dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
    dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
    dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет